Қоршаған ортаны қорғау туралы инвестициялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 16:19, реферат

Краткое описание

Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.[1]
Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қойжәне ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел — қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағандла баяу дамыды.

Содержание

Ауылшаруашылығы
Ауыл шаруашылыәының дамуында мүмкіндігінше экологиялық заңдарды ұстануы
экология-экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері
Қоршаған ортаны қорғау туралы инвестициялар

Вложенные файлы: 1 файл

экология.docx

— 36.17 Кб (Скачать файл)

Жоспар

  1. Ауылшаруашылығы
  2. Ауыл шаруашылыәының  дамуында мүмкіндігінше  экологиялық  заңдарды  ұстануы
  3. экология-экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері
  4. Қоршаған ортаны қорғау туралы инвестициялар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.[1]

Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре  бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қойжәне ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел — қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағандла баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді. 16-17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тәуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан және Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын мал шаруашылығымен және балық аулау кәсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін пайдаланды. Негізгі салалары — егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына а.ш. дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоңмай т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң, қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды.

Ауыл  шаруашылығының маңызы


Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді  саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.[1]

 

 

Ауыл шаруашылығында еңбек  ететіндер үлесі

Аймақтар

Жұмыс істейтіндер саны, млн адам

ЭБХ-тың ауыл шаруашылығында істейтін бөлігі, %

Дүниежүзі бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер санындағы  жеке аймақтар үлесі, %

Азия

1034

57,5

79,1

Африка

190

58,7

14,5

Солтүстік Америка

21

9,2

1,6

Оңтүстік Америка

27

18,8

2.1

Еуропа (Ресеймен бірге)

33

9,3

2.5

Аустралия мен Мұхит аралдары

3

19,0

0.2

Дүниежүзі

1308

45,6

100.0


Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер саны үлкен  айырма жасайды. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш — 8%, АҚШ- та — 3%, Канадада — 4%, Ресейде — 14%, Қазақстанда 40%-ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары (44-сызбанұсқаға қараңдар).

Ауылшаруашылық географиясы климаттық, әлеуметтік және өндірістік факторлары әсерінен ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасып, дамып отырды. Соңғы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы климаттық факторларға тікелей тәуелді болып келді. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы; өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік туғызатын 10°С-тан жоғары температуралар жиынтығы; жылдық жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі; топырақтың механикалық құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер. Жер шарындағы ең құнарлы топырақ қатарына құрамында карашірігі мол қара топырақ, минералды заттары мол жанартаулық топырақ және тұнба жыныстардан түзілген өзен анғарлары бойындағы топырақтар жатады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың озық жетістіктері ауыл шаруашылығында кеңінен колданылып отырған еллерде климаттық жағдайға тәуелділік әлдеқайда төмендейді. Мысалы, Сауд Арабиясы көпшілік бөлігін шөлдер алып жатқанына қарамастан, соңғы жылдары бидаймен өзін толық қамтамасыз етіп, тіпті оны экспортқа шығара бастады.

Аграрлық  қатынастар


Дүниежүзінің кез келген елінің ауыл шаруашылығы өзара бір-бірімен  тығыз байланысты екі саладан  — өсімдік және мал шаруашылығынан құралады. Олардың арасалмағы әр елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен еңбек ресурстарының көрсеткіштеріне және табиғат жағдайларының ерекшелігіне сәйкес өзгеріп отырады. Экономикалық деңгейі жоғары елдерде (АҚШ, ГФР, Франция және т.б.) ғылым жетістіктері мен агротехникалық шаралар кеңінен қолданылуы нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі жоғары. Мұндай жағдай кейбір жекелеген дамушы елдерде де байқалуда, бірақ оның басты себебі климаттың қолайсыз әсерінен өсімдік шаруашылығының өркен жаюына мүмкіндіктің болмауы. Бұл керініс Таяу Шығыстың кейбір елдеріне тән. Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы жүзеге асады. Мұндай кешендер құрылымы мен қуатына қарай алуан түрлі болып келеді және дамыған елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белең алып келеді.

Бүгінгі таңда жерге иелік етудің бірнеше түрі қатар кездеседі. Олар: жеке-меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік. Ең көп таралғаны жерге жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігін өндіреді.

