Тұрақты өндіріс және тұтыну

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 17:19, реферат

Краткое описание

Арзан табиғи ресурстардың, адамды табиғатқа қарама- қарсы қоюдың, қоршаған ортаға немқұрайды қараудың заманы келмеске кеткен. Қазіргі кезде табиғи ресурстардың бағамын анықтауға қатысты толып жатқан әр алуан көзқарастар бар.Дегенмен «тегін табиғат байлықтарының» шын мәнінде тегін емес екендігі туралы қорытынды тек тұрақты даму тұжырымдамасы шеңберінде ғана жасалды. Атап айтқанда тек экономикалық көзқарас қана тұрақты дамудың негізі болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Тұрақты өндіріс және тұтыну.doc

— 74.50 Кб (Скачать файл)

Тұрақты өндіріс және тұтыну

Арзан табиғи ресурстардың, адамды табиғатқа қарама- қарсы қоюдың, қоршаған ортаға немқұрайды қараудың заманы келмеске кеткен. Қазіргі кезде табиғи ресурстардың бағамын анықтауға қатысты толып жатқан әр алуан көзқарастар бар.Дегенмен «тегін табиғат байлықтарының» шын мәнінде тегін емес екендігі туралы қорытынды тек тұрақты даму тұжырымдамасы шеңберінде ғана жасалды. Атап айтқанда тек экономикалық көзқарас қана тұрақты дамудың негізі болып табылады.

Өндіріліп жатқандардың басым бөлігі өзінің қысқа өмірінің соңын қоқыс, өндіріс процесінің қалдықтары және тауарлар. Сонымен қатар, адамзат орасан зор ресурстарды қызмет көрсету және көңіл көтеруге жұмсайды, оларсыз да өмір сүруге болар еді: мысалы, дүние жүзі бойынша жарнамаға жыл сайын 250 млрд. долларға жуық, темекі шегуге – 400, гольф ойынына – 40 млрд. жұмсалады.

Әрине экономика  пайдалы тауарлар мен қызметтерде өндіреді, бірақ бүтіндей алғанда оны «ресурстар – өнім – қалдықтар» формуласымен сипаттау дұрыс болар еді. Өндірістің осы ұстанымы қазіргі өнеркәсіп мекемелерінің көпшілігі жұмыс істеп келе жатқан түзу сызықтық экономика моделінің негізінде жатыр. Мұндай экономика қалдықтардың барған сайын көбейе түсуіне күні бұрын бет бұрып қойған, осы қалдықтардың көпшілігі адам денсаулығы үшін қауіпті. Сонымен қатар біз сатып алатын тауарлардың көпшілігі, белгілі бір уақыт өткеннен соң қоршаған ортаны ластайтын және бұзатын қалдықтарға айналатындығын да ескеру қажет. Сондықтан аз қалдықты қалдықсыз технологияларға өту керек.

Аз қалдықты технология – табиғи ресурстардың құрамындағы барлық компоненттердің мейілінше толық, кешенді алынуы мен пайдаланылуын қамтамасыз ететін шикізатты өндіру мен өңдеу шараларының және процестердің жиынтығы. Қалдықсыз технология – бұл тиесілі «бастапқы шикізат ресурстары – өндіріс – тұтыну – екінші кезектегі ресурстар» циклында шикізат пен энергияның барлық компоненттері ұтымды пайдаланылатын және экологиялық тепе- теңдік бұзылмайтын, макроэкономика деңгейінде қызмет атқару принципі. Осы технологияларды қолдану циклды экономика моделі негізінде жатыр. Бұл экономика табиғатқа еліктеу принципі бойынша құрылған. Оның негізгі екі қыры бар. Біріншіден, өндірістердің әрқайсысының қалдықтары басқа бір өндіріс үшін ресурс болып табылады; екіншіден, экономиканың циклды моделі бойынша қалдықтар, соның ішінде адам денсаулығы үшін қауіпті қалдықтар, аз шығады деген жорамалға сүйенеді.

