Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 11:57, реферат
Мүшелер мен мүшелер жүйесі Ағза — біртұтас тіршілік иесі. Әр түрлі ұлпалар бірімен-бірі қосылып, мүше түзеді. Муше дегеніміз — белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі. Ағзаның ішкі қуыстарында (мысалы, кеуде, құрсақ, жамбас) орналасқан мүшелерді — ішкі щшелер деп атайды. Әрбір мүшеде барлық ұлпалар кездеседі, бірақ олардың біреуі ғана басым болады. Мысалы, дәнекер ұлпасы ағзаның ішкі ортасын, эпителий ұлпасы — асқорыту, тынысалу мүшелерінің сілемейлі қабықшасын түзеді. Бұлшықет ұлпасы — өңеш, ішектер мен қуықтың қабырғаларын құрайды. Жүйке ұлпасы — ми мен жұлынды және жүйкелер мен жүйке түйіндерін түзеді