Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 16:19, реферат
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.[1]
Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қойжәне ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел — қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағандла баяу дамыды.
Ауылшаруашылығы
Ауыл шаруашылыәының дамуында мүмкіндігінше экологиялық заңдарды ұстануы
экология-экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері
Қоршаған ортаны қорғау туралы инвестициялар
Ауыл-шаруашылық өндірістері мен жерді ұтымды пайдалану, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін экологияға негіздеу және еңбек өнімділігінің артуына тікелей әсер етеді. Өз дәрежесіндегі экономикалық ынталандыру ауыл-шаруашылық инновациялық технологияларды енгізуге жағдай жасайды. Мысалға алсақ Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының Бахар елді мекенінде 30га жерге тамшылатып суару әдісін қолдануда, құс шаруашылығында да толық афтоматтандырылған жүйені пайдалануда. Елбасы жолдауында дамыған 50 елдің қатарына қосылуымыздың бірден бір жолы ауыл шаруршылығын дамыту маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ауданның әлеуметтік дамуы жылдан жылға артып келеді, оның басты дәлелі жерді тиімді пайдалану, ортаны қорғауды ғылыми негізде жоспарлау, құқықтық ережелерді дайындау, экономикалық ынталандыру. Экология-экономикалық шараларды белгілеу, оларды қаржыландыру және орындалуын қадағалау арқылы жүргізілуде. Нәтижесінде жаңа жұмыс көздері пайда болып ауданның әлеуметтік жағдайы өсуде. (1-кесте)
ауыл шаруашылық секторының даму қарқыны (2009-2010жж)
Өлшем бірлігі |
2010ж |
2009жылдың сәйкес кезеңіне %-бен | |
Тірі салмақта өткізілген мал мен құс |
тонна |
41340 |
134,7 |
Сауылған сиыр сүті |
тонна |
20005 |
100,0 |
Алынған тауық жұмыртқасы |
мың дана |
9876 |
100,0 |
Негізгі дәнді дақылдардың қолда бары-барлығы |
тонна |
2428 |
49,0 |
бидай |
тонна |
204 |
47,0 |
арпа |
тонна |
17 |
242,0 |
жүгері |
тонна |
2207 |
49,0 |
Негізгі майлы дақылдардың қолда бары-барлығы |
тонна |
- |
.... |
күнбағыс |
тонна |
- |
.... |
соя бұршағы |
тонна |
- |
.... |
Инвестиция және құрылыс
Өлшем бірлігі |
2010ж |
2009жылдың сәйкес кезеңіне %-бен | |
Негізгі капиталға инвестициялар |
млн.теңге |
2883,7 |
13,5 |
Тұрғын үй ғимаратының пайдалы аумағы |
шаршы метр |
3346 |
105,4 |
Құрылыс жұмыстары (қызметтер) көлемі |
млн.теңге |
1802,9 |
149,9 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29-қаңтардағы №177 қаулысымен, ауылшаруашылық министрлігі жанынан ауылшаруашылығын қаржыландыру жағынан мемлекеттік қоры құрамында лизинг қоры құрылды және Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін машина жасау өнімімен қамтамассыз ету жөнінде лизинг қоры туралы ереже бекітілді. Лизинг қорын құрайтын көздерге мемлекеттік бюджет қаражаты, сондай-ақ шетелдік және жеңілдікпен берілген несиелер, коммерциялық банктердің капиталдары, шаруашылық субъектілерінің өз қаражаттары жатады. Бұл қордың мақсаты агроөнеркәсіп кешенінде лизингтік операцияларды қаржыландыру. Ауылшаруашылығы жер ресурстарының рыногы зерттелген заңды және нормативті базаның республикалық және аймақтық дәрежеде болмауы, аграрлық реформаның мүдделеріне және жалпы ел экономикасы жағдайына жауап бере алмайтын жер қатынастарының стихиялы дамуына алып келеді. Жер бұл дәстүрлі тауар емес. Ол ерекше түрдегі өндірістің негізгі құралы, сондықтан да жерді тікелей сату мәселесіне емес, жерге қаржы жұмсауды, оны жақсартуды жүйелі ұйымдастырған дұрыс болар еді. Жерді игеру, оның құнарлығын сақтаудағы басты мәселе қаржы мәселесі болып табылады. Экономикасы дамыған елдер тәжірибесінде аграрлық секторды жандандырмай, елдің азық-түлік қауіпсіздігі жердің құнарлығында деп танып, ауылшаруашылық өнімдерін дамыта отырып экология-экономикалық құнарлы өнімдер алуда. Төл табиғатымыздың тепе-теңдігін сақтау, ауылшаруашылық өнімдерінен экология-экономикалық таза өнімдерді өндіру, ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдаланудың ең тиімді нұсқаларын анықтау адамдардың өмір сүруінің өзгерістерін, яғни әлеуметтік жағдайының өсуін байқатады. Осындай ұдайы даму кезеңінде жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау халық шаруашылығының маңызды міндеті болып табылады. Өйткені, жер ресурстары адамдардың шаруашылық, өндірістік, инфрақұрылымына қажет, өмір сүретін базисі, асыраушысы.
