Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі. Суды хлорлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 17:12, курсовая работа

Краткое описание

Жер бетінің ауданы 510 млн. км2 –ге тең. Бұл ауданның 361 млн. км2 – ін немесе 71% бөлігін әлемдік мұхит алып жатыр. Ал құрылықтардың үлесіне 149 млн. км2 аудан немесе планетамыздың 29% бөлігі тиесілі. Жер бетіндегі судың жалпы қоры шамамен 1386 млн. км2 –ге тең. Өзен арналарындағы су қоры 2120 км3-ге тең, тұщы көлдердегі су -91 мың. км3. Тұщы жер асты суларының қоры 10,5 млн.км3 мөлшерінде деп есептелсе, тұщы сулардың жалпы қоры-3,5 млн.км3 немесе гидросфера көлемінің 2,53% -ін құрайды. Егер біз тұщы судың негізгі массасын мұздықтарда жиналғаның есептесек, онда адам қажетіне жұмсалатын таза тұщы судың көлемі күрт азаяды және ол гидросфераның тек қана 0,80% құрайды.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Сумен қамтамасыз ету және оны пайдалану
Су ресурстарын негізгі ластаушы көздері.
Су ресурстарының химиялық ластануы туралы түсінік.
Қазақстан Республикасының су ресурстары.
Қазақстан Республикасының су ресурстарының химиялық ластануы және экологиялық проблемалары.
ІІІ. Практикалық бөлім
Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі. Суды хлорлау.
ҮІ. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

экология, курстык жумыс БАГДАТ.docx

— 90.48 Кб (Скачать файл)

Жер асты суы. Алаптағы не кендегі су сыйыстырушы жыныстардың сипатына байланысты:

  • жарықшақтық
  • жарықшақтық-қабаттық
  • қабаттық (пластық) жер асты сулары болып бөлінеді.

Жарықшақтық су таулы, қыратты және ұсақ шоқылы аймақтарда кеңінен тараған. Құрамы әр түрлі атпа, шөгінді, метаморфтық жыныстардың жер бетіне жуық үгілу аумағында (30–50 м-ге дейінгі тереңдікте) қалыптасады. Бұлар жер бетіне көбіне минералд. төмен (0,1–0,1 г/л), су шығыны мардымсыз шағын бұлақтар түрінде ұшырайды. Тектоник. жарылыстар мен жаралу тегі әр түрлі жыныстардың жапсарларын бойлай қуалаған бұлақтар мен тайыз ұңғымалардың су өнімд. 5–7, кейде 10–15 л/с-ке жетеді.

Жарықшақтық-қабаттық жер асты сулары Маңғыстаудың таулы бөлігіндегі, Мұғалжардағы, Сарыарқадағы, Оңтүстік және Шығыс Қазақстандағы шағын құрылымдарды құраушы, палеозой мен төменгі мезозойдың әлсіз цементтелген терригендік және карбонаттық жыныстарының қат-қабаттарында қалыптасады. Жер бетінде бұлақтар түрінде кездеседі, не тайыз ұңғымалармен (су шығымы 5 л/с-ке дейін) шығарылады. Карстық құбылыс молынан дамыған әктасты қабаттардағы бұлақтардың су шығымы кейде 10–35 л/с-ке жетеді. Жезқазған – Ұлытау ауданы мен Үлкен Қаратаудағы (Мырғалымсай, Келтемашат, т.б.) кен қазбалары мен ұңғымаларға жарықшақтық-қабаттық су көп жиналады.

