Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 13:47, контрольная работа
Пайғамбарымыздың анасының аты – Уахаб қызы мина. Ол Құрайш руының iшiндегi құрметтi адамның қызы болған. Расулдың әкесi Абдулла бiрде Иасрибке (қазiргi Мәдина қаласы) керуен тартып, сауда жасай барғанда, кенеттен қайтыс болады да, сол жерге жерленедi. Бұл кезде Пайғамбарымыз әлi жарық дүниеге келмеген, анасының құрсағында едi. Расул дүниеге келетiн жылы Пiл оқиғасы аталып кеткен таңғажайып оқиға болады. Хабажстан (қазiргi Эфиопия) патшасының уәзiрi әрi атақты қолбасшысы АбраӘа деген кiсi Сана қаласында (қазiргi Иемен мемлекетiнiң астанасы) үлкен шiркеу салдырады. Шiркеу өте биiк, басына қараған адамның тақиясы жерге түседi екен. Осы кәнисаны салдырып болғаннан кейiн, АбраӘа мың сан жаужүрек әскерлерiн пiлдерге мiнгiзiп, Меккеге қарай жорыққа шығады.
Пайғамбарымыз Мұхаммед өмiр жолы.
Пайғамбарымыз Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Абдуллаұлы бдул-Мүтәлiп немересi милади жыл санауы (григориан календары) бойынша, 571 жылы 20 көкекте, дүйсенбi күнi дүниеге келген. Бұл Әижра есебiндегi – рәбиғул-әууәлдiң тоғызыншы немесе он екiншi күнiне тура келедi. Пайғамбарымыздың ата-тегiн тiзе берсең хижаз арабтары тараған Исмайыл пайғамбарға, алейһиссәлам, барып тiреледi. Пайғамбарымыздың Мұхаммед, Ахмет, Нәби, Расулуллаһ секiлдi т.б. бiрнеше қосалқы аттары болған.
Пайғамбарымыздың анасының аты – Уахаб қызы мина. Ол Құрайш руының iшiндегi құрметтi адамның қызы болған. Расулдың әкесi Абдулла бiрде Иасрибке (қазiргi Мәдина қаласы) керуен тартып, сауда жасай барғанда, кенеттен қайтыс болады да, сол жерге жерленедi. Бұл кезде Пайғамбарымыз әлi жарық дүниеге келмеген, анасының құрсағында едi. Расул дүниеге келетiн жылы Пiл оқиғасы аталып кеткен таңғажайып оқиға болады. Хабажстан (қазiргi Эфиопия) патшасының уәзiрi әрi атақты қолбасшысы АбраӘа деген кiсi Сана қаласында (қазiргi Иемен мемлекетiнiң астанасы) үлкен шiркеу салдырады. Шiркеу өте биiк, басына қараған адамның тақиясы жерге түседi екен. Осы кәнисаны салдырып болғаннан кейiн, АбраӘа мың сан жаужүрек әскерлерiн пiлдерге мiнгiзiп, Меккеге қарай жорыққа шығады. Ондағы мақсаты – қасиеттi Қағбадағы "Қара тасты” күштеп тартып алып, оны Сана қаласындағы өзi салдырған зәулiм кәнисаға орналастыру. Сөйтiп, Қағбаға табынуға келген барлық жұрттың бетiн Сана қаласына қарай бұру едi.
Олар Меккеге жақындаған тұста күтпеген жерден жайсыз оқиғаға тап болады. Құдiретi күштi Аллаһ Та`аланың әмiрiмен әбәбил деген құстар кенет аспанға көтерiледi де, тұмсықтарына, аяқтарына қыстырып алған қатты тас кесектердi жауынгерлерге қарша боратады. Құстардың атқан тастары жай оғындай ысқырып, жауынгерлердiң басынан кiрiп, аяғынан бiр-ақ шығып отырады. Мұндай сұмдыққа тап болам деп ойламаған Абраһа қалған әскерiн керi бұрып, бас сауғалап қашады. Пiлдер дүркiреп кейiн шегiнедi. Өзiнiң сұм мақсатына жете алмаған АбраӘа ернiнен жараланып, көп шығынға ұшырап, салы суға кетiп керi қайтады. Сөйтiп атақты қолбасшы "жырық ерiн АбраӘа” аталып кетедi.
