Жұмыссыздық және жұмысбастылықтың теоретикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 22:43, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................................4
I Жұмыссыздық және жұмысбастылықтың теоретикалық негіздері...........................5
1.1Жұмысбастылық түсінігі.................................................................................................5
1.2Жұмыссыздық типтері және түсінігі..............................................................................7
II Жұмыссыздық және жұмысбастылықты талдау..........................................................10
2.1Жұмыссыздық деңгейі және әлеуметік-экономикалық салдары............................10
2.2 Халықты жұмыспен қамту............................................................................................14
III ҚР жұмыссыздықты жою және жұмысбастылықты жетілдіру жолдары...............20
Қорытынды................................................................................................................................30Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................................32

Вложенные файлы: 1 файл

Жумыссыздык.doc

— 432.00 Кб (Скачать файл)

Жұмыссыз туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ, оған

 келесідей анықтама  беруге болады: жұмыссыз-ол қазіргі  жалақы мен еңбек жағдайында  жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істей  алады және жұмыс іздеп жүрген адам.Ал жұмыссыздықты – экономикалық белсенді халықтың бір бөлігін жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құбылыс деп білеміз.Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетін жұмысы жоқ жұмыс істеуге дайын және соңғы төрт ай ішінде жұмысты әр жолмен іздеген адам табылады.

Жұмыссыздықты әр зерттеуші  әр түрлі жіктейді.Солардың біреуі жұмыссыздықтың амалсыз және еркін  түрін ажыратады.Амалсыз жұмыссыздықта  адам берілген жалақы деңгейінде жұмыс  істегісі және ол қолынан келеді, бірақ оған жұмыс табылмайды.Еркін жұмыссыздықта (кейде күту жұмыссыздығы деп аталынады) адам жұмыс таба алар еді, бірақ жұмыс істемегенді қалап, айлығы ұсынылған жалақыдан жоғары жұмыс орнын іздеуді жалғастырады.

Көптеген экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мына негізгі типтерге бөледі:фрикциондық, құрылымдық, маусымдық, циклдық және технологиялық.

Фрикциондық жұмыссыздық. Еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардаың бір жерден екінші жерге жылжуымен және бір кәсіпорыннан басқаға жылжуымен байланысты белгілі бір дәрежесі болады.Жұмыскерлер өздеріне ұнайтын жұмыс орнын, ал жалдаушылары белгілі квалафикациясы бар жұмысшы күшін табу үшін уақыт керек.Осы жұмыс іздейтін уақыт фрикциондық жұмыссыздықтың негізін құрайды.Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдаймен байланысты:бар ваканстя туралы информация болмағанданемесе осы информация тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында қашан болмасын сәйкессіздік болады.Осы жұмыссыздық дәрежесі жаңа жұмыс істеуге кеткен уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді(1 айдан 3 айға дейін).

Құрылымдық  жұмыссыздық.Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы профессионалдық-квалификациялық және территориялық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады.Экономиканың дамуы құрылымдық өзгерістер тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады.Капиталдар нарығында сұраныс құрылымында өзгерістер орын алып отырады құрылымында өзгерістер орын алып отырады.Осының нәтижесінде жұмысшы күшінің профессионалдық-квалификациялық құрылымында өзгерістер пайда болады, бұл-жұмысшы күшінің тұрақты түрде территориялық және салалық қайта бөлінуін талап етеді.Экономиканың бір секторларынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айырылған жұмыскерлер басқа салалардағы  бар бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда, құрылымдық жұмыссыздық орын алады.Фрикциондықпен салыстырғанда құрылымдық жұмыссыздықтың мерзімі ұзақ болады (әдетте қатарынан алты айдан артық).Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте төмен квалификациялы немесе ескірген мамандығы бар жұмыскерлер жатады және ол экономикалық жағынан артта қалған аудандардың халықтарын қамтиды.

Маусымдық жұмыссыздық өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс. Бұларды жыл бойында еңбекк сұраныс елеулі өзгеріп тұрады.

