Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 19:32, реферат
XVII ғасырдың аяғында және XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте-мөте баяу дамыды, өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық – феодалдық калпында еді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне байланысты болды. Феодалдыққа негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді.
Қазақ қоғамының экономикалық базис-(негізі)-көшпелі мал шаруашылығы Қазақстан территориясында мемлекеттің дамуы мен нығаюының алғы шарттарының жасалуына едәуір кедергі болды.
Хан өкіметінің патша әкімшілігінің органдарына және ірі жергілікті феодалдық шонжарларға арқа сүйеп барынша күш сала жүргізген саясаты феодалдық және отаршылдық езгінің күрт күшеюіне, шонжарлардың ауылдық-қауымдық жерлерді жаппай тартып алуына әкеліп соқтырды. Осының салдары ретінде бұл саясат шаруашылық өмірдің берекесін кетірді, ауыл ұжымдарының экономикалық күш-қуатын құлдыратты, кедейленген және кедей шаруашылықтар санын көбейтті, халықтың арасында сенімсіздікті күшейтіп, хан өкіметінің беделін күрт түсірді, орныққан тәртіпті өзгертпекші ниеттерді туындатты.
Осындай жағдайда әсіресе 1836-1837 жылдары хандықтың іргесін шайқалтқан қазақ малшы шаруа бұқарасының көтерілісі болды.
Көтерілістің негізгі
себептері:
- Ақшалай салықтың өсуі;
- Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының
мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге
міндеттенуі;
- Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны , орыс помещиктерінің
шабындығын басып өткені үшін салық төлеуі;
- Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.
1833 жылы Жәңгір ханның қайын
атасы Қарауылқожа Бабажанұлын
Каспий теңізі өңіріндегі
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші-шаруалар, сонымен бірге оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс басшылары Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы.
Ел ауызындағы әңгімеде Исатай Тайманұлы Атырау облысы, Қызылқожа ауданы, Жанкелдин совхозы Тайман жолы деген жерде 1791 жылы көшпелі шаруа отбасында дүниеге келген.
Истайдың жастық шағында оған өте үлкен ықпал жасаған адамның бірі немере ағасы Жабал Бегәліұлы болған. Ол Истайдың өсіп, азаматтық көзқарасының қалыптасуына, жетілуіне ықпал жасап, тәрбиелеген.
Бөкей хан Исатайды 1812 жылы 21 жасында Беріш руының Жайық бөлімінің старшины етіп тағайындап, 1814 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы старшындыққа бекітті. 1817 жылдан бастап, батырдың патша чиновниктерімен байланысы салқындай бастады. 1817, 1823 жылдары Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен сотқа тартылды. Исатайдың ең жақын серігі –ақын, Беріш руының старшины Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 жж.).
1829 жылы 15 шілде - 1830 жылы қыркүйек аралығында Махамбет Калмыков түрмесіне қамалды. Оған халық арасында хан иелігінен кетуге және жайықтын сол жағасына өтуге үгіт жүргізді деген айып тағылды. Махамбет орыс жазушысы әрі этнограф Р.И.Дальмен және оқымысты саяхатшы Г.С. Карелинмен тызыз қарым-қатынаста болды. Оның өлеңдерінен Кіші жүзді қамтыған көтерілістің мақсаттарын, басты талаптарын айқындауға болады.
Көтерілістің басты
мақсаты:
1. Хан озбырлығына шек қою.
2. Шаруалар жағдайын жақсарту.
3. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің
отаршылдық саясатын өзгерту.
4. Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.
Көтерілістің сипаты: Антифеодалдық отаршылдыққа қарсы.
Көтерілістің барысы. Көтерілістің кезеңдері- үш кезеңге бөлінді.
Бірінші кезең: 1833-1836 жылдырға келеді және қарулы көтеріліске әзірлік кезеңі ретіңде сипатталады.
Екінші кезең: көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап олардың жеңіліске ұшырауына дейінгі-1837 ж. қарашаның орта шеніне дейінгі кезең.
Үшінші кезең: Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтық сол жағалауына өтуінен (1837 жылдын желтоқсанынан 1838 жылдың шілдесіне дейін көтерілістің жеңілуі).