Тұрақты даму тұжырымдамасы  «экономикалық нәтижелілік» ұғымының өзіне көз тастауға мүмкіндік  берді. Қазіргі таңда іске асырылу  барысында табиғи заңдылықтар ескерілетін ұзақ мерзімдік экономикалық жобалар экономикалық жағынан неғұрлым нәтижелі болатыны, ал ұзақ мерзімдік экологиялық зардаптары ескерілмеген жағдайда шығынды екені айқын көрінеді. Сондай- ақ есептеулер, қаладағы адамдарға қолайлы ортаны жасанды түрде қамтамасыз ету үшін үлкен қаражат жұмсағаннан гөрі, «жасыл белдемдерді» байырғы қалпында сақтап қалу экономикалық және энергетикалық жағынан тиімдірек екенін көрсетті. Көптеген елдер экономиканы экологиялық- үнемдеуші технологияларға ең жақын арада көшіруді өздеріне қазірдің өзінде мақсат етіп қойды. Мұндай елдердің қатарына Швеция, Нидерланды, Жапония және т.б.жатады. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі тұрақты технологиялардың мысалдары: әсемдік өсімдіктер мен жеміс- жидектерден тұрғызылған «тірі қабырғалар»; қираған қыш тастарды жол төсенішін және жаңа ыдыстар жасау үшін қайтара өңдеу; қоқыстарды бөлектеп жинауға арналған контейнерлер.

Қазіргі кездегі  экологиялық проблеманың экономикалық мазмұны – қоршаған ортаның ластануы проблемасы дегеннен гөрі, нарықтық болмыспен қатар табиғатты қорғауға қатысты шектеулер мен басымдықтарды да ескеретін, табиғатты бейберекет, ақыры апатқа ұрындыратын жолмен пайдалануды шаруашылықты жүргізудің экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді пайдалану жүйесіне айналдыру мәселесі болып отыр.

Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмдерінің типтері.

  1. Компенсациялаушы (жұмсақ, «ілесе жүретін») – экологиялық тұрғыдан либералды. Экологиялық сыңаржақтылықтың пайда болу себептеріне емес, жағымсыз экологиялық зардаптарды жоюға бағытталады.
  2. Ынталандырушы – өндірістер мен кәсіптердің экологиялық теңгерілген және табиғатты қорғайтын түрлерін дамыту. Оның негізінде нарықтық тетіктер жатыр. Жаңа технологиялар негізінде өндірісті арттыруға көмектеседі, табиғат ресурстарын пайдалану мен қорғауды жақсартуға мүмкіндік береді.(«тұрақтылығы төмен»).
  3. Қатаң («үстемдік») әкімшілік және нарықтық тетіктерді пайдаланады және қатаң салықтық, кредиттік, айыппұл саясаты арқылы, кейбір салалар мен компаниялардың табиғи базисін кеңейтуіне кедергі болып, дамуын тежеп отырады, табиғат ресурстарын үнемді пайдалануға ынталандырады («тұрақтылығы жоғары»).

 

 

Аз  қалдықты және қалдықсыз технологиялар.

Қазіргі кезге дейін өнеркәсіп  пен ауыл шаруашылығында, әлемде «құбырдың  аяғында» деп аталып келген көзқарас қолданылып келді, яғни, әңгіме өндіріс қалдықтарын «құбырдың аяғында» ұқсату жөнінде болып отыр: негізгі өндіріс, қалдықтар, қалдықтарды тазарту, шығарындылар. Бұл технология бойынша зиянды қосылыстарды тазарту процесі негізгі өндірістің сыртына шығарылып тастаған сияқты болады, ал табиғатты қорғау қызметінің өзі – бұл негізгі өндіріске жалғанған қосымша жүк. Мысалы, ЖЭО көмірмен жұмыс істеуі. Көмір жанған кезде SO2 пайда болады. Күкіртті ангидридті ұстап қалуға арналаған тазартуқондырғылары орнатылады, бірақ толық тазарту мүмкін емес.

