Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі. Суды хлорлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 17:12, курсовая работа

Краткое описание

Жер бетінің ауданы 510 млн. км2 –ге тең. Бұл ауданның 361 млн. км2 – ін немесе 71% бөлігін әлемдік мұхит алып жатыр. Ал құрылықтардың үлесіне 149 млн. км2 аудан немесе планетамыздың 29% бөлігі тиесілі. Жер бетіндегі судың жалпы қоры шамамен 1386 млн. км2 –ге тең. Өзен арналарындағы су қоры 2120 км3-ге тең, тұщы көлдердегі су -91 мың. км3. Тұщы жер асты суларының қоры 10,5 млн.км3 мөлшерінде деп есептелсе, тұщы сулардың жалпы қоры-3,5 млн.км3 немесе гидросфера көлемінің 2,53% -ін құрайды. Егер біз тұщы судың негізгі массасын мұздықтарда жиналғаның есептесек, онда адам қажетіне жұмсалатын таза тұщы судың көлемі күрт азаяды және ол гидросфераның тек қана 0,80% құрайды.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Сумен қамтамасыз ету және оны пайдалану
Су ресурстарын негізгі ластаушы көздері.
Су ресурстарының химиялық ластануы туралы түсінік.
Қазақстан Республикасының су ресурстары.
Қазақстан Республикасының су ресурстарының химиялық ластануы және экологиялық проблемалары.
ІІІ. Практикалық бөлім
Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі. Суды хлорлау.
ҮІ. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

экология, курстык жумыс БАГДАТ.docx

— 90.48 Кб (Скачать файл)

Су қоймаларының ластануы, ондағы су деңгейінің төмендеуі және су –тұз баланысының өзгеруі, міне осындай жағымсыз құбылыстардың қатарына соңғы он жылдың ішінде көлдердің қышқылдануы кеп қосылады. Бұл кең ауқымды Швецияда, Норвегияда, АҚШ-та  және Канадада байқалады.  Жауын-шашын түскенде және құрғақшылықта SO2, NO2 атмосферадан шайылып кетеді екен.

Жер асты суы ластанудан жақсы қорғалған әрі онда маусымдық және көп жылдық ауытқулар болмайды. Алайда, жауын-шашынмен, өзен суларымен, канализация жарылғанда немесе мұнай өнімі сыртқы шығып кетсе –табиғи инфильтрация арқылы жер асты суы да ластанады. Мәселен, 1957 жылы АҚШ базасында авиалайнер 110 мың л реактивті отынды төкті. Су көкжиегінде дейін ластанатын, 15 жыл бойы сумен қайтамасыз ететін базаны калпына келтірудің мүмкіндігі болмады. Токсикалық арық суын, әсіресе, радиоактивті суды жер асты резервуарына көму өте қауіпті: 1 литр радиоактивті су 10 млрд м3 суды ластайды.

Теңіз суларын мұнай қалдықтарымен ластауда негізгі рөлді танкерлер атқарады. Қалдықтар суға кеме резервуаларының жуғанда немесе олар апатқа ұшырағанда құйылады, әсіресе, ірі танкерлердің күйреуі аса қауіпті. Бұл уақытта суға 200-300 мың тоннадай мұнай өнімдері теңіз суларына ақтарылып, орасан зор алқапқа жайылады. Оның әсері барлық тірі организімдерге бірден қауіпті.

Әлемдік мұхиттың мұхиттың ластануы – бүгінгі таңда адамзаттар алдында тұрған үлкен проблема. Атлант, Үнді және Тынық мұхиттарын ұзақ уақыт жүзіп өткен француздық  ғалым Жак Ив (Мұхит – ажал аузында) атты мақаласында жазғандай, мұхиттағы тіршілік 40%-ке кеміген әрі ондағы тіршілік шапшаң жылдамдықпен құрып бітуде. Мұның бәріне адамзат кінәлі. 50 жылдың ішінде теңіз жануарларының мыңдаған түрі тұқымымен жойылып кеткен, бұдан былай олардың орнын толтырудыңмүмкіндігі қалмаған.

