Экологиялық бақылау және қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 10:42, реферат

Краткое описание

Қоршаған ортаға экологиялық бақылау жүргізу – жүйелі түрде жүретін белгілі бағдарлама бағытында орындалатын қоршаған ортаның табиғи ресурстарының, өсіміктер және жануарар әлемінің антропогенді іс-әрекет әсерінен өзгеру үрдістерін және мұнын жағдайын бақылауды айтамыз. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың қажетті элементі экологиялық бақылау жүргізу болып табылады. Басқарудың бұл қызметі бұдан көп бұрын қалыптасқан болатын. Экологиялық бақылауды ұйымдастыру жүргізу шарттарымен тәртібі жеткілікті толық қамтылған, бірақ бұрын ол экономикалық жүйеге сәйкес келген еді.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 84.29 Кб (Скачать файл)

Экологиялық бақылау  және қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингі

 

Қоршаған ортаға экологиялық  бақылау жүргізу – жүйелі түрде  жүретін белгілі бағдарлама бағытында  орындалатын қоршаған ортаның табиғи ресурстарының, өсіміктер және жануарар әлемінің антропогенді іс-әрекет әсерінен өзгеру үрдістерін және мұнын жағдайын бақылауды айтамыз. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды  жүзеге асырудың қажетті элементі экологиялық  бақылау жүргізу болып табылады. Басқарудың бұл қызметі бұдан  көп бұрын қалыптасқан болатын. Экологиялық бақылауды ұйымдастыру  жүргізу шарттарымен тәртібі  жеткілікті толық қамтылған, бірақ  бұрын ол экономикалық жүйеге сәйкес келген еді.

Сонымен бірге жаңа нарықтық қатынастары экологиялық бақылаудың мәні ұғымына елеулі өзгерістер еңгізді. Мысалы,В.В.Петровтың пікірі бойынша  экологиялық бақылау дегеніміз  тұтастай алғанда «кәсіпорындардың мекемелердің, ұйымдардың, яғни барлық шаруашылық жүргізуші субьектілер  мен азаматтардың қоршаған ортаны қорғау және қоғамның да экологиялық қауіпсіздігін  қамтамассыз ету жөніндегі экологиялық  сақтауын тексеру».

Профессор Н.Б.Мухитдиновтың  пікірін талдай келіп, біз мемлекеттің  қоғамдағы ықпалының шектелу  туралы ойға тап боламыз. «Мемлекет - деп есептейді ол – табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мұнын қалыптасқан  материалдық жағдайларда бұл  байлықтарды ұтымды, кешенді пайдалануды  және қорғауды қамтамассыз ету үшін қанлшалықты қажет болса, өзіне  соншалықты құқықтарды алуына болады».

Экологиялық бақылау жүргізу  мынадай негізгі кезеңдерден  тұрады:

1. Бақылау нысаның анықтау.

2. Белгіленген нысанды  зерттеу.

3. Бақылау нысанына ақпараттық  модель құрастыру.

4. Зерттеу жұмысын жоспарлау.

5. Бақылау нысаның жағдайына  баға беру және оны ақпараттық  модельмен салыстыру.

6. Бақылау нысаның жағдайының  өзгеруін болжау.

7. Қодануға ыңғайлы дәрежеде  ақпаратты тұтынушыға жеткізу.

Қоршаған ортаның мониторингісі - бұл зерттеу әдістерінің бірі емес, бұл жыл сайын адамның  немесе қоғамның салдарынан өсіп келе жатқан экологиялық апаттар мен  келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін дер кезінде басқару шешімдерін ұйымдастыратын процесс.

Мониторинг тек зерттеу  әдісі болып қана қоймай, ол сонымен  бірге экологиялық қауіптілікті болдырмауға негізделген технология. Осының негізінде өндірістік бағытты  көздейтін - өндірістік экологиялық  мониторинг пайда болды.

Биология ғылымы сияқты экология ғылымы да өз зерттеу нысанасын кеңейтіп техника, технология, заң және басқа  да адамзат іс - әрекетіндегі бағыттар саласында өз орнын тапты.

Экологиялық мониторинг әдістері мен нысаналары көп және әртүрлі. Бұлардың барлығы экологиялық мониторингті әртүрлі бағыттағы эколог мамандар дайындайтын жоғары оқу орындары мен университеттерде міндетті оқу  пәні ретінде оқуды талап етеді. Бұл басылымда осы пәннің негізі ретінде үлкен көлемде әртүрлі  ғылыми және әдістемелік мағлұматтар  жинақталған. Қоршаған табиғи орта жағдайын бақылау, бағалау және болжау жүйесін  мониторинг деп атаймыз. Мониторингтің  негізгі принципі -үздіксіз бақылау.

