Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2014 в 10:59, практическая работа
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің ең өзектісі − атмосфералық ауаны қорғау мәселесі, өйткені ластанған ауа экологиялық жағдайға әсер етуші негізгі фактор. Ауаны өндірістік тастаулар мен ластанудан қорғау – маңызды әлеуметтік және қоғамдық мәселе.
Жыл сайын әлемде атмосфералық ауаға 200 млн т астам иіс газы, 150 млн т дейін күкіртті газ, 50 млн. т. астам азот оксиді, 50 млн т астам әртүрлі көмірсутегілер, 250 млн т астам ұсақдисперсті аэрозольдер түседі. Ауаның өндірістік тастаулармен ластануы халық шаруашылығына елеулі материалдық шығын әкеліп, тұрғындардың денсаулығын нашарлатады.
Алматы технологиялық университеті
Практикалық жұмыс №10
Атмосфералық ауаны қорғауды мемлекеттік тұрғыдан бақылау
Тексерген:Казангельдина Ж.Б
Орындаған:Даулбай.Н.А
Топ:ТиКИЛП-14-12
Алматы 2014
Атмосфералық ауаны қорғауды мемлекеттік тұрғыдан бақылау
Қоршаған ортаны қорғау
Жыл сайын әлемде атмосфералық ауаға 200
млн т астам иіс газы, 150 млн т дейін күкіртті
газ, 50 млн. т. астам азот оксиді, 50 млн т
астам әртүрлі көмірсутегілер, 250 млн т
астам ұсақдисперсті аэрозольдер түседі.
Ауаның өндірістік тастаулармен ластануы
халық шаруашылығына елеулі материалдық
шығын әкеліп, тұрғындардың денсаулығын
нашарлатады. Ластанған ауаның әсерінен
көптеген жасыл желек құрып кетеді. Күн
сәулесі әсерінен және озонның қатысуымен
белгісіз әрекеттесулер пайда болып, уыттылығы
жоғары қосылыстар түзіледі.
Өндірістің үзіліссіз өсу деңгейі әртүрлі
шикізат пен отынның пайдалануын ұлғайтып,
атмосфераға өндірістік газдар мен басқа
да қалдықтары тастауларының көлемін
өсіруге әкеліп соғады. Осындай және басқа
да табиғи және антропогендік факторлардың
нәтижесінде ауада шамадан тыс мөлшерде
ластаушы заттардың жиналуының әртүрлі
кері салдары бар. Бұлардың ішіндегі ең
танымалдары смог, қышқылдық жауындар,
парниктік әсер, озон қабатының жұқаруы,
ортаның жалпы зияндылығының артуы болып
келеді.
Атмосфералық ауа сапасының нашарлауы
флора мен фаунаның биоалуантүрлілігіне
кері әсерін тигізеді. Бұл үрдіс әрі қарай
тереңдей берсе, кейбір түрлердің толығынан
құрып кетуі мүмкін.
Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздықпен
қатар табиғи ортаның бұзылуы өмір деңгейінің
төмендеп, адам дамуының тұрақсыздығына
әкеліп соғады. Сондықтан, экологиялық
жағдайды сауықтыру, халықтың өмірі мен
еңбегіне жағдай туғызу бойынша негізделген
шешімдер қабылдау біздің еліміз үшін
маңызды мәселелердің бірі болып келеді.
Қазақстан қалаларының ауа бассейнінің ластауы әртүрлілікпен сипатталады,ол қала көлемдерімен , оның табиғи климаттық жағдайларымен өнеркәсіп концентрациясының дәрежесімен , өнеркәсіптік өндірісі көлемімен анықталады. Бұл белгілер қалалар мен ірі елді мекендердегі ауа бассейндеріндегі қосылыстардың сипаты мен көлемін сипаттайды.
Қазақстан территориялары бойынша Өскемен қаласында ауа бассейндерінің ластану дәрежесі жоғары болып табылады.Бұдан басқа өндірістік кәсіпорындардың қалдықтарының нәтижесінде Лениногорск , Шымкент , Ақтөбе қалаларында және автокөліктердің атмосфераны ластау нәтижесінде Алматы қаласында ауа бассеині ластанған.ауаның неғұрлым тозаңдануы Жезқазған қаласында , Шымкент және Ақтау қалаларында байқалады.
