Жұмыс бастылық және жұмыссыздық себептері, түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2014 в 17:08, реферат

Краткое описание

Фрикциондық жұмыссыздық –еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жорқтығының нәтижесінде болады .
Маусымдық жұмыссыздық – ауыл шаруашылығының кейбір салалағында ,
әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдері қолданылғанда болады .

Содержание

Негізгі бөлім.
а) Жұмыссыздықтың теориялық негіздері.
ә) Жұмыссыздық және жұмысбастылық.
б) Жұмыссыздық түрлері және олардың себептері
Қортынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Жұмыссыздық-және-жұмысбастылық.doc

— 103.50 Кб (Скачать файл)

 Жұмыссыздықтың   зардабын   бәсеңдететін  факторлардың  бірі  ғылыми – техникалық  прогрес . Ғылыми – техникалық  прогрес ,  жаңа  қосымша  жұмыс  күшін   қажет  ететін  жаңа  өндіріс  түрлері  мен шаруашылық  салаларын  тудырады ,  ол  материалдық  өндіріс саласында  еңбек  етуге  қабілеті  бар  тұрғындарды  жұмыспен  қамтуды  көбейтеді . Жалпы , ғылыми – техникалық   ревалюция  жағдайында   жұмыспен  қамтуды  тұрақты  түрде  өсіру ,  негізінен,  өндірістік емес  салалардың  дамуы  арқылы  жүзеге  асырылады .  Оның  ұлғаюы ,  тұрғындардың  әртүрлі  қызмет  тұрлеріне  деген  шығынның  тез  өсуімен  және  халық  шаруашылығының   орташа  көрсеткішіне  қарағандағы  жоғары  еңбек  ауқымдылығымен  сипатталады . Мысалы , 80 – шы  жылдары  жұмыспен  қамтуды  көбейтуде  өндірістік  емес саланың  үлесі  АҚШ  пен Жапонияда  80 -90 % , ал  Батыс  Европада   100  %   құрады. Қандайда  жұмыссыздық  болмасын  қоғамдағы  аса  ауыр  экономикалық  және  әлеуметтік  қайшелық . Батыс  елдерінде  жұмыссыз  болу – тек  қана  жұмысты  жоғалту  ғана  емес ,  сонымен  бірге  адам  өзінің  ар – намысын , абырой – беделін   жоғалту  деп  те  есептеледі .

                 Шетелдердегі  бағалау  бойынша ,  жұмысты  жоғалту ,  өзінің  қасірет  – жағынан  жақын  туыс  адамның  өлімі  немесе  түрмеге  түсуден  ғана  кейін  тұрады  екен . Кәсіпорынның  жұмысының  түпкі  нәтижесінен  тәуелсіз ,   жаппай  жұмыспен  қамту  жұмыскерлердің  өндіріс  тиімділігін  арттыруға  деген   жеке  мүдделіліктеріне  кері  әсер  етті , олардың  өндірісті  басқарудан  шеттелуіне  әкеліп  соқтырды .  Осының  бәрі  еңбек  тәттібінің  шұғыл  құлдырауына  үлкен  экономикалық  шығындарға  жол  берді. Бұдан  тиімді  түрдегі  жұмыспен  қамту  жолы  еңбек  нарығында  жатқаны  айқын  бола  түседі .  Еңбек  нарығы – бұл  жұмыс  күшін  ( адамның  еңбек  ету  қабілеті ) тауар  түрінде  сату – сатып  алуға  байланысты  болатын  экономикалық   қатынастар  жүйесі . Еңбек  нарығы  жоғары  квалификациялы  еңбектің  беделінің  сөзсіз  көтерілуіне  әсер  етеді , осының  арқасында  әрбір  жұмыс орнының  бағасы  артады ,  жұмыскерлерге  және  олардың  еңбегінің  сапасына  деген  талап күшейеді.