Циклдық жұмыссыздық. Бұның нгізін экономикалық құлыдраумн жән сұраныстың жетімсіздігімен байланысты, өнімнің шығырылуымен және жұмыспн қамтудың көлемдерінің циклдық ауыттқулары құрайды. Циклдық жұмыссыздық жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін нақты ЖҰӨ - ң азаюымен және жұмысшы күшінің бір бөлшегінің жұмыстан босауымен байланысты болады.

Осымен қатар, нақты  және жалғал жұмыссыздық болады. Бірінші жағдайда, адамның еңбекке қабілет және ықыласы болады, бірақ еңбек нарығында түрлі жағдайларға байланысты ол жұмыс таба алмайды. Екінші - әртүрлі себептермен еңбекке айналысы келмейтін адамдарды сипаттайды. Жұсыссыздық ашық және жасырынды, ұзақ мрзімді және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді циклдық және құрылымдық, ал қысқа мерзімдікке – маусымдық және фрикциондық жұмыссыздық жатады. Құрылымдық жұмыссыздықтың бір формасына технология және жаңа жабдықтар енгізуімен байланысты және ол адамдарды машинамен алмастырып, жұмыссыздық тудырады.

Көріну сипаты жағынан  жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Бұған берілген уақыт кезінде  экономикалық белсенді халық санына кірмейтін адамдар жатады., бірақ  олар егер де ұсынылған жұмыс қолайлы  келсе, жұмыс күші қатарына қосылуы даяр. Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істмейтін, бірақ еңбек қатынасы кәсіпорынмен ресми түрде үздегн (осы себепті жұмыс істеушілер қатарында болып сптлінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн, апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжиребеде бұл жәйтті толық жұмыс істеушілік деп атайды. Тағы да бұған қоса конверсиялық, экономикалық, тоқырау, жоспар арасындағы жұмыссыздық түрлрі болады. Конверсиялық армияның әәскери өндіріске кешен салаларындағы қысқартуға байланысты болады. Экономикалық – нарық коньюктурасының ауытқуына тауар өндірушілердің бәсеккккелестік күресте жеңілуіне байланысты болады және бұл жұмыссызжықтың түрі тұрақты сипатта болады. Жоспар арасындағы жұмыссыздық мектеп бітіргеннен кейін оқуға түсе алмай қолса болады. Ал тоқырау жұмыс істегісі келмейтіндерге және де уақытша жұмыс істей алмайтындарға байланысты. Бұл жұмыссыздық өсу қарқыны жоғары болады.

 

 

 

II. Жұмыссыздық және жұмысбастылықты талдау

2.1 Жұмыссыздық деңгейі және әлеуметік-экономикалық салдары

 

Экономика ресурстарды  қаншалықты жақсы қолданатынына  байланысты сипатталады. Негізгі экономикалық ресурс жұмысбастылықты қолдайтын  жұммыс күші болады – бұл экономикалық  саясаттың маңызды мақсаты. Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші ( пайыз түрінде ). Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды.Жұмыс күші – жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы. Демек,

                 Жұмыс күші =  жұмыс істейтіндер  саны + жұмыссыздар саны

                 Жұмыссыздық деңгейі =  жұмыссыздар саны * 100 %

                                                             жұмыс күшінің жалпы саны   

 

Ол Халықаралық еңбек  ұйымының ( ХЕҰ) әдісі бойынша және әр     мемлекеттің  арнайы заң нормаларымеен есептелінеді. ХЕҰ әдісі бойынша, мемлекеттік жұмыспен қамту органдарынан басқа қызмет орындары мезгіл – мезгіл халықтық сұрақтану жүргізеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін есептеумен Статистика бойынша агенттігі шұғылданады.Статистикалық мәліметтерде  соңғы кезде екі көрсеткіш есептелініп жүр: жұмыссыздықтың ресми және жалпы деңгейі.