Қазір бүкіл планетада  іс жүзінде қандай да бір дәрежеде адам  қызметі нәтижесінде ластанбаған  беттік тұщы су көзі жоқ деуге болады. Солтүстік суларының тазалығы туралы түсінік тек алдамшы. Бұл сулардың аз ластануы олардың олиготрофтылығынан тіршіліктің кедейлігі), өздігінен  тазару қабілетінің әлсіз болуы мен төмен температурамен теңеседі. Осы уақытқа дейін мұхиттың шексіз өздігінен тазаруға қабілеті туралы түсінік қалыптасқан.  Қазір бүкіл адамзат мұхиттың дүниежүзілік қоқыс төгетін жер көместігіне көз жетіп отыр. Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын  30- дан 50 млн. Тоннаға дейін мұнай төгілуде. Ал оның әр тоннасы 12 км2 суды қабықшамен жаба алады. 0,05 мг/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мг/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Иістік құбылыстардың әсерінен балықтар мен т.б. ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді.  Мұнаймен және басқа ластануға, әсіресе планктон сезімтал. Оның жойылуы көптеген басқа ағзалардың тіршілік етуінің мүмкін болмауына әкеледі.

Ластанған суды пайдалану адам денсаулығына жағымсыз әсер етеді. Адамның бактериальді ластанған сумен үнемі байланыста болуы,  сонымен қатар сол судың қасында өмір сүруі немесе ұзақ уақыт болуы, әртүрлі паразиттердің теріге кіріп және көптеген ауруға душар еткізуі мүмкін. Қазіргі кезде мынадай жұқпалы ауруға : тырысқақ, іш сүзегі, дизентерия және т.б. ауруларға адамдардың ұшырауы күннен-күнге көбейеді.

Тіршілікте ақуіп-қатер  туғызатын ластанған судың дәрежесін  анықтау үшін биоиндикаторлар бар. Мәселен екі жақтаулы малюскалар токсикалық пестицидтердің бірі ДДТ-ны залалсыздандыруға және қолайлы  жағдайда организмдерден бөліп шығаруға қабілетті.

Сонымен қатар сулы ортаның  микроорганизмдері аса жоғары дамыған  миханизміне байланысты суға түскен ауыр металдарға тұрақты болып, өз функциясын бұзбайды.

 

  1. Су ресурстарының химиялық ластануы туралы түсінік.

 

Химиялық  ластану - мұнай және мұнай өнімдері, СББЗ( синтетикалық беткейлі - белсенді заттар (СПАВ), пестидциттер, ауыр металдар, диоксиндер және т.б.

Су ресуртарының қасиеті қышқылдығы сутек көрсеткішімен(рН) бағаланып, сутек иондарының (*(Н )) жиынтығын білдіреді.

Су ресуртарының қышқылдығы төмендегі көрсеткіштермен бағаланады. Егер,

  • рН-8 болса, онда өзен мен көлдің суы таза болады;
  • рН-7 болса онда бейтарап орта болып келеді;
  • рН-7 ден кем болса ортаның бәрі қышқыл ортаға жатады;
  • рН-6, 6-5,5 болса, орта қышқыл орта болып саналады. Мұндай ортада кейбір организмдер өмір сүру қабілетінен айырылады.

Ешкімге пайдасы жоқ сфагнум (шым тезекте өсетін) мүктері өсе  бастайды.

Жалпы судың рН-ның өзгеруі  суға түсетін немесе антропогендік  әсерден пайда болған ластанулардың  есебі.

Кейбір улы заттектер  мұхиттарда бірнеше жыл бойы сақталып, теңіз фаунасына және адамдар  денсаулығына қауіп туғызады. Ластану  мұхиттың бойымен біркелкі тарамайды, ол негізінде жағалау жазықтықта және континенталды шельф аудандарында жиналады, бұлардың үлесіне барлық мұхит кеңестігінің шамамен 10 проценті ғана тиеді, бірақ онда балықтың 90 проценті ұрық шашып, өніп-өсіп және ауланады.

Қышқылды шауын-шашынның немесе ақаба сулар әсерінен ластану

нәтижесінде сулы ортаның рН мағынасының өзгepyi, әcipece төмендеуі

алюминий және ауыр металдар қосылыстарының ерігіштігін жоғарылатады,

epireн түрге айналған  қосылыстар өсімдіктер мен организмдерді  (ағзаларды)

уландырады.

     Судағы ағзалардың таралуы көбіне сутек ионының концентрациясына

байланысты келеді.

Тұщы су бассейндерінің:

  • рН 3,7 - 4,7 аралығында болса қышқылданған;
  • 6,95 - 7,3 бейтараптанған;
  • 7,8 үстінде — сілтіленген болып саналады.

Тұщы суаттарда рН мағынасы тәулік бойы өзгеріп отырады. Қандай су болса да рН тереңдік деңгеймен байланыс ты болады. Тұщы сулармен салыстырғанда теңіз сулары сілтілеу келеді, рН мағынасыда өз өзгеріп отырады. Суы тұщы өзен мен көлдерде рН мағынасы 6 - 7 аралығында болады, көбіне организмдер осы деңгейге бейімделген.

