Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 14:05, реферат
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік – экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Кіріспе……………………………………………………………………………3
І Бөлім. Қаржылық бақылау түсінігі……………………………………………4
1.1.Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы………………………………4
ІІ Бөлім. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері…………………7
2.1.Қаржылық бақылаудың сыныптамасы.………………………………… 7
2.2.Қаржылық бақылаудың әдістері……………………………………… 13
ІІІ Бөлім. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру.………………………………16
3.1. Аудиторлық бақылау……………………………………………………16
3.2. Қаржылық бақылаудың шетелдік тәжірибесі.…………………………24
Қорытынды ……………………………………………………………………26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ………………………………………………27
Өздерінің өкілеттілігіне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды, олар негізінен бюджеттерді, олардың атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту процесінде қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
Қаржы министрлігі, оның қаржылық бақылау комитеті және мемлекеттік сатып алу комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік – экономикалық сфераның қаржы саласын тексереді. Олар жоспар, смета және қаржы тәртібінің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдылығын және дер кезділігін, сәйкестілігін, бухгалтерлік есеп – қисаптың және есептеменің дұрыстығын бақылап отырады. Қаржылық бақылау комитетінің маңызды функциясы бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, экспорт – импорттық операцияларды валюталық бақылау болып табылады.
Мемлекеттік бақылауды
Қаржы министрлігінің заңи тұлға
құқығындағы Қазынашылық
Қаржы министрлігінің Салық комитеті, оның аумақтық органдары есептелген салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің, өсімдер мен айыппұлдар сомаларының бюджеттерге толық және дер кезінде түсуіне салықтық тексерулерді жүзеге асырады.
Экономика мен қаржы қызметі сферасында қаржы тәртібін сақтауға Қазақстан Республикасының экономикалық және жемқорлық қылмыстықпен күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) де қатысады. Ол заңмен белгіленген өкілеттіліктері шегінде жедел – іздестіру қызметін, алдын ала тергеу және анықтау, әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі сферасында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттік (қаржы полициясы) органдарының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Агенттіктің (қаржы полициясы) аумақтық және мамандандырылған органдары тиісті әкісшілік – аумақтық бірлік шегінде уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырады.
Экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мақсатында экономика
және қаржы сферасындағы қылмыстар
мен құқық бұзушылықтардың
Барлық деңгейлердің өкілдікті органдары (мәслихаттар, депутаттардың жиналыстары) қаржылық бақылауды бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту процесінде жүзеге асырады. Яғни олар бақылауды екі нысанда – алдын ала және кейінгі нысандарда жүзеге асырады. Ағымдағы бақылау бар болғанымен олардың қызметінде негізгі болып табылады. Бақылаудың объектісі ақша қаражаттарының жергілікті қорлары болады.
Қаржы органдары жүргізетін бақылау барлықнысанда жүзеге асырылады және де алдын ала және ағымдағы бақылау оның айрықша нысаны болып табылады. Бақылаудың негізгі әдістері тексерулер және есептемені шоттық тексеру. Салалық басқармалардың (бөлімдердің) мамандары тексеріске ревизиялық бригадалар құрамында тартылады.
Ведомстволық қаржылық бақылауды республика министрліктері, ведомстволары, жергілікті органдардың басқармалары мен бөлімдері ведомстволарға қарасты кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге жүргізеді. Ведомстволық қаржылық бақылау алдын ала, ағымдағ және кейінгі бақылау нысанында жүзеге асырылады. Бақылаудың негізгі әдістері қаржы жоспарларының жобаларын қарау, тексерістер мен тексерулер болып табылады. Бақылау объектісі ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған қорлары болады.
Ішкішаруашылық бақылауды шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық службалары – бухгалтериялар, қаржы бөлімдері және т.с.с. жүргізіледі. Бұл орайда бас (аға) бухгалтер маңызды рөл атқарады. Мұнда субъектінің өзінің, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өндірістік және қаржы қызметі бақылаудың объектісі болып табылады.Әр шаруашылық органдарда, жергілікті атқарушы органдарда ішкішаруашылықтық бақылауды жүзеге асыру үшін бұл қызметтерден басқа бақылау – тексеріс бөлімдері, топтары құрылады. Ірі шаруашылық бақылау қаржылық бақылауға тән барлық нысандарда жүзеге асырылады. Оның негізгі әдістері тексерулер мен тексерістер болып табылады. Коммерциялық құрылымдарда (акционерлік қоғамдарда, жеке меншік кәсіпорындары мен фирмаларда, биржаларда, банктерде және т.б.) ішкішаруашылықтық бақылаудың құрылтайшысы немесе меншік иесі, сондай-ақ оның тапсыруымен аудиторлық фирмалар жүзеге асырады.
Қоғамдық қаржылық бақылауды еріклітік және ақысыз негізде топтар, жекелеген тұлғалар (мамандар) орындайды. Қоғамдық бақылаудың органдарына шаруашылық жүргізуші субъектілердегі, ведомстволардағы әкімшіліктің қызметіне жүргізілетін кәсіподақ ұйымдарының бақылау жатады. Бұл органдардың қызметіндегі қаржылық бақылау негізгі бақылау болып саналмайды. Әр түрлі қоғамдық ұйымдар (саяси партиялар, спорт, соғыс және еңбек ардагерлерінің ұйымдары, қайырымдылық қорлары) қаржылық бақылауды өз күштерімен жүргізеді, сондай-ақ аудиторлық фирмаларды да тарта алады. Бақылаудың объектісі – табысты алу көздерін және жарғылық міндеттерге сәйкес оның пайдалануын тексеру.