Ауаның ластануын болдырмау және оның зиянды зардаптарын жою мынадай негізгі бағыттарда жүргізілуі қажет:
Атмосфераны қорғау шараларын төрт топқа бөлуге болады:
Атмосфералық ауаны қорғаудың міндеті Қазақстандағы климат глобальды өзгеру процестерімен тығыз байланысты үлкен мәселелерді шешу болып табылады.Оларға мыналар жатады:
–парник эффектісі мәселесі
–қышқылдық жауын–шашын мәселесі
–озоносфераның бұзылу мәселесі
–космостық апаттарды ұшырумен байланысты атмосфераның бұзылу мәселесі және т.б.
Парник эффектісі.Атмосфераның күн радиациясын жіберу және оның кері сәулеленуін космос кеңістігінде ұстап тұру құрылымымен сипатталады , соның нәтижесінде жер беті жылынып,климаттың өзгеруіне әкеп соғады.Атмосфераның жерге жақын қабатының шектен тыс қызып кетуіне өнеркәсіптік кәсіпорындарының өндірістік қызметімен және көлік құралдарының жұмысымен байланысты көміртегі қышқылы , метан және парниктік газдардың концентрациясы ықпал етеді.
Жер атмосферасының техногенді ластануы жоғарылауына байланысты климат өзгеруініңтенденциялары бекітілді.Ғылыми тұрғыдан техногенезбен байланысты жердегі климаттың жылып кету мәселесі шешілген жоқ.
Қышқылдық жауын – шашын – сутегі көрсеткіші РН–3,5 –4,5 –мен сипатталатын атмосфералық жауын–шашын, отынның әртүрлі түрлерінің жану нәтижесінде пайда болатын күкірт және азот оксидтері (SO2NO) конденсацияларының атмосфераға келіп түсу нәтижесінде пайда болады.Химиялық реакциялардың нәтижесінде атмосферада күкірт және азот қышқылдары пайда болады,олар адамдардың денсаулығына , сондай–ақ биотаға өте күшті зиянды әсер етеді.
Ауаның ластануына аймақтық мониторинг жүргізу , өндірістік кәсіпорындардың жұмысын бақылау табиғатты қорғау шараларына жатады.
«Атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңға сәйкес атмосфералық ауаны қорғау туралы дауларды шешу сот арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы мен басқа елдер арасындағы атмосфералық ауаны қорғау саласында туындаған дауларды мүдделі елдердің өкілдерінен тең дәрежеде құрылған комиссия қарайды.
Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдардың мынадай талаптары бұзылған жағдайларда:
— атмосфералық ауаға лас заттар шығарудың жол берілу шегінің нормативтерінен асып кеткені;
— атмосфералық ауаға зиянды физикалық ықпалдың жол берілу шегінің нормативінен асып кеткені;
— атмосфераға шығарылатын заттарды тазалау және бақылау үшін орнатылған құрылыстарды, жабдықтарды, аппаратураларды пайдалану ережесін бұзғаны, сондай-ақ оларды пайдаланғаны;
— атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды қанағаттандырмайтын жаңадан салынған және қайта құрылған кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа объектілерді пайдалануға қосқаны;
— шығаратын заттарында лас заттардың құрамын белгіленген нормативтерден, мәселен, автомобильдер, ұшақтар, кемелер және басқа қозғалыс құралдары мен қондырғыларын артық өндіріп, оларды пайдаланғаны үшін;
— өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою, өсімдік қорғау құралдарын, өсімдіктің өсуін шапшаңдататын заттарды, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да аппараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерін бұзғаны, атмосфералық ауаны ластағаны немесе ластайтын қатер төндіргені;
— мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы органдардың атмосфералық ауаның қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауларын орындамағаны үшін кінәлы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, материалдық және басқадай жауапқа тартылады
Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттi басқарудың негiзгi принциптерi
Атмосфералық ауаны қорғау мынадай негiзгi принциптердi:
1) адамның, қазiргi және болашақ ұрпақтардың
өмiрi мен денсаулығын қорғаудың
басымдығы;
2) атмосфералық ауаны ластаудың қоршаған
орта үшiн орны толмас зардаптарына жол
бермеу;
3) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы)
заттардың шығарылуын және оған зиянды
физикалық әсер етудi мемлекеттiк реттеу;
4) атмосфералық ауаның жай-күйi, оның ластануы
туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы
және анықтығы;
5) атмосфералық ауаны қорғауға және жалпы
қоршаған ортаны қорғауға көзқарастың
ғылыми негiздiлiгi, жүйелiлiгi және кешендiлiгi
принциптерiн сақтау негiзінде жүзеге
асырылады.
Қазақстан
Республикасының атмосфералық
Информация о работе Атмосфералық ауаны қорғауды мемлекеттік тұрғыдан бақылау