Жаңа замандағы Қазақстан (XVIII –XX ғғ.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 19:32, реферат

Краткое описание

XVII ғасырдың аяғында және XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте-мөте баяу дамыды, өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық – феодалдық калпында еді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне байланысты болды. Феодалдыққа негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді.
Қазақ қоғамының экономикалық базис-(негізі)-көшпелі мал шаруашылығы Қазақстан территориясында мемлекеттің дамуы мен нығаюының алғы шарттарының жасалуына едәуір кедергі болды.

Вложенные файлы: 1 файл

Жаңа замандағы - Қазақстан.doc

— 373.00 Кб (Скачать файл)

Отарлаудың осы әскери - әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің  іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды.

Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан  ескі тәсілдерінің бірі – отарлаушы  елдің ішкі қуат көзі – этникалық  тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар  арасына іріткі салу мақсатымен патша  өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды.

Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.

XIX ғасырдың 60-жылдары  қазақтардың басқару жүйесін  өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған  комиссия құрылды. Қазақ даласы  екі облысқа бөлу жоспарланды. Бүл усыныс қабылданбады.

1865 жылы Ішкі істер  министрлігі кеңесінің мүшесі  Гирс басқарған Дала комиссиясы  құрылды. 

1865 жылы 5 маусымда II Александр  бұйрығымен қазақ жерін зерттеу  сұрақтары дайындалды: жерді иелену  түрлері, сот ісі, ағарту ісі,  салық, діни мәселе т.б.

Әкімшілік басқару  жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов  өз пікірлерін ұсынды:

- Халықтың өзін-өзі  басқаруы негізінде құру.  
- Әлеуметтіқ – экономикалық жаңалықтар енгізу.  
- Алайда Ш.Уәлиханов усыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері ірі феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.

1867 жылғы 11 шілдеде  – «Сырдария мен Жетісу облыстарын  басқару туралы уақытша ереже»  бекітілді. 

1868 жылы 21 қазан – «Төрғай,  Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару  туралы уақытша ереже» бекітілді. 

Реформа нәтижесі.  
1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.  
2) Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.  
3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы).  
4) Отарлық басқару күшейді.  
5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды.  
6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.

1886 – 1891 жж. реформалар  бойынша әкімшілік және сот  құрылысына енгізілген өзгерістер.

1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті.

1886 жылы 2 маусымда «Түркістан  өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей,  Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын  басқару туралы ереже» қабылданды.

Түркістан өлкесі жерінің  құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент  қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор  және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді.

Өлке шеңберінде генерал  – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты  облыстық басқармаларымен қоса генерал  – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс  және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды.

Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді.

Төменгі сот буыны  – халықтық сот болды. Халықтық сот  – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын.

Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот  істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды.

Патша өкіметінің отарына  айналған еңбекші қазақ халқы  оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті.

Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық  езгіні күшейте түсуге бағытталған  еді.

Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты.

Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі қоныстандыру саясаты болды. Помещиктер мен империалистік  буржуазияның мүдделеріне сай келген қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі XIX ғ. екінші жартысынан бастап қатты  назар аударды. Өйткені, Россияда басыбайлықтың (крепостниктік) жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік жөніндегі реформалар аграрлық мәселені толық шешкен жоқ, Россияның орталық аудандарында шаруалардың толқулары тоқмады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшін бірқатар шаралар қолданды. Қоңыс аудары саясаты сол шаралардың бірі еді. Сібірді, Қазақстанның солтустік, батыс, орталық және оңтустік шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Россиядан шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.

Әскери-әкімшілік отарлау  саясаты Россиядан шаруалардың  қазақ жеріне ағылып келуіне жол  ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың  бірінші әскери-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер беріліді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық (әскери міндет) міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларына «керек-жарақтар алу үшін» ақшалай (100 сом) көмек берілді.