Тұщы судағы балықтардың  кө6i рН 5-тен 9-га дейін ауытқуын көтере алады. рН оптимум мағынасынан 6ip шамаға ауытқитын болса, олардың көбіci мазасыз күйге түседі, кейде кейбір түрлер өсіп-өну npoцесінің тоқталуына байланысты жойылып та кетеді. Мысалы, рН мағынасы 5-тен төмендесе, балықтардың жаппай қырыла бастайды, ал рН 10-ның үстіне шықса, балықтар мен басқа жануарлар түгелімен жойылып кетеді.

Қазіргі уақытта Жер бетінде  өзінің тіршілік ағзаларынан айрылған бірнеше мыңдаған көлдер кездеседі. Швецияның 2000 үстіндегі көлінде 6ipде 6ip тіршілік иелері жоқ, ал аса сезімтал ағзалар жойылған көлдер мен өзендер басқа да елдерде (Норвегияда, Канадада, т. б.) жеткілікті.

Көлдер мен өзеңдер  суының қышқылдануы құрылықтағы  жануарларға да әсерін тигізеді, ce6e6i олардың кө6ici су экожуйесінде мекендейтін  организмдер және өсімдіктермен  корректенеді. Табиғи су қоймаларына  түскен биогенді элементтердің әсерінен фитопланктондардың, әcipece көгілдір- жасыл, жасыл және қызылбалдырлардың, сонымен  қатар жоғары сатылы су өсімдіктерінің өcin дамуы өрлейді. Бұл органикалық заттар балдырлар мен басқа да судағы өсімдіктердің массасының кобеюіне әкеп соғады. Аталған организмдердің 6әpi аэробты, олар дем алуға судағы epiгeн оттегі қолданылатындарына байланысты оттек мөлшерінің жетіспеушілігі пайда болады.

Ағын суларға құйылатын  лас сулар да бірнеше топқа  бөлінеді.

Оларды:

  • қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер),
  • лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.

Лас сулардың ішінде тұрмыстық  сарқынды суларда органикалық заттар 58%,  минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар  мен синтетикалық жуатын заттармен  сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері.

Жыл сайын әлемде 250 мың  жаңа химиялық заттар белгілі болып, олардың негізгі бөлігі қоршаған ортаға кері әсерін тигізбей қоймайды. Тәжірибе жүзінде 500000 химиялық қосынды  пайдаланады. Халықаралық экологиялық  ұйымдардың есептеулері бойынша  олардың 40000 мыңға жуығы өз қасиеттерімен  адамзат баласына зиянын тигізсе, 12000-ы  улы заттар болып табылады.

 

  1. Қазақстан Республикасының су ресурстары.

 

Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздықтар мен  жер асты суының таралуы және Су қоры олардың деңгейлік ерекшеліктсрі ең алдымен климат факторларына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлшері қалыпты орташа деңгейден 2–4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қазақстанның маңызды табиғи қорларының бірі – жер асты суы. Су қорлары кең-байтақ аумақта біркелкі таралмаған.

       Өзен. Республика территориясында ұзындығы 10 км-ден асатын 8 мыңнан астам өзендер бар. Олардың ішіндегі ірілері – Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле еліміздің шеткі аймақтарын басып өтеді. Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің су деңгейі төмен, көктемде ғана жайылып ағады. Еліміздің басты өзендерінде Жайық, Ойыл, Үлкен және Кіші Өзен, Жем, Тобыл, Есіл, Торғай, Ырғыз, Нұра, Шідерті, Сілті, Сарысу, Қараертіс, Ертіс, Арыс, Сырдария, Талас, Шу, Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсіні жатқызуға болады. Таудан басталатын Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаратал, Есік өзендерінде сел тасқындары болып тұрады. Егістіктер мен шабындықтарды суландыру, өнеркәсіпті және тұрмыстық қажетті сумен қамтамасыз ету үшін салынған каналдар да бар. Олардың ішінде Ертіс-Қарағанды-Жезқазған (пайдалануға берілген ұзындығы 500 км), Арыс- Түркістан (ұзындығы 200 км), Бөген-Шаян (ұзындығы 29 км) Шыршық(ұзындығы 70 км), Жаңадария (ұзындығы 600км) Қазалының оң жақ (ұзындығы 120 км), және Сол жақ (ұзындығы 80 км), Басқара (ұзындығы 48 км), Қызылорда су торабының оң жақ (ұзындығы 80 км) және сол жақ (ұзындығы 70 км), Шиелі-Телікөл (ұзындығы 90 км), Шиелі-Шіркейлі (ұзындығы 139 км), Көксу (ұзындығы 103 км), Лепсі (ұзындығы 39 км), Шу (ұзындығы 82 км) каналдарын айтуға болады.