Жоғары дамыған елдердің көпшілігінде жер қорының біраз бөлігі ірі жер иеленушілердің — фермерлердің қолында шоғырланған. Оларға берілген орташа жер мөлшері — 40—50 га. Бірақ жердің басты қожасы — мемлекет. Мысалы, АҚШ-та жер қорының 1/4-і мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде аграрлық қатынастар түрліше сипатты болып келеді. Азия мен Африканың бірқатар елдерінде жергілікті және сырттан әкелінген күрделі қаржыға негізделген ірі капиталистік шаруашылықтармен қатар феодалдық, тіпті ру-тайпалық қатынастары өлі сақталып калған шаруашылықтар да көптеп кездеседі. Ал Латын Америкасы елдерінде жер қорының көпшілігін помещиктік шаруашылықтың негізін құрайтын ірі жер иеліктері — латифундиялар меншіктейді, оларға берілген орташа жер мөлшері — 2—3 мың га. Бұрынғы ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде меншіктің жаңа түрлері енгізілуде.[1]

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауыл шаруашылыәының  дамуында мүмкіндігінше  экологиялық  заңдарды  ұстануы

Ауыл шаруашылық  өндірісінің  қазіргі көптеген  әдістері өзінің мәні жағынан антиэкологиялық – монодақылдарды өсіру, малды шектен тыс жаю, улы химикаттарды кеңінен қолдану, минералдық тыңайтқыштардың  шектен тыс мөлшерін қолдану, топырақты жаппай жырту  және т.б. Бұлар экожүйелердің  қалыпты қызметінің бұзылуына, құрамының  қарапайымдылығына, тұрақсыздыққа  және табиәаттағы  апатты өзгерістерге  алып келеді.

Сондықтан қазіргі  ауыл шаруашылыәының  дамуында мүмкіндігінше  экологиялық  заңдарды  ұстану  қажет. Жер  өңдеудің  алғашқы  кезеңдерінде  агроценоздар  қазіргімен  салыстырғанда  тұрақтырақ  болған. Егіс танаптары  табиғи өсімдіктермен  қоршалған  және  салыстырмалы  түрде  шағын  аудандарды  алып жатты. Реттеуші жануарлар  мен тозаңдандырушылар  әлемі  өте бай болған. Мәдени  өсімдіктер  таза қолтұқымдар емес, тұқым қуалау сапасы  әр түрлі  түрлердің  қоспасы еді. Құрғақшылық жылдары  бір түрлер тіршілігін сақтаса, ылғалды жылдар да басқалары  қалып  отырған.

Қазіргі  таңда  өнім  өндіру  жеке  меншікке  негізделгендіктен  ауыл  шаруашылыәы  саласында  үш  басқару  жүйесі қалыптасқан, олар: мемлекеттік, шаруашылықтық  және  кәсіпорындардың өзін-өзі  басқару  жүйесі. Мұнда  мемлекет  әр түрлі экономикалық  тегеуріндерді  қолдана  отырып, реттеуші қызмет  атқарады. Ал  шаруашылықтық  басқару  жүйесі тауар  өндірушілердің  белгілі бір  мақсатта  коммерциялық  емес  ұйымдарға  бірігуі  арқылы  жүзеге  асады.

Жалпы  ауыл шаруашылыәында  мемлекеттік  және  шаруашылықтық  басқару  жүйесі  өз қызметін  келесі  принциптерге  негіздеп  жүргізеді:

Мемлекеттік  және  шаруашылықтық  басқару  жүйесінің  өзіндік  ерекшеліктеріне  байланысты  нақты  қызмет  ету шегі болуы  қажет;

Ауылшаруашылық  саласында  бұл екі  жүйенің де  қалыптасуының  өзіндік  ерекшеліктері  болады, олар  мемлекеттік  басқару «жоғарыдан төменге»  қарай  жүргізілетін  басқару принципіне  негізделсе, шаруашылықтық  басқару  тауар  өндірушілердің  ерікті  бірігуі  негізінде  «төменнен-жоғары»  қарай  басқару  принципіне  негізделеді;

Мемлекеттік  басқару  жүйесі  аграрлық  салада    мемлекеттік  шарлармен  байланысты  алдын-ала белгіленген  қызметтер  мен  ұйымдық  құрылымдар негізінде  жүзеге  асады.

Дегенмен  ауыл  шаруашылыәының  кейбір  салаларында  өндірілген  өнім  көлемінің қысқаруы  байқалады, ол егін  шаруашылыәы. Ол соңәы  жылдарда  боләан  құрғақшылықпен  түсіндіріледі, әсіресе 1995,1996 және  1998  жылдары  өндірілген  өнім  көлемі  орташа  аләанда  1994 жылмен  салыстырәанда  50 пайызәа  қысқарәан.

Ал  мал  шаруашылығында  жалпы  өндірілген  өнім  көлемінің   өскені  байқалады, әрине  бұл  тенденцияны  тек  мал  басының  өсуі  деп  түсіндіруге  болмайды, мұндай  мал  шаруашылыәында  жалпы  өнім  көлемінің  өсуі  мал  өнімінен  өндірілетін  өнімдерге  деген  бағаның өсуі  және  мал шаруашылғында  өндірілетін  өнімдердің  алуан  түрлілігімен  түсіндіріледі. Мал шаруашылығында  өндірілген  жалпы  өнім  көлемі  1994 жылы  1651,8 млн теңге болса, 2001  жылы 10400 млн теңге  боләан, яәни өндірілген  жалпы  өнім  көлемі  7687,3 млн теңгеге  өскен.

2001     2001 жылы  мал  шаруашылыәында  өндірілген  өнім  көлемі  жалпы  ауыл  шаруашылыәнда  өндірілген  өнімдер  көлемінің 55,9 пайызын  құрайды,  ал  өсімдік  шаруашылыәында  өндірілген  өнім  көлемі  44 пайызын  құрайды.

Агроөнеркәсіп  кешенінде  жүргізілген  реформа  нәтижесінде  ауыл  шаруашылыәы  өндірісін  басқару  жүйесі  түбегейлі  өзгерді, бір  орталықтан  басқарылатын  совхоздар  мен  колхоздардың  орнына  жеке  меншік  құқығына  негізделген  өз  алдына  жұмыс  жасайтын  ұйым  түрлері  пайда  болды.

Қазіргі  таңда  пайдасынан  гөрі  шыәыны  мол  ауыл  шаруашылық  акционерлік  қоәамының  акцияларына  деген  сұраныс  жоқ  болғандықтан, акционерлік  қоғамдардың  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктерден  айырмашылыәы  жоқ.

Бір  ауылшаруашылық  кәсіпорнына  келетін  мал  басы  мен егін  егілген  ауылшаруашылық  жерлерінің  орташа көрсеткіштері  2001 жылы  1997 жылмен  салыстырғанда  кему  байқалады, соның  ішінде бір  кооператив  бойынша  орташа  жыртылған  жер  көлемі  4,5 есе, ірі  қара  мал  басы  8,7 есе, қой 2,8 есе, жылқы 3,8 есе, шошқа 3,2 есе кеміген. Сол  сияқты  жауапкершілігі шектеулі  серіктетіктердегі  бір  кәсіпорынға  келетін  орташа  көрсеткіштер  де  кеміген. Сонымен, ауыл шаруашылыәы  өндірісі  көп  еңбек  күшімен, көп  қаражат  талап  ететіндіктен  оның  дамуы  баяу. Ауыл шаруашылығы  өндірісі  тікелей  табиғатқа (ауа райына) тәуелді болғандықтан, (мысалы  суәа тапшы  жерлерді алатын болсақ)ол биосфераның негізігі 3 компоненті ауағы, суға, топырақ жамылғысына, әсер етпей қоймайды. Жерді  техникалық  құралдармен жыртқан  кезде, бір жағынан топырақ  құнарлылығын арттыратын  болса, екінші  жағынан, шаң-тозаң атмосфераны ластаудың үстінде  болады. Сонымен  қатар  зиянкестермен  күрес  кезінде, улы  химикаттар  мен  пестицидтерді  қолдану суға да, ауаға да, топырақ  жамылғысына  да  әсері  ерекше.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

экология-экономикалық тиімділігін  арттыру мәселелері

Мыңдаған жылдар бойы, шаруашылық және қоғамның дамуы  нәтижесінде адамдардың өмір сүру ортасы, таза табиғаттан біртіндеп табиғи антропогендік  және антропогендікке айналды. Табиғи үрдістер ортаның қасиеті емес, сонымен  қатар қоғам және табиғаттың қарым-қатынысының  мәселелері. Табиғатты пайдаланудың әр-түрлі әлемдік, аймақтық, жергілікті деңгейдегі табиғи үрдістері мен  жағдайларға байланыстылығы бақыланып  отырды.

XXI ғасырдағы әлемдік  жүйедегі өзінің өзектілігі алдынғы  орында тұрған, табиғатты пайдаланудың  экология-экономикалық мәселелері  болып тұр. Бүгінгі таңда Қазақстан  Республикасы табиғатты пайдаланудағы  дағдарыстың себепшісі, ұлттық  экономика саласындағы соның  ішінде ауыл- шаруашылығын экология-экономикалық  тиімді пайдалану механизмдері  әлемдік талаптарға сай келмеуінде  жатыр. Еліміздің көптеген аймағындағы  жерлердің 66% пайызы тың және  тыңайған жерлерді игеру кезінде  дағдарысқа ұшыраған, оны қайта  қалпына келтіру көптеген қаржы  мен ұзақ уақытты талап етеді.  Ауыл-шаруашылық жерлерін тиімді  әрі экология-экономикалық жағынан  таза өнімдер алу үшін білікті  де білімді мамандар қажет.  Елімізде 2007 жылы Елбасының тапсырысы  бойынша «Экологиялық кодекс»  жанданып және барлық қоршаған  ортаны қорғауға байланысты талап  пен іс-шараларды жүзеге асыруда  осы құжат басшылыққа алынды.

Информация о работе Қоршаған ортаны қорғау туралы инвестициялар