Қабаттық жер  асты сулары негізінен жазық аймақтардағы баяу цементтелген және цементтелмеген антропогеннен палеозойға дейінгі терригендік және карбонаттық жыныстардың қат-қабаттарынан орын алған. Қабаттық су жиналатын жыныстардың қалыңдығы өзен аңғарларында бірнеше метрге, биіктеу өңірлерде 0,5–1,5 км-ге, Шу-Сарысу, Арал маңы, Сырдария, Маңғыстау – Үстірт өңірлерінде 3–6 км-ге, Каспий ойпатында 10–23 км-ге жетеді. Сулы жыныстардың жоғарғы қабаттарында арынсыз грунт сулары, төменіректе арыны жоғары артезиан сулары қалыптасады. Тұщы және қышқылтым сулар өзен аңғарларында, эолдық құм алқаптарында, су айырықтық құмдық түзілімдерде және сонымен бірге Каспий ойпатының шығ. бөлігіндегі, Солтүстік Арал, Ортаңғы Маңғыстау, Сырдария, Шу-Сарысу, Іле, Ертіс маңы ойпаттарындағы бор шөгінділерінде, пермь-триас, юра, палеоген-неоген шөгінділері жиылған жекелеген телімдерінде бірнеше метр тереңдіктен 500–1000 м (Іле ойысында 2700 м-ге дейін) тереңдіктерде кездеседі. Минералды 50–550 г/л тұздықтар Каспий ойпаты, Шу-Сарысу, Теңіз-Қорғалжын, Торғай қолатының ортанғы мен төменгі горизонттарында, Маңғыстау мен Үстірттің едәуір бөлігінде, Солтүстік Қазақстанда кеңірек тараған. Жалпы қабаттық қоры 570 м3/с немесе 18 км3/жыл. Жылда табиғи жолмен жаңарып (орны қайта толып) отыратын қорларының шамасы 43 км3/жылға тең. Осы қорлар негізінде жер асты суларының пайдалануға болатын әлуеттік (потенциалдық) қоры 53 км3/жылға жетеді. Мұның 16 км3 барланған. Қазақстандағы Алакөл артезиан алабы, Бетпақдала артезиан алабы, Каспий маңы артезиан алабы, Қаратау артезиан алабы, Қызылқұм артезиан алабы, Маңғыстау артезиан алабы, Мойынқұм артезиан алабы, Солтүстік Қазақстан артезиан алабы, Сырдария артезиан алабы, Торғай артезиан алабы, Ұлытау артезиан алабы, т. б. жер асты суының ірі қорлары саналады.

Мұздық. Қазақстандағы жер беті ағын суы қорының негізгі көзі – мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауданы 2033,3 км2-лік 2724 мұздық анықталды (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км2-ден астам) Жетісу Алатауында (мұздық аумағы 1369 км2), қалғаны Іле мен Күнгей (610,7 км2), Теріскей (144,9 км2) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км2), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км2).

Қазақстан мұздықтарын 3 топқа  жіктеуге болады:

  • аңғарлық мұздықтар
  • беткейлік мұздықтар
  • денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжіле тегістелген шыңдарда).

Осылардың ішінде көбірек  таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын (әсіресе таулы өңірлерін) зерттеуге аса зор ұлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталған. Іле Алатауындағы Талғар массивімен байланысты күрделі аңғарлық Корженевский мұздығы – Қазақстандағы аса ірі мұздық болып саналады: ұзындығы 11,7 км, ауданы 38,0 км2, мұзының жалпы көлемі 6,32 км3. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшілігінің қалыңдығы 50 – 100 м, ал таудың жоғары беткейлеріндегі мұздықтардікі 10–30 м.

Республика мұздықтары тартылуда. Кейбіреуінің ұзындығы жылына 5–20 м-ге, ауданы 1000 м2, мұз қоры 0,05– 0,1%-ға кемуде. Қазақстанның таулық бөлігінде ауданы 20000 км2-дей көп жылдық тоң белдемі қалыптасқан. Оның төменгі шегі Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м. Жетісу Алатауында 2800 м. және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейін төмендейді.

 

  1. Қазақстан Республикасының су ресурстарының химиялық ластануы және экологиялық проблемалары.

 

Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын  алаңдатып отыр. Судың ластануы көп  түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.