Бұл оқиға туралы "Құран Кәрiмнiң "Пiл” сүресiнде былай деген: "Пiл иелерiн Тәңiрiнiң қалай еткенiн көрген шығарсың? Олардың қулық-сұмдықтарын күл-талқан етпедi ме? Оларға Тәңiрi топ-топ құстарды жiберген. Құстар оларға балшықтан жасалған тастарды атты. Сөйтiп оларды дәнi желiнбеген сабандай етiп тастады”. (Пiл 105:1-5)
Расулуллаһтың сәбилiк шағы
Араб халқында жаңа туған сәбилердi таулы салқын жерлерде өз анасынан басқа әйелдерге тәрбиелететiн әдет-ғұрып болған. Мұндағы мақсат – жас сәбилердiң таза ауада денi сау болып, зейiн-зердесiнiң кiршiксiз толысып еркiн өсуiне жағдай жасау едi. Мұның тағы бiр себебi арабтар қалада өскен сәбилердiң зердесi далалы жерде өскен балалардың ой-санасынан төмен болады деп бiлген.
Осындай жақсы ниетпен анасы мина Пайғамбарымызды алғаш рет Субай Бата деген әйелге тәрбиелеуге бередi. Бiрер жылдан кейiн Субай Батаның орнына Үби Зубай қызы Халима деген әйел келедi. Халима анамыз болашақ Пайғамбарымызды өз тәрбиесiне алғанда, тұрмысы өте нашар, iшiп-жемi кем, кембағал адам болған екен. Пайғамбарымызды қарамағына алғаннан кейiн көп ұзамай береке-байлық бiтiп, бiрте-бiрте денсаулығы да жақсарып, оңала бастайды. Ол Пайғамбарымызды бес жасқа келгенше тәрбиелейдi. Беске толған соң оны анасы мина өз қолына алады.
Арада бiр жыл өткеннен кейiн мина баласымен бiрге Иасриб қаласындағы нағашы жұртына барып, әрi сонда жерленген ерiнiң басына зиярат етiп қайтпақшы болады. Ол ерiнiң басына зиярат етiп болған соң Мәдинадан Меккеге сапар шегедi. мина екi қаланың ортасындағы Әл-Абуа деген жерге келгенде кенеттен қатты ауырып, қайтыс болады. Оны сол жерге жерлейдi. Сөйтiп, болашақ Пайғамбарымыз алты жасында анасынан айырылып, жетiм қалады. Бiрақ бұл кезде Пайғамбарымыздың әкесiнiң әкесi Абдул-Мүтәлиб тiрi едi. Содан бастап Абдул-Мүтәлиб немересiн өз қолына алады. Тағдыр Пайғамбарымызға бабасымен де бiрге көп болуды жазбаған екен. Арада екi жыл өткенде, жасы келген қария Абдул-Мүтәлиб қайтыс болады. Сөйтiп, әлi буыны бекiп бұғанасы қатпаған сегiз жасар баланың басына жетiмдiк тақсiретi түседi. Бiрақ барлық жанашырларынан айырылған жас бала далада жалғыз қалмайды. Ендiгi жерде баланы әкесiнiң туысы бутәлиб бауырына басады. Бұл кiсi кедей болғанмен, жомарттығымен аты шыққан, қолы ашық сақи адам екен. Оның үстiне өзiнiң бала-шағасы да көп болса керек. Бiрақ соған қарамастан, Әбутәлиб болашақ Пайғамбарымызға жетiмдiк тақсiретiн таттырмай, өз балаларымен бiрдей көрiп тәрбиелейдi. Тiптi жатар кезде оны өз қойнына алып ұйықтататын болса керек.