Мониторинг мемлекет жүргізетін экологиялық бақылаудың маңызды  бір бөлігі. Мониторингтің басты  мақсаты - қоршаған табиғи орта жағдайын және оның ластану деңгейін бақылау, сонымен қатар табиғат қорғау басқармасы мен экологиялық қауіпсіздік  қызметін ақпаратпен қамтамасыз ету. Антропогендік  факторлардың биотоға әсерін және табиғат  қорғау шараларының тиімділігін  дер кезінде бағалау да маңызды. Сонымен бірге мониторинг-бұл  тектабиғатты бақылап және оның факторларына баға беріп қана қоймайды, сонымен  қатар экспериментті модельдеу, қоршаған табиғи орта жағдайын болжау және оны басқару туралы мәлімет  береді.

Қазіргі кездегі мониторингті бақылау аймағына байланысты 3 сатыға немесе блокқа бөледі: жергілікті (локальный) - бұған биоэкологиялық, санитарлы-гигиеналық экология, аймақтық (региональный) - бұған  геосистемалық, табиғи-шаруашылық экология; ғаламдық (глобальный) - бұған-биосфералық, фондық мониторинг кіреді .

Мониторингтің биоэкологиялық белігінде адамдар популяциясындағы іштен туу кемшіліктері мен биосфераның  ластануынан генетикалық езгерістің дамуына, соның ішінде мутагендік езгерістерге кеп көңіл беледі.

Аймақтық (геожүйелік) деңгейде бақылау ірі табиғи-аймақтық комплекстердің (езен бассейндері, орман экожүйесі, агроэкожүйе), экологиялық жағдайына қатысты жергізіледі және бұларда антропогендік әсерлер базалық фондықтан езгешелеу болады. Бұл аймақтарда трофикалық байланыс пен олардың бұзылуы, нақты шаруашылық түрлерінде табиғи экожүйе ресурстарын пайдалану мүмкіншіліктерін бағалауға, антропогендік әсерлердің қоршаған табиғи ортаға әсері мен сандық көрсеткіштерін зерттейді. Кейбір аймақтар шегінде, мысалы, құрып бара жатқан жануарлар популяциясына бақылау жұмыстары және т.б.жүргізіледі.

Тұтастай биосферада болып  жатқан өзгерістер, оларға бақылау  және болжау, қадағалау ғаламдық мониторингтің  жұмысы. Бұны сонымен бірге фондық немесе биосфералық деп атайды. Ғаламдық мониторингтің зерттеу нысанасы адамзаттың ортасы ретінде тұтастай биосфера болып табылады.

Қоршаған табиғи ортаның  ғаламдық мониторинг жүйесін талдау және оны координациялау жұмыстарын БҰҰ жанындағы білім беру жүйесі мен әлемдік метеорология мекемесі атқарады. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаттарына:

  • адам денсаулығына төнетін қауіптің алдын алуды кеңжүйеде ұйымдастыру;
  • ғаламдық деңгейде атмосфераның ластануының климатқа әсерін бағалау;
  • биологиялық жүйеде, әсіресе тамақ ендірісінде ластанудың мөлшерін және таралуын бағалау;
  • ауыл шаруашылығы мен жерді пайдалану кезінде пайда болатын қауіпті жағдайларды бағалау;

Ғаламдық мониторинг бағдарламасы бойынша жұмыс жасаған уақытта  табиғи ортаға ғарыштан бақылау жасау үлкен орын алады.Ғарыштық мониторинг экологиялық жүйенің аймақтық, ғаламдық деңгейде қалыптасуы туралы ете маңызды хабар алады.

Қазақстанда жалпы мемлекеттік  бақылау қызметі кезінде мониторингтің  барлық: жергілікті, аймақтық және ғаламдық сатыларын қамтиды. Осы үш деңгейдегі мониторинг сатыларының қорытындысын талдай келе, әртүрлі аймақтағы антропогендік және табиғи процестердің жағдайы туралы нақты мәлімет алады. Осы мақсатта көптеген бақылау бекеттерінде, бақылау створларында (бекеттер), тұрақты бақылау бекеттерінде, химиялық зертханаларда, ұшақтар, тік ұшақтар және ғарыштық бақылау құралдары арқылы, суға, атмосфералық ауаға, топыраққа, теңіз асты топырағына, жерге жақын алаңдарға бақылау жұмыстарын ұйымдастырып, жердің, жер қойнауындағы минералды - шикізаттар ресурстарының, жануарлар мен есімдіктер әлемінің жағдайы туралы мәлімет алады.

