Жаңа ақпараттық технология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 15:46, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі жаһандану заманында белсенді, құзіретті, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу – алға қойған басты мақсаттарымыздың бірі болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру әсіресе оқу, білім саласында қызмет атқаратын жандар – ұстаздар үшін ең маңызды мәселе. Қазіргі замандағы өмір ағымы мұғалімдерден жаңаша ойлап, шығармашылықпен жұмыс істей білуді, көп ізденуді талап етеді.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
2.Негізгі бөлім..................................................................................................5
2.1 Жаңа ақпараттық технология......................................................................5
2.2 Жаңа ақпараттық технологияның тиімділігі.............................................6
2.3 Жаңа ақпараттық технологияның артықшылықтары
мен кемшіліктері..........................................................................................8
2.4 Химия пәнін оқытуда ақпараттық
технологияның тиімділігі........................................................................11
2.5 Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
білім деңгейін көтеру.................................................................................13
2.6 Эксперименттік бөлім................................................................................15
2.6.1. Жаңа технологиялық әдіспен «Карбон қышқылдары»
тақырыбын түсіндіру............................................................................15
3. Қорытынды...................................................................................................25
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................26

Вложенные файлы: 1 файл

курс.doc

— 527.00 Кб (Скачать файл)

          Білім беру ортасы − білім беру мекемелеріндегі оқыту технологияларының, ақпараттық ресурстардың жиынтығы.

Ал, ақпаратты-білім беру ортасына қатысты айтар болсақ, «білім беру ортасы ешқашанда «ақпаратсыз» бола алмайды. Бұл жердегі «ақпаратты» сөзі ақпараттық технологияларға қатысты айтылып тұр». Сондықтан да «ақпаратты-білім беру ортасы − ақпараттық білім ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялар негізінде құрылған оқыту технологиясының жиынтығы» - деген тұжырым жасай аламыз.

Ақпаратты-пәндік орта − белгілі бір пәнге қатысты ақпаратты пайдалануға бағытталған ақпаратты-білім беру ортасының құрамы.

Кәсіби-ақпараттық білім беру ортасы − белгілі бір мамандық иесінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалануга арналған компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялар негізінде құралған аппаратты-бағдарламалық жабдықтар жиынтығы.

Енді «оқытудың компьютерлік технологиясы», «оқытудың ақпараттық технологиялары» секілді бірқатар терминдерге тоқталайық. Алдымен «технология» сөзінің мағынасына зер салсақ,еңбекте келтіріпген анықтама бойынша «технология-өнім өндіру процесінде өнімнің, материалдың немесе полуфабрикаттың формасын, қасиетін, қалып-күйін өзгертуді, өңдеуді жүзеге асыратын әдістер жиынтығы».

Оқыту − педагогтардың жетекшілігімен тұлғаның білімін, ебдейлігін, дағдысын қалыптастыруға бағытталған, жоспарлы және жүйелі түрде жүзеге асырылатын процесс.

Оқытудың компьютерлік технологиясы − ақпаратты жинақтау, ұсыну және бақылауды ұйымдастыру, танымдық іс-әрекетті басқару секілді педагогтың атқаратын функцияларының компьютерлік техника негізінде педагогикалық шарттарын құрудың әдістері мен тәсілдер жиынтығы.

Оқытудың компьютерлік технологиясы мұғалім мен оқушының арасындағы қатынас формасын өзгертеді. Бұл өз кезегінде оқу мотивациясын күшейтеді, оқытудың қарқындылығын арттырады.

Оқытудың ақпараттық технологиялары − компьютерлік техниканың, телекоммуникациялық байланыс құралдарының, инструменталды бағдарламалық жабдықтарының жиынтығы.

Мультимедиалық оқыту ортасы (МОО) қабылдау және ойлау қабілеттігі әртүрлі адамдарды оқыту тиімділігін қамтамасыз ететін, әртүрлі ақпараттың (мәтіндік, графикалық, аудио және бейне) түрлерін жүйелеудің тиімділігін ескеретін көпдеңгейлі құрылымның мақсаты мен міндетін ұсынатын коммуникациялық жүйелер жиынтығынан тұрады. Мультимедиа технология жүйесінің жиынтығын:  мультимедиалық компьютер, бейнепроектор немесе мультиме-диалық проектор, интерактивті тақта,  бейнекамера, бейнемагнитафон т.с.с. құрылғылары құрайды.