Нарыққа өту жағдайында қаржылық бақылаудың рөлі мен маңыз артпаса ешқандай кемімейді. Қазақстан аумағында кеңестік дәуірде қаржылық бақылау айтарлықтай дәрежеде дамыды. Түгелдей дерлік мемлекеттік меншік жағдайында мемлекет экономика мен қаржылық процесстерге қатаң, жан-жақты бақылау жасауға ынталы болды. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржы – шаруашылық қызметі мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бақылау органдары (Халықтық бақылау комитеті) тарапынан (болған) қос бақылаудың қарамағында болды.
Басқарудың әкімшілік нысанынан нарықтық нысанына өту кезеңіндегі қаржылық бақылау айтарлықтай әлсіреді. Халықтық бақылау комитеті жойылды, ведомстволық бақылау іс жүзінде қысқарды, мемлекеттік орган тарапынан болатын қаржылық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет тарылды.
Нарықтық қатынастар
жағдайында экономикалық тұтқалар мен
ынталандырмаларға жақсы бақыла
Нарық жағдайында жалпы экономиканың, жеке шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржылық бақылауды қоғам дамуының басқа кезеңдерінен де үлкен дәрежеде қажетсінетінін шет елдердің тәжірибесі, республиканың өзіндік тәжірибесі көрсетіп отыр.
Қаржылық бақылауды жетілдірудің аса маңызды бағыттарының бірі қаржылық бақылаудың тәуелсіз нысаны – аудиторлық бақылауды дамыту болып табылады, бұл мемлекеттік емес шаруашылық органдар санының көбеюімен және тиісінше қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен байланысты болып отыр. Аудиторлық бақылау – тәуелсіз аудиторлық фирма мен шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасасқан келісімшарты негізінде қаржы – шаруашылық қызметінің жай-күйін тексеру.
Нарықтық реформалардың тереңдей түсуі жағдайындағы қаржылық бақылау жүйесінің ажырамас бөлігі аудиторлық бақылаудың негізгі мақсаты кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың бухгалтерлік қаржылық есебінің дұрыстығын белгілеу, олардың ақпараттық жүйелерінің сенімділігін бағалау. Аудиторлық жұмыста талдамалық және экспорттық болжам қызметіне үлкен мән беріледі, ол тапсырыс берушілерге өздерінің іскерлік саясатының тиімді стратегиясы мен тактикасын жасауға мүмкіндік береді.
Аудиторлық палата коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзінөзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыраитын ұйым болып табылады.
Қаржы аудиты деп оған
уәкілеттігі бар ұйымдар мен
мамандардың қаржылық есептемесіне
сараптама және талдау жүргізу, қаржы
– шаруашылық қызметін бақылау, шаруашылық
жүргізуші субъектілерге
Аудит дамуының тарихы өзінің бастауын Ұлыбританиядан алады, мұнда ХІХ ғасырдың ортасында алғашқы бухгалтерлік – аудиторлар пайда болды. Ал 1862 жылы Англияда «Міндетті аудит туралы заң» шықты. Франция мұндай заңды 1867 жылы, АҚШ-та 1937 жылы жарияланды.
Бүгінде тәуелсіз қаржылық бақылау аудиторлық институт нысанында дамып, нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі болып отыр.
Қазақстан Республикасында 1998 жылдың 20-қарашасынан бастап «Аудиторлық қызмет туралы заң» жұмыс істейді. Ол аудиторлық қызметті жүзеге асыру процессінде мемлекеттік органдар, зады және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
Аудиторлық қызмет – бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есептеме аудитін жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, өз қызметінің бағыты бойынша қаржылық есептеме аудитінен басқа да қызметтер көрсете алады.
Аудиторлық қызметтің негізгі қағидаларына мыналар жатады:
Аудит Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептеменің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың аудиттелетін субъектілердің қаржылық есептемесін тексеру аудит болып табылады.
Аудиттің түрлері – міндетті аудит және бастамашылық аудит.
Міндетті жыл сайынғы аудитке мыналар жатады:
Аудит жүргізу, сондай-ақ Қазақстан республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге жағдайларда да міндетті болып табылады.
Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша аудиттелетін субъектінің және аудитордың, аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген нақтылы міндеттр, аудит мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
Аудит сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Сыртқы аудит – аудиттің тәуелсіз нысаны, ішкі аудит – шаруашылық жүргізуші субъектісін бақылаудың ведомстволық немесе ішкі нысаны. Ішкі аудит шаруашылық жүргізуші субъектісінің тілегі бойынша және шартымен жасалды.
Аудит мынадай дәйекті стадиялар бойынша жүргізіледі:
Аудитор – бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы – шаруашылық және коммерциялық қызметіне жасалатын қаржылық бақылаудың біздің елдегі жаңа ұйымдық нысаны. Ол бақылау мен коммерциялық аудиторлық қызметті жеке кәсіпкер ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы.
Аудитордың міндеттері мемлекеттік бақылаудың міндеттерімен ұқсас: тексерілетін ақпараттың, жасалынған шаруашылық операцияларының қолданыстағы заңға сәйкестігін анықтау. Сонымен бірге аудиторлық қызметтің қаржы – шаруашылық қызметін тексеріс нысанында жүзеге асрытын мемлекеттік бақылаудан айтарлықтай айырмашылығы бар: