Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 20:36, реферат

Краткое описание

Адам мен табиғат арасындағы қатынас – динамикалық арақатынас. Ол қатынас адам экожүйесінің ерекшелігімен анықталады да, байланыс «табиғатты бағындырумен», «иемденумен» ғана емес, сондай-ақ адам денсаулығы мен тіршілігіне кері әсерін тигізетін экологиялық өзгерістермен айқындалады.

Содержание

Кіріспе: Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынастары, кезеңдері
Негізгі:
Табиғи ресурстардың қоғам өміріндегі рөлі
Қазақстан табиғат байлықтарын калай пайдаланады?
Біздің мемлекетіміздің табиғи ортасы
Қорытынды: Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Әділетова Е.Ә 106 ОМ.docx

— 45.52 Кб (Скачать файл)

  Табиғат  қорғау  заңын  орындау  негізгі  ұстанымдары  мен  ережелеріне  негізделген.     

Табиғат  қорғаудың  бірінші  ұстанамы. Табиғат  байлықтарын  пайдалануды  тұтынушылардың  мақсатын  ескере  отырып  жүзеге  асыру.  Мысалы,  орман  тек  құрылыс  материалы  емес, ол  ауа  райын  реттеуші,  ылғал  көзі, дәрі-дәрмек,  аң  мен  құстың  мекені, топырақты  қорғаушы  және  адам  үшін  денсаулық  кепілі  екенін  ескеру   қажет.    

Табиғат  қорғаудың  екінші  ұстанамы.  Табиғат  байлықтарын  пайдалану   барысында  оның  жергілікті  жер  үшін  маңызы  мен  қорын  қатаң  есепке  алу. Бұл  әсіресе  орман, су  қоры  үшін  қажет. Мысалы, Әмудария  мен   Сырдария   өзендерін  ауыл  шаруашылығына   барынша  пайдаланып,  оның  Арал  теңізі  үшін  маңызы  ескерілмеді. Нәтижесінде  Арал  теңізінің  біржола  құрып  кету  қаупі  төніп  тұр.     

Табиғат  қорғаудың  үшінші  ұстанамы.  Табиғат  қорларын  пайдаланғанда  олардың  бір-бірімен  байланысты  екендігін  есте  сақтау  керек. Яғни,  табиғаттың  тарихи-табиғи  байланысын, тепе-теңдік  процесін  бұзбау  деген  сөз. Мысалы,  Семей  өңіріндегі  Шыңғыстау  ормандарының  құрылыс  үшін  кесілуі – осы  өңірді  аң-құсы  мен  шұрайлы  жайылымынан  айырды.    

 Қорыта  айтқанда, адам  баласы  табиғат  қорларын  пайдаланбай  өмір  сүру  мүмкін  емес. Сондықтан  табиғат  қорларын  ғылыми  негізде  қайта   отырып  пайдалану  және  қорғау  мақсат  етіліп  қойылуы  тиіс. Табиғат  заңдарында  көрсетілген  ұстанымдар мен  ережелерді  орындау  азаматтың  міндетті  борышы.    

 Адам  баласы  жануарлар  мен  өсімдіктер  туралы  мәліметтерді, ғылыми-фактілерді  саралап  келіп,  ендігі  жерде  оларды  қорғау  қажеттігі  туралы  тоқтамға  келді. Кейбір  өркениетті  елдерде  жануарларды, өсімдіктерді, ормандарды, өзен-көлдерді  қорғау  туралы  мемлекет  деңгейінде  құжаттар  қабылдана  бастады. Орыс  патшасы  I Петр  Мәскеу  маңындағы  ормандар  мен  оның  қойнауындағы  табиғат  байлықтарының   бәрін  "патша  қазынасы”  деп  жариялап, жарлық  шығарған. Тіптен, өзен  бойынан  3 км  жерге  дейін  ағаш  кескендерді  қатаң  жазалаған.    

                          

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған  әдебиеттер: 

 

1. Экология –  Г.С.Оспанова , Г.Т Бозшатаева –  Алматы,      

 экономика, 2002  

 

2. Жалпы  экологияның  қысқаша  курсы – А.К. Бродский,    

 Алматы "Ғылым”, 1998 

 

3. Экология  және  табиғат  қорғау А.Қ.Құсайынов – Алматы: "Мектеп”, 2002. 

 

4. Қазақстанның  экономикалық және әлеуметтің  географиясы – жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В.Усиков, Т.Казановская, А.Усикова, Г.Зөбенова – Алматы: Атамұра, 2009

 

5. Интернет желісі: Wikipedia.com    semester.kz     yvision.kz

 

 

 


Информация о работе Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың рөлі