Қазақстан  суға тапшы  елдер қатарына жатады.  Судың негізгі қоры –жер үсті және жер асты сулары. Ең басты қауіп негізгі таза су қорларын 100,5 км3 десек,оның 56,6 км3 ғана Қазақстан териториясынан құралса, Қалғаны 44,0 км3 шет елдерден (Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан) келеді. Мұның өзі қай кезде болмасын су проблемасын шешу шетелдік мемлекеттерге  тәуелді екенімізді көрсетеді. Қазірдің өзінде  Іле, Сырдария, Ертіс  және  т.б. өзендерінің  суы азайып, оның  атырабындағы  ну-тоғайларды, табиғи жайылымдардың тозуына әкеліп отыр.

Таза су тапшылығы қазіргі  кезде Шығыс-Қазақстан, Атырау, Қызылода, Маңғыстау облыстарында қатты сезілуде. Оның үстіне өзен-көлдердің ластануы (ауыр металдар, мұнай өнімдері, радиоактивті қалдықтар, химиялық заттар т.б.) ТМД  елдерінің шінде жоғары деңгейде. Әсіресе, Сырдария, Іле, Ертіс, Нұра, Елек, Шу өзендерінің ластануы сын көтермейді.мұндағы зиянда заттардың мөлшері қалыпты жағдайдан 2-7 есе асып кетеді.

Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр.

Оның  негізгі ластану көздері мыналар:

  • өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
  • химиялық заттар және тыңайтқыштар;
  • тұрмыстық қалдықтар;
  • жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;
  • ірі құрылыс учаскелері;
  • күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.

Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің  ластануы көбіне өнеркәсіп шоғырланған  аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ  өндіретін жерлерде жаппай сипат  алуда. Өзендердің ішінде Ертіс су алабы, Өскемен қорғасын –мырыш комбинаты, Ленинагор қорғасын зауыты, Березов  кені, Зырьян зауыты секілді өндіріс  орындарының сарқынды лас суларымен  ластануда.

Су құрамында қорғасын, мырыш, сынап, тағы басқа ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады.

Іле-Балқаш бассейні суының сапасы да мәз емес. Мұндағы ластағыш заттар – ауыр металлдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, Балқашмыс өндірістік бірлестігі, Балқаш балық өнеркәсібі, Сарышаған ракета полигондары, т.б. кен рудаларын балқыту комбинаттары Балқаш көліне мыңдаған тонна зиянды заттарды төгуде.

Іле өзенінің ортаңғы ағысы, жалпы өзен экожүйесі, күріш алқаптары  және шеңгелді массивтерін игеруге  байланысты минералды тыңайтқыштар мен химиялық препараттар өте көп қолданылып келеді. Нәтижесінде, өзен суының сапалық құрамы төмен. Оның үстіне Іле өзені арқылы мұнай тасымалдау, Қапшағай су қоймасы, Қытай жеріндегі судың ластануы ондағы экологиялық жағдайды қиындата түсуде.

Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу Лепсі, Тентек, Көксу өзендерінің  сулары біршама таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас  өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда. Әсіресе, Арыс, Келес өзендері күріш пен мақта егіндісінде жиі қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр.

Каспий теңізінде мұнай  өндіруге байланысты және теңіз деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялық  тыныс –тіршілігін шиенеленістіріп  отыр. Теңіздің көтерілуі жүздеген мұнай бұрғы- скважиналырын, мұнай  қоймалары мен өңдеу объектілерін істен шығарды. Қазір бұл жерлерде 6 мұнай газ кені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялар, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Нәтижесінде, теңізге көптеген мөлшерде лас заттар, мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар, ауыр металдар суға араласуда. Оның үстіне Еділ мен Жайық өзендерінің лас сулары теңіз суын уландыра түсуде.

Қазіргі Каспий мұнайын игеру  бүкіл әлемді дүрліктіріп, шетелдік инвесторларды теңіз қара алтынын  игеруге ұмтылдыруда. Ал, олардың  судың сапасы мен ластануына көңіл  бөлуі, экологиялық нормаларды сақтауы  күмән туғызады.

Атырау, Маңғыстау аймақтарында техниканың ескілігінен бұрғы-скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға төгілуі қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Жерге сіңген мұнайдың қалыңдығы 10 метрге жетіп, жер асты суына қосылуда.

