Микросфералы катализатордың қайнаушы қабатты қондырғысының материалдық балансы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 19:08, курсовая работа

Краткое описание

Мұнай көмірсутектерінің тәжірибелік маңызы бар химиялық түрлендірулерінің көбісі катализаторларының қатысуымен жүреді. Катализаторлар химиялық реакциялардың активтеу энергиясын төмендетіп,нәтижесінде олардың жылдамдығын өсіреді. Катализдің жалпы мәні мен мәнісі осында.Реакцияларды катализаторлардың қатысуымен жүргізу,сонымен қатар процестің температурасын күрт төмендетуге мүмкіндік береді. Жылу эффектісі оң реакциялар үшін (полимерлеу,гидрлеу,алкилдеу,т,б.) бұл өте маңызды,себебі термодинамикалық көзқарас бойынша,жоғары температура оларға кері әсер етеді.Жаңа процестер арасында 90%-дан астамы катализаторларды қолдануға негізделген.Соңғы кездері катализ механизмін қарауда барлық каталитикалық реакцияларды қышқыл негіздіге және тотығу-тотықтыруға бөлу көп тараған.

Вложенные файлы: 1 файл

Менің курстық жобам.docx

— 378.02 Кб (Скачать файл)

   Қоршаған ортаның көмірсутектер буларымен ластаудың негізгі резервуар

паркі болады; булану резервуарды толтыруда және босатуда («үлкен демалу») сыртқы мен ішкі резервуар температурасының өзгеруінен қақпақтар арқылы («кіші демалу») демалуы орын алып ауа ластанады. Ағын суды тазалау жабдықтарынан, кішкентай жиынды мұнай көлшігі және тоғаны беттерінен буланудан да көмірсутектерінің жоғалуы көп болады. Сорғылар, компрессорлар және арматуралар сальниктерінің тығыз жабылмауы есебінен, факелдерде, аппараттардың сақтаушы қақпақтары арқылы да жоғалу болады.

   Құрылымды өзгертіп өңдеу процестеріне тән жоғары температуралық және кейбір кездерде жоғары қысым режимдері көмірсутектердің және олармен бірге күкіртті сутегінің ауаға тарауына жәрдемдеседі. Мұнда жоғалым алкилдеу, газфракциялау, т.б. төмен температуралы процестерге қарағанда бірнеше есе көп болады.

   Ауаның күкіртті сутегімен және көмірсутектермен ластану дәрежесі қондырғыларда алынатын мұнай өнімдерін суыту жүйесіне де және бензин фракцияларының тұрақтандырылуына байланысты. Өнімді суыту температурасы (әсіресе, жеңіл бензинді) төмен болған сайын,буланудан жоғалым соғұрлым аз болатыны табиғи нәрсе. Бензинді тұрақтандыру дәрежесі де осындай әсер етеді, себебі бензинде еріген газ көмірсутек буларының парциалды қысымын көтереді.

   Таза судың шығынын азайту және ағын су көлемін қысқарту мақсатында МӨЗ мұнай өнімінің ақырғы температурасын төмендете түсуде су тоңазытқышымен бірге ауа конденсатор-тоңазытқыштарын кең көлемде қолданады. Шығатын мұнай өнімдерін терең суыту үшін суық айналма таза құдық суын да пайдалану ұсынылады.

   Қазіргі МӨЗ айналма сумен қамтамасыз ету жүйесін қолданады. Айналма су аздап буланып азаяды, оның құрамында тұздар мен басқа зиянды заттар

концентрациясы осы себептен өседі. Айналма судың жоғалымын орнына келтіру мен құрамын бір қалыпта ұстап тұру үшін оның бір бөлігін тазалауға жібереді, ал біразын таза сумен алмастырады. Суды тазалау жүйесі механикалық түндырудан, физика-химиялық процестен және активті тұнбамен биохимиялық тазалаумен бітеді. Үлкен қазіргі МӨЗ айналма суды пайдалану деңгейі 96 – 97% -ға жетеді.


