Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:41, реферат
Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы – саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы – қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы – жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердің 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін – эндемиктер.
Қазақстан өсімдіктері
Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы – саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы – қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы – жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердің 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін – эндемиктер. Бұлардың ішіндегі ең ерекше 12 монотипті туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердің басым бөлігі 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсімдіктердің қалдықтары Оңтүстік Балқаш өңірі мен Бұрынтауда жоғарғы ордовиктік қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрізділерге жататын Akdalophyton caradockі пен қырықбуынға жататын – Sarіtuma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тіршілік еткен.
Республикамыздың қазіргі
флорасы эоцендік субтропиктік (36 –
58 млн. жыл бұрын), олигоцендік орманды-
Өсімдіктердің
1.↑ Қазақстан жерінде таралуы, түрлер мен эндемиктердің топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлі. Республиканың осыншама бай өсімдіктер дүниесі түрлердің биологиялық, экологиялық, эволюциялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі бірлестіктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.
"Дала қызғалдақтары"
Далалық аймақ еліміздің жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аумағы 110,2 млн. га, батыстан (Еділ-Жайық өзендері аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктері) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-і – эндемиктер. Негізгі басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам.
Далалық аймақ 3 белдемге бөлінеді:
"Эндемик"қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала;кәдімгі және оңт. қара топырақтағы алуан түрлі шөптесін – бозды белдем;
қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем–күңгірт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелі-бозды дала;
шөлейт құрғақ, қоңыржай
ыстық белдем – ашық қара қоңыр
топырақтағы жусанды-бозды
Шөлді аймақ – жалпы аум. 124,6 млн. га. Өзіне тән өсімдік жамылғысы алуан түрлі, 2500 – 2800 түр бар, олардың ішінде 200 – 215 түрі – эндемиктер.
Шөлді аймақ 5 белдемге ажыратылады:
солтүстік далалы жердегі құрғақ,
қоңыржай-ыстық шөлдер – аум. 40 млн.
га., немесе еліміздің жер аумағының
14,7%-ы. Өсімдік жамылғысы астық-
орталық (солтүстік тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер – аум. 51,2 млн. га, немесе республика жерінің 18,9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изенді), сексеуілді, бұталы (қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғысы дамыған;
оңтүстіктегі өте құрғақ, ыстық шөлдер – аум. 30,3 млн. га, немесе Қазақстанның 11,1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты – жартылай бұталы (сұр-жусанды, эфемерлі), ал дөң және тізбектелген аллювийлі – эолды құмдарда бұталы-сексеуілді-эфемероидты (сексеуіл-қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғылары тән;
тау етегіндегі құрғақ, өте ыстық шөлдер – аум. 3,2 млн. га немесе Қазақстанның 1,2%-ы. Негізінен эфемероидты ірі шөптесін-жартылай бұталы өсімдіктер өседі;
тау етегіндегі өте құрғақ шөлдер – аум. 11,6 млн. га, немесе республиканың 4,3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттік бұталы өсімдік жамылғысы тән.
Қазақстан аумағы 18,6 млн. га,
яғни республика жерінің 7%-ы. Бұл ретте
есепке алынып отырғаны 4 – 5 биіктік
белдеулі биік таулар ғана. Таулы экожүйелердің
флорасын 3400 – 3600 түр құрайды деп
шамаланады. Оның ішінде 540 – 570 түр
эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың
флорасында 165 – 170 эндемик түрлер бар.
Олардың ішінде, шыршалы (шренктік шырша,
сібірлік шырша); май қарағайлы, самырсынды
(сібірлік самырсын, сібірлік майқарағай);
қылқан жапырақты ормандарды; алмалы
(Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрікті
(кәдімгі өрік), қайыңды-теректі (түкті
қайың, көк терек) – жапырақты
ағаш ормандарды атап өтуге болады.
Таулы экожүйелерде итмұрын мен
бөріқарақаттың (зеректің), аршаның, қылшаның,
бетегенің, сарыкүйік қауымдастықтары
да кең тараған. Қазақстанның табиғи
флорасы – пайдалы
Эндемик
Эндемик (грек. endemos – жергілікті)
– Жер шарының шағын
Қазақстанның дәрілік өсімдіктері
Республика тереториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың үрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтапаса да түсінікті.
Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы өсімдіктердің емік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ аеңінен таралған.
Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танп пайдалануына еткен ықпалдары зор болды.
Әр обылыстың, аймақтың, халық
дәрілік өсімдіктердің әр түрлі
қасиеттерін өздерінше
Оның да жөні бар,өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасеттері бар.
Аюбұлақ – биіктігі 0,4-1,2 см, қалын қабығы түктеніп тұратын екі жылдық өсімдік. Жапырағы ұзынша, кезектесіп орналасқан. Гүлі ашық сары түсті, өсімдік сабағының басында масақ тәріздене орналасқан, маусым-тамыз айларында гүлдейді.
Еліміздің Европалық бөлігінде орталық және Оңтүстік аудандарында, көбінесе шабындық, тоғайлы құмды жерлерде өседі
Алтын тамыр- ірі әрі жуан тамыры бар, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900г дейін жетеді. Тамырының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті кепкен кезде тамырының сынған жері ашық қызыл түстес болады. Сары түсті гүлдері өсімдіктердің жоғары жағында шоғырланып тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді.
Шашыратқы – биіктігі 1,5 метірге дейін жететін, шөп тектес өсімдік. Тамыры-жуан, ұзындығы 1метрден асады. Гүлдері көгілдір түсті, жапырақтарының арасында 2-3 тен орналасқан. Шілде-қыркүйек айларында гүлдейді. Қазақстанның Оңтүстік Батысында көптеп тараған.
