Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 13:47, контрольная работа
Пайғамбарымыздың анасының аты – Уахаб қызы мина. Ол Құрайш руының iшiндегi құрметтi адамның қызы болған. Расулдың әкесi Абдулла бiрде Иасрибке (қазiргi Мәдина қаласы) керуен тартып, сауда жасай барғанда, кенеттен қайтыс болады да, сол жерге жерленедi. Бұл кезде Пайғамбарымыз әлi жарық дүниеге келмеген, анасының құрсағында едi. Расул дүниеге келетiн жылы Пiл оқиғасы аталып кеткен таңғажайып оқиға болады. Хабажстан (қазiргi Эфиопия) патшасының уәзiрi әрi атақты қолбасшысы АбраӘа деген кiсi Сана қаласында (қазiргi Иемен мемлекетiнiң астанасы) үлкен шiркеу салдырады. Шiркеу өте биiк, басына қараған адамның тақиясы жерге түседi екен. Осы кәнисаны салдырып болғаннан кейiн, АбраӘа мың сан жаужүрек әскерлерiн пiлдерге мiнгiзiп, Меккеге қарай жорыққа шығады.