Қаржылық бақылау түсініг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 14:05, реферат

Краткое описание

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік – экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………3
І Бөлім. Қаржылық бақылау түсінігі……………………………………………4
1.1.Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы………………………………4
ІІ Бөлім. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері…………………7
2.1.Қаржылық бақылаудың сыныптамасы.………………………………… 7
2.2.Қаржылық бақылаудың әдістері……………………………………… 13
ІІІ Бөлім. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру.………………………………16
3.1. Аудиторлық бақылау……………………………………………………16
3.2. Қаржылық бақылаудың шетелдік тәжірибесі.…………………………24
Қорытынды ……………………………………………………………………26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ………………………………………………27

Вложенные файлы: 1 файл

51__-_.doc

— 197.00 Кб (Скачать файл)

 

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жүргізетін қызметтері сан алуан. Оны Қазақстан Республикасындағы алғашқы және ең ірі аудиторлық ұйым –  «Қазақстанаудит» компаниясының мысалынан көруге болады. Аудиторлық қызмет көрсету, консалтингтік қызмет көрсету, бағалау және оны саралау, кедендік кеңестер, қаржы – шаруашылық қызметін талдау, құрылтайшылардың құжаттарын жасау, қайта құрылымдау мен банкроттық рәсімдердегі кәсіби қызмет және басқалары – компания көрсететін қызметтердің толық емес тізбесі осындай. «Қазақстанаудит» компаниясының Астана қаласында және республиканың барлық облыстарында құрылымдық бөлімдері бар. Компания аудиторлық қызметтің қағидаттарын бұлжытпай сақтайды.

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Қаржылық бақылаудың шетелдік тәжірибесі

 

Кәсіпорындарда және ұлттық шаруашылық саласында қаржыны басқаруды кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржы бөлімдері мен службалары, сондай-ақ сақталып отырған министрліктер мен ведомстволардың қаржы бөлімдері мен басқармалары жүзеге асрып отырады.

Нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайындағы қаржыны басқару қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүтінде нашар пайдаланып жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының – реттеудің, қаржы рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын есепбін тауап пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда нарықтық экономикаға көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.

Экономиканы басқаруды  қайта құру жаңа қаржы саясатын жасап, жүзеге асыруды, қаржыны басқарудың қағидалы жаңа әдістеріне көшуді талап  етті. Бұл әдістер экономикаға  қаржының реттеуші ықпалын күшейтуді  қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге, әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің қаржысын басқарудың қолданылып жүрген жүйесінің айтарлықтай кемшіліктері бар. Олардың бастыларына мыналарды  жатқызуға болады.

Біріншіден, өкіметтік операцияларды қамтудың толық еместігі.

Қазіргі кезде өкіметтік  операциялардың едәуір бөлігі, биліктің аймақтық және жергілікті органдарының барлық операциялары Қаржы министрлігі  тарапынан болатын тиімді бақылаудан тыс қалып қояды. Ең алдымен бұл  толып жатқан бюджеттен тыс  қорлардың қаражаттарын, шетелдік субсидиялар мен нәтижелерді пайдалану жөніндегі операцияларға, шетел валютасындағы бюджет операцияларына, сондай-ақ мезгілі өткен сыртқы берешекке қызмет ету жөніндегі операцияларға қатысты.

Екіншіден,  түсімдерді уақытылы алуға жеткілікті бақылау жасамау.

Қаржы министрлігі, Экономика  және бюджеттік жоспарлау министрлігі  бұл проблемаларды ойдағыдай  шеше алатыны, мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында салықтық түсімдерді, шығыстарды түзету жүйесіндегі икемділікті бөлуге бақылауды жолға қояры сөзсіз.

Үшіншіден, мемлеенттік  бюджет тапшылығын қаржыландыру жүйесінің  кемшіліктері.

Бұрынғы КСРО – да мемлекеттік  бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың  дәстүрлі көзі ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік  банктік пайыссыз кредиттері, сондай – ақ Жинақ банктеріндегі халықтың салымдары болып келді. Қазіргі кезде бұл көздерді пайдалану қиын мәселе болып қалды.

