Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 20:52, реферат
Каспий теңізінің әлемге әйгілі, тамаша тепе-теңдігімен таңқалдыратын, сол себепті де айрықша назар мен бақылауды қажетсінетін табиғи ортасымен ерекшеленетіні мәлім.
Бүгінде осы теңіз астынан геологтар 38 млрд. баррель немесе 6 млрд. тонна мұнай қорын тауып отыр. Әрине, табиғаттың беріп отырған сыйы Қазақстан халқының игілігіне жаратылады. Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың жұмысы – табиғатты ластамай, қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтай отырып, жер асты байлығын игеру.
Кіріспе................................................................................................................3
Негізгі бөлім......................................................................................................5
1. Каспий экологиясы................................................................................5
2. Каспийдің байлығы................................................................................5
Мазмұны:
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім.........................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Каспий теңізінің әлемге әйгілі, тамаша тепе-теңдігімен таңқалдыратын, сол себепті де айрықша назар мен бақылауды қажетсінетін табиғи ортасымен ерекшеленетіні мәлім.
Бүгінде осы теңіз астынан геологтар 38 млрд. баррель немесе 6 млрд. тонна мұнай қорын тауып отыр. Әрине, табиғаттың беріп отырған сыйы Қазақстан халқының игілігіне жаратылады. Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың жұмысы – табиғатты ластамай, қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтай отырып, жер асты байлығын игеру.
Сол себепті әзірге кен
алаңы жұмысын бастамай тұрғанда
мердігер кәсіпорындардың, жалпы осы
кенішке қатысты барлық органдардың
жұмысын, оның ішінде төтенше жағдайларда
қалай жұмыс жасайтындығын
Қашаған кен орнын игеру
барысында қауіпсіздікті сақтау
үшін немесе қамтамасыз ету мақсатында
бірінші, екінші және үшінші деңгейдегі
апат жағдайларын тексерістен
Бұған дейін осындағы оператор
компаниялар басшыларының, төтенше
жағдайлар және азаматтық қорғаныс
қызметтерінің, күштік және ұлттық қауіпсіздік,
кедендік бақылау құрылымдары
Міне, соның нәтижесінде мемлекеттік маңыздылығы бар іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге негіз қаланды. Теңіз бетінде мұнай төгіліп, жайылып кету ықтималдығы туындағанда, апаттың сипаты халықаралық өлшемдермен есептеліп, үш деңгейге бөлінеді. Мысалы, теңізге төгілген мұнай көлемі 10 тонна мөлшерінде болса, ол бірінші деңгейлі, ал, енді төгілген мұнайдың көлемі 10 тоннадан 250 тоннаға дейінгі аралықты қамтыса екінші деңгейлі апат болып белгіленеді. Бұл екі деңгейді де біз облыс және мердігер мекемелердің күшімен тоқтатуымыз керек. Егер теңіз бетіне төгілген мұнай көлемі 250 тоннадан жоғары болғанда, ол үшінші деңгейлі апатқа есептеліп, мұндай жағдайда халықаралық күштердің көмегі қажетсінеді. Қашаған кен алаңы бойынша дәл осындай ахуал орын ала қалған жағдайда «Аджип ҚКО»-мен келісім-шарт бойынша «Ойл Спилл Респонс Лимитед» компаниясы (орналасқан жері Англияның Саутгемптон қаласы) келу керек. Ағылшындық компания апат болғаннан кейін 24 сағат немесе бір тәуліктің ішінде құрал-жабдықтарды жеткізуі тиіс. Оқу-жаттығудағы ең маңызды бөлімнің бірі – осы компанияның құрал-жабдықтарын алып келуге кететін уақыты, ең бастысы кедендік рәсімдеуді тездету еді. Осы мәселелер оқу-жаттығу барысында өз деңгейінде орындалды.
Айдындағы шартты апатты жағдайды ауыздықтауға оператор-компанияның, арнаулы қызметтер мен құрылымдардың, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің жасақтары, сонымен бірге көршілес Маңғыстау облысындағы (Баутинодағы су кемелері мен түрлі техникалар да осы күндері дайындық сапына қойылған-ды) әріптестер де тартылды. Бір ерекшелігі, екі күндік іс-шара өткізілген мезгілде, кеніштегі өндірістік процестерге ешқандай кедергі келтірілмеді, жұмыс бір сәтке де тоқтамады, ойластырған «операциямыз» да ойдағыдай аяқталды. Осы орайда ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрдің орынбасары Жанболат Смайловтың арнайы келіп, оқу-жаттығуға бірлесе басшылық жасағанын атап өту керек.
Негізгі бөлім
1.Каспий экологиясы.
Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру жөне мұнай еңдеу кешендерінің дамуына байланысты Казақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғат, әлеуметтік, экономикалық жөне экологиялық жағдай. Каспий теңізі — әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйык, су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі жел-қума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 - 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 -1990 ж. жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізінің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 - 90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 - 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі абс. мөлшеріне (29,01 м) жетті. 1978- 95 ж. су деңгейі 2,35 м қайта көтеріліп, 1995 ж. көрсеткіш 26,66 м болды. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қазіргі заманның балық шаруашылығы жұмыстары балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр және пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық зауыты (Ресейдің, Әзербайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақгарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық зауыты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. . Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мұнай-газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. Мысалы: 1998 жылы Атырау обл. бойынша атмосфераға 135,1 мың т зиянды заттар (оның ішінде 132,8 мың т газ тәрізді заттар, 2,3 мың т қатты заттар) шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық проблемасы — ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн. газ ауада жанады (2001). Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өндеу кезінде мұнай мен қалдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумақ 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұ-найдың мөлшері 1 млн. т-дан асады (2001). Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мұнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органикалық заттар, пестицидтер, аммонийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы сол заттардың концентрациясы мамыр - шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілерге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. Мысалы, 1900 жылмен салыстырғанда Каспий теңізінде балық аулау 3 есеге, яғни 500 - 600 мың т-дан 180 мың т-ға дейін азайды. Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі — ыдырамайтын ауыр металдар (мыс, мырыш, барий). Судағы мыс пен мырыштың мөлшері 20 мкг/л (рұқсат етілген шектен 2 есе артық), ал барийдікі — 50 мкг/л (бұл — 5 есе артық). Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан, Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет (Әзербайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан және Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның адам, қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экологиясы бағдарламасын (КЭП) жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП-тің негізгі бағыттары: теңіз деңгейінің өзгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың тұрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету, Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту, теңіздің экожүйесін сауықгырып, қалпына келтіру және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау, аймақта экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қалыпты сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету.
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су денгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 %-ын құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары теңізден Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий экожүйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекеттердің бәрі Каспий теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған адамның теріс іс-әрекеттері ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жаткызады. Оның да себебі бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден 12 %-ға, Жайықтан 24 %-ға, ал Теректен 60 %-ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, теңіз суы деңгейінің азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қара-бұғазкөлді теңізден бөлу үшін ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі 3-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұзы аралас шаң-тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабүғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабүғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978жылдан бастап теңіз деңгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бұрғылары, ондағы мұнай қоймалары, 6 мұнай-газ кешені, жүздеген елді мекендер коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Барлық ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екенідігі дәлелденді.
Каспий теңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы — экологиялық жағдайлар.
Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардьщ көлемін тарылтып, құстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тосқауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен құстардың ұя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр. Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатқа апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балықтар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40 %-ға азайды.
Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұнғыларын, мұнай қоймаларын, мұнай өндейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады.
Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр
2. Каспий байлығы.
Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мысалы, шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына (дельта) дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке тұзды суда (тұздылығы 10 — 11‰), ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тір-шілік етуге бейімделген. Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан. Солтүстік - Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Казақстанның және Ресейдің «Қызыл кітабына» енгізілген өте сирек кездесетін қалбағай, карабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б. бар. Ал Каспий итбалығы — тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 ж. 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 — 450 мыңға дейін азайған итбалықтың 27 мыңы, 1990 ж. 13,8 мыңы, 1996 ж. 8 мыңы ауланған. 2000 ж. сәуір — тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының жаппай қырылуы — Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорологиялық және экологиялық. жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туыс бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі — Казақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі (оның 5 түрі — жоғары сатыдағылар) өседі. Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктерінен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түрі) кездеседі.
