Мүшелер мен мүшелер жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 11:57, реферат

Краткое описание

Мүшелер мен мүшелер жүйесі Ағза — біртұтас тіршілік иесі. Әр түрлі ұлпалар бірімен-бірі қосылып, мүше түзеді. Муше дегеніміз — белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі. Ағзаның ішкі қуыстарында (мысалы, кеуде, құрсақ, жамбас) орналасқан мүшелерді — ішкі щшелер деп атайды. Әрбір мүшеде барлық ұлпалар кездеседі, бірақ олардың біреуі ғана басым болады. Мысалы, дәнекер ұлпасы ағзаның ішкі ортасын, эпителий ұлпасы — асқорыту, тынысалу мүшелерінің сілемейлі қабықшасын түзеді. Бұлшықет ұлпасы — өңеш, ішектер мен қуықтың қабырғаларын құрайды. Жүйке ұлпасы — ми мен жұлынды және жүйкелер мен жүйке түйіндерін түзеді

Вложенные файлы: 1 файл

САбина реферат.docx

— 515.08 Кб (Скачать файл)

                                    Мүшелер мен мүшелер жүйесі

Жоспар : 
1)мүшелер мен мүшелер жүйесі. 
2) Жүйке жүйесі. 
3) Сезім мүшелері. 
4) Тыныс алу. 
5) Асқорыту мүшелері. 
Мүшелер мен мүшелер жүйесі Ағза — біртұтас тіршілік иесі. Әр түрлі ұлпалар бірімен-бірі қосылып, мүше түзеді. Муше дегеніміз — белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі. Ағзаның ішкі қуыстарында (мысалы, кеуде, құрсақ, жамбас) орналасқан мүшелерді — ішкі щшелер деп атайды. Әрбір мүшеде барлық ұлпалар кездеседі, бірақ олардың біреуі ғана басым болады. Мысалы, дәнекер ұлпасы ағзаның ішкі ортасын, эпителий ұлпасы — асқорыту, тынысалу мүшелерінің сілемейлі қабықшасын түзеді. Бұлшықет ұлпасы — өңеш, ішектер мен қуықтың қабырғаларын құрайды. Жүйке ұлпасы — ми мен жұлынды және жүйкелер мен жүйке түйіндерін түзеді.Мүшелердің пішіндері, мөлшері және орналасу орны жағынан бірінен-бірінің айырмашылығы бар. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас мүшелерді мүшелер жуйесі дейді.Адам денесіндегі атқаратын қызметі біріне-бірі байланысты мүшелер бірігіп мүшелер жүйесін. түзеді. Мысалы, тірек-қимыл, зәржыныстық, эндокриндік мүшелер жүйесі бар.Адам агзасында (денесінде) болатын мүшелер жүйесі: 1. Эндокриндік жуйе — арнайы заттардың (гормондар) көмегімен ағзадағы барлық үдерістерді реттейді. Мүшелер қызметінің гормондар аркылы реттелуін гуморальдық реттелу дейді.2. Жүйке жуйесі — барлык мүшелер мен мүшелер жүйесін біртұтас етіп біріктіріп, олардың жұмысын реттейді.3. Сезім мушелері (сенсорлық жуйе) — сыртқы ортадан арнайы тітіркендіруді қабылдайды әрі о5ан жауап қайтарады.4. Тірек-қимыл жуйесіне бұлшықеттер мен қаңқа жатады. Олар тіректік, қозғалыстық және қорғаныштық қызмет атқарады. 5. Журек-қантамырлар жуйесі — жүрек пен қантамырлар ағзада қанайналымды қамтамасыз етеді.6. Тынысалу жуйесі тынысалу мүшелері (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамыр, өкпе) қан мен қоршаған орта арасындағы ғазалмасуға қатысады.7. Асқорыту жуйесі — ағзада тағамның қорытылуы мен сіңірілуін қамтамасыз ететін асқорыту мүшелерінің жиынтығы.8. Зәршығару жуйесі — зат алмасудың нәтижесінде ағзада түзілген (тұз, несеп) өнімдерді ағзадан сыртқа шығарады.9. Жыныс жуйесі — ағзаның артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастыруды қамтамасыз етеді.Ағзаның біртцтастпыеы. Адам денесіндегі мүшелер жүйесі бірлесіп, біртұтас ағза түзеді. Ағзаны құрайтың барлық мүшелер жүйесі бірімен-бірі тығыз байланысты. Өсіресе, жүйке жүйесі және эндокриндік мүшелер жүйесі бірімен-бірі үйлесімді түрде қызмет атқарады. Олар ағзаның жүйке-гуморальдық реттелу қызметін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі хабар береді, эндокриндік мүшелер жүйесі бөлетін гормондарды қан, басқа мүшелерге таратады. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйелерінің жұмысы бірімен-бірі тығыз байланыста үйлесімді болғандықтан, ағза — біртутас тіршілік иесі деп а талады .

 
Жүйке жүйесі: 
Нервтер мен нерв талшықтары. Сырты қабықпен қапталған нерв клеткасының өсінділерін нерв т а л ш ы қ т а р ьі деп атайды. Нерв талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және миелинсіз. Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды.Егер нерв талшығының миелині болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді. Бір жерде пайда болған әрекет потенциалы көрші жердің әрекет потенциалын тудырады. Әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың бойында натрий мен калий иондарының мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болады. Бірақ клеткалық мембрананың бойымен ештеңе қозғалмайды. Тек қана оның бір жерінен екінші жеріндегі иондардың кезекпе-кезек өзгеруінен болады. Сонда нерв талшығының бойымен әрекет потенциалы ғана тарайды. Әрекет потенциалы, нерв импульстері, қозу толқыны деген сөздердің мағынасы бірдей. Мысалы, нерв талшығының белгілі бір жерінен 1 секундта 100 әрекет потенциалы, немесе 100 нерв импульстері, немесе 100 қозу толқыны өтті деуге болады.Миелинді нерв талшығы арқылы нерв импульстері үздіксіз өте алмайды. Мұндай жағдайда бір Ранвье белдеуінен екінші белдеуге нерв импульстері секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамданады. Нерв талшығы арқылы қозудың өтуі талшықтың диаметріне де байланысты: диаметрі жуандаған сайын қозудың өту жылдамдығы тездейді. Нерв талшықтарын олардың диаметріне байланысты 3 топқа бөледі: А, В, С талшықтары. А талшықтарының диаметрі 22 мк, оларда миелин қабығы болады. Бұл талшықтар арқылы қозудың өту жылдамдығы секундына 120 м. В тобының нерв талшықтарының да миелин қабығы болады. Олардың диаметрі 3 мк-ға дейін, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 5 м. С тобының талшықтарының диаметрі өте жіңішке: І мк-ға дейін. Олардың миелин қабығы болмайды, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 2 м. Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын нерв талшықтары жуандап, орталық жүйке жүйесінде де, шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе а фференттік нервтер деп атайды, ал қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге таситын нервтерді орталықтан тепкіш немесе эфференттік нерв дейді. Жүйкенің көпшілігі аралас нервтерден тұрады. Оның құрамында афференттік және эфференттік нервтер болады.Жүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:1) мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;2) денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жұйелерінің қызметтерін реттейді;3) организмді сыртқы ортамен байланыстырады;4) сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;5) денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Ж ұ л ы н омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады.Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум -бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті болады да, 2-3 жасқа келген баланың жұлыны 14 г болады (жаңа туған нәрестеде не бары 2,8 — 2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жаска жуықтағанда аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді.Жұлын жұйке жұйесінің маңызды бөлімдерінің бірі- түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін козғайтын нерв импульстері мүшелерге барып, олардың кызметін реттейді. Бұларға қоса, жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (айталық, тізе рефлексі). Адам өмірі үшін ма 
ңызды зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, эякуляция (шәуһет шығару) т.с.с. рефлекстер жұлынның қатысуымен орындалады.Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм үшін аса маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты. Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады (жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б. рефлекстер).Адамның м и ы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Бұларға I иіс, II көру, III көз қимылдатқыш, IV шығыршық, V үшкіл, VI бүру, VII бет, VIII дыбыс, IX тіл-жұтқыншақ, X кезеген, XI қосымша, XII тіласты нервтері жатады. 
Сезім мүшелері: 
Сезім мүшелері (органы чувств, сенсорные органы); (organum sensuum, лат. organon — мүше, ағза; sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты: экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар — организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Интерорецепторлар — ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді. Интерорецепторлардың жеке арнайы түрі — проприорецепторлар. Олар тірек-қимыл аппараты мүелеріне (қаңқа сүйектері, бұлшықеттер, буындар) әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды. 
Тыныс алу: 
Тынысалу үшін мына жағдайлар қажет:1)төсеміктің болуы (глюкоза немесе өзге ағзалық заттар);2)қажетті ферменттердің болуы;3)митохондриялардағы үдерістер үшін оттегінің болуы;4)тасымалдаушы молекулалардың, коферменттердін, болуы;5)митохондриялық жарғақшалардың бүтіндігі қажет.АТФ түрінде энергия алмасудың барлық кезеңдерінде тек пайдалы энергияның бір бөлігі ғана (гликолиз — 5%, тотықтыра фосфорлану — 35-40%) жазылатынын есте ұстау қажет. Энергияның қалған бөлігі жылу түрінде таралып кетеді. Асқорыту мүшелері: 
Асқорыту мүшелері Асорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жуйесін. құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады. 
Асқорыту мушелері:Асқорыту мушелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек және тоқ ішек жатады. Асқорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұксас.Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен үш қабаттан тұрады: сыртқы, қабаты — дәнекер ұлпадан тұратын сірқабат. Ортаңғысы бұлшықет қабаты, ішкі қабаты — эпителий ұлпасынан түзілген. 
Ауыз қуысы:Астың өңделуі ауыз қуысынан басталады. Ол екі бөлімнен құралады. Олар: ауыз кіреберісі және нағызауыз қуысы деп аталады. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектерді ашпай, тістеніп тұрғанда, ауыз кіреберісі айқын көрінеді. Ауыздың сәл ашылуы ауыз саңылауы болып есептеледі. Ауыз кіреберісі сырт жағынан — еріндер және уртпен, ішкі жағынан тістер және қызылиекпен шектеледі. Ұрттың сыртқы жағын бұлшықеттер қаптайды және ұрт еріндермен ұласады.Ауызды кең ашқанда нағыз ауыз қуысы көрінеді. Нағыз ауыз қуысы үстіңгі және астыңғы жақсүйектерде орналасқан тістерден басталып, соңғы жағы аранмен (зев) шектеледі. Ауыз қуысының үстіңгі жағындағы қатты таңдай сүйегі жұмсақ таңдайға жалғасып, таңдай мен жұмсақ таңдай ауыз куысын кеңсіріктен (мұрын қуысынан) бөліп тұрады.Ауыз қуысына 3 жүп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып ұсақталады әрі сілекеймен араласып, жұтылады. Тамақты жұту күрделі физиологиялық үдеріс.Нағыз ауыз қуысында тіл орналаскан. Ол көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Тілдегі бұлшықет талшықтарының кейбір тобы — ұзына бойы, екінші тобы — көлденең, үшіншісі — тік бағытта жатады. Осыған байланысты тіл — өте қозғалмалы мүше. Тілдің түбі, денесі және ұшы болады. Тіл шырышты қабықшамен қапталған. Тілдің сілемейлі қабықшасының үстіңгі бетінде түрлі пішінді көптеген дәм сезу емізікшелері бар. Тілдің ұшы — төттіні, екі бүйірі — қышқыл мен тұзды, ал түбі — ащыны сезеді. Сондықтан тіл дәм сезу мүшесіне де жатады. Сонымен бірге тіл сөйлеуге және тамақты жұтуға да қатысады. Ауыз куысы тікелей аран арқылы жұтқыншақпен байланысады. 
Жұтқыншақ:Жұтқыншақ — түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омырт-қалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11—13 см. Жұткыншақтың төменгі бөлігі өрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі. Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ аркылы тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту, өрі тынысалу мүшелер жүйесіне жатады.Жұтқыншак екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысқан. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті 6 бадамшабездер (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады. Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады. Олар тағам немесе ауамен түскен микробтарды жояды. Егер бадамшалар қабынса, қызметі дереу бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады. 
Өңеш:Өңеш — ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады. Өңешті астарлап жатқан сілемейлі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын қатпарлары тамақ өткен кезде өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті қабық -шасының көп бөлігі бірыңғайсалалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшықеттердің толқын төрізді оқтын-оқтын жиырылуы нөтижесінде тағам қарынға түседі. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы қарынмен жалғасады. 
Қарын: Адамның асқазаны, «Анатомия человеческого тела Грея» кітабынан иллюстрация:Қарын — құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. (Абай атамыздың: «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» деген ой тұжырымы естеріңде болар.) Қарын — іші қуыс қалың бұлшықетті мүше. Ол жоғарғы жағынан өңешпен, төменгі жағынан аш ішектің басталар жері ұлтабармен жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі (шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Қарынның қабырғасындағы бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан. ішкі кабаты — қиғаш, ортаңғысы — сақина төрізді, ал сыртқысы — ұзыннан орналасқан. Қарынның катпарланған сілемейлі (шырышты) қабықшасында өте көп ұсақ бездер бар. Бұл бездерден карын сөлі бөлінеді. Қарынның өңешпен және ұлтабармен (он екі елі ішек) байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер болады . 
Аш ішек:Аш ішек — қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5,5-6 метрдей. Аш ішектің қарыннан басталған 25—30 сантиметрдей бөлімі — улта-бар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін от қабының өзегі және үйқыбездің де өзегі ашылады. Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге ашішектің сілемейлі қабықшасында тұйық әскін түріндегі бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүрлер ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішектің бұлшықет қабықшасындағы ішкі бұлшықет талшықтары сақина тәрізді, сыртқысы ұзына бойы орналасқан. Аш ішек қабырғасындағы бұлшықет талшықтары, оқтын-оқтын толқын тәрізді жиырылып-босаңсып тұрады. Осының нәтижесінде жеген тамақ


Информация о работе Мүшелер мен мүшелер жүйесі