Алматы қаласының атмосферасының ластануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 15:45, реферат

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда атмосфераның зиянды заттектермен ластануы өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Атмосфераның зиянды заттектермен ластану салдарынан климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, парниктік эффектісі, қышқылдық жаңбыр пайда болуда. Ластану нәтижесінде атмосфераға тасталынатын шығарындыларға қатты бөлшектер, шаң, түтін, күйе, көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................................4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.........................................................................................................6
I. Қазақтан Республикасы қалаларының атмосферасының жалпы ластануы..............................................................................................6
1.1 Шет елдер және Қазақстан қалаларының атмосферасының
ластануы ....................................................................................................................6
1.2 Республика қалалары ауасының әр түрлі заттармен ластану деңгейі.............11
1.3 Алматы қаласы топырағының ауыр металдармен ластануы ......................17
ІІ. Алматы қаласы атмосфералық ауасының ластану жағдайы ...............................................................................................................20
2.1 Алматы қаласы атмосфералық ауасының әртүрлі заттармен ластануы.....................................................................................................................20
2.2 Қала атмосферасын ластайтын негізгі көз болып саналатын – автокөлік шығарындылары.......................................................................................................24
2.3 Ағаш өсімдіктері жапырағының морфо-анатомиялық құрылысына
қысқаша сипаттама................................................................................................
Қорытынды..........................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................41

Вложенные файлы: 1 файл

almaty_atmosfera.doc

— 634.00 Кб (Скачать файл)

 

   Кестеден көргендей, этилденген бензин қолданатын автокөліктер этилденбеген бензин тұтынатындара қарағанда қоршаған ортаға 8 есе артық зиян келтіреді. Жүк автокөліктеріне зияны ең аз отын –газ. Жүк көтерімі көп жүк автокөліктері және үлкен автобустар кішілеріне қарағанда қоршаған ортаға 1,5-2 есе артық зиян келтіреді [ 4].

   Сарапшылардың пікірінше, бір автокөлік сағатына 8-10 текшеметр улы газ шығарып, көлік қалдығынан қала ауасының 85 % ластанады. Автокөліктер тәулігіне 460 тонна химиялық тозаң шығарады. Сонда әрбір қала тұрғыны бір жылда 150 килограмм улы қалдықты жұтады.

  Қала атмосферасының  80% автокөліктер улап отыр. Бір күнде орташа есеппен алғанда 500 тоннадан жоғары шығарынды улы заттектер Алматы қаласының ауасына жиналады [5]. Казгидрометтің деректері бойынша, Алматы ауасының ластану деңгейі өте жоғары болып отыр. Мұнда ауаны басым ластайтындар: көмір қышқыл газы, күкірттің қосоксиді, көмірсутегілер, көмір оксиді, азоттың оксиді, мен қосоксиді, фенол, формальдегид, түтін-шаңдар және басқалары. Бұл бөлінген заттар ауада химиялық реакцияға түсіп, бұрынғыдан да жаңа қауіпті қосылыстар түзейді. Ауаның құрамындағы улы химиялық заттар адамның денсаулығын бұзады, өсімдіктердің өсіп - дамуына зиянды әсер етеді, егер ауада 0,2-0,5 мг/м3 болса, өсімдіктердің жапырақтарында жүретін фотосинтезді тежейді және хлороз кеселімен зақымдалуына ықпалын тигізеді. Автокөлік көбінесе көшелердің қиылысындағы бағдаршамдардың алдында және көше бойында бөгет болғанда басымырақ ластайды, себебі ондай жерлерде автокөліктер көп шоғырланады және олардың моторлары аз айналымда істеп тұрғанда ауаға улы газ көп бөлінеді. Улы заттардың көбісі, әсіресе көмірсутегілер мен көмір тотықтары толық жанып үлгере алмайды, ауаға шығып кетеді. Мотордағы жанармай толық жана алмағандықтан көмірсутегілердің басым бөлігі қара күйеге айналады, әсіресе бұл техникалық ахауы бар автокөліктерден қара түтін көп бөлінеді, ал ондай түтіндердің ішінде өте улы бенз(а)пирен деген көмірсутегі болады, егер ауа осы затпен ластанса, адамдардың өкпесінің қатерлі ісігімен ауруы жиілейді. Бір тонна бензин жанғанда, 60 кг сутегі тотығы бөлінеді [6].    

