Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 17:19, реферат
Арзан табиғи ресурстардың, адамды табиғатқа қарама- қарсы қоюдың, қоршаған ортаға немқұрайды қараудың заманы келмеске кеткен. Қазіргі кезде табиғи ресурстардың бағамын анықтауға қатысты толып жатқан әр алуан көзқарастар бар.Дегенмен «тегін табиғат байлықтарының» шын мәнінде тегін емес екендігі туралы қорытынды тек тұрақты даму тұжырымдамасы шеңберінде ғана жасалды. Атап айтқанда тек экономикалық көзқарас қана тұрақты дамудың негізі болып табылады.
Сонымен қатар тұрмыстық қатты қалдықтардың (ТҚҚ) және шайында сулардың тұнбаларының жинақталып қалуымен байланысты проблемаларды да атап өту қажет. Республикада 14 млн. текшет метрден астам тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталған және жыл сайын 2,1 млн. м3 астамы жиналады. ТҚҚ басым бөлігі компоненттерге бөлінбестен қала сыртына шығарылып, ашық қоқыс алаңдарында сақталады, бұл алаңдардың 97% табиғат қорғаушылық және санитарлық заңдарға сәйкес келмейді. Республикадағы тұрмыстық қатты қалдықтардың 5 % жуығы ғана ұқсатылады немесе өртеп жіберіледі. Көлемі үздіксіз өсіп келе жатқан қалдық қоймалары жаңа техногендік ландшафттар қалыптастыруда. Олар атмосфераны, топырақты, жер беті және жер асты суларын улы құрғауыштармен (сынап,мышьяк,сурьма және т.б.) ластандырып, қоршаған орта компоненттеріне жағымсыз әсер етіп отыр.
ТҚҚ ең үлкен көлемі Оңтүстік Қазақстан облысында (2 400,0 мың тонна), Павлодар облысында (1 167,0 мың тонна) және Алматы қаласында (510,2 мың тонна) шығарылады.
Қазақстанда өндіріс қалдықтары жыл сайын шамамен 700 млн. тоннаға өседі. Өнеркәсіптік улы қалдықтардың негізгі бөлігі таукен- металлургия саласының мекемелерінде жинақталған. Елімізде олардың көлемі 5,2 млрд. тоннадан астам, соның ішінде таукен өндірісінің үйінділері 4 млрд. тоннаға жуық, 1,1 млрд. тоннадан астамы – байыту қалдықтары және 105 млн. тоннасы металлургиялық қайта өңдеу қалдықтары. Металлургия мекемелері қалдықтарының қоймалары 15 мың гектарға жуық жерді алып жатыр, соның ішінде тау жыныстарының үйінділері – 8 мың га, байыту фабрикаларының қалдықтары – 6 мың га жуық және металлургия зауыттарының үйінділері – 500 гектардан астам. Қазақстандағы өнеркәсіп мекемелерінің атмосфераға шығарындылары шамамен жылына 3 миллион тоннаны құрайды. Су нысандарына жылына шамамен 2,5 миллион тонна шайынды төгіледі.
Қазіргі кезде өндіріс пен тұтыну қалдықтарын қайтара өңдеу және пайдалану қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші ретінде бағаланады. Мысалы, республикада металдарды қайта өңдеу саласы нашар дамыған. Тек металлургия және таукен өнеркәсібі мекемелері ғана қайтара қңделген металдарды өз мұқтаждықтары үшін пайдаланады (ұнтақтау шаралары, құю қалыптары және т.с.с.). Іс жүзіне қайтара өңделген металдардан халық тұтынатын тауарларды шығару жолға қойылмаған. Сонымен қатар, 2008 жылдың өзінде ғана Қазақстаннан құны 585,4 млн. АҚШ доллары тұратын 8 млн. тоннаға жуық қара металл сынықтары сыртқа шығарылған. Дамыған елдерде, орташа есеппен алғанда, темірдің қайтара пайдаланылу мөлшері - 60%, мыстың қайтара пайдаланылуы - 40% астам, алюминийдің қайтара пайдаланылуы - 33%. Ал Жапонияда әртүрлі металдардың 98%жуығы қайтара пайдаланылады.
Қазіргі күнге дейін тұрмыстық қатты қалдықтарды ұқсату және қайтара өңдеу, шайынды суларды тазарту қондырғыларын салу проблемалары шешімін таппай келеді, көлдер мен шағын өзендер тазартылмайды. Өндіріс мекемелерінің қалдықтарын қайтара өңдеу іс жүзінде бей берекет жүргізіліп келеді. Қалдықтардың қайтара пайдаланылуын қайтара пайдаланылатын нысандардан пайдалы қазбаларды кешенді түрде ажыратып алудың аз қалдықты ресурс үнемдеуші технологияларының болмауы тежеп отыр. ТҚҚ-ды қайтара өңдеуге арналған құрал- жабдық шығаратын зауыт салу қажет. Астана мен Алмата қалаларында ғана қоқыс өңдеу зауыттары салынды, оларда қалдықтардың 80% өңдеп, 20% көміп отыру жоспарланған. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеудің көбірек таралған әдістері мыналар:
Құрамы орташа ТҚҚ-дың бір тоннасынан нарыққа мынадай заттар шығаруға болады: 92 кг тауарлық сұйық отын немесе 212,7 квт. сағ. электр энергиясын, - 32,4 кг құрғақ хлорлы кальций, - 50 кг құрғақ көмірқышқылын, - 4 кг металдар тұздарының қосындысын, кокс немесе көмір, - 0,52 м3 жеңіл шлакобеттон. Ең қымбатқа түсетін технологиялар – ТҚҚ-ды термикалық және энергетикалық өңдеу – орташа есеппен алғанда әр тоннасына 100 АҚШ доллары жұмсалады. ТҚҚ-ды өңдеуге арналған қуаттылығы 100 мың тонна өнеркәсіптік кешеннің бағасы 70 млн. евро және одан жоғары.
Шайынды суларды тазарту.
Қазақстан бойынша 10 миллионға
жуық адам орталықтандырылған шайынды
суларды әкету жүйесін
Технологияның негізгі параметрлері: шайынды сулар механикалық және биологиялық тазартудан өтеді; балшықты шөгінділер бөліп алынады; тазартылған су қосымша био- және химиялық тазартудан өткеннен соң шаруашылық айналымға жіберіледі; балшықты шөгінділер ферментті- кавитациялық реакторға түседі, мұнда балшық сатылап өтетін кавитация және тотықтыру процестері нәтижесінде техногенді гумусқа айналады.