Сөйтiп ол бутәлибтiң тәрбиесiнде қала бередi. Он екi жасқа келгенде, бутәлиб оны өзiмен бiрге Шам елiне (қазiргi Сирия) сапарға алып шығады. Бұл оның ес бiлгелi шыққан тұңғыш сапары едi. Олар Басра деген үлкен шаһарға керуен тартып келедi. Бұл шаӘарда болашақта келетiн Пайғамбардың белгiлерiн өз кiтаптарынан оқып бiлiп-отырған Бұһайра атты христиан дiнiнiң ғалымы тұрады екен. Бұһайра бұлардың керуенiне келiп, болашақ Пайғамбарымыздың ғаламат белгiлерiн айтып бередi. Оған қоса Әбутәлибтен бұл баланы яһуди дiнiндегi адамдарға көрсетпей, Меккеге алып қайтуын және тез арада бұл қаладан бiлдiрмей шығып кетуiлерiн өтiнедi. Өйткенi болашақ пайғамбар болатын баланың сол елде жүргенiн естiсе, яһудилер қастандық жасауы мүмкiн едi. Бұл кеңеске құлақ асқан бутәлиб бөгелместен Меккеге қарай бет түзейдi.
Осы оқиғадан соң, Әбутәлиб алыс сапарға шыққанда, оны қасына ертпейтiн болған.
Болашақ Пайғамбарымыз жиырма жасқа толғанда, бұзықтар соғысын көрiп, көңiл қаларлық келеңсiз жайларға куә болады. Бұл құрайш руы мен олардың одақтасы қайыс руының арасында болған ең бiр мағынасыз соғыс едi. Нағыз қантөгiс Мекке мен Тайф қаласының аралығындағы Нахлатум деген жерде болған. Болашақ Пайғамбарымыз сол кезде өзiнiң жастығына қарамай, осы қантөгiстi тоқтату үшiн, екi арада болған бiтiм шартына қатысады. Сөйтiп, ол тiршiлiк ағымына тереңдеп енiп, тарихи маңызы бар күрделi оқиғаларға араласа бастайды.
Пайғамбарлық келуден бұрынырақ Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, – өте тамаша мiнездi, кең пейiл, ашық жүздi, мейiрiмдi, шыншыл, ақиқатты сүйетiн және оны жан тәнiмен жақтайтын, берген уәдесiне берiк, аманатқа қиянат қылмайтын, жат қылықтардан, жаман iстерден аулақ болған кiсi. Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, осындай тамаша қасиеттерiн бiлiп, адамгершiлiк iстерiн жоғары бағалаған сол аймақтағы жұртшылық оған пайғамбар болмай тұрып-ақ, әл-мин деген қосымша ат бередi. Мұның мағынасы – өте таза, пәк, сенiмдi дегендi бiлдiредi. Болашақ Пайғамбарымыз сол қасиеттерiне қоса түрлi пұттарға, мүсiндерге табынудан бойын аулақ ұстайды.
Пайғамбарымыз, Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, ер жеткеннен кейiн ел iшiндегi түрлi iстерге араласып, өзiнiң адалдығымен, әдiлдiгiмен жұртқа таныла бастайды. Ол жиырма бес жасқа келгенде, Шам (Сирия) елiне екiншi рет сапарға аттанады. Бұл жолы болашақ анамыз Хадиша Хуайладқызының сауда керуенiн бастап барады. Хадиша анамыз оның жанына өзiнiң Майсара атты қызметшiсiн қосып жiбередi. Болашақ Пайғамбарымыздың сауда жолындағы бұл тұңғыш сапары жемiстi де берекелi болып, керуеншiлер масайрап қайтады. Сапардан келген соң, Майсара Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, туралығын, әдiлдiгiн, iскерлiгiн, бойындағы тағы да басқа жақсы қасиеттерiн Хадиша анамызға майын тамызып әңгiмелеп бередi. Бұл кезде Хадиша қырық жаста болатын. "Жiгiттi ел мақтаған қыз жақтаған” дегендей, Майсараның аузының суы құрып айтқан сөздерi Хадишаның жүрегiне шоқ тастап, Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қызығып қалады. Көп ұзамай өз көңiлiн бiлдiрiп, болашақ Пайғамбарымызға кiсi салады. Мұхаммед алейһи уә сәлам, Хадишаның бұл тiлегiн қабыл алып, әке орнына әке болған бутәлибтi құда түсуге жiбередi. Сөйтiп, көп ұзамай Хадиша анамызға үйленедi.