Жұмыссыздықтың масштабын  азайту мақсаты ретінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне жету көзделді. Өйткені  жұмыссыздықты мүлдем жою мүмкін емес және ондай мақсаты қойып  керегі де жоқ. Толық жұмысбастылық кезендегі жұмыссыздық деңгейі уақытша жән құрылымдық деңгейлерінің қосындысына тең. Басқа сөзбен айтқанда, толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі циклдық жұмыссыздық нольге тең болған жағдайға ғана жетеді. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көллемі “экономикалық өндірістік әлуеті” деп аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табағи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе – теңдік жағдайында болғанда, яғни жұмыс іздеушілер бос жұмыс орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнайды. Бірақ еңбек рыногының бұл жағдайында кәсіптік – биліктілік жағынан бос жұмыс орны мен онда жұмыс істегісі келетін адамдар арасында толық сәйкестік бар деуге болмайды, бірақ сан жағынан ұсыныс пен сұраныс бірдей болуы мүмкін.

Жұмыссыздық нарықты  қатынастардан туады, сондықтан  ол экономикадағы өзгеріспен тығыз  юайланысты. Жұмыс істейтіндер өзгеріс  тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады, ал жұмыссыздар – атқармайды, осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне әсерін тигізді. Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз тәуелділік, бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші, экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы деген ат алды. Оның септеуі бойыншща, егер ЖҰӨ 2,7% - ға өссе, жұмыссыздық деңгейі өзгермейді; ал ЖҰӨ қосымша тағы 2%- ға өссе жұмыссыздық деңгейін бір пайызға азайтады және керісінш, ЖҰӨ - ң қосымша қысқаруы жұмыссыздық деңгейін көтереді. Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасында байланысты көрстеді:

                                 Y-Y*

                               ¾¾¾   =  - ß (u-u*)

                                   Y*

Мұндағы       Y – нақты өнім көлемі;

                      Y* – потенциалды ЖҰӨ;

                      u – нақты жұмыссыздық деңгеййі;

                      u* - табиғи жұмыссыздық деңгеййі;

                      ß – эмпирикалық коэффициент.

Жұмыссыздықтың    экономикалық    және     әлеуметтік салдары:

    1. Қоғамда   бар   болатын   потенциалды   мүмкіндіктер көлемімен    салыстырғандағы    ЖҰӨ    көлемі    артта    калып отырады.
    2. Халықтың      әр      түрлі      әлеуметтік      топтарында жұмыссыздық шығыны тепе – тең  бөлінбейді.
    3. Жоғары дәрежелі маман жұмысшылар жоғалады. [5, 12б.]
    4. қоғамның экономикалық әлеуетін толық пайдаланбау;
    5. жұмыстан босап қалған жұмысшылардың біліктілігі жоғалады;
    6. халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары арасында жұмыссыздық шығындарын тең бөлмеу орын алады;
    7. қылмыс жасауға қолайлы негіздер пайда болады. Оны толығырақ 1 суреттен  көреміз.

Жұмыссыздар ішінде көп  жағдайда әйелдер мен 30 жасқа дейінгі ерлердің үлес салмағы біршама жоғары болады.

Еліміздегі соңғы жылдардағы еңбек нарығы көрсеткіштеріне тоқталайық. Нарыққа өту кезеңінде еңбек нарығындағы жағдай республика бойынша еңбек ресурстарының төмендеуімен   және жұмыссыздықтың көбеюімен байқалды.  Дегенмен бұл жағдай қазір біртіндеп оңтайланып келеді. 

 

Кесте1

Қазақстан Республикасының еңбек нарығы жағдайының 2007-2010 жылдар көрсеткшін төмендегі кестеден толығырақ көруге болады:

 

 

Көрсеткіштер

 

Тұрғындар (15жас және одан жоғары жастағылар)

 

2007

2008

2009

2010

Еңбек ресурстары (мың адам)

7399,7

7840,6

7901,7

8028,9

Экономикалық белсенді халық, мың адам %

70,0

69,9

69,4

69,7

Экономикадағы қамтылғандар(мың адам)

6985,2

7181,8

7261,0

7403,5

15жас және одан жоғары  жастағы тұрғындар %

63,9

64,0

63,9

64,3

Экономикадағы белсенді халық,%

91,2

91,6

91,9

92,2

жалдамалы жұмыссыздар

4229,6

4469,9

4640,5

4776,6

өз бетінше жұмыспен қамтылғандар

2755,6

2711,9

2620,5

2626,9

Экономикадағы қамтылғандар

39,4

37,8

36,0

35,5

Жұмыссыздар (мың адам)