Дамыған нарықтық экономикасы  бар елдерде бюджеттен басқа  жалпымемлекеттік бағдарламаларды  қаржымен  қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық бюджеттен тыс қорлардың бюджеттері түрінде басқа да орталықтандырылған қаржы жоспарлары жасалды. Жұртқа мәлім, көптеген елдерде әлеуметтік, табиғатты қорғау сипатындағы немесе басқа арналымдардың маңызды шараларын қаржыландырудың арнаулы көздері ретінде қалыптастырылды. Бюджеттен тыс қорлар, әдеттегідей, жалпымемлекеттік қаржы жүйесінің дербес буыны болып табылады, айрықша көздері есебінен құрылады және өзінің ресурстарын функциялық міндеттерді орындауға  жұмсайды. Сондықтан олардың қаржы жоспарлары ағымдағы жылға түсетін барлық түсімдер мен шығындарды анықтайтын құндық баланстар болып келеді.

Мемлекеттің қаржысы  мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстармен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.

Экономикалық мәні жағынан  мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптасрып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатыаснтарын білдіреді.

Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы) , бір жағынан, жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақша қатынастарының субъектілері  болып табылады.

Ішкі ұлттық өнімнің  өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көлемінің озыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып табылады. Бұл құбылыс ХІХ ғасырдағы неміс экономисі Вагнер заңы – «Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы» ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес өнеркәсіп саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне қарағанда жылдамырақ өсуі тиіс. А. Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін үш фактормен байланыстырады:

  1. экономика дамуының нәтижесінде экономикалық тірліктің күрделенуімен және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолданудың қажеттігіне жеткізеді;
  2. техника мен технология дамуы капиталды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз ете алады; мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін техникалық шарттар бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс;
  3. көрсетілген қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға төзбейтін білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсенділікке күшейтеді.

 Вагнердің заңы  нарықтық шаруашылықтың белгілі  бір шектеулілігін және экономикалық  процестерді мемлекеттік реттеудің  қажеттігін дәлелдейді.

 

Қорытынды

 

Қорыта айтқанда, қаржы  жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы элемент жүйесінің басқа элементтерінің арасында  алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағыоның рөлі айқындаушы болып табылады. Бұл – бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы.

Мемлекеттің қаржысы  – қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін  бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекеттік  пен оның шаруашылық субъектілерінің  қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен  және мемлекеттің қаржысы өзіне мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлары, мемлекеттік кредитті кіріктіреді.

  Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.

Қаржылық бақылау қаржыны  басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретінде қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы  қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: Бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.

Мемлекеттің алдында  жан-жақты, жүйелі, кешенді бақылауды, соның ішінде қаржылық бақылауды  да ұйымдастыру міндеті туып отыр. Бұл шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер мен олардың қаржы – шаруашылық қызметінің барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді білдіреді. Қойылып отырған  міндетті іске асыру үшін қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы тиіс:

  • мемлекеттік бақылауды нығайту;
  • тәуелсіз аудиторлық бақылауды дамыту;
  • түрлі бақылаушы органдар мамандарының еңбегін компьютерлендіру;
  • бақылаудың барлық органдарының қызметін үйлестіру және басқалары.

Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны  бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. «Қаржы» Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., Алматы 2005
  2. Балабанов А.И., Балабанов И.Т.,  Финансы, учебное пособие. – Петербург: 2000 – 192 стр.
  3. Финансы, деньги, кредит. Учебник, под/ред. О.В. Соколовой – М.: ЮРИСТ., 2001 – 784 стр.
  4. Құлпыбаев С. Қаржы теориясы. Оқу құралы., - Алматы . Мерей, 2001 – 176 бет.
  5. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ., Қаржы менеджменті. Оқу құралы. Алматы., 1999 – 188 бет.
  6. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., Қаржы, оқулық – Алматы., 2003 – 448 бет.
  7. Финансы. Учебное пособие. (Под/ред., профессора А.М.Коволевой). 4 изд. – М.; 2000

                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    




Информация о работе Қаржылық бақылау түсініг