Қазір мұнаймен ластану аймағы 200 мың га алып жатыр. Қоймаларда 200 мың  т. Мұнай қалдығы, 40 мың т. Көмірсутегі  жинақталған. Ақтөбе облысындағы су айдындардың да экологияның жайы нашар. Мәселен, Елек өзені амин өнеркәсібі есебінен және бормен ластануда.

Қарағанды металлургия комбинатының және Теміртау қаласындағы Карбид өндірістік бірлестігінен шыққан сулар Нұра өзенін барынша ластауда.

Жамбыл фосфор зауытының сарқынды лас сулары Талас, Асы өзендері мен оның алқаптарын фтор және сары фосформен ластап отыр. Оңтүстік Қазақстан облысында ең көп ластану Бадам-Сайран кен орындарында байқалуда. Әсіресе, Бадам өзені бойындағы қорғасын, фосфор, химия өнеркәсіптерінен бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей жерлерде шекті мөлшерден 50 есеге дейін асып кететіні тіркелген.

Су ресурстарының биологиялық  ластануы Арал аймағы мен Батыс Қазақстанда  жиірек ұшырасуда. Қазақстанның су ресурстарының  сапасын жақсарту және қорғау шараларын  жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген игі істер  жүргізілуде.

Арал  апатына себеп болған факторлар:

  • жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
  • ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
  • суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
  • жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
  • табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Арал - Қазақстан  жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогондік  әрекеттерге дейін ( 1960 – 70 ж. ) дүние  жүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м  биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы аралдарымен қосқанда 66,1 мың км кв, орташа тереңдігі 16,1 м, ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69 000 мың км кв. болған. Сол кездерде жылына 50 - 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м - ге төмендеді.

1988 жылы Көкарал  аралы Оңтүстік құлықпен қосылып  кетті. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға:

  • Үлкен Арал
  • Кіші Аралға бөлініп қалды.

Суы тайыз, тартылуы да қарқынды Кіші теңіз – Қазақстан  жағында, ал Үлкен теңіз - Өзбекстан жағында қалды.

Арал теңізі айдынының  аумағында 178 елді мекен орналасқан, 186,3 мың адам тұратын экологиялық  апат аймағы деп, мәлім болғандай, Арал өңірін жариялаудың себебі болды. Ауыз сумен қамтамасыз ету негізінен, ашық су қоймалары мен тасымал  сулардың есебінен, 25 % құрайды.

Арал теңізінің  экологиялық  ахуалы жылдан жылға нашарлап отыр. Арал экожүйесінен күн сайын атмосфераға мыңдаған тонна зиянды тұзды қосылыстар көтеріліп, алыс жерлерге барып зардабын тигізіп отыр. Теңіз қайрандап, оның тұздылығы 35-40% жетті. Ешбір балық тіршілік ете алмайтын су айдынына айналды. Қазір Арал теңізінің солтүстік жағын бөгеп сақтап қалу жұмысы аяқталуда. Бірақ, Арал өңірінің бұрынғыдай қайта қалпына келмейтіні, аққу-қаздың оралмайтыны анық.

 

Балқаш  көлі суының ластануының негізгі көздері:

  • Ауыл шаруашылығында жерді улы химикаттармен тыңайтудан қалған қалдық сулардың қайта келіп өзендерге, көлдерге құюы. Бұл әсіресе, күріш егістіктерінде, мақта плантацияларында молынан кездеседі.
  • Кен орындарын пайдаланудан болатын өндіріс қалдықтарын;
  • Ағаш материалдарын дайындауға, өндегендегі және су жолдарымен тасымалдағандағы ағаш қалдықтары;
  • Су және темір жолдарының лас қалдықтары;
  • Техникалық өсімдіктерді алғашқы өндеудің қалдықтары.

Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе су қорларын) тиімсіз  пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанда  жаңа экологиялық мәселе туындады.

Информация о работе Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі. Суды хлорлау