Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2014 в 10:59, практическая работа
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің ең өзектісі − атмосфералық ауаны қорғау мәселесі, өйткені ластанған ауа экологиялық жағдайға әсер етуші негізгі фактор. Ауаны өндірістік тастаулар мен ластанудан қорғау – маңызды әлеуметтік және қоғамдық мәселе.
Жыл сайын әлемде атмосфералық ауаға 200 млн т астам иіс газы, 150 млн т дейін күкіртті газ, 50 млн. т. астам азот оксиді, 50 млн т астам әртүрлі көмірсутегілер, 250 млн т астам ұсақдисперсті аэрозольдер түседі. Ауаның өндірістік тастаулармен ластануы халық шаруашылығына елеулі материалдық шығын әкеліп, тұрғындардың денсаулығын нашарлатады.