   Ауаны қорғау мәселелерінің шешімі ағын сусыз өндіріс жасау арқылы табылады. Кейбір жаңа зауыттарда ол үшін мынадай шаралар белгіленуде:

  1. Мұнайы бар аз минералданған ағын суларды биохимиялық тазалаумен бірге сүзу және айналма суды жүйеге қайта беру;
  2. Жоғары минералданған ағын суларды буландырумен конденсатты жүйеге қайта беру немесе технологиялық қажеттілікке пайдалану;
  3. Зауытты сумен қамтамасыз етуде жауын мен қар суын және тұрмыстық ағын суларды биохимиялық тазалаудан кейін пайдалану.

   Құрастырма жоғары қуатты қондырғыларды пайдалану ауаның көмірсутектер мен күкіртті сутегі буларымен ластануын көп азайтады, су шығынын, сонымен бірге ағын су мөлшерін кемітеді, себебі онда резервуар паркі көлемі азаюымен бірге, құбыр ұзындығы, тоңазытқыштар мен арматуралар саны да қысқарады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ


   Курстық жобамның мақсаты – микросфералы катализатордың қайнаушы қабатты қондырғысының реакторын есептеу. Өнімділігі – 280 000 тонна/жылына. Кен орным – Қарашығанақ.

   Курстық жобамда 3 бөлім қарастырылды:

   Бірінші бөлімінде – шикізаттың сипаттамасы, дайын өнімнің сипаттамасы, қосымша материалдың сипаттамасы, микросфералы катализатордың қайнаушы қабатты қондырғысының технологиялық схемасы және технологиялық режим мен реактордың сипаттамасына тоқталдым. Шикізат ретінде Қарашығанақ кен орнынан 200 – 500 0С аралығында қайнайтын фракция мұнайы таңдалды. Дайын өнім ретінде бензин алынды. Қосымша материал ретінде катализатор таңдалды.

   Екінші есеп бөлімінде – Микросфералы катализатордың қайнаушы қабатты қондырғысының материалдық балансы, реактордың материалдық балансы, реактордың жылулық балансы есептелінді және де реактордың негізгі өлшемдері анықталды. Реактордың негізгі өлшемдері:

Диаметрі   4,8 м

Биіктігі      8,8 м

   Үшінші бөлімінде – техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау қарастырылды. Өйткені қазір қоршаған ортаны қорғауға көп көңіл бөлінуде.

   Курстық жобамның мақсатына жеттім деп ойлаймын.

 

ӘДЕБИЕТ


  1. Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. «Мектеп» баспасы. Алматы, 2007.  
  2. Қазақстанның Мұнай Энциклопедиясы. «Мұнайшы» қоғамдық қоры. Алматы, 2005.
  3. Мұнай мен газды өңдеудің химиясы мен технологиясы. Т.Омарәлиев. «Фолиант» баспасы. Астана, 2011.
  4. Примеры и задачи по технологии переработки нефти и газа. А.Г.Сарданашвили, А.И.Львова. Москва, химия, 1980.

 

 


Белгіленуі

Атауы

1, 9

Сеператор

2, 11, 15, 17, 18, 23

Сорғылар

3

Пайдалану-қазандығы

4

Электр сүзгілер

5

Регенератор

6

Реактор

7, 16, 21

Колонналар

8, 20, 25

Тоңазытқыштар

10

Компрессор

12

Катализатор бункері

13

Ауа бергіш

14

Оттық

19, 22, 24, 26

Жылуалмастырғыштар

27

Пеш

І

Шикізат

ІІ

Катализатор

ІІІ

Бензин

ІV

Майлы газ

V

195-350 -тық фракция

VI

350-тан жоғарғы фракция

VII

Су

VIII

Ауа

IX

Су буы

X

Түтін газы

XI

Отын газы

XII

Колоннаның (7) айналушы ағыны


                           


Жалған сұйылушы қабатты катализатор реакторы

Белгіленуі

Атауы

1

циклондар

2

тұндырушы аумақ

3

жалған сұйылушы қабат

4

бөлуші жабдық

5

буландырушы секция


 

 


Информация о работе Микросфералы катализатордың қайнаушы қабатты қондырғысының материалдық балансы