3.Каспийді ластанудан қорғау.
Атырау облысының табиғат пайдаланушылары 2012 жылға жалпы сомасы 30,2 млрд теңге болатын 300-ден аса табиғат қорғау шараларын жоспарлаған болатын. Жұмсалғаны одан да көп - 35,6 млрд. Алайда, тиімділігі қандай? Жақында болған облыстық қоршаған ортаны қорғау комиссиясының отырысында осы мәселелер сөз болды.
Жалпы өсім үрдісіне қарамастан, бірқатар компаниялардың экологиялық шығындары төмендеуде. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Ерболат Омаровтың айтуынша, «НКОК» компаниясы 2011 жылы 14,5 млрд теңге бөлсе, 2012 жылы екі есе кем – 7,6 млрд теңге қарастырған. «ҚазТрансОйл» АҚ БФ-ның осындай шығындары да тұрақты азаюда: 2010 жылы 3,1 млрд теңге, 2011 жылы 1,4 млрд, 2012 жылы 542 млн теңге.
ТШО өткен жылы экологиялық
шараларға 18,1 млрд теңге салып, 24,4 млрд
жойған. Қаражаттар суды қайталама
қолдану жобасы аясында канализациялық-
- Алайда жоспардың бірде
бір тармағында өнеркәсіптік
шығарындыларды қысқарту және
сүзгілеу бойынша шаралар
Комиссияға қатысқан академик Муфтах Диаров Теңізшевройл экологиялық шараларының қатарына бұрғылау нысандарында міндетті талдар мен бұталар отырғызу туралы тармақ қосылуы керектігін айтты.
- Егер Теңізде көгалдандырумен
айналысса, ол жер орманға
«НКОК» компаниясы өткен жылы табиғат қорғау шаралары жоспарын 78,2%-ға орындаған. Олардың бір бөлігі өндірістік қажеттілікке байланысты болғандықтан жүзеге асырылған. Мысалы, бұрғылау шламдарын айдау сынақтары, өндірістік сұйық қалдықтарды жою жұмыстары, шикі газды жоғары қысымда жер қойнауына қайта айдау жүйесін монтаждау сияқты жұмыстар. Бір қызығы, сарқынды сулар мен қатты қалдықтарды жағаға жеткізу үшін танкерлер мен баржылар сатып алу да табиғат қорғау шараларына қосылған.
Жоспардағы итбалықтарды зерттеуге белгіленген 70 млн теңгенің орнына компания 220 млн жойған. Осындай үлкен шығындарды НКОК өкілдері итбалықтардың саны мен жатын жерлерін анықтау үшін аумақты жиі ұшып аралауға кететін шығындармен негіздеді. Алайда осы теңіз жануарларының жаппай қырылу себептері әлі күнге дейін ресми түрде айтылған жоқ. Жұртшылық үшін жабық есептерге қол жеткізген кейбір тәуелсіз экологтар итбалықтар Солтүстік Каспий жобасына қызмет ететін мұзжарғыш кемелердің кесірінен қырылуда деп жариялап отыр. Олардың айтуынша, консорциум кемелері Каспий мұздарындағы итбалықтарды өмірлерінің ең маңызды да әлсіз кездерінде - өмірге күшіктері келіп жатқан мезгілде басып-жаншып кетеді екен.
Комиссияда отандық
Теңіз тағы толқыды
19 қыркүйек 00:00
Соңғы аптада қазақстандық ақпараттық агенттіктер Каспий теңізінде болған бірнеше жер сілкіністері туралы хабарлады. Барлық толқулар әзірбайжандық секторда орын алды және жиілігіне көз жүгіртсек, адам қорқытқандай - 7, 9, 13 және 14 қыркүйек күндері. Отандық сейсмологтар бізге қорқатындай еш нәрсе жоқ десе, геологтар, керісінше, дабыл қағып отыр.