Бақылаудың негізгі келемін  гидрометерология және қоршаған орта мониторингісі қызметі («Қазгидромет»  РММ) атқарады.

Мемлекетімізде бақылау  қызметінің маңыздылығын арттыру үшін біртұтас мемлекеттік экологиялық  мониторингті бақылау жүйесі құрылды (ҰБМЭМЖ). Оның негізгі мақсаттары, соның ішінде экологиялық жағдайды сипаттайтын нақтылы банкілік мәліметті енгізу және халықаралық-экологиялық хабарлар жүйесімен байланыстылығын, сонымен қатар нысананың жағдайын болжау және бақылау мен оған антропогендік әсердің әдейі, қоршаған ортаға экологиялық жүйе мен халықтардың денсаулығының өзгерісі кіреді.

Қоршаған ортаның өзгеру бағдарламасы және басқару шешімдерін қабылдау, соның ішінде ортаның қолайсыз жағдайын болдырмау, мониторингжүйесінде  ЭЕМ арқылы математикалық модельдеу  арқылы шешіледі. Күнделікті әсер ететін автоматты хабарландыру жүйе мониторинг кіретін динамикалық модельді пайдаланады.

Мониторингті автоматты  хабарлау жүйесінің артықшылығы -тізбекті қызмет көрсету: жаңа мәліметтер түсуіне  байланысты олар күнделікті әсер ету  моделіне жазылып, сол арқылы жаңа варианттар модельдер жүйесі қалыптасып, соңында  нақты мәлімет бойынша соңғы  мәлімет қайталанады және т.б.

Адамзат ертеден болашақты (алдағы өмірді) білуге ұмтылған. Египеттік  пірлер (жрецы), Ежелгі Греция және Рим  оракулдері, орта ғасырлық астрологтар  мен бақсылар, алғашқы оқымысты -болжаушылар  социалистік утопишылардан бастап, табиғи болжаушылар, яғни ауа райын  болжаушыларға дейін, ғылыми алдын  ала болжаушылар - осының бәрі кең  көлемдегі болжау мен бағдарлаудың жүріп өткен жолы.

Болжам (прогноз)-болашақта  болуы мүмкін нақтылы болжамдар (сәуегейлік), бір нәрсенің болуы  мүмкін жағдайы туралы немесе бір  құбылыстың болуы мүмкін екені туралы алдын ала шамалау.

Экологиялық болжам - аймақтық, жергілікті және ғаламдық деңгейдегі табиғи жүйенің өзгеруін алдын ала  болжау. Ортаның өзгеруі туралы болжам - адамзаттық ортаға тікелей, сонымен қатар жанама әсері арқылы күрделі тізбекті реакциялар нәтижесінде табиғи ортадағы тұрақты өзгерістерді алдын ала айту.

Табиғи ресурстарды пайдалануды  болжау - шаруашылық айналысқа түсетін  табиғи ресурстардың көлемін экологиялық  есеппен, әлеуметтік, техникалық және экологиялық шектеу мен мүмкіншілігін  алдын ала анықтау; белгілі бір  уақытқа теоретикалық сараптама  немесе есептеу жағдайында жүргізіледі.

Сонымен, болжам дегеніміз - танымның арнаулы бір түрі, ол күнделікті болып жатқан құбылысқа емес, керісінше  болашақта болатын құбылысқа  алдын ала зерттеу жүргізеді. Болжамдау - ойлау қабылдауының бірлестігі, еткенді шолу арқылы сыртқы және ішкі байланыстар негізінде және де есептеу барысында болуы мүмкін езгерістер немесе процестер болашақ дамуға езінің ой-пікірін белгілі бір дәлдікпен дәлелдеу.

Экологиялық болжамдау - табиғи процестер мен оған адамдардың әсерінен әсер етуінен табиғат жүйесінің  болуы мүмкін езгерістерін болжау.

Табиғаттың тепе-теңдігі  туралы айтқанда, біздер тепе -теңдік өте  қозғалмалы екеніне күдіктенеміз. Ертең  табиғат бүгінгідей болмайды. Егер біз оған қандай да бір әсер ететін болсақ, онда ол езінің дамуындағы күйден езгеше күйге түсуі мүмкін. Бұдан  экологиядағы болжамның мәнісін  асыра бағалау қиын.