   Қазір қала ауасына  жылына ауасына 250 мың тоннадай зиянды химиялық қалдық көтеріледі. Ал оның 80% бүгінде жарты миллионнан астамы автокөліктін, үлесіне тиеді. Статиска мәліметі бойынша 2007 жылдың 1- ші қаңтарында Алматыда 208 жанармай құю станциясы мен газ құю станциясы жұмыс істеген. Олар былтырғы жылы  барлығы 389,3 мың тонна жанармай, 118,5 тонна дизель отынының 3,6 мың тонна сұйытылған газ сатыпты. Табиғи ресурстар мен және табиғатты пайдалануды реттеу депертаменті «Organic» мұнай өнімдерін сараптау тәуелсіз орталығымен бірлесе отырып, қаладағы бірнеше  жанармай құю станцияларына тексерулер  жүргізді. Нәтижесінде Алматы қаласындағы көпшілік ЖҚС–ында жанармай құрамындағы октан қосындысы талапқа сай емес екендігі, аралас қосындылар пайдаланатындағы анықталған. Тіпті, қайсібір жанармай құрамында мыс, мырыш, никель, хром, титан қоспаларының өте көп мөлшерде жүргендігі байқалған. Әрине, мұндай сапасыз жанармайлар автокөліктер қозғалтқышының техникалық жағдайына кері әсер етіп қоймай, сонымен қатар ол қоршаған ортаға да қатты зиянын тигізеді [7].

  Автокөлік-жер үстіндегі рельссіз көлік. Автокөлік атмосфералық ауаға ең қолайсыз әсер тигізетін көз болып саналады. Кестеде келтірілген мәліметтерден бензин қозғалтқышынан тасталынатын жанусыз қалған көмірсутектері мен олардың толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель қозғалтқышынікінен анағұрлым жоғары екені көрінеді.

                                                                                                              11-кесте

Ластаушы заттектер 

Шыққан газдардын мөлшері,%

Карбюраторлы 

Дизельді

Көміртек монооксиді

           5-12

       1,0-10,0

Көміртек диоксиді

          0,5-12

       0,01-0,5

Азот оксидтері

          0,0-0,8

       0,0002-0,5

Көмірсутектер

          0,2-0,3

       0,009-0,5

Альдегидтер

          0,0-0,2

       0,001-0,009

Күйе,г/м 3

          0,0-0,4

       10-ға  дейін 

Бенз(а)пирен,мкг/м 3

       10-20 дейін

       10- ға  дейін


 

   Бензин қозғалтқышымен қамтамасыз етілген көлік әр 15000 км жүргенде 4350 кг оттекті жұмсайды. Бұл жағдайда қоршаған ортаға 3250 кг көміртек диоксиді, 530 кг көміртек оксиді, 93 кг көмірсутектері, 27 кг азот оксидтері шығарылады. Карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардан шығатын пайдаланылған газда 200-ге жуық химиялық қосылыстар болады, олардың ішінде улылығы жоғарыларға қорғасын, көміртек пен азот оксидтері, көмірсутектер, бенз(а)пирен жатады (12-кесте).

                                                                                                                      12- кесте

Пайдаланылған газдағы көмірсутектердің мөлшері қозғалтқыштың жұмыс істеуіне  байланысты.