1883 жылы Жетісу облысының  Дала генерал-губернаторлығына қарауына  байланысты жергілікті әкімшілік  «Шығыс Түркістаннан Жетісуға  қоныс аударған ұйғырлар мен  дунгендерді орналыстыру» туралы  ереже шығарды. Жаңа документ 1885 жылы 1 мамырда бекітілді. Бұрынғыларымен салыстырғанда жаңа «Ережелерде» қоңыстанушыларға берілетін артық- шылықтар біраз қысқартылды: енді жер улесі әр адам басына 10 десятина болып белгіленді, қоныстанушылар салықтар мен міндеткерліктерден үш жылға ғана босатылды, ал одан кейінгі үш жылдықта оларды жартылай өтейтін болды.

Патша өкіметі 1889 жылғы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен  мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы  қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» туралы арнаулы ереже бекітті. Бұл  ережеде жерді бекітіп берудің тияқты мөлшері белгіленген жоқ, жергілікті өкімет орындарына оның өз қалауынша белгілеуге ерік берілді. «Ережеде» ішкі істер және мемлекеттік мүліктер министрлері алдын ала рұқсат еткен жағдайда ғана қоныс аударуға болатыны көзделді. Қоныс аударатын басты аймақтар – Жетісу, Ақмола, Семей, Тобыл, Томск губерниялары ңақтылы белгіленді.

Сонымен, «Село тұрғандары мен мещандардың өз еркімен қоныс  аударуы туралы» 1889 жылғы ереже  Россияның орталық губернияларынан  Қазақстанға қоныс аудару қозғалысын ішінара ашып берді және самодержавиенің жалпы аграрлық саясатының мәнді жақтарының бірі болды.

Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі-Сібір темір  жол комитеті болды (1892 ж. құрылды). Елдің  шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең өріс алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Төрғай облыстарында жұргізілді.

Тек 1885 жылдан 1893 жылға  дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 халқы бар 24 жаңа селолар пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1891 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру Сырдария облысын, Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен қамтыды.

Қоныс аударушылар Россияның  Европалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша  тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Орал, Төрғай, Семей, Жетісу) ғана 3463598 адам болса, оның ішінде европалық Россиядан келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден – 42119, Орта Азиядан – 23530, Польшадан – 1191, Кавказдан – 1672, Финляндиядан – 72, басқа жерлерден 3557 адам келді. Сөйтіп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5 процентін қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды.

Сөйтіп, патша самодержавиесінің  Қазақстан территориясын отарлауға  бағытталған және дамып келе жатқан Россия капитализмнің мүдделерін бейнелеген аграрлық саясаты XIX ғасырдың екінші жартасында осылайша жүзеге асырылды.

4. Қазақстанда  капиталистік қатынастардың дамуы  (XIX ғ. 2-ші жартысы).

Тау – кен  өндірісі.

XIX ғасырдың екінші  жартасында Европа мемлекеттерінде  дамыған капиталистік қатынас  Россияға әсер етпей қоймады. Осымен байланысты Россияның капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Россияның орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де товар айналысының өсуін шапшаңдатты. Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық біржіндеп ыдырай бастады.

Бұл кезде Қазақстан  экономикасында натуралды шаруашылықтың  көлемі қысқарды, өлке өнеркәсіп товарларын өткізу рыногы және бағалы ауыл шаруашылығы шикізатының қайнар қөзі ретікде капиталистік Россияға барынша тәуелді болып шықты.

XIX ғасырдың ортасы  – қазақ жеріне капиталистік  қатынастардың тарала бастауының  көріністері айқын байқалды:

- Отырықшы мал шаруашылығы  мен екіншіліктің дамуы. 

- Жеке меншік жерді иеленудің кең таралуы.

- Жылқы санының азайып, ірі қара малдың көбеюі.

XIX ғасырдың 60 жылдарынан  россиялық кәсіпкерлер қаражаттарын  қазба байлықтары мол қазақ  аймақтарында өндіріс салуға  жұмсады. 

Түсті металдар және тас  көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс, Орталық Қазақстанда ашылды. 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп өрындары - Спасск мыс қорыту заводы (1857 ж.), Успен кеніші, Қарағанды көмір алабы, Екібастұз, Риддер кәсіпшілігі.

1898 жыл – Семей облысының  Павлодар уезінде Воскресенск Кен - өнеркәсіп қоғамы құрылды.

Кен кәсіпшілігінің орталығы – Қарқаралы уезі.

Химия өнеркәсібінің  бастамасы – Шымкент сантонин заводы (1822 ж.)

Алтын өнеркәсібіндегі  жұмысшы әйелдер саны – 1873 жылы 12%, ал 1893 жылы 17% болды. Қазақстанның кен орындарында балалар еңбегі XIX ғ. 90 жылдырыңда кеңінен пайдаланылды.

Темір жол.

1893-1895 жылдары Сібір  темір жолы (ұзындығы 3138 км) салынды.  Оның 178 шақырымы қазақ жерін басып  өтті.

1893-1897 жылдар – Рязань  – Орал темір жолы салынды.  Оның 194 шақырымы қазақ өлкесінің батысы арқылы өтті.

1899-1905 жылдар – Орынбор  – Ташкент темір жолы (ұз.1656 км) салынды. 1905 ж. қаңтарда іске қосылды. 

Патша үкіметінің темір жолдар салудағы кездеген мақсаты:  
1. Жалпы россиялық жаңа шаруашылық қатынастар жүйесіне Қазақстанда тартуды тездету.  
2. Өлкенің шикізатын кеңінен пайдалану.  
3. Қазақстан мен Орта Азияны Россия өнеркәсіп орталықтарымен байланыстару.  
4. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі күшейген жағдайда Россиядан қарулы күштерді тез жеткізу.  
 
Ұсақ – товарлы өндіріс.

Балық аулау кәсіпшілігі  – Ертіс, Жайық, Каспий теңізі, Зайсан маңында дамыды.

Тұз өндіру – батыс, солтустік-шығыс  аймақтағы тұзды көлдер.

1875, 1900 жылдар – Верныйда  темекі кәсіпорындары ашылды.

Арал теңізі, Қарабас  көлі (Павлодар уезі) – тұз өдіру орны ашылды.

Жыл сайын Екатеринбург, Томск, Тобол уездеріне қазақ  өлкесінен 300 мың пут тұз әкетілді.

Мал шаруашылығы шигізатын  өңдеу жөніндегі алғашқы кәсіпорындардың  негізгі ошақтары – Ақмола және Семей облыстары.

Семей облысында 13 былғары, 9 сабын қайнататын, 1 шарап ашытатып, 1 май қорытатын, 2 сыра ашытатын, 23 кірпіш заводы болды (1898 ж.).

Көкпекті, Семей, Павлодарда 13 май қорытатын, балауыз, 23 былғары, 5 тон заводы жұмыс істеді (1890 ж.)

Төрғай облысында 42 былғары, тоң май қорыту, сабын қайнату заводы, 202 диірмен, май шайқау заводы болды (1898 ж.)

Сауда.

XIX ғасырдың II жартысында  капиталистік қатынастардың дамуына  байланысты Қазақстанда сауда  дамый бастады. Шаруашылықтың  типіне сәйкес Қазақстанда сауданың  негізгі үш түрі: көшпелі аудандарда – тасымалды сауда, шаруашылық типі жартылай отырықшы аудандарда – жәрменке саудасы, отырықшы шаруашылықтары басым аудандарда – тұрақты сауда (магазиндер, қоймалар, дүкендер) болды.

Қазақстанда тасымал  сауда неғурлым кеңінен тарады. Тасымал  саудасы, әсіресе алыс ауылдарда ашықтан-ашық тонау сипатында болды.

Россия саудагерлері Қазақстанға сауданың жаңа түрін  – жәрмеңкелік сауданы енгізіді. Халқы сирек, ұшы-қиырсыз жері бар, қатынас жолы дамымаған, халқының дені көшпелі өлкенде жәрмеңкелер  ірі сауданың қолайлы түрі болды. Қазақстандағы туңғыш жәрменке 1832 жылы Бөкей ордасында хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен (1855 ж.) Семейде екі қалалық жәрмеңкелер ашылды. Ақмола облысы Тайыншакөл, Константиновск, Петровск (Атбасарда) және 50-ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей облысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл, Темір (Орал облысы) жәрмеңкелер жұмыс істеді.

Информация о работе Жаңа замандағы Қазақстан (XVIII –XX ғғ.)