 

 

 

 

Оқытудың «дәстүрлі» түрімен  МОО-сын салыстыра отырып келесі артықшылықтар мен кемшіліктерге тоқталып өтейік. Мен олардың  екі кемшіліктері бар деп есептеймін:

– олармен жұмыс істеу үшін арнайы қосымша жабдықтың қажеттілігі, бәрінен бұрын – сапалы монитор мен сәйкес программамен  жабдықталған компьютер;

– электрондық формада ақпаратты беру және монитормен жұмыс істеу барысындағы жалығушылық.

Мультимедиалық оқыту курсының артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:

1. Студенттің жеке сұранысына қолданушы интерфейсінің бейімделуі және тиімдеу мүмкіндігі. Көбінесе, мәтіндік және гипермәтіндік қолдану мүмкіндігі айтылады, сондай-ақ, курстың фреймді құрылымы, мұнда фреймдер саны, олардың өлшемдері мен    толтыруы өзгеруі мүмкін. Студенттің тілегі бойынша фреймдер бөлігімен бірге қалқыма терезелерді тура сондай мазмұнда пайдалануға болады, мысалы, суреттермен не болмаса анықтамалар тізімімен.

2. Оқушыға әсер ететін қосымша құралдарды (баспа шығармаларымен салыстырғанда) қолдану мүмкіндіктері (мультимедиялық шығарма). Бұл оқу материалын жылдам меңгеруге және жақсы есте сақтауға мүмкіндік береді. Әсіресе бізге «Компьютерлік ақпаратты қорғаудың әдістері мен құралдары» пәні бойынша біздің өңдеп жасаған анимациялық модельдердің мәтінмен қосылуы маңызды болып табылады. Жағымды әсерді дәрістік мәтінге сәйкес дыбыстық үн көмегімен тыңдауға болады.

3. Мультимедиалық оқыту курсының шеңберінде ыңғайлы, қарапайым навигация механизмін тұрғызу мүмкіндігі. Баспа шығармасында мұндай мүмкіншіліктер екеу: мазмұн мен колонтитулдар, кейде оларға тезаурустар да жатқызалады. Бірақта осы мүмкіншіліктерді тәжірибеде жүзеге асыру үшін оқулық курсында гиперсілтемелер мен фреймдік құрылымдар қолданылады. Олар беттерді парақтамай, жылдам түрде қажетті бөлімге немесе фрагментке апарады немесе дәл осылай жылдам кері қайтара алады.

4. Көбіне гипермәтіндік сілтемелер баспа мәтіні бойынша орналастыруға болады, суреттерді, қосымша әдебиеттерді  қарауға болады. Қажет болған жағдайда  курс авторына пән туралы түсініктеме  беруді өтініп, электрондық поштамен хат жаза алады. Желілік оқыту құрылымдарын қолдану кезінде пән жөнінде негізгі мәселелерді электрондық оқу залында,  жұмыс орнында қала отырып, талқылауға болады.

5. Оқушының білім деңгейін автоматты түрде бақылауға болады.  

6. Мультимедиалық оқыту курсының  басты артықшылығы – бұл оқушы мен курс элементтерінің арасындағы интерактивті әрекеттесу мүмкінділігі. Оның пайда болу деңгейі төменнен жоғарыға дейін тестілеу барысында байқалады.

Сонымен, жоғары оқу орындарының оқу үрдісіне мультимедиалық технологияларды енгізу тек оқытушыны жұмыстан босатып қоймай, сонымен бірге әртүрлі элементерді: мәтін, графика, анимация, дыбыстық және бейнеэлементтерді құруға мүмкіндік береді. Интерактивті компьютерлік программалар адамның барлық іс-әрекетінің түрлерін (ойлау, сөйлеу, физикалық, перцептивтік) белсендендіреді. Бір сөзбен айтсақ, мультимедиалық құралдарды және технологияларды қолдану оқытудың  тиімділігін арттырып, сапалы білім беруге қол жеткізеді. Мұнда дәстүрлі және  компьютерлік түрде оқыту үрдісін ұйымдастыруда үйлесімділік бар.