Көл. Қазақстан көлдерін ауданына қарай топтастырсақ, онда жалпы 48 262 көл айдынының 45 248-і шағын (ауд. 1 км2-ге дейінгілер) көлдер қатарына жатады. Ауданы 10 км2-ден астам ірі көлдер саны 296, ал 100 км2-ден астам аса ірі көлдер 21 (бұл 21 айдын үлесіне Қазақстандағы барлық көлдердің жалпы ауданының 60%-ы тиеді). Олардың орташа тереңдігі 1-8 м аралығында болғанымен кейбіреулері онан көп терең. Мысалы, Алакөлдің тереңдігі 45м-ге дейін, Үлкен Шабақты көлі -37 м-ге дейін, Шортанды -31, Марқакөл -27, Балқаш -26 м. Көлдердің ішіндегі ең үлкені Балқаш, ұзындығы 605, ені 74 км, жиналған су көлемі 112 км³.

Екінші орында Алакөл ұзындығы 104, ені 52 км, су көлемі 56,6 км³.

Олардан басқа ірі көлдер қатарына Сасықкөл, Ұялы, Теңіз, Сілетеңіз, Үлкен

Қарой, Кіш Қарой, Шағалалытеңіз, Теке, Құсмұрын, Марқакөл, Шалқар,

Аралсор, Сарықопа, Қамыстыбас, Арыс, Қызықақ, Жалаулы, Қарасор, Индер

көлдерін қосуға болады. Барлық көлдердің су көлемі 190 км³, оның ішінде тұщы (тұзы 1 гр/л) сулар тек 20 км³ шамасында ғана.

Қазақстан көлдері пайда болуы жөнінен

  • тектоникалық
  • экзогендік түрлерге бөлінеді.

Каспий және Арал теңіздері, Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сасықкөл, Марқакөл, т.б. ірі көлдер тектоникалық қазаншұңқырларда қалыптасқан. Экзогендік көлдерге Сілетітеңіз, Теке, Жалаулы, Қызылқақ, Үлкен Қараой, т.б. жатады. Орманды дала және дала белдемдері көлге бай. Жалпы республика айдындарының көпшілігі абсалютті биіктіктері 100 м-ден 3500 м-ге дейінгі борпылдақ төрттік шөгінділердің үстінде орналасқан. Көлдердің су жинайтын алаптарының ауданы көбінесе 10-нан 320 км2-ге дейін, ал шөлейт және шөл белдемдерінде бұдан да аумақты келеді. Қазақстан көлдері шарасында 190 км3 су жиналған.

Бөгеттер мен  бөгендер. Қазақстанда 4 мыңнан астам бөгеттер мен бөгендер бер. Олардың жалпы көлемі 10 мың км² де, су мөлшері 90 км³ шамасында. Бөгендер негізінен өнеркәсіп орталықтарын су және электр қуатымен қамтамасыз ету, маңайдағы жерлерді суландыру үшін салынған. Олардың ішінде ірілері Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Бөген, Теміртау, Сергеев бөгендері, шығындары – Алакөл, Теріс Ащыбұлақ, Жемсау, Қамыскөл, Орал, Тайкешкен, Желқуар, Қаратомар, Шербайнұра, Кеңгір, Сарышығанақ, Күрт, Теле, Шұқырой, т.б. бөгендер.

Теңіз. Қазақстанда екі теңіз бар. Арал теңізі, ұзындығы 428 км, ені 235 км, суының көлемі 1000 км³ еңтереңжері 67 м болатын. Қазіргі көлемі жөнінде нақты мәлімет жоқ. Теңізге құйылатын өзен суы 76 км³-ден -42 км³-ге дейін азайып, өнімді көп беретін, суы саяз, балықтар уылдырық шашатын шығыс және оңтүстік жағалау құрғап, істен шыққан соң, теңіз жануарларына үлкен нұқсан келуде. Аралдың қазіргі қайғылы жағдайы дүние жүзін алаңдатып отыр.

Каспий теңізінің Қазақстан  жеріндегі ұзындығы 2430 км, теңіздің ең терең жері 1025 м. Мұнда өсімдіктердің 500, балық пен басқа жануарлардың 854 түрлері бар. Өсімдіктері негізінен көкжасыл балдырлар. Соңғы кезде қызыл қоңыр балдыр да өсе бастады. Жануарлар дүниесінен мекре тұқымдас

балықтарды, майшабақтарды, көк серкені, сазанды, табанды, ит балықтарды

кездестіруге болады.

Информация о работе Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі. Суды хлорлау