Жұмыс істеу тәртібі 

                       Мөлшері 

       СО, %

Бенз(а)пирен,мкг/100 м3

Бос жүрісі

        2,5-3,0

       4000

Бір қалыптылықпен қозғалу 

        0,5-1,0

      >4000

Екпін

        2,0-5,0

        10000

Тежелу 

        4-ке дейін

        28000


 

    Автокөлік қозғалтқыштарында жану процесіне ең қауіпті құрауыштың бірі бензиндегі тетраэтилқорғасыннан Pb  (C2 H5)4 түзілген пайдаланылған газдағы қорғасын қосылыстары. 1 л бензинді жаққанда ауаға 200-700 мг Pb бөлініп отырады.

  Автокөлік жұмыс істегенде атмосфераға дөңгелекқап үйкелгенде түзілген резеңке шаңы түседі. Автокөлікті жуған кезде және пайданылған машина майы түскенде су қойманың ластануы мүмкін. Сондай-ақ, автокөлік жануарлар дүниесіне зиян келтіреді. Жеңіл автокөлік ашық жермен 1 км жүргенде оның жел әйнегіне 3 мыңға жуық жәндіктер соғылады. Әрбір 27 км де қала көліктері 1 омыртқалы жануарды (мысық, ит, тышқан, т.б.) өлтіреді [1].

     Қазір әлемде биоэтонол өніміне сұраныс көбеюде. Оған шикізат ретінде құрамында негізінде қант пен крахмалы көп жүгері, бидай, қызылша, қант және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері пайдаланылады. Бұл ретте Қазақстан биоэтонолды бидайдан алу жолын таңдап отыр. Ол үшін алдымен азық-түлік жасауға жарамсыз үшінші, төртінші сортты бидайдан техникалық спирт және клейковина алынады. Ал, клейковина әлемдегі жоғары сұранысқа ие товар. Өйткені, одан крахмал, биомасса алынады. Мұның ішінде биомассадан алынатын сұйықтық “биоэтонол”деп аталады. Оны құрамында көп АИ-76 маркалы бензинге қосса, одан АИ-93,95 маркалы бензин шығады екен. Сондай-ақ биоэтонолдың тағы басқа пайдаланатын жерлері көп. Осы себептен Еуропада, АҚШ пен Қытайда биоэтонолды тұтыну күн өткен сайын өсіп келеді. Одан жылына миллиард доллар пайда табуға болады [8]. 

   2002 жылы қоршаған ортаның жасыл желегі мониторингінің электрондық картасы жасалды. Сөйтіп, 2010 жылға дейінгі жүзеге асырылуға тиісті жұмыстар ауқымы белгіленіп, барлық ағаштар түгел саналды. Қазір қалада 1850 мың ағаш бар, бұл әрбір қала тұрғынына шаққанда 1,3 –тен келеді. Мұның өзі тиісті нормадан кем. Ал, биылғы жылы 8 мың түп ағаш отырғызылады [9]. 

    Бүгінгі таңда машина адамнан көп, бензин сапасыз тіпті улы. Оны жұтқан адамның өкпесі қарайып қаза болуда.

Жақында Англияда британдықтар үлкен бір жаңалық ойлап тапты. Ол қоршаған ортаны автокөліктен бөліп шығатын улы газдан қорғау бағдарламасы. Қазір ондағы Винчестер қаласындағы көлік компанияларының бірі өз автобустарында арнаулы фильтр ретінде кәдімгі қойдың зәрін пайдаланып жүр. Қойдың зәрі өңделген газға себіліп, одан бөлінетін улы заттың қоршаған ортаға шығуын тоқтататын көрінеді [10].

 

2.3 Ағаш өсімдіктері   жапырағының морфо-анатомиялық    құрылысына     қысқаша сипаттама.

     Жапырақтың морфологиялық құрылысы. Жапырықтың мөлшері, көлемі қатты өзгеріп отырады. Көп жағдайда тіптен бір өсімдіктің өзінде мөлшері жағынан әр түрлі жапырақтар кездеседі. Біздің флорада бір қатар түрлердің жапырақтары ұзындығы 1-1,5 мм.-ден аспайтын, өте ұсақ бөлып келеді. Тропикалық және субтропикалық зоналардың өсімдіктерінің жапырақтарының ұзындығы 20-22 м дейін жетеді  (пальмалар).

Жапырықтың формациясы, әртүрлі жапырақтылық (гетерофилия).  Әдетте бір өркенде мөлшері, формасы, түсі жағынан әр түрлі болып келетін жапырақтар пайда болады.

Жапырақтың үш түрлі формациясы болады: төменгі, ортаңғы және жоғары. Жапырақтың төмеңгі  формациясы әдетте арнаулы байланысты (қорғаныштық, қор жинайтын) жетілмеген немесе түрі өзгерген болып келеді. Оларға тұқым жарнақты, бүршіктердің қабықшалары, тамыр сабақтың, кейде жер беті сабағының редукцияға ұшыраған жапырақтары жатады. Жапырақтың ортаңғы формациясы өсімдіктердің жапырақтарының негізгі массасын түзеді. Бұл осы түрге тән жапырақтар және осыған дейінгі формациясының жапырақтарынан айырмашылығы сол, оларда хлорофилл дәндері болады. Жоғары формацияның жапырақтары гүл беретін өркендерде (гүл шоғырында) орналасады. Бұлар жабындық жапырақтар, орама жапырақтар және т.б. Олардың барлығы, әдетте нашар жетілген, сағақтары болмайды, боялған  немесе түссіз болып келеді.   

  Су өсімдіктерінің, су асты жүзіп жүретін  және  су беті жапырақтарының морфологиялық  тұрғыдан бір-бірінен айқын айырмашылығы болады. Бұл жағдай әр түрлі жапырақтылық (гетерофилия) деп аталады. Жапырақтың бөліктері. Өсімдіктердің көпшілігінің жапырақтары сағақтары арқылы (сағақты жапырақ ) сағаққа бекінген, азды көпті жалпақ тақтадан тұрады. Сағақ жапырақ тақтасын күннің жарығына қарай бағыттайды. Егер сағағы болмаса, онда мұндай жапырақты отырмалы деп атайды. Егер отырмалы жапырақтың тақтасының біраз бөлігі сабаққа жабысып өскен болса, онда мұңдай жапырақты қозғалмайтын (низбегающий) деп атайды. Көп жағдайда сағақтың түп жағында бір пар бүйірлік өсінділері –жапырақ серіктері (прилистники) болады. Әдетте, олар жапырық тақтасынан кіші болады. Бірақ кейбір өсімдіктердің жапырақ серіктері жапырақ тақтасынан үлкен болады және жапырақпен бірдей қызмет атқарады (бұршақ тұқымдастары). Егер жапырақ серіктері біріккен болса, онда жапырақ қынапшасы түзіледі. Кейде сағақтың түп жағы кеңейіп, сабақты түгелдей орай  қамтитын влагалищеге айналады. Тақтаның түп жағында жарғақ тәрізді тілшесі болады, ал кейде оның екі бүйірінен екі құлақша пайда болады.

   Жүйкеленуі. Жүйкеленудің мынадай типтері белгілі.  Қарапайым жүйкелену – бұл жағдайда жапырақ тақтасының түбінен жоғары ұшына дейін тек бір ғана жүйке (өткізгіш шоқ)  өтеді; жүйкеленудің мынадай түрлері жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерге (мүк тәрізділерге, плаун тәрізділерге) жалаңаш тұқымдылардың көпшілігіне (қылқан жапырақтарға) және кейбір жабық тұқымдыларға (элодея) тән.

    Дихотомиялық жүйкелену – бұл жағдайда жапырақтың жүйкелері аша тәрізді болып тармақталады; жүйкеленудің мұндай түрі тұқымды өсімдіктердің ішіндегі гинкоға тән (жалаңаш тұқымдылардың ішіндегі жалпақ жапырақтылардың бірі).