Мультимедиа технологиясы  көптеген оқыту  мен бақылау әдістерін,  оқушылардың танымдық іс-әрекетін жаңа сапалы деңгейде белсенділендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мультимедиалық құралдарының практикалық қолданылуы көптеген жағдайларда  оқу үрдісіндегі оқу материалдарын ауызша баяндау, көрнекілік және практикалық оқыту әдістері, алынған білімді бекіту әдістері, өзіндік жұмыс тәрізді классикалық оқыту  әдістерін жетілдіруге  немесе жартылай алмастыруға мүмкіндік берді.[3]

 

            2.4 Химия   пәнін   оқытуда    ақпараттық 

                               технологияның тиімділігі

        Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту  мақсаттарын жүзеге асыра отырып , оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.Біздің де мақсатымыз осыған бағытталған. Әсіресе, ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамыз. Кез-келген сабақта ақпараттық технологияны пайдалану оқушылардың  танымдық белсенділігін  арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

    Химияны медиаоқытудың  негізгі мақсаты  оқушылардың өздігінен  ауқымды ақпараттар алуына, медиамәліметтерді өз бетінше оқып, бейне суреттер, бейне фильмдер арқылы түсінуіне, шығармашылық дамуына, жинақылыққа негізделген. Оқу материалдарын  оқушылар жаңа ақпараттық технологиялар, яғни Интернет пен мультимедиа, арнайы компакт дискілер арқылы алады.

  Тәжірибе жүзінде дәлелденгендей , кез-келген оқушы өз қызметіне  компьютерді пайдалану, олардың  әлемдік ақпараттық кеңістікке  енуінде ақпараттық мәдениеттің  қалыптасатынымен өлшенеді. Сонымен  бірге , бұл жағдайда, инновациялық әдістер мен құралдарды химия пәнін меңгеру  процесіне пайдалану  оқушылардың химия пәнін  меңгеруде қызығушылықтарын арттыруда. Ақпараттық – коммуникациялық технология химия пәнін кең молынан игеруге  мүмкіндік береді.

  Оқу қызметінде компьютерден рефлексивтік  деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез келген ойдың өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады. Шығарылуы күрделі, көп уақытты қажет ететін есептерді компьютердің көмегімен тез орындауға болады. Сондықтан, әр оқушы өзінің білімін дамыта отырып, нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен есептелінген есептің нәтижесін аламыз.

  Кабинеттік сабақ жүйеде  қалып қана қоймай тақырыпты  меңгерудің жаңа жағдайларын  қалыптастыру. Мысалы оқушылардың өз бетінше  химиядан кестелер, химиялық есептерге қарапайым бағдарламалар құру, плакаттар жасау, топ серіктестікпен жұмыс жасау, химиялық өндірістерді компьютер арқылы жобалау. Компьютер арқылы әр оқушы жеке жұмыс жасайды. Оқу үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру  жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік  іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Компьютермен оқыту үрдісінің тиімділігі  мен сапасы  мұғалімнің әдістемелік дайындығын және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне байланысты болады. Жаңа технологиямен оқыту мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді.

   Осы ақпараттық технологияларды  қолданып орта мектептің 8-сынып химиясының 1 тарауын мысалға ала отырып былай өтуге болады. Ондағы ерекшелік оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру негізінде түрлі-түсті суреттер, көркемделген кестелер, лабораториялық жұмыстардың бейнефильмдері, көркемделген анимациялар енгізу, химиялық құбылыстарды оқушы өз бетімен бақылап, ой елегінен өткізуге мүмкіншілік туғызу.

    Химия пәні, заттар және  олардың қасиеттері тақырыбына  химияның тұрмыста, өнеркәсіпте  қолданылатынын бейнелейтін суреттермен  түсіндірілді.

  Таза заттар және қоспалар тақырыбын тереңірек ұғыну үшін таза зат пен қоспаның айырмашылығын көрсететін, сұйық және құрғақ заттардың, қоспаларының агрегаттық күйін бейнелейтін суреттерімен толық көрсетілді.

  Біртекті және әртекті қоспалардың  бірінен бірінің айырмашылығын бақылау үшін тәжірибелердің де суреті анық көрсетілген. Осы тақырыпта темір мен күкіртке жасалған тәжірибені  «Заттарды қоспадан  бөлу және тазарту» тақырыбына ауыстырдық. Бұл тақырыпта заттарды қоспадан бөлу және тазарту әдістерінің тәжірибелері сурет түрінде бейнеленген. Тақырыпқа қосымша енгізілген темірдің магнитке тартылу көрінісінің  қалай болатынын, әртекті қоспадан магнит арқылы қоспаны қалай бөлуге болатынын берілген заттың түстерінің, қасиеттерінің ерекшеліктерін нақтырақ түсіну, оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін  арттыру үшін анимация және гипер мәтінмен берілген лабораториялық тәжірибеден анық көруге болады.

  Бұл анимацияның лабораториялық  жұмысы да бейнефильм түрінде  берілген.

  Физикалық және химиялық  құбылыстар тақырыбынан химиялық құбылыстарды көзбен көріп бақылау үшін  «калий перманганатынан оттегін алу» тәжірибесі бейнефильм түрінде берілген.

  Химиялық реакциялардың белгілері  тақырыбындағы ерекшелік: бұл тақырыпқа  химиялық рекция белгілерін көрсететін  химиялық тәжірибелер енгізілді. Заттардың тұнбаға түсуі, газ күйіндегі заттардың бөлініп шығуы, жарықтың бөлінуі, заттардың түсінің өзгеруі, заттардың жануы – химиялық реакциялардың белгілеріне берілген тәжірибелер бейне фильм түрінде көрсетіледі.

 Бұл тәжірибелер 8-сынып оқушыларына күрделірек болғанымен,оқушы химиялық реакциялардың белгілерін, химиялық реакция кезінде бір заттың екінші бір затқа айналуын өз көзімен бақылап, химиялық реакциялардың  белгілері, заттардың түсінің өзгеруі туралы ұғым қалыптасып, ойлары тереңдей түседі.

  Атомдар мен молекулалар, жай  және күрделі заттар тақырыбында  сутек және оттек атомдарының  қозғалысын, су молекуласының ыдырауын  және түзілуін 2 анимация арқылы  анық байқауға болады.

   Химиялық элементтер, олардың  таңбалары тақырыбында Д.И.Менделеевтің периодтық кестесінің қазақша үлгісін көрсетіліп, түсіндіріледі.[7]

 

      2.5  Жаңа ақпараттық технологияларды     пайдалану

                                         арқылы білім деңгейін көтеру.

          Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалықбілімділікжәне ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық-психологияға негізделуін және ақпараттық құралдарын кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

       Ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы-білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауі, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір сүретін адам өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс.  
Сезімді ынталандыру деген білім беруге жағдай жасау, сабақ кезінде мадақтау және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерін тиімді пайдалану, алға қойған мақсатты жүйелеу болып табылады. Осы жаңа технологияға нақты түсінік берер болсақ Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқу үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. 
Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерде қолдану үшін жұмсалалы. Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолданумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше оқытудың ақпараттық-технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйелерге қосылады. 
        Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалананып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сондай-ақ педагогтың компьютерлік сауаттылығы АКТ пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады. 
       Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды талап етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер алатыны хақ. Интернетті пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз. 
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. 
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері қалыптсу үстінде. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты.       Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Мектеп оқушыларының білім сапасын тексеру жүйесіне арналған компьютерлік педагогикалық құралдарды пайдалану, бақылау, өзін-өзі бақылау, жаттығу, бақылау нәтижелері бойынша түзету, тіркеу, жинау, сақтау, зерттеліп отырған обьектілер туралы ақпараттарды өңдеу және түрлі формада көрсетілген ақпараттардың жеткілікті үлкен көлемін беруді іс жүзіне асыруға мүмкіндік береді.[10] 

Информация о работе Жаңа ақпараттық технология