1836 жылы ақпан айында Исатай
Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы
басқарған халық азаттық
1837 жылғы 30 наурыз - Шекаралық комиссия Исатай мен Махамбетті ұстап, сотқа тартуды талп етті. 1837 жылы 2 қазанда атаман Покатилов басқарған жазалаушы (200 адам) қазақ отрядтарының Исатайды ұстау әрекеттер босқа кетеді.
1837 жылы 15 қазанда Исатай мен
Махамбет бастаған көтерілісшіл
1837 жылы 24 қазанда Исатай 2000-ға жуық
көтерісшілермен хан ордасын
қоршайды. Бірақ Жәңгір ханға
бір жағынан подполковник
1837 жылы 15 қарашада Исатай бастаған көтерілісшілер Тастөбе деген жерде күші басым, зеңбірекпен қаруланған Гекке, Меркулов басқарған қазак отрядтарымен шайқасты. Бұл шайқаста көтерілісшілер жеңіледі. Осыдан кейін жазалаушы отрядтар көтерілісішілердің соңына түсе бастайды. Истомин, Трофимов басқарған жазалаушы отрядтар Исатайды жақтаған қазақ ауылдарын ойрандайды. Орынбор губернаторы Перовский Исатайды тірідей ұстағандарға 1000 сом, басын алғанға 500 сом сый ақы тағайындады.
1837 жылы 13 желтоқсанда көтерілісшілер
Жайықтың шығысына қарай өтеді.
1838 жылы қаңтарда қатары 100 ге жеткен Исатай жасағы Терек бекінісіне жақындап, Орал әскери шебіне қауіп төңдірді.
Исатайдың ендігі мақсаты:
1. Ішкі Ордаға қайта оралып, Жәңгір тобына
күтпеген жерден соққы беру.
2. Көтерілісті бүкіл Ішкі Ордаға тарату.
3. Нарын құмында бекініп, Жәңгірден кек
алу.
4. Орыс помещиктері басып алған жерлерді
шаруаларға қайтару.
Көтерілістің жеңілуі:
Исатай басқарған көтерілісті тез талқандау үшін, Орынбор губернаторы В.А.Перовский барлық күштерді жұмылдыра бастады. В.А. Перовский бұл көтерілістің Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт азаттық көтеріліспен бірігуінен сескенді. Подполковник Гекке басқарған жазалаушы отрядтар Исатай қолын талқандау үшін аттанды. Исатай 500 сарбазымен сұлтан Айшуақұлына соққы беру үшін, Қайыпқали тобынан бөлінді. Айшуақұлы тобының Гекке тобымен қосылып, үлгергенін батыр байқамады.
1838 жылы шілденің 12-сінде Ақбұлақ
деген жерде көтерілісшілер
Көтерілісшілерден 70–80 сарбаз өліп, Қожахмет, Балабек бастаған алты адам тұтқынға түседі. Бас сауғалап қашқан көтерілісшілер, Ақбұлақ шайқасында Исатайға көмекке келмеген сұлтан Қайыпқали тобына қосылудан бас тартты. Қалғандары күресті одан әрі жалғастырды. 1838 жылы шілденің 23–інде Махамбет бастаған көтерілісшілер хан ауылына шабады. Махамбет 1846 жылы қазанда хан жендеттерінің қолынан қаза болды. Қолға түскен көтерілісшілерді Гекке жазалады. Қожахмет Өтемісұлы, Балабек Нұржанұлы, Бекен Сарыұлы 8 жылға Ригаға, Ұса Төлегенұлы мен Жәнібекұлы Сібірге жер аударылды. Көтерілісті қанға бояған қазақ феодалдары және казак офицерлері, солдаттары марапатталды. Көтерілістен кейінгі жылдарда шаруалардың ауыр жағдайы өзгермеді.
1836 – 1838 жылдардағы көтерілістің
негізгі мақсаттары
Көтерілістің жеңілу себептері.
• Үстем тап өкілдерінің опаздығы.
• Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі
және Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре
алмады.
• Қару – жарақтың теңсіздігі.
• Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.
• Патша үкіметінің жазалау отрядтарының
күші басым болуы.
• Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз
ісіне сенімсіз болуы.
• Көтеріліс жергілікті (локальдық) сипатта
болды.
Нәтижесі:
• Салық мөлшеріне шек қойылды.
• Патша үкіметі қазақ старшиндарымен
санасатын болды.
• Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін
дәлелдеді.
• Қазақ феодалдарының отаршылдық басқару
мен байланыста екенін көрсітті.
• Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы
бірігіп күресуінің негізі қаланды.
Көтерілістің тарихи маңызы.
1836 – 1838 жылдардағы көтерілістің тарихи маңызы зор болды.
1. Жәңгір хан және оның
2. Патша үкіметі аз болса да, көтеріліске
қатысқан қазақ ауылдарының мүдделерімен
санаса бастады.
3. Көтеріліс қазақ үстем тап – феодалдарының
опасыздығын дәлелдеді.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Қазақстанның Россияға қосылу
барысындағы қарама
2. Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық
саясаты қандай бағытта жүргізілді?
3. Россия бодандығын қабылдыу мәселесінде
Кіші жүз ханы Әбілқайыр белсенділік танытты.
Оның көздегені қандай мақсаттар еді?
4. Россия қазақтарды өз бодандығына қабылдаған
бастапқы кезеңнен бастап, қандай бағыт
ұстанды?
5. Қазақтарға Жайықтың оң жағалауына көшуге
тыйым салған Жарлыққа кім қай жылы қол
қойды?
6. Неліктен, Абылай ханның орталықтандырылған
мемлекетті нығайтуға ұмтылған әрекеті,
оның мирасқорлары тұсында жалғасын таппады?
7. Абылай ханның сыртқы саясаты қандай
болды? Ол туралы қандай пікірлерді білесіз?
8. «Протекторат» сөздің мағынасын түсіндіріңіз.
9. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің
қозғаушы күші, мақсаты мен міндеттерін
атаңыз.
10. 1822 және 1824 жылдардығы Уставтардын (жырғы)
мақсаты мен мәні неде, қалай ойлайсыздар?
11. Жәнгір ханның «аристократиялық» реформаның
жүзеге аспауының себебі неде?
12. 1836-1838 жылдардағы көтерілістің кезеңдерін,
мақсатын, сипатын айтып беріндер?
13. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің
мақсаты және ерекшелігі неде?
14. Кенесары қүрған мемлекетті сипаттын
беріңдер.
XIX ғ. екінші
жартысындағы Қазахстанның
1. Қазақ
халқының ұлт-азаттық
Көтерілістің алғышарттары
Ұлт-азаттық қозғалысының тарихында XIX ғасырдағы ең ірі 1837-1847 жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің құлаш сілтемі, Россия саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа сөзылыу және табындылығы жөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және өзінен кейінгі қимылдарынан едәуір ерекшеленеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында
Қөқан бектері мен Хиуа
1836 жылы Қоқан ханы
оңтустікке қөныс аударған
Орта жуз жерінде 1822 жылғы Жарғы бойынша бұрынғы дәстурлі басқару түрі өзгеріп, жаңа округтар, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың мал шаруашылығына кері әсер етті.
Көтерілістің
мақсаты
1. Россияның отарлау саясатына шек қою.
2. Патша үкіметінің құрамына кірмеген
өнірлердің дербестігін сақтау.
3. Қазақ жеріне бекіністер мен әскери
шептердің салуын тоқтату.
4. Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының
езгісінен азат ету.
Көтерілістің қозғаушы күштері.
Негізгі қозғаушы күштері
қарапайым қазақ шаруалары
1. Көтерілісті пайдалынып,
бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу.
2. Көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің
негізін салу.
Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өнілдері қатысып, (орыс, өзбек, қырғыз т.б.) кейде көтерілісшелер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшелердің жеке әскери бөлімдерін басқарған қазақ батырлары: Ағыбай, Имак, Бұхарбай, Жоламан, Бұғыбай, Жеке, Бейсейіт, Сұраншы, Анғал батыр т.б.. Көтеріліске Кенесарының інілері Наурызбай, Әбілғазы, Әпкесі Бопай қатысты.
Көтерілістің барысы.
1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары (1802-1847 жж.) сұлтан басшылық жасайды.
1837 жылы қараша айында
Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында
Ақтау бекінісіндегі қазак
1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жөрық тоқтатылды. Бұл жолы Кенесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауы және бірнеше бекіністерді алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды усынып, бірақ батыр оны қабылдамайды.
Көтерілістің кеңеюінен
сескенген патша үкіметі
Орынбор губернаторы
Обручев пен Батыс Сібір
Информация о работе Жаңа замандағы Қазақстан (XVIII –XX ғғ.)