    Торлы жүйкелену -  бұл жағдайда бір немесе бірнеше үлкен жүйкелер көптеген бүйірлік тармақтар береді, нәтижесінде олардан қалың тор түзіледі. Жүйкелердің бұл типі табиғатта аса кең таралған; торлы жүйкеленудің қауырсынды және саусақ салалы түрлері де болады.

     Доғалы және параллель жүйкелену -  бұл жағдайда жапырақ тақтасының түбінен жоғары ұшына дейін бірнеше мөлшері жағынан бірдей, жан-жақты бүйірлік тармақтар бермейтін жүйкелер өтеді; бір жағдайда олар тек параллель (астық тұқымдасында, қияқ тұқымдасында ), ал екінші жағдайда – доға тәрізді болып келеді (ландыш, бақа жапырақ ).

    Жапырақтың алуан түрлілігі. Жапырақтарды жай және күрделі деп екіге бөледі. Егер бір сағаққа (тұтас немесе азды көпті шетінде ойыстары бар) бір ғана жапырақ тақтасы орналасқан болса, онда  мұндай жапырақтарды жай жапырақтарға жатқызады. Егер бір сағаққа бірнеше жапырақ тақтасы (екі немесе одан да көп) орналасқан болса, онда мұндай жапырақтарды күрделі жапырақтарға жатқызады.

     Тақтасы  тұтас болып келетін жапырақтар: тақтасының формасына қарай – жұмыртқа тәрізді, дөңгелек, ланцет тәрізді, эллипс тәрізді, сопақша, таспа тәрізді және т.б; тақтасының жоғарғы ұшының формасына қарай доғал, үшкір, үшкірлеу, ұшы ғана үшкір, ойыстау; тақтасының түп жағының формасына қарай – жүрек тәрізді, жұмыр,  сына тәрізді, садақ тәрізді, сүңгі тәрізді (копье); тақтасының шеттерінің формасына қарай – шеттері тегіс, ара  тәрізді, екі қатар ара тәрізді, тіс тәрізді, дөңес, ойыс болып келеді .

      Тақтасының шеті ойық болып  келетін жапырақтар: ойығының тереңдігіне байланысты – қалақты (ойығы жапырақ тақтасының жартысының енінің 4/1 – нен аспайды), жекелей тілімделген (ойығы жапырақ тақтасының жартысының 3/1–не дейін жетеді немесе оданда көптеу болады), бөлінген (ойығы жапырақтың негізгі жүйкесіне дейін жетеді), ойықтарының   орналасуына қарай – үш құлақ, саусақ  салалы, күрделі қауырсынды болып бөлінеді.

    Күрделі жапырақтар, жапырақшаларының сағаққа орналасуына  қарай классификацияланады: күрделі  саусақ салалы – жапырақшалары  сағақтың басында бірдей деңгейде және азды –көпті радиальды бағытта шашыраңқы орналасады. Күрделі қауырсынды – жапырақшалары сағақтың ұзына бойына екі  жағынан бірдей орналасады және жоғары ұшы бір жапырақшамен (парсыз қауырсындалған) немесе екі жапырақшамен аяқталуы мүмкін (парымен қауырсындалған); үш құлақ жапырақ– мұндай  жапырақтың сағағында тек үштен ғана жапырақша орналасады [11].         

Жапырақтың анатомиялық  құрылысы. Жапырақ өркенінің бүйірлік өскіні болғандықтан, оның құрылысында сабақтың ұлпаларының құрамы сақталады. Олар осьтік мүшедегі жабындық, механикалық және өткізгіш ұлпалар. Әрине, бұл ұлпалардың жапырақта орналасуы олардың қызметіне және арқаулық мәніне байланысты. Өткізгіш ұлпа ксилема мен флоэма және оларға ілесе орналасқан механикалық ұлпа жапырақтың және қатты қаңқасын құрайды да, сыртқы қабатты құрайтын ассимиляциялық ұлпаға тірек болады. Өз кезегінде жапырақ екі жағынан, сабақтағы жабындық ұлпа жалғасы эпидермамен жабылады.

Информация о работе Алматы қаласының атмосферасының ластануы