Өз алдына үй болып, отау тiккен Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Хадиша анымызбен бiрге бiрсыдырғы ғұмыр кешiп жатады. Бұдан кейiн де ел iшiндегi түрлi iстерге араласып, үлкен беделге ие болады. Халық оны әдiлдiгi үшiн Мұхаммед мин деп атап кетедi.
Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи
уә сәллам, отыз бес жасқа келгенде,
қасиеттi Қағбаның қабырғасы әбден
бүлiнiп, құлауға айналған кез едi.
Мұны қалпына келтiрудi Құрайш руы
өз мiндеттерiне алып iске кiрiсiп кетедi.
Жөндеу жұмысы бiтiп, "Қара тасты” бастапқы
орнына қояр кезде, араб руларының арасында
келiспеушiлiк пайда болады. Шынын
айтқанда, бұл бақталастықтан өрбiген
дау-жанжал едi. Мұның арты тағы бiр
қантөгiске ұласып кету қаупi туады.
Осы кезде құрайш руының жасы үлкен
ақсақалы, қадiрлi қария Әбу Умайата
әл-Мұзираұлы мынадай
Әрине дауы көп бұл iстi ешбiр ру басылары ренжiмейтiндей әдiл бiтiру жеңiл шаруа емес едi. Бiрақ ақылы асқан болашақ Пайғамбарымыз мұның түйiнiн оңай шешедi. Ол үстiндегi шапанын жерге жаяды да, ру басыларын шақырып, соның шалғайына айнала ұстауын өтiнедi. Өзi қара тасты көтерiп, киiмнiң үстiне қояды. Содан соң шапаннан ұстаған бойы қазiргi тұрған орнына барлығы бiрлесiп жеткiзедi. Бiрақ Мұхаммед Қара тасты тұғырына өзi көтерiп қондырады. Бұл шешiмге бәрi ризашылық бiлдiрiп, Мұхаммедтiң тапқырлығына, туралығына, даналығына тағы да тәнтi болады.
Қасиеттi Қағба туралы "Құран Кәрiмде” былай деген
"Ақиқатына келсек, адамдардың
ғибадат етуi үшiн тұңғыш
Пайғамбарлық келерден бұрын уәхи түсердiң алдында Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, ақихи түстер (түсiнде көрген iстiң өңiнде болуы) көрiп жүрдi. Осы кезде жұрттан аулақтап, өзiмен-өзi оңаша қалуды көбiрек қалайтын болады. Бұрынғысынша жұрт тәңiр тұтып табынатын пұттардан, мүсiндерден бойын мүлден аулақ салып, оларды тiптi жек көрiп кетедi. Оның оңашалықты қалағаны соншалық Хира тауындағы үңгiрге барып түнеп жүредi. Кейде сол жерде тiптi айлап жатып қалатын кездерi болса керек. Бұл уақытта ол ИбраӘим, алейһиссәллам, дiнiне иман келтiрiп, құлшылық ете бастайды.
Осындай күндердiң бiрiнде, Хира үңгiрiнде жатқан кезiнде Аллаһ Та`ала оған уәхи түсiредi.
Пайғамбарымызға ең бiрiншi `Алақ сүресi нәзiл болды.
"Оқы, жаратқан Иенiң
атымен оқы! Адамды Ол ұйыған
қаннан жаратты. Оқы! Сенiң
Осыдан кейiн Мұхаммед
үйiне дiрiлдеп-қалшылдап зорға
Пайғамбардың Исламды жасырын насихаттауы
Аллаһ Та`ала Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, жұртқа ибадатты жасырын оқуға шақыруды бұйырады. Ислам дiнiн қабылдаған ең бiрiншi адам – Хуайладқызы Хадиша анамыз болды.
