Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2014 в 13:04, курсовая работа
Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын м әселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі.
Кіріспе ...............................................................................2
I бөлім. Жаңа ақпараттық технологияны жалпы білім беретін орта мектептерде пайдалану және оның дидактикалық шарттары
1.1 Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану және оны сабақта қолдану әдістері............................................4
1.2 Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы дамыта оқыту мен білім беру сапасын арттыру жолдары...........8
II бөлім. Жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында қолдану арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру жолдары
2.1 Химия сабағында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану.............................................13
2.2 Ақпараттық технология элементтерін пайдаланып оқушының білімге қызығушылығын арттыру.................18
Қорытынды .......................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер ............................................26
Сөйтіп, жаңа компьютерлік технологияларды бастауыш мектептердегі оқу – тәрбие үрдісінне жиі пайдалану мынадай артықшылықтарды аңғартады:
Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы дамыта оқыту мен білім беру сапасын арттыру жолдары
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы; көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторларында, мұғалімнің рөлімен атқаратын қызметінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып- білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялық түрлерінде, т.б.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау, сондай-ақ сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісі мен шығармашылығын дамытады. Дамыта оқыту жүйесінде қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей берілуі тиіс.
Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылдары қолға алған академик Л.В. Занковтың басшылығымен жасалған. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешіліктерімен айқындалады.
- Оқу мазмұнындағы өзгешеліктер;
- Масаттағы айырмашылықтар
- Дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;
- Әдіс-тәсілдердегі
- Оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
- Мұғалім еңбегінің
- Мұғалім мен оқушы
арасындағы жаңаша қарым-
Л.В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланы жалпы оқытып дамыту. Ал жалпыдаму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс-әрекеттерін меңгеру қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерік-жігері, сезімдерінің дамуы алынады.
Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі – теориялық білімнің жетекші ролі принципі. Бұл теорияда оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру. Заттар мен құбылыстардың тек сыртқы қасиеттері ғана емес ішкі байланыстарын заңдылықтарын меңгеру, олардың танымын тереңдететіндігі анықталады. Мысалы, жыл мезгілдері туралы сөз өткенде, біз ешқашан жасыл болып жайқалып тұрған ағаш жапырақтарының күз түсе сарғайып, ал қыста мүлдем түсіп қалатындығын неге байланысты екендігіне тоқталамыз. Қоршаған орта мен өмір заңдылықтарына көздерін жеткізіп қорытынды жасауға дағдыландырамыз. [6]
Қай заманда да мектеп қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерісгерге икенделіп отырған. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Рухани жан дуниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады.
XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие ксрек.
Еліміздің қоғамның экономикалык, саяси-мәдени дамуына үлес косатын. әлеуметтік цивилизацияға көтерітетін, қарасатын, денсаулығы мықты азаматты төрбиелеп шығару — мектептің. ұстаздар қауымының бүгінгі тандағы жетпес міндеті.
Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі — талабы таудай жеке түлғаны іздеп табу. оны өсіру. Әр оқушыдан қабілетін танып- біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу "үшін, жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгрістер еніп, жаңа көзарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді.
"Технология дегеніміз — қандайда болсын істегі, шеберлікіегі. өнердегі адамдардың. ал, педагогиакалық технология — педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы"', - деп түсіндіреді В. Кларин.
Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал, педагогиикалық жүйе - дара тұлғаны қалыптастыруға бағыталған. белгілі бір мақсатқа жету жолындагы арнайы педагогикалық, ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем. байланыстарын әдістердін, құралдарын жиынтығы.
Білім беру реформасы–Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Кәсіби мамандарды дайындауда жүргізілетін барлық пәндерін оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану – оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.
Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге оқушыны оқытуда бейне және ойын бағдарлама-ларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. [5]
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.
Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.
Көп функционалды электрондық оқулықтар:
• Оқушылардың өз бетінше білім алу қызметің ұйымдастыруға;
• Әр түрлі ақпаратты жинау, өндеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесіңде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;
• Оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипермәтіндік және гипермедия жүйелерін пайдалануға;
• Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;
• Оқытуды басқаруға, оқу қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау процесін автоматтандыруға интеллектуалдық денгейіне қарай тапсырмалар беруге;
• Оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;
• Қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әдістеменің ерекшеліктері:
Оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне “дыбыс беру”, олармен диалог “жүргізу” қаблеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.
Компьютер оқыту процесінің барлық этаптарында қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады: мұғалімнің, жұмыс құралдарының, оқыту объектісінің, ұжымның қызметін, ойын ортасын.
Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.
Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.
Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады. [4]
Химия сабағында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде болып жатқан ғылыми техникалық процестер мен қайта құрулар ақпараттық коммуникациялардың қарқынды дамуына байланысты. Сондықтан қазіргі білім беру саласында өмір ағымына сәйкес оқытудың озық технологияларын оқып – үйреніп меңгермейінше, жоғары сапалы – сезімді, білікті және білімді, сауатты кәсіби маман болуы мүмкін емес. Бүгінгі тәуелсіз еліміздің болашағы жоғарғы оқу орнының қабырғасында тәрбиеленіп, ауқымды жан – жақты білім нәрімен сусындаған жас ұрпақтың тәжірибесіне байланысты. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де студент үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу – әдіснемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және студенттерге білім беруші құрал. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге және интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, электронды оқулықтарды пайдалануға, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Сол себепті химия дәрісінде ақпараттық технологияны пайдалану әдісі үлкен рөл атқарады (сызбанұсқа).
Жоғары оқу орнында студенттерге немесе білімін жетілдірушілерге біліктілігі мен білімін, компьютерлік сауаттылығын жоғарылату үшін ақпараттық техеологиялардың бір саласы электронды құулыұтардың рөлі ерекше және басты болып табылады.
Электронды оқулық дегеніміз – бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту – оқытушының студетпен жеке жұмыс орындағанындай болады.
Ақпараттық білім беру |
Ғылыми жаңалықтар көздері |
Компьютер, интернет
|
Химия |
Шетелдік ақпарат Құралдары |
Электрондық оқу құралдары |
БАҚ |
Теледидар, радио |