Болжамның басты мақсаты - қоршаған ортаның ұсынылып отырған  ортаға адамның тікелей немесе жанама (опросредованное воздействие) әсерінен, болашақта табиғат байлықтарын  тиімді пайдалану. Қазіргі болжамдар жалпыадамдық бағаланудан шығуы керек, оның басты мақсаты - адам, оның денсаулығы, қоршаған ортаның сапасы, Жер планетасын езінің үйіндей қорғау.Болжам уақытқа байланысты мынандай түрге белінеді: өте қысқа жедел уақыт ішінде (бір жылға дейін), қысқа жедел (3-5 жылға дейін), орташа қысқа уақыт (10-15 жылға дейін), ұзақ жедел (бірнеше онжылдықтар бұрын), ете ұзақ жедел (мыңдаған жылдар және одан да кеп жылдар бұрын).

Бұдан «Болашақ қазірден басталады» деген ұғым туындайды. Бірақта, болжам ұзақ уақыт аралығында жүргізілсе, соғұрлым ол нақтырақ.

Болжанатын құбылыстың масштабына, көлеміне байланысты болжам 4 топқа  белінеді: Ғаламдық (физика-географиялық деп те атайды), аймақтық(әпемр,еп бірнеше  мемлекеттер аймағында), ұлттық (мемлекеттік), жергілікті(еше, аудан, кейде әкімшілікаймақтар  немесе одан да аз аймақтар, мыс. қорықтар). Табиғатты пайдалануда болжамның ерекшелігі:

1. Табиғат өзінің заңы бойынша дамиды, біздер тек оның даму заңдылықтар шындығын (абсолюттік) және біздің біліміміз олар туралы әрқашанда салыстырмалы, себебі объективті өмір шексіз, оның құрамы мен құрылысы да шексіз.

2. Табиғат ортасында адамзаттың араласуымен бірнеше шартты заңдар араласты, соның нәтижесінде бұл заңдардың бір жүйеге келуі қиындық келтіреді.

3. Табиғат ресурстары мен планета нысаналары бір-бірімен тығыз байланысты. Олар ғарыштық денелермен, басқа планеталармен байланысты. Бұлардың бәрін болжау қиынға түседі.

4. Болжау нысанасының соңқы нүктесі адам болғандықтан, тағы басқа қиындықтарға кездесеміз: табиғат жағдайында адамның еміріне, оның денсаулығына әсері ғана емес, оның жалпы қоғамдық фактілері де есептеледі. Бұның бәрін оқу да мүмкін емес. Сонымен қатар адам организміне тәжірибе жасауға болмайды. Барлық ғылыми тәжірибелер адам организміне ұқсас басқа организмге жасалып, соған байланысты ұсыныстар береді.

5. Бағдарлау барысында табиғи орта жағдайының төмендеуінөн адам организмінде әртүрлі қиындықтар кездеседі. Организмге қарсы тұру, тұрақтылық, ыңғайлануы табиғи ортаның, табиғат комплексінің аралық буыны ретінде әсер етеді.

6. Табиғатты пайдаланудағы бағдарлау әлеуметтік- экономикалық дамудың негізінде барлық деңгейде (аймақтық, ел) жүргізілуі тиіс.

 

7. Табиғатты пайдаланудағы бағдарлау негізінде ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) пен байланысты және де табиғатты пайдалануға «кірушілер» сферасы енеді.

8. Халықаралық бөліну еңбектері, аймақтық өндірістік мекемелерініңтәжірибесі мен нәтижелерін пайдалану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы  экологиялық мониторинг

 

Қазақстан Республикасындағы экологиялық мониторингі негізінен мемлекеттік мекеменің құрамына кіреді. Қазіргі уақытта бұл жұмысты Мемлекеттік қазыналық мекеме «Қазгидромет» атқарады. Атмосфералық ауаның мониторингісін республикамызда 33 қала мен поселкілерде бақылау жұмыстары жүргізіледі. Жалпы стационарлық бақылау бекеттерінің ішінен, маусымдық және атмосфералық ауаның ластануының кеп жылдық өзгерудеңгейін, сонымен қатар әртүрлі қалалардағы ластану деңгейін салыстыру үшін, 44 демеуші (опорный) бақылау бекеті жұмыс жасайды. Стационарлық бақылау бекеттерінің саны, оларды поселкіде орналастыру, халық саны мен жер бедеріне, нормативтік құжаттар бойынша ластану деңгейіне байланысты орналастырады.

Информация о работе Экологиялық бақылау және қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингі