Қазақстан өсімдіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:41, реферат

Краткое описание

Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы – саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы – қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы – жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердің 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін – эндемиктер.

Вложенные файлы: 1 файл

қазақстан өсімдіктері.docx

— 28.19 Кб (Скачать файл)

табиғи ерекшеліктеріне  қарай кейде ала құм немесе кешенді дала деп те аталады. Облыстың оңтүстік бөлігінде (Жәнібек, Жаңақала және Ақжайық аудандарында) құм массивтер шетін бойлай топырақтың күшті сортаңдануымен байланысты ақжусанды шөл қалыптасқан. Бұл жерде итсигек пен ебелек мол, ал көктемде тез қурап кететін эфемерлер өседі. Сортаңдардағы қара жусанды шөл облыстың оңтүстік аудандарында, яғни Жалпақталдан оңтүстік қарай , Аралсор маңында, Тайпақтың батысында, Итмұрын көлінің маңында және басқа жерлерде кездеседі. Бұл жерде қара жусанмен аралас ебелек, итсигек, көктемде қоңыр бас пен мортық көп өседі. Cop топырақ тағы көкпектілі шөл Шежін жайылмасының, Казталов, қаратөбе және Ақжайық аудандарының оңтүстігіндегі кең-байтақ өңірді алып жатыр. Мұнда көкпек аралас жусан, түрлі сораң, ақмамық, бидайың, қияқ, мортық өседі. Сорлар маңайында қалыптасқан бүйырғынды-көкпекті шөл көбіне облыстың оңтүстік аудандарында ойдым- ойдым болып кездеседі. Жаңақала, Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарында, сондай-ақ қаратөбе, Шыңғырлау маңында көшпелі сусымалы құм массивтері бар. Әдетте, бұлар әлі өсімдікпен бекімеген. Облыс жерінде жоғарыда сипатталған белдемдік өсімдік жамылғысымен қатар көлтабандық, жайылмалық шалғын, кейде сирек орман-тоғай алқап тары да кездеседі.

Шежін мен Дүре жайылымдары

Шежін мен Дүре жайылымдарының сортаң топырағын, Көшім, Жақсыбай , Бұлдырты және т.б. өзен сағаларын бидайың, сүлы, т.б. аралас өскен көлтабандық шалғын жауып жатыр. Далалық жайылмалар төңірегіндегі сортаң топырақ та негізінен ақмамықты не жусанды-ақмамықты  көлтабан шалғындары жиі ұшырасады. Көптеген жайылмаларды жағалай көкпек басым ажырықты және шы рынды сораң  өсімдік өскен. Қамыс-Самар көлдерінің алаптарында, Жақсыбай жайылмасында қалың  құрақты қамыс өседі. Облыстың шөптесін қоры ның басты түрі - жайылмалық шалғындар. Жайықтың төңірегінен биіктеу  белесті-жалды келетін жайылмаларында бидайың тектес және жусанды-бидайың  аралас өскен шалғын көп кездеседі. Жайылмалық шалғындарда көбіне миямен араласа бидайың, сұлыбас өседі. Жайылмалардың ең төмен учаскелерін  өлең шөбі басым батпақты шалғындар  алып жатыр. Облыстың орман-тоғай өсімдіктерін зерттеген кезде дала тоғайларының негізінен қосымша ылғалды белдемдерге  ұштасып келетіні анықталды. Облыстағы  орман алқап тары — жайылмалық орман-тоғай, құмайт массивтердегі  бұталы алқап және көлтабан ойпандарындағы массивтер түрінде өскен; жайылмалық тоғай көбіне өзен аңғарларымен байланысты. Мұнда аралас өскен бұталы үйеңкі, қара және ақтерек, шегіршін, көктерек, қайың, емен ағаштары ұзақ уақыт суда қалуға бейімделген. құмайт массивтердегі  тоғай шегі оңтүстікке қарай сұғына түсіп, 49° солтүстік Ендікке дейін  жетеді.

 

Жоспар

  1. Қазақстан өсімдіктері
  2. Эндемик
  3. Қазақстан дәрілік өсімдіктері
  4. Батыс Қазақстан облысының өсімдіктер дүниесі

Информация о работе Қазақстан өсімдіктері