Жерді ұтымды пайдаланудың мәні мен мазмұны қоғамдық жер қатынастары мен жердің қызмет ету мәселелерін қарастырудағы маңыздылардың бірі.Экономикалық теория жерге монополияныңекі түрін көрсетеді: бірі-жерге меншік монополиясы, жер басқа да мүліктер сияқты, мемлекеттің, заңды тұлғалардың (өнеркәсіптік, транспорттық, сауда және басқа да кәсіпорындар, банктер т.б) жеке азаматтардың меншігі бола алады. Жерге жеке меншік монополиясы, шаруашылық объектісі ретіндегі жер монополиясымен толықтырып отырады. Монополист-меншік иесімен бірге, жердің өндіргіш күштерін тиімді пайдалану арқылы таза табысты максималдандыруға ұмтылатын, монополист-кәсіпкер пайда болады. Фермерлік шаруашылықтарда, шаруашылық объектісі ретінде жерге монополия жүзеге асады. Жерге шаруашылық жүргізу және меншік формасының көптүрлілігі, осы қатынастардың барлық субъектілерінің экономикалық мүдделерін жүзеге асырумен сәйкес келеді және жерді тиімді пайдалануға бағыт алуды қамтамассыз етеді. Елімізде «жекешелендіру және мемлекет меншігінен алу» процесі 1991 жылы басталып оның жеті жылға созылғаны белгілі. Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру және Қазақстан Республикасының аграрлық секторындағы колхоздар меншігін реформалау барысында жаңа әлеуметтік-экономикалық құрылым қалыптасты. Колхоздар мен совхоздар негізінде өндірістік кооперативтер, шаруашылықты жүргізуші серіктестіктер және шаруа қожалықтары құрылды. Көптеген экономикасы дамыған елдер экономикалық дағдарысқа ұшыраған, бірақ оның жолын таба білген. Ф.Рузвельт АҚШ-президенті қызметіне кіріскеннен кейін, америка экономикасының дағдарыстық жағдайын мойындай отырып, басқаруының төртінші күнінде ақ Конгресте «Банктер туралы төтенше заң» заң ұсынылып, сол күні кешкісін оған қол қойылды. «Ауыл шаруашылығын реттеу туралы заң» және тағы басқа да заң актілері қабылданды. Бұл елді дағдарыстан шығарудағы басты, бірінші кезектегі міндеттер қатарынан ауыл шаруашылығы мемлекеттік реттеу шараларының да орын алатынын көрсетсе керек. Ауыл шаруашылығы қоғамдық еңбек бөлінісінің біріңғай жүйесіне кіреді. Сондықтан да ауыл шаруашылығының ұдайы өндіріс процесі өнеркәсіптегі ұдайы өндіріс процесімен араласып кетеді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнеркәсіпте болатын жерді пайдалану оны күту, құнарландыру, өнеркәсіптің ауыл шаруашылық шикізаты, экология-экономикалық таза әрі тиімді болады, мұндай өнімге сұраныс өседі. Жалпы қазіргі уақытта Қазақстандағы аграрлық дағдарысты, ұдайы өндірістік экономикалық шарттарын бұзумен туындаған өндірістік және тауар өндіруші шаруашылықтар табысының төмендеуі ретінде анықтауға болады. Бұл жерде мәселе өндірістің және ауыл шаруашылық өнімін өткізудің салыстырмалы жергілікті дағдарысынан да ауыр жағдай туралы болып отыр. Айта кету керек бұл жағдайда өндірістің құлдырауы бәрінен бұрын, өткізу қиындықтарымен емес тіпті жай ұдайы өндіріс үшін қажетті материалды заттық факторлардың тапшылығынан және оны бұрынғы көлемінде жаңғырту мүмкін еместігіне байланысты болып отыр.
Арнайы инспекция 2009 және 2010 жылдары жалпы көлемі 2,5 млн.гектар жер атырапты алып жатқан 24 мыңнан астам жер телімдерінің пайдаланусыз қалғандығын анықтады. Бұл туралы желтоқсанның 20-сы күні Астанада Bnews.kz порталында болған онлайн-конференцияда Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, мұндай немқұрайдылық тұтас мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отыр. «2009жылы ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өткен болатын. Жер ресурстарын басқару агенттігі облыс әкімдіктеріне жерлерді қорғау бағытындағы мемлекеттік қадағалауды қатаңдату бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Себебі елдің азық-түлік қауіпсіздігі ауыл шаруашылық жерлерін дұрыс пайдалануға тікелей тәуелді» - дейді Ө.Өзбеков.
Оның келтірген мәліметіне сәйкес 11мың жер заңнамасын бұзу фактісі тіркелген, оның жартысынан көп үлесі мемлекеттік меншік құқықтарын бұзуға қатысты, яғни мемлекеттік жерлерді заңсыз басып алу болса, заң бұзушылықтың екінші санаты-ауыл шаруашылығына арналған жерді тиімді қолданбау немесе мақсатына сай мүлдем пайдаланбау болып отыр.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті
Ауылшаруашылық экология және экономика
Қабылдаған: Қизат Рахат
Орындаған: Исаханова Ұлпан
Информация о работе Қоршаған ортаны қорғау туралы инвестициялар