Жалбыз- биіктігі 20-60сантиметрдей,
тік өсетін төрт қырлы сабағы бар
көпжылдық өсімдік. Тамыры көлбей тарамдалып,
ұзын болып өседі. Гүлдері уақ, қызыл
жасыл түсті, бәрі жиналып масақ
тәрізді сабақ барысында
Елімізде Украйна, Малдова, Краснадар өлкеінде Қйыр Шығыс, Беларуссия, Прибалтика, Қазақстанда өседі.
Жантақ – тікенекті көпжылдық дәрілік шөп өсімдігі.
Сабақтарында кезектесе орналасқан тікенектері бар. Сол тікенектері түбінде кішкене жабырақтары орналасқан. Уақ, қызыл түсті гүлдері болады. Мамыр айында және тамызда гүлдейді.
Еліміздің барлық Оңтүстік аудандарында, Орта Азия, Кавказ. Негізінен далада, құрғақшылық аймақта өседі.
Жантақтың жас шөбінде, әсіресе С витамині өте көп болады. Дәрілікке жантақтың шөбі және тамыры пайдалы.
Тасшөп- биіктігі 3-10 сантиметр дәрілік шөп. Сабағы қысқа түктер басқан, жер бетінде жабыса өседі. Жапырақтары қарама –қарсы орналасқан уақ, ұзындығы15мм, ені 7мм, хош иісті. Гүлдері қызғылт түсті, шашыранқы гүл шоғын құрайды. Мамыр қыркүйек айларында гүлдейді.
Еліміздің барлық жерінде таралған. Құмды, қарағай, тоғайлы жерлерде өседі.
Дәрілікке шөбін пайдаланады. Онда эфир майы , С витамині емдік заттары бар.
Бүлдірген – тамырланып жайыла өсетін көпжылдық өсімдік. Гүлдері ірі, ақ түсті. Жемісі ашық қызыл түсті, әдеммі иісті болады. Мамыр –шілде айларында гүлдейді. Жемістері маусым – шілде айларында піседі.
Еліміздің барлық жерлерінде таралған ылғал жеткілікті тоғайлы жерлерде өседі.
Дәрілік мақсатта бүлдіргеннің жапырағы жемісі пайдаланады.
Бақбақ – биіктігі 5 сантиметр сындырғанда сүт сияқты ақ түсті. Латек сөлі шығатын көпжылдық шөп.
Жапырағы ұзынша келеді, гүлі ашық сары түсті. Сәуір-қыркүйек айларында гүлдейді.
Еліміздің солтүстігінде Ылғалды шөп шабындық жерлерде, ашық аландарда, тау бөліктерінде өзен жағалауларында өседі.
Батыс Қазақстан облысының өсімдіктер дүниесі
Өсімдіктер дүниесі
Облыстың флорасында 106 тұқымдасқа жатқызылатын гүлді өсімдіктердің 1300-ге жуық түрі, олардың ішінде күрделі гүлді (220), атбас бұршақты (139), астық тұқымдас (118), көкпек (113), зиягүл (104) түрлері бар. Өсімдіктердің эндимиктік түрлері: Талиев гулкекіресі, қатты жапырақты келерия, майысқақ боз, Еділ майқарағайы және т.б. Облыстың өсімдік жамылғысында үш белдем (зона) элементі кездеседі. Солтүстіктен нағыз дала белдемі өтеді, орталықтың едәуір бөлігі шөл дала немесе шөлейіт белдемге енеді, ал оңтүстік аудандар шөлдің солтүстік шегіне ұласады. Жалпы өсімдік жамылғысында бір кездері далалық сипаттың басым болғаны байқалады, бірақ оны пайдалану барысында табиғи жағдайының өзгеруінен бірте-бірте шөлге айналу құбылысы етек жаюда. Негізінен нағыз дала зонасы облыстың солтүстік бөлігін алып жатыр және бұл өңір боз ері бетегелі дала болып табылады.
Боз дала
Боз даланың оңтүстік шеті Еруслан бастауынан Қараөзен және Сарыөзен арқьшы, Ершов кентінен 2025 км оңтүстікке, одан әрі Жалпы Сырт сілемдерімен Красный кентіне дейін, Дарьинск арқылы Шалқар көлінің солтүстік жағалауымен, содан соң Елек және Қобда су айырығын беле шығысқа қарай етеді. Бұнда далалық боздың ер алуан түрлерімен қатар қыштанақсыз арпабас, беде, түнгі шегіргүл, дала шиесі, талбұршақ жөне т.б. кездеседі.
Боз дала белдемі
Боз дала белдемі оңтүстікке
қарай бетегелік дала белдеміне
ұласқан. Мұнда бетеге айырықша басым
болғанымен, оған әр түрлі боз араласқан.
Далада мезофильді шеп түрлері азая
түседі, бірақ оның есесіне бұталар:
аласа бадам, шайқурай, тобылғы, сары
қара ған мен қара ған өскен, бұл
өсімдіктер ойпаңдарда оқшаулана біткен,
осы арқылы дала көркін алақұла етіп
көрсетеді. Бұталармен бірге ойпандарды
бойлай қауырсынды солтүстік бозы өседі.
Ірі ойпандарда бидайың, сұлыбас
және түлкі құйрықты шалғындық топтар,
құмайт топырақты жерлерде жусанды
ақшагүл аралас өседі. Шөл дала облыстың
үлкен бөлігін қамтиды. Солтүстікте
бетегелі дала белдемімен ұласып, Жалпы
Сырттың сілемдеріне жақын