Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2014 в 14:48, реферат
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика одан әрі күшейе түсуде, онымен бірге шаруашылық процесті реттеудің негізгі механизмі ретінде бәсекелестік те күш жинауда.
Қазіргі уақытта бәсекелестік ортада кәсіпорынның тіршілік етуі оның қаржылық тұрақтылығына тәуелді, оған ресурстардың барлық түрлерін экономикалық қолдану, шығындарды азайту, өнімді (жұмыс, қызмет) өндіруді жоғарлататын резервтерді анықтау және пайданы ұлғайту негізінде өндірістің тиімділігін жоғарлату арқылы жетуге болады.
КІРІСПЕ…………………………………………………………...................3
Қаржылық нәтижелер қалыптасуы есебінің экономикалық мәні
мен есебі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………………………………………………………….
Қаржылық нәтижелер қалыптасуы есебінің экономикалық мәні
мен есебі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика одан әрі күшейе түсуде, онымен бірге шаруашылық процесті реттеудің негізгі механизмі ретінде бәсекелестік те күш жинауда.
Қазіргі уақытта бәсекелестік ортада кәсіпорынның тіршілік етуі оның қаржылық тұрақтылығына тәуелді, оған ресурстардың барлық түрлерін экономикалық қолдану, шығындарды азайту, өнімді (жұмыс, қызмет) өндіруді жоғарлататын резервтерді анықтау және пайданы ұлғайту негізінде өндірістің тиімділігін жоғарлату арқылы жетуге болады.
Табыс кәсіпорын қызметінің тиімділік критерийі және оның қаржылық нәтижелерінің қалыптасуының негізгі ішкі қайнар көзі болып табылады.
Табыстың көлемін экономикалық түбегейлі анықтау кәсіпорын үшін үлкен маңызы бар, оның қаржылық ресурстарын, бюджетке төлемдердің көлемін, өндірістің кеңею мүмкіншіліктерін және қызметкерлерді материалдық көтермелеуді дұрыс бағалауға әсер етеді.
Әрбір ұйымның қызметімен танысу үшін мүмкіндігінше оның көптеу жақтарын біліп алу керек, осы негізде коллектив жұмысындағы жағымды және жағымсыз жайлары туралы объективті ойды қалыптастыру керек. Осы кезде талданатын ұйымның шаруашылық қызметінің нәтижелерін бейнелейтін жұмыстың қаржылық нәтижелеріне тікелей әсер ететін бірнеше маңызды көрсеткіштерді пайдалану міндетті.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері көрсеткіштер жүйесінде өз көрінісін табады. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайтын Көрсеткіштердің көп саны оларды жүйелік қарастыруда әдістемелік қиыншылықтар тудырады. Көрсеткіштердің бағытталуындағы айырмашылық берілген кәсіпорынның нақты жағдайы туралы ақпарат қажеттілігін ең жоғары деңгейде қанағаттандыратын тауар алмасуға қатысушылардың әрқайсысына таңдауда қиындық түсіреді. Мысалы, кәсіпорын әкімшілігін түскен табыстың көлемі мен құрылымы, оның көлеміне әсерін тигізетін факторлар қызықтырады. Салық инспекциясы барлық қосылатын баланстық табысы, оның ішінде өнімді өткізуден түскен табыс, мүліктерді сатудан түскен табыс, негізгі емес қызметтерден алынған нәтижелер және т.б. туралы шынайы ақпарат алуды қызығады.
Қаржылық нәтижелер қалыптасуы есебінің экономикалық
мәні мен есебі
Ұйымның қызметінің қаржылық нәтижесі – бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі, табыстар мен шығыстар арасындағы айырмашылықты білдіреді. Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс – бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі. Бұл жерде иеленушілердің жарғылық капиталына салған салымы субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру – шығыс болып танылады.
Шығыстар – өнімді өндіумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындар. Шығыстар, әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша қаражаттары, материалдық қорлар, негізгі құралдар, т.б.). Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.
Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне (өндірісіне) қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, ауыл шаруашылық қызметі бойынша және т.б., сондай-ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.
Табыстар – бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды (акция бойынша табыс және пайыз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 2007 жылы 28 ақпандағы Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің 234 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13 бабында былай делінген: «Табыстар бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы». Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес.
«Шығыстар» түсінігі түрлі
маңызға ие және зерттеу
Әдеттегі қызмет түрлерінен ұйымның қаржылық нәтижелерін қалыптастыру мақсаты үшін өткізілген тауарлар, өнімдер, жұмыс, қызметтердің өзіндік құны анықталады. Есепті кезеңде де, өткен кезеңдерде де танылған әдеттегі қызмет түрлері байланысты шығындар, және түзету есебімен өнім өндірісінің, атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызмет, сонымен қатар сатылған (қайта сатылған) тауарлардың ерекшеліктеріне тәуелді алдағы есепті кезеңдерде алынатын табыстарға қатысы бар өтпелі шығындар негізінде өзіндік құн қалыптасады. Бұл кезде саудаға байланысты және басқарушылық шығыстар толықтай есепті жылдағы олардың әдеттегі қызмет түрінен болған шығыстар ретінде танылуы сатылған тауарлар, жұмыс, қызметтердің өзіндік құнында танылуы мүмкін.