               Еңбек  нарығына  барынша  қабілетті  және  іскер  жұмыскерлерді  қатал ,  аяусыз  түрде  іріктеу  тән . Олар  жалқауларды , әлсіздерді  және  еңбек  етуге  қабілетсіздерді  аямайды . Еңбек  нарығы  жұмыс  күшін  толық  бағалауды  қамтамасыз  етеді ,  оның  жоғары  жылжымалылығына ,  қозғалысына , ширақтығына  себепші  болады ,  іскерлік  пен  белсенділікке   ынталандырады . Нарықта  жұмыс  күшіне  сұраным  мен  ұстаным  заңы  әрекет  етеді , ол  еңбекке  төленетін  ақының  шамасын  белгілейді . Бұл  жерде  жұмыс  күшін  сатушылар  мен  сатып  алушылар  кездеседі .  Өзінің  жұмыс  күшін ,  яғни  еңбек  ету  қабілетін ұсынушы  жұмыскерлер  сатушылар  болып  табылады .  еңбек   ұжымдары  мен  кәсіпкерлер  жұмыс  күшінің  сатып  алушылары  болады .  Бір  сөзбен  айтқанда ,  еңбек  нарығын  мойындау  жұмыс  күшінің  әлеуметтік – экономикалық  табиғатын  және  оның өндіріс  құрал  жабдықтарымен  қосылу  тәсілін  түбегейлі  өзгертеді . Қазіргі  біздің  экономикамызда жұмыс күшінің тауартабиғатыжөніндегі ғылыми  дау       

 негізінен  аяқталды  деуге  болады .  Еңбек  нарығының  әрекет  ету  жағдайында  жұмыс  күші  тауарға  айналады ,  ал  оны  өндіріс  құрал  жабдықтарымен  қосу  нарықтық  тәсілмен – сату – сатып  алу  арқылы  жүзеге  асад. Егер  де  жұмыс  күші  тауар  болса ,  онда  оның  құны  туралы  сұрақ   туады .  Ол  қалай  анықталады  және  қазіргі  кездегі  оның  шамасы  қандай ?  Жұмыс  күшінің  құны ,  оны  қайта  өндіруге  қажетті  өмір  сүру  құралдарының  құнымен  анықталады .  Әзірше ,  дүние  жүзінің  көтеген  елдеріне  қарағанда  біздің  елімізде  адамның  еңбегі ,  оның  жұмыс  күші  төмен  бағаланады .  Мысалы ,  Швейцарияда  дір  сағаттық  еңбек – 30 ,  Германияда – 28 ,  Австрияда – 22 , Францияда – 15  доллар  тұрады . Біздің  есебіміз  бойынша  бұл  көрсеткіш ,  қазіргі  таңда  Қазақстанда , орта  шамамен  0,10  доллар  ( инфляцияның  деңгейін  ескеру  керек ) құрады .                       

               Толық  жұмысбастылық  ұғымына  анықтама  берудің  алдында  жұмыссыздықтың  3  түрімен  танысуымыз  керек . Олар : уақытша , құрылымдық  және  цикілдік.

 

 

                        Уақытша  жұмыссыздық. 

               Кейбір  адамдар  өз  мамандықтары  бойынша  қызмет  түрлерін  таңдау  мүмкіншіліктері  бар  кезде  “ жұмысаралық ”  жағдайда  қалады . Кейбіреулерін  жұмыстан  шығарып  жіберіп ,  олар  басқа  жұмыс  орнын  іздеп  жүреді .Басқа   біреулер  тұрақты  жұмысын  жоғалтқандықтан уақытша  жұмыссыз  болады   

( мысалы ,  құрылыстағы  қолайсыз  жағдайы ) .  Сонымен  қатар  жастар  арасында  алғаш  рет  жұмыс  іздеп  жүрген  адамдар  санаты  болады .

               Осы  жұмыссыз  адамдар  жаңа  жұмыс  орнына  немесе  уақытша  жоғалтқан  жұмысқа  қайтып  келген  кезде ,  олардың  орнын  басқа  жұмассыздар  басады . Сондықтан , әр  түрлі  себептермен   жұмыссыз  қалған  адамдар   санаты   құрамын  өзгертсе  де , осы  жұмыссыздық  типі  қала  береді . Уақытша    деген  анықтама   бұл  құбылыс  мәнін  нақты  көрсетеді: еңбек нарығында  жұмыс  орны  мен  жұмыс  күші   арасындағы  сәикестілік  орындалмайды . Уақытша  жұмыссыздар  еңбек  нарығына  ұсынатын « білімдері » бар  деп  есептелінеді .Уақытша  жұмыссыздық  міндетті  және  ерікті  болып  белінеді .  Жұмысшылардың  көпшілігі  жұмысаралық   жағдайға өз еркімен түседі , олар - өздерінің   төмен  жалақылы  жұмыстарын   жоғары  жалақылы  жұмысқа  араластырады .  Бұл   жұмысшылардың   өздеріне  үлкен  табыс  әкеледі  және  еңбек  ресурстарының  ұтымды  пайдасын  арттыру  дегенді  білдіреді . Яғни ,      жалпