Жұмыссыздық және жұмысбастылықтың теоретикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 22:43, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................................4
I Жұмыссыздық және жұмысбастылықтың теоретикалық негіздері...........................5
1.1Жұмысбастылық түсінігі.................................................................................................5
1.2Жұмыссыздық типтері және түсінігі..............................................................................7
II Жұмыссыздық және жұмысбастылықты талдау..........................................................10
2.1Жұмыссыздық деңгейі және әлеуметік-экономикалық салдары............................10
2.2 Халықты жұмыспен қамту............................................................................................14
III ҚР жұмыссыздықты жою және жұмысбастылықты жетілдіру жолдары...............20
Қорытынды................................................................................................................................30Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................................32

Вложенные файлы: 1 файл

Жумыссыздык.doc

— 432.00 Кб (Скачать файл)

Жалпы 2000 - 2001 жылдары  Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың  саны өндірісте - 20712 мың адамға, ауыл шаруашылығында - 287 мыңға, транспорт  пен байланыс саласында - 68 мыңға, құрылыста - 747 мыңға өскен.

Сонымен, жұмыссыздық халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет. Осы құрылымдық даму стратегиясы бір - бірімен байланысты жалпы ұлттық экономикалық, әлеуметтік және технологиялық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын көздеген. Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең технологиялык өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде қолдап - дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру біріншіден, көптеген жұмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады; екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады; үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.

Әрине бұл Қазақстанның ұзақ мерзімдік әлеуметтік - экономикалық және құрылымдық даму бағдарламасы екені  түсінікті. Ал нақты әлеуметтік жағдайлар, оның ішінде, жұмыссыздықпен табыс  табу мәселесі күнделікті және тоқтаусыз  шешімдер мен іс - әрекеттерді қажет ететіні де белгілі. Сондықтан, Президенттің Үкімімен орталық Үкімет пен жергілікті әкімшіліктер алдына басым міндет ретінде жұмыссыздық пен кедейшілікті жоюдың жалпы мемлекеттік және әрбір жеке аймақтың орта мерзімдік (2001 2003 жж.) және қысқа, әрбір кезекті жылға арналған арнайы бағдарламаларын жасау, олардың орындалуын қамтамасыз ету, Үкімет пен президент Кеңестерінің кеңейтілген мәжілістерінде есеп беру тәртібі белгіленді.

Қазақстан Республикасындағы  еңбек нарығындағы мәселелерді  шешудегі негізгі мемлекеттің іс – шараларының  бағыттары, Үкімет тарапынан қабылданған стратегиялық бағдарламалар, Президенттің Жолдауларында жоспараланған және бекітілген тапсырмалардың негізінде жүзеге асырылуда.

Мемлекет тарапынан 2004 жылы Халықты жұмыспен қамтудың 2005 – 2007  жылдарға арналған кешендi бағдарламасы қабылданды. Сондай-ақ  2006 – 2008  жылдары кедейшiлiк пен жұмыссыздықты азайту мақсатында Үкімет бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарламалардың жұмыссыздықты азайту саласындағы негiзгi мақсат  - еңбек нарығында белсендi саясатты жүзеге асыру арқылы кедейшiлiктi азайту және тиiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейiн төмендету, жұмыс күшiнiң сапасын арттыру болып табылады. Бағдарламада халықтың жұмыспен қамтылу деңгейiн өсірудi ынталандыруға, мақсатты топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге, халықтың жұмыспен қамтылуы саясатын ақпараттық қолдауға, жұмыспен қамту саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiруге бағытталған шаралар кешенiн жүзеге асыру көзделеді

Аталған мақсатқа жету үшiн  мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:

  • елдiң тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету; 
    шағын бизнесті қоса алғанда кәсіпкерлiкті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
  • қосымша жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және шағын кредит беру, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту, білiктiлiгін арттыру және қайта даярлау есебiнен еңбек рыногындағы белсендi шараларды одан әрi дамыту және жетілдіру;
  • халықтың кедей және осал топтарының мүдделерiнде атаулы әлеуметтiк көмек көрсету тетiктерiн жетілдiру;
  • елдегi кедейшiлiктi азайтуда мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлігін арттыру;
  • жұмыспен қамтудың белсендi нысандарын дамыту бағытында нормативтік құқықтық базаны жетiлдiру, ішкi еңбек рыногын қорғау,
  • елдің еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
  • жұмыс орындарын құру мониторингi бойынша ақпараттық базаны жасау, республикаға шетелдiк жұмыс күшiн тарту кезiнде қазақстандық азаматтарды даярлау және қайта даярлау;
  • еңбек қатынастарын заңдастыру, жұмыс орындарын құру және еңбек рыногында азаматтарды кәсіптік даярлауды арттыру;
  • жұмыссыздық проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргiзу.

Бүгінгі күні, яғни қаржы  дағдарысы басталғаннан бері соңғы  бір жарым жыл ішінде мемлекет тарапынан халықты жұмыспен қамту  және жұмыссыздық деңгейін азайту мәселесіне байланысты қабылданған мемлекеттің саясаты  - «Жол картасы» бағдарламасы. Қаламыздың осы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша көптеген іс-шаралар қолға алынды. Ерекше атап өтетін болсақ былтыр күз кезінде қалалық жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдастыруымен «Жол картасы» бойынша жұмыссыз жүрген мамандарды қайта оқыту және бос орындарға мамандарды тарту жәрмеңкесі өткізілді.

«Жол картасы» - бұл  қазіргі дағдарыс кезінде жұмыссыздарды  жұмыспен қамту және кадрларды қайта  даярлау курсынан өткізу бағдарламасы.

«Жол картасы» 2009 жылдың 6 наурызында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Дағдарыстан даму мен жаңаруға» атты Жолдауындағы іс-шараларды жүзеге асыру негізіне бағытталып, қабылданған бағдарламасы.

«Жол картасы» бағдарламасының  артықшылығы – Үкімет тарапынан  жұмыссыз азаматтарды қолдау, жаңа мамандық алып, жұмысқа орналастыруға жол ашу. «Жол картасы» негізінде Семей қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және тәжірибеден өткізуге бюджеттен 2 609 952 млн.теңге қаражат бөлінді. 54 мамандық бойынша 1510 адам оқытылып және қайта даярлаудан өткізілді.

Қалалық жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  берген ақпараттарына сүйенсек 4187 тұрақты  жұмыс орны, 1600 әлеуметтік жұмыс  орны, 1021 жастар практикасы бойынша, жалпы 6808 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Сонымен қатар, әкімшілік тарапынан қаладағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуда «Жол картасы» негізінде қала көшелерін ретке келтіру тазалық жұмыстары, аялдамаларды жөндеу, жолдарды жөндеу, әртүрлі саябақтарда гүлдер отырғызу сияқты жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға көптеп тартты. Оны бәріміз күнделікті көріп - біліп жүрміз.

Елдегі қазіргі қаржылық-экономикалық дағдарыс және жұмыссыздық деңгейінің өсуі бір жағынан, мүгедектік, маскүнемдік, нашақорлық, жарақаттану сияқты әлеуметтік құбылыстардың проблемаларын тереңдетті және екінші жағынан, әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж халық санының тұрақты өсуіне алып келетін кедейлікті, жұмыссыздықты, балалар қаңғыбастығын туындатты.

Сонымен, еңбек нарығы әлеуетінің біршама жоғары деңгейіне  қарамастан, Қазақстан еңбек нарығының төмен тиімділігіне ие. Жұмыссыздық өсуде, онымен бірге кедейлік те өз позициясын нығайтып келеді. Және әсіресе: жұмыссыздар мен кедейлер арасында жүмыссыздығының созылмалы сипаты салдарынан біліктілігінен толық немесе ішінара айрылған адамдар санының басымдығы алаңдатады. Жастар арасындағы жұмыссыздық айрықша алаңдаушылық туғызады.

Сонымен, осы мәселелерді  шешуде мемлекет тарапынан қабылданған  «Жол картасы» бағдарламасы жұмыссыздық  деңгейін азайту мен жастардың жұмыспен қамтылуына жол ашуда. Осы бағдарлама әрі қарай болашақта жалғасын тауып, мемлекеттік бюджеттен қаражат ресурстары көптеп бөлініп, алдағы уақытта жас мамандарға жұмыс орындары ашылса, халықтың әлеуметтік – экономикалық тұрмыс жағдайы көтеріледі, сондай-ақ  экономикамыз алға басады.

Қазақстан - 2030 стратегиялык бағдарламасы, Президенттің Жолдауындағы жұмыспен қамту мәселелері

Тұрмысы төмен азаматтарды  әлеуметтік қолдау жөніндегі өзге де шаралармен катар 2005 жылдың соңына қарай 2003 жылдың басымен салыстарғанда  күнкөрісі кедейшілік деңгейінен төмен азаматтар саны екі еседен астамға азаюы тиіс.

Біз еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі заңнаманы жетілдіре  береміз, Еңбек кодексінде заңдастырылған еңбекпен қамтылуды ынталандыруды  көздейміз, еңбекпен қамтудың қазіргі  заманғы үлгісін қалыптастырамыз.

18 ақпан күні 2005 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті  Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына  жолдауында былай деп айтты:

«Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық: біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәріпен де бурып балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір суруіді қаладық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік.

Өзіміздің төл теңгеміз айналысқа енген, экономикалық тәуелсіздігіміз  аныққа шыққан 10 жыл кезеңді алайықшы. Бүл 10 жыл - елімізді тұрақты еткен, экономикамыздың да мүшелді мерекесі».

Ал, жұмыссыздық жөніндегі  динамикаға тоқталатын болсақ, соңғы  жылдары республиканың көптеген аймақтарында жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі байқалады. Мәселен, Атырау облысындағы жұмыссыздық деңгейі 2003 жылдың қорытындысы бойынша 9,4 пайыз төмендеді. Қызылорда облысындағы аталмыш көрсеткіш осыған сәйкес 10,8 пайыз, Жамбыл обылысында - 10,7 пайыз - ды құрады.

2003 жылғы жұмыссыздықтың  ең төмен деңгейі Шығыс Қазақстан (7,6 пайыз) және Қарағанды (7,6 пайыз) облыстарында байқалды.

Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тартудың ең жоғары көрсеткіші Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан  облыстарында байқалады.

Оқуға тартылған жұмыссыздардың ең көп саны Қарағанды (4,8 мың адам), Алматы (4,0 мың адам), ІПығыс Қазақстан (2,5 мың адам), ал ең азы Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалады.

 

 

 

 

Қорытынды

 

 Берілген курстық жұмысты қорытындыласақ, мынадай тұжырымға келуге болады: жұмыссыздық - әлеуметтік – экономикалық құбылыс. Яғни жұмыссыздар – бұл тұрақты жалақысы жоқ, еңбекке жарамды адамдар саны. Экономикада жұмыссыздықтың бірнеше түрлерін ажыратуға болады: фрикциондық, құрылымдық, маусымдық, циклдік, технологиялық, жасырын және коверсиондық. Сонымен қатар нақты және жалған жұмыссыздық та болады. Жұмыссыздықтық негізгі көрсеткіштерінің бірі – жұмыссыдық деңгейі. Жұмыссыздық деңгейі бұл – жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі сақталады. Ол циклдік жұмыссыздық нольге тең болғанда, яғни құрылымдық пенфрикциондық жұмыссыздықтың қосындысына тең болады. Жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасында кері байланыс болады. Ол байланысты Оукен заңы деп атайды және ол мынаған тең:

                                 Y-Y*

                               ¾¾¾   =  - ß (u-u*)

                                             Y*

Қазақстандағы жұмыссыздық жағдайына  тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасының  статистика бойынша агентігінің  мәліметтеріне сүйене отырып, еңбек нарығында жыл сайын жұмыссыздық деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады деуге болады. Талдау нәтижелеріне сүйенсек 2010 жылы жұмыссыздық деңгейі алдыңғы жылға қарағанда 0,6% - ға төмендеген, яғни оның деңгейі 2010 жылы 9,5 % болды. Еңбек нарығында бәсеке қабілеті төмен адамдар бұрынғысынша әйелдер мен жастар болып отыр. Жұмыссыздық деңгейі әйдерде – 8,6%, ерлерде – 5,7%, ал жастар арасында бұл көрсеткіш – 12,4% - ды құрады. Сонымен қатар жұмыспен қамту проблемасы шағын қалалар мен ауылдық өңірлерде аса өткір болып отыр.

Осыған байланысты жұмысбастылықты  төмендетудің негізгі бағыттары  жұмыс күші ұсынысы мен сұранысына әсер ету жолымен жүзеге асырылады  деген тұжырымға келдім. Қазақстан  Республикасының жұмыспен қамту  туралы заңына сәйкес жұмыс беруші, кәсіпорын халықты жұмыспен қамтуға белсенді қатысуы керек. Заң бойынша жұмыс берушілер мемлекеттік жұмыспен қамтусаясатыніске асыруға:

-жұмыссыздарға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;

-қызметкерлерді кәсіби даярлау және оларды оқыту жүйесін дамыту;

-қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге жәрдемдесу;

-қызметкерлерді сақтандыру және тағы сол сияқты әрекеттер жүргізу арқылы қатысады.

Ал мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелі әрі еркін таңдау арқылы қалыптасуына жәрдемдесетін саясат жүргізілуін қамтамысыз етеді. Осыған орай мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың мынандай түрлерін көрсетеді:

-жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

-жұмыссыздар үшін кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

-қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздарға еңбегіне ақы төлеу;

-табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету.

Қазақстан Республикасында жұмыссыздыққа  қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру үшін 2007 –2010 жылдарға арналған жұмыспен қамту бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі бағыттары:

-экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын құру;

-жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс теңгерімділігі жөніндегі шаралар жүргізу;

-халықты әлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуынұйымдастыру;

-қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту;

-жұмыспен қамтудың өңірлік проблемаларын шешуде жергілікті атқарушы органдардың ролін атқару жөніндегі шаралар қабылдау;

-білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және т.б.

Бұл курстық жұмысты аяқтай отырып, елбасымыздың 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан  халқына жолдауында айтқан сөзімен  түйіндеймін: “Нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты. Мемлекет қоғамның шын мәнінде көмекке зәру мүшелеріне ғана қолдау көрсету жөніндегі толық жауапкершілікті өз мойнына алуға міндетті”.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров І.А.  Экономикалық теория. Алматы, 2002 жылы, 282 – 288б.
  2. Жумабаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы. Алматы, “Қазақ университеті”, 2003 жылы, 144 –157б.
  3. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Алматы, “Экономика”, 2003 жылы, 59 – 80б.
  4. КарГУ им. Е.А. Букетова, Современная экономика Казахстана, Караганда 2005 жылы, 14 – 16б.
  5. Нұрмұхамедова Ш.С. “Жұмыссыздық – кедейшіліктің басты себептерінің бірі”, ҚазҰУ хабаршысы, 2005 жылы, №2, 132 – 134б.
  6. Алпысбаева С.Н. “Экономика рынка труда”, Караганда, 2002 жылы, 87 – 100б.
  7. 30.12.1998 жылдан №341 – 1 (22.11.1999 жылдан №483 – 1 өзгертулер) “Халықтың жұмысбастылығы туралы”, ҚР – ның заңы.
  8. Қатарбаева А.А. “ҚР – да еңбек нарығындағы істің жағдайы туралы”, Справочник кадровика Казахстан, 2006 жылы, №7, 38 – 44б.
  9. ҚР – ның халқын жұмыспен қамтудың 2005 – 2007 жылдарғы арналған бағдарламасы.
  10. Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамалығы. 2006 жылы, 138 – 140б.
  11. ҚР – ның президенті Н. Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2006 жылы 1 наурыз.

Информация о работе Жұмыссыздық және жұмысбастылықтың теоретикалық негіздері