Бухгалтерлік есептің біртіндеп халықаралық стандарттарына көшуі одан әрі нақты түсініктемелердің анықталуын талап етеді. Мысалы, қазақстандық стандарттарда ең маңызды түсініктердің бірі болмай тұр: пайда. Бірақ табыстың бірнеше түрлері бар, оларға мыналар жатады:
- өнімдерді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс;
- жалпы табыс;
- негізгі қызметтен түскен
- негізгі емес қызметтен түскен табыс;
- салық салынғанға дейінгі
- салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы;
- төтенше жағдайдан алынған табысы;
- таза табыс;
- кәсіпорын қызметінің
Халықаралық тәжірибеде мәні ашылған түсініктер қолданылады: өнімдерді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен түсім, жалпы табыс, пайда, рентабельділік, бөлінбеген кіріс. Қайсыбір түсініктеменің анықтамасына қандай мән салынғанынан оның қолданылуы тәуелді болады.
Сонымен бірге қаржылық есептілікті пайдаланушылардың шатасу себебі табыстың негізінен ақшалай түрде түсетіндіктен, бұдан олар келесідей шешім жасай алады, есеп айырысу шотындағы қалдық (шығындарды алып тастағанда) – бұл есепті кезеңдегі кәсіпорынның сол қаржылық нәтижесі. Ақша қаражаттары – құралдар (актив), табыстар – бұл активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы, ал пайда – кәсіпорын капиталының бөлігі және ол кәсіпорындағы бар ақша құралдарының сомасына тең емес.
Белгілі бір уақыт кезеңінде түскен кіріс деп кәсіпорын өзінің қызметі нәтижесінде осы кезеңде капиталын қаншалықты өскен сомасын айтады.
Бөлінбеген кіріс – бұл дивидендтер түріндегі кіріс бөлігі акционерлерге төленгеннен кейінгі кәсіпорын қолдануына қалатын капитал. Кәсіпорын қызметі нәтижесінде алынған бөлінбеген кірістің өсуі - табыс, ал азаюы шығыс деп аталады.
Және табыс (зиян) – кәсіпорын қызметінің негізгі жалпылауыш көрсеткіші болып табылады. Кәсіпорынның баланстық пайдасы (залалы) – бұл өнімдерді (тауар, жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс (зиян), материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, басқа да материалдық құндылықтарды, сондай-ақ оларға кеткен шығындар сомасына азайтылған өткізуден тыс операциялардан алынған табыстар сомасы.
Материалдық және өзге оларға теңескен шығындарды алып тастағанда өткізілген өнім, тауар, жұмыс және қызмет үшін түсімнен ұйым табысы құралады.
Өткізуден тыс табыстар мен зияндарға келесілер жатады:
Пайда сатылған өнімнің толық өзіндік құнын, еңбекақы шығындарын қоса есептегендегі, өткізуден түскен түсімнен жасалады.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтар қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д.Шеремет 1 «Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы тарту, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншікті капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.
Кәсіпорынның қаржылық
Шаруашылық субъектісінің
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз.
Қаржылық жағдайдың мәні және талдаудың мақсаты, қаржылық талдаудың мазмұнын айталық.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы ксіпорының белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтелуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайында қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен өзара қарым-қатынас үлкен әсер етедщі. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивидедтерді ұқыпты төлейтін қаржылық жағдайы жақсы кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондықтан да бұл жыл сайын өз облигацияларсы белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта - облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысады. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты, банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып, оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын тексереді.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалды анықтайды.
Қаржылық нәтиже ұйымның өндірістік-қаржылық қызметінің нәтижесінде меншікті капиталдың белгілі бір кезеңдегі өзгерісін көрсетеді.
Шаруашылық қызметтің қаржылық нәтижесі календарлық жыл ішінде қалыптасқан кіріс пен зиян көрсеткіштерімен анықталады. Есепті жылдың қаржылық нәтиже қорытындысының қалыптасуы есепті жыл бойына 5610 «Жиынтық кіріс (жиынтық зиян)» шотында пайданы (шот кредиті бойынша) немесе залалды (шот дебеті бойынша) қалдық түрінде көрсететін жинақталу жолымен, яғни кумулятивтік әдіспен жүргізіледі. Бірінші тоқсанның аяқталуы кезінде 5610 шотында қаржылық нәтиженің бірінші тоқсанға аралық қорытындысы жасалады, екінші тоқсан аяқталарда – жартыжылдыққа, үшінші тоқсан соңында – есепті жылдың тоғыз айына және төртінші тоқсан аяқталғанда барлық есепті жылдың қорытынды қаржылық нәтижесі қалыптасады. 5610 шоты бойынша кредиттік және дебеттік айналымдарын салыстыру есепті жылдың соңғы қаржылық нәтижесін анықтайды. Кредиттік айналымның дебеттіктен асып кетуі 5610 шотта сальдо кредиті бойынша көрінісін табады және ұйымның кіріс көлемін сипаттайды, ал дебеттік айналымның кредиттіктен артық болуы 5610 шоттағы сальдо дебеті бойынша жазылады және ұйым зиянының көлемін сипаттайды. 5610-шы шоттың сальдосы бір жақты болады.
Информация о работе Қаржылық нәтижелер қалыптасуы есебінің экономикалық мәні мен есебі