Кейiн басқа да көптеген адамдар осы дiндi қабылдады. Арада көп уақыт өтпей-ақ, бұл хабар жалпақ елге тарай бастады. Мұны естiген құрайш руының басшысы бужәӘiл бұл жүгенсiздiктi тыйып, оларды райынан қайтаруға белсене кiрiстi. Ол Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, "Сен әкеңнiң дiнiн тастап, басқа дiндi артық көргенiң не? Бұл райыңнан қайт”, – дедi. Бiрақ Пайғамбарымыз алған бетiнен таймайтынын ашып айтты. Содан бастап бужәӘiл оған дұшпандық ниетте болып, адамшылыққа сыймайтын ауыр сөздермен балағаттап, тiптi орынсыз жала жауып, қолынан келгенше қарсы әрекеттер жасап бақты. Пайғамбарымыз оның мұдай пасық қылықтарына сабырлылық танытып, өз iсiн одан әрi жалғастыра бердi. Бұл жолда ол айтарлықтай табыстарға да қол жеткiзе бастады. Бұл Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Ислам дiнiн зорлықсыз, қантөгiссiз, халықты үгiттеу арқылы таратуды мақсат еткенiн көрсетедi.
Ислам дiнiн ашық насихаттауға көшу
Ислам дiнiн жасырын уағыздау тұп-тура үш жылға созылды. Төртiншi жылы Аллаһ Та`ала Пайғамбарымызға Ислам дiнiн ашық насихаттауды бұйырды. Тәңiрiнiң әмiрiне бой ұсынған Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Сафа тауына шығып: "Ей, бдул Мүтәлiптiң баласы, ей, бдiманаптың баласы” – деп, өз жақтастарының аттарын атап шақыра бастады. Мұны естiген жұрт "бұл не дауыс?” – деп таңданды. Аты аталғандар жинала келе, үлкен топқа айналды. Жиналған жұртқа Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам: "Мен сендердi Ақырет азабынан құтқарушымын”, – деп жар салды. Осы кезде топ iшiнде тұрған Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, туыстарының бiрi булақап Пайғамбарымызды балағаттап жаман сөздер айтты. Құран Кәрiмде булақап туралы былай деген:
"Әбулақаптың екi қолы
құрысын! Ол өзi де құрыды. Мал-мүлкi
де, басқалары да оған пайда
бермейдi. Ол алаулаған отқа кiредi.
Оның отын тасығыш (әзәзiл)
Мұхаммедке құрайш руының қарсы шығуы
Ислам дiнiне дейiн араб халықтары
түгелдей пұттарға, түрлi мүсiндерге табынатын.
Мұндай тас құдайлар сиынушыларға пайда
да, зиян да келтiре алмайтын жай жансыз
нәрселер едi. Бiрақ ықылым замандардан
берi ата-бабалары табынып келе жатқан
сенiмнен бас тарту кiмге болса
да оңай болмасы белгiлi. Пайғамбарымыздың
пұттар мен мүсiндерге бүтiндей қарсы
болып, жұртты Ислам дiнiне уағыздауы
жалпы араб халықтарына, оның iшiнде
құрайш руына қатты тидi. Олар Пайғамбарды
райынан қайтару үшiн түрлi әрекеттер
жасап бақты. Бiрақ ол әрекеттерiнен
ештеңе шыға қоймады. Пайғамбарымыз
жұрттың пұттарға жалбарынудан қайтып,
Аллаһқа иман келтiруге, Аллаһтың жердегi
Елшiсi – өзiне бой ұсынуға шақырды.
Оның мұндай "өрескел” қылықтары
жандарына жақпаған қауым Мұхаммедтi,
салла Аллаһу алейһи уә сәллам, мәжнүн,
өтiрiкшi, сиқыршы деген өсек жайып,
жұрттың одан аулақ жүруiн талап
еттi. "Оның айтып жүрген насихатының
бәрi бұрынғы бабаларымыздан қалған
ертегi-аңыздарға ұқсас бос