672,1

658,8

640,7

625,4

Жұмыссыздық деңгейі, %

8,8

8,4

8,1

7,8

Жұмыспен қамту орталығына қатынасқандар

273,5

282,0

262,5

264,4

Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтылғандар

154,6

167,5

184,7

204,7

Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыздар ретінде тіркелгендер

142,8

117,7

94,0

75,1

Экономикалық енжар халық (мың адам)

3278,6

3383,4

3476,9

3493,9

Экономикалық енжар халық %

30,0

30,1

30,6

30,3


 

 

 

 

 

 

Кестедегі мәліметтер негізінде талдау жасасақ:

 

Ал, қаламыздағы жұмыссыздар  деңгейіне статистикалық талдау жасайтын болсақ. Бұл деректер қалалық  Статистика Басқармасының мамандарының берген соңғы мәліметтері негізінде жасалынып отыр. Жұмысқа қабілетті жастағы жұмыссыздар: 1. барлығы орташа есеппен  3761, ауылдық жерден 608, оның ішінде әйелдер 2322, ауылдық жерлерде 319,  жастар (16-24 ж) 867, ауылдық жерлерде 117, соңғы көрсеткіші 7994 адам. 2. Жұмыссыздар құрамы жастар ішінде: 1. 16-19 жас аралығында орташа есеппен барлығы 14, ауылдан 4, оның ішінде әйел адамдар саны 7, ауылдық жерден 2, барлығы соңғы көрсеткіші 27. 2. 18 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар саны барлығы 8, ауылдық жерден 4, оның ішінде әйел адамдар 4, ауылдық жерден 2, жалпы соңғы көрсеткіші 18 адамды құрайды.

Сонымен, Қазақстан Республикасында  соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейі  азайып, жұмыс орындары көптеп ашылып жатыр, оның басты себебі еліміздегі шағын және орта бизнестің дамуымен, отандық өндіріс орындарының қайтадан жұмыс істей бастауымен түсіндіріледі.

 

 

2.2 Халықты жұмыспен қамту

 

Жұмыс күші болашақ тауар  ретінде өзін еңбек нарығына өткізеді, өзінің әлеуметтік - экономикалық қатынастар болып саналатын жалдауға беретін жұмыс күші туралы және жұмыс беруші мен жұмыс күші арасындағы пайдалануды көрсетеді. Нарықта еңбекақы мөлшері және жұмыспен қамтылу

бұл еңбекақы алу (еңбек  табысы) негізінде жеке және қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыруға байланысты адамдардың іс - әрекеттері еңбек нарығының мөлшері қалай еңбек ресурстары, солай өндіріс күшінің даму ауқымы арқылы анықталады. Кез келген тауарлы нарық өзіне тән кез келген өзге тауарлы нарыққа қарағандағы өзгешелігінің өзгеше белгісі ол жалдау және жұмыс күшін пайдалану негізінде қалай кызметкерлердің, солай жұмыс беретіндердің еркіндігі, сонымен қатар мемлекет тарапынан әлеуметтік кепілділікті кдмтамасыз ету пайда болады.

Жұмыс күші нарығы инерциялық және қағида бойынша ол өндіріс сияқтанған жылдамдықпен кайта құрылуға қабілетсіз. Кәсіпкерлік құрылымы, сыныптаманың деңгейі және еңбек нарығының басқа да сипаттамасы біршама баяу өзгереді, өндірістің қажеттілігінен артта қалады.  Осының нәтижесінде институционалдық жұмыссыздықтың ерекше алуан түрлілігі байқалады. Институционалдық бос жұмыс орындары жөнінде жетілдірілмеген ақпараттың болуынан пайда болған жұмыссыздықты айтуға болады.

Еңбек нарқы кез келген тауарлы нарық сияқты сұраныс  пен ұсынысқа негізделген. Сұраныс - бұл жағдайда қажеттілік нысаны ретінде бос жұмыс орындары мен жұмыстың орындалуында бой көтереді, ал ұсыныс қамтылмаған жұмыс күшінің немесе жұмыс орнын өзгерту тілектерінің болуы.

Информация о работе Жұмыссыздық және жұмысбастылықтың теоретикалық негіздері