Альтернативасы  – көмірді күкірттен тазарту, бірақ бұл қалыптасқан жағдайдан  шығу жолы емес. Ең жақсысы басқа  отын түрін, мысалы, табиғи газды, одан да жақсысы – жел энергиясын пайдалану. Аз қалдықты технологиялар – өндіріс соңында пайда болатын қалдықтардың табиғатқа айтарлықтай зиян келтірмеуі. Бұл жерде өндірісті модернизациялауға жұмсалған шығындарды есептеп шығару қиын, яғни өндірістік процесс пен өндірістік модернизацияны бөле алмаймыз. Технологияларды өзгерту мекеменің тазарту көрсеткіштерін жақсартумен қатар, қосымша табыс та беруі мүмкін.

Оны «құбырдың  басынан аяғына шейін», яғни шикізат  өндіруден дайын өнім шығаруға дейін  ұстанымымен ауыстыру қажет. Әңгіме қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар  жайында болып отыр. «Қалдықсыз технологиялар дегеніміз, шикізат ресурстары – өндіріс – тұтыну – қайтара пайдаланылатын ресурстар циклында барлық шикізат пен энергия неғұрлым ұтымды және кешенді түрде пайдаланылатын, және де қоршаған ортаға көрсетілетін әсерлердің ешқайсысы оның қалыпты қызметін бұзбайтын өндіріс». Нақтылы өмірде қалдықтарды бүтіндей жою және олардың қоршаған ортаға әсерінен толықтай құтылу мүмкін емес. Дәлірек айтқанда мұндай жүйелерді аз қалдықты, яғни қалдықтары мардымсыз аз болатын, сондықтан табиғаттың өздігінен тазару қабілетінің арқасында экологиялық тепе- теңдік бұзылмайтын жүйелер деп атаған жөн болар еді. Ғылым мен техниканың дамуының қазіргі кезеңінде іс жүзінде шығындардан толық құтылу мүмкін емес. Заттектерді іріктеп бөлу және бір заттектерді басқа заттектерге айналдыру технологиялары жетілген сайын шығындар үнемі кеміп отыратын болады. Материалдық, пайдасыз жинақталып жатқан шығындарсыз және қалдықтарсыз жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп түрлері қазірдің өзінде бүтіндей салаларда бар, бірақ әзірше олардың үлесі аз. Сонымен қатар біз аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар проблемаларымен айналысуға міндеттіміз, себебі қалдықтардың жинақталу қарқыны үнемі артып отырған жағдайда халық өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар үйінділерінің астында қалуы, таза ауыз сусыз, таза ауасыз және құнарлы жерлерсіз қалуы мүмкін. Жоғары технологиялар құрудағы негізгі бағыттарды атап өтейік.

  1. Тұйық цикл бойынша жұмыс істейтін жаңа технологиялық процестер мен жүйелерді дайындау және енгізу. Мысалы, сонау 1871 жылы Д.И.Менделеев айтып кеткен, темір кентасынан темірді тікелей тотықсыздандыру арқылы, кокссыз, домна пешінсіз алу процесі.
  2. Шайынды суларды неғұрлым нәтижелі тазарту әдістері негізінде шайындысыз технологиялық жүйелер және суды қайтара пайдалану циклдарын құру.
  3. Өнеркәсіптік шығарындыларды кемітудің ең кең таралған әдісі өндірістерде пайда болған қалдықтарды қайтара өңделетін шикізат ретінде пайдалану. Айталық, фосфогипс қалдықтары цемент және де өзге де құрылыс материалдарын өндіру үшін пайдаланылады.
  4. Шикізаттар мен қалдықтардың материалдық ағындарының құрылымы тұйықталған аймақтық- өнеркәсіптік кешендер (АӨК) құру. Олар әдетте осы аймаққа ғана тән, бір мекеменің қалдықтары келесі мекеме үшін шикізат болатын табиғи ресурстар негізінде құрылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары технологиялардың негізгі бағыттары.

Қазіргі кезде қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы негізгі міндеттер  ретінде инновациялық ресурс және энергия  үнемдеуші технологияларды өндірістің барлық салаларына енгізуге бағытталған  шараларды жүзеге асыру қажет.

Энергетикада отынды жағудың жаңа әдістерін, мысалы, түтін газдары құрамындағы ластаушы заттардың мөлшерін кемітуге көмектесетін қайнау қабатында жағу сияқты әдістері кеңірек қолдану қажет; шығарылатын газдарды күкірт пен азот оксидтерінен тазартуға бағытталған зерттеулерді қолданысқа енгізу; ПӘК неғұрлым жоғары шаң тазарту қондырғыларының пайдаланылуына қол жеткізу, сонымен қатар пайда болған күлді құрылыс материалдарын өндіру кезінде және басқа да өндірістерде қолдану.

Тау кен өнеркәсібінде пайдалы қазбаларды ашық сондай- ақ жер асты әдістерімен өндіру кезінде шығатын қалдықтарды толық ұқсатудың қазірге дейін жасалған технологияларын енгізу; жер асты кен орындарын пайдалану кезінде геотехнологиялық әдістерді кеңінен қолдану және мүмкіндігінше жер бетіне тек қажетті компоненттерін ғана шығаруға тырысу; табиғи шикізаттарды өндірілген жерінде байыту мен өңдеудің қалдықсыз әдістерін пайдалану.

Қара және түсті  метеллургияда жаңа мекемелер құру және жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта құру кезінде кентас шикізатының үнемді пайдаланылуын қамтамасыз ететін қалдықсыз және аз қалдықты процестерді енгізу қажет:

  • Өндірістің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтарын да қосымша өңдеу, зиянды заттардың түтін газдары және шайынды сулармен шығарылуын кеміту;
  • Қара және түсі металдардың кентастарын өндіру және өңдеу кезінде – тау- кен және байыту өндірісінің көп тонналық қатты қалдықтарын құрылыс материалдары ретінде пайдалануды кеңінен енгізу;
  • Домна және ферроқорытпа шлактарын толығымен қайта өңдеу, сондай- ақ, түсті металлургия шлактарын қайта өңдеу көлемін айтарлықтай ұлғайту;
  • Сусыз технологиялық процестерді және сумен жабдықтаудың айналмалы жүйесін қолдануды одан әрі дамыту және енгізу арқылы таза су шығынын күрт кеміту және шайынды суларды азайту;
  • Түтін газдары мен шайынды сулар құрамындағы қосалқы компоненттерді ұстап қалудың қазіргі кезде қолданылып жүрген және жаңадан енгізіліп жатқан процестерінің тиімділігін арттыру;
  • Металлургия мекемелерінде тиімді әдіс – күкіртті ангидридті екі мәрте түйістіру арқылы тұрақсыздық режимінде тотықтыру әдісін енгізу арқылы құрамы айнымалы күкіртті газдарды ұқсату;
  • Түсті металлургия мекемелерінде ресурс үнемдеуші автогенді процестердің енгізілуін жеделдету және соның металды сұйық ваннада балқыту әдісін енгізу, бұл шикізатты өңдеу процесін тездетумен қатар, энергия шығынын азайтуға мүмкіндік беріп, шығарылатын газдардың көлемін күрт кеміту есебінен мекеме жұмыс істеп тұрған ауданның ауа бассейнін айтарлықтай сауықтыруға және күкірт қышқылы мен элементтік күкірт өндіруде қолданылатын жоғары концентрациялы күкіртті газдар алуға мүмкіндік береді;
  • Болашағы бар аз қалдықты және қалдықсыз процестер ойлап табу және жеделдетіп енгізу, атап айтқанда қоршаған ортаға түсетін шығарындыларды азайтуға бағытталған, болат алудың домнасыз және кокссыз процестерін, ұнтақты металлургия және өзге де болашағы бар технологиялық процестерді енгізу;
  • Энергия мен материалдарды үнемдеу, сондай- ақ, қалдықтардың түзілуін қадағалау және олардың көлемін азайту мақсатында металлургияда микроэлектрониканы, АБЖ эәне ТП АБЖ қолдануды кеңейту.

Химия және мұнай өңдеу өнеркәсібінде технологиялық процестерде оттегін, азотты және ауаны пайдаланып тотықтыру мен тотықсыздандыруды; электрохимиялық әдістерді, газ және сұйық қоспаларын ажыратудың мембраналық технологиясын, сондай- ақ, химиялық процестерді жеделдетудің радиациялық, ультракүлгін сәулелік және плазмалық әдістерін кеңірек көлемде қолдану қажет.

Экологиялық инновацияларды қолданысқа енгізу. А.В.Борисенконың өндірістік газдарды тазарту технологиясының негізінде өнеркәсіптік газдарды қуатты электр өрісі әсер еткен жағдайда униполярлы- иондалған аймақта тазартудың жаңа электрохимиялық әдісі жатыр, мұнда газ молекулалары бастапқы элементтерге дейін (мысалы, көмірқышқыл газы көміртегі мен оттегіне) ыдырайды. Технология өнеркәсіп мекемелерінің газ күйіндегі технологиялық шығарындыларын жоғары нәтижелілікпен (95-99% дейін) тазартуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезге дейін дүние жүзінде бір де бір технологиялық газдарды тазарту қондырғысы мұндай нәтиже берген емес. А.В.Борисенконың әдісі Қазақстан Республикасының 12 патент, 7 Еуразиялық патент, 2 Халықаралық патент алды.

 

Өндіріс және тұтыну қалдықтары

Қазақстан шығарындылар көлемі бойынша ТМД мемлекеттері арасында Ресей мен Украинадан соң үшінші орында тұр, адам басына шаққанда жылына 13,6 тонна шығарындылар түзіледі. Еуроодақ елдерінде бұл көрсеткіш 10 тоннаға тең. Өндіріс қалдықтары – бұл өндіріс және жұмыстар атқару барысында пайда болған, өзінің бастапқы қасиеттерін бүтіндей немесе жартылай жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, химиялық қосылыстардың қалдықтары. Өндіріс пен тұтыну қалдықтары халық шаруашылығында пайдаланыла алатын қайтара өңделетін материалдық ресурстар болып табылады. Жылына Республикада 700 млн. тоннаға жуық өнеркәсіп қалдықтары пайда болады, солардың 250 млн. тоннаға жуығы улы қалдықтар. Пайда болатын өнеркәсіптік қалдықтардың басым бөлігін (65% дейін) техногенді минералдық қалдықтар (ТМҚ) құрайды (бос тау жыныстары, кен байыту қалдықтары, үйінділер және т.с.с.). Елімізде 22 млрд. тоннадан астам өндіріс және тұтыну қалдықтары жиналып қалған, солардың 16 млрд. тоннадан астамы техногенді минералды қалдықтар (ТМҚ).

Осы проблемаларды  шешу үшін келесі шаралар атқарылуы  тиіс:

  • ТМҚ құрамындағы пайдалы қазбалардың игеруге жарамды қорын анықтау жөніндегі ғылыми- зерттеу кешенін құру және соның қызметін жолға қою;
  • Заманауи лабораториялық кешендерді қолдана отырып техногендік қалдықтарды мұқият есепке алу (ивентарлау) және экологиялық- экономикалық тұрғыдан бағалау, солардың негізінде пайдалы қазбалардың игеріле алатын қорын анықтау;
  • Ресурстарды үнемдеуші технологиялар қолдана отырып игеріле алатын қорларды одан әрі пайдаланудың техникалық- экономикалық негіздемесін жасау.

Информация о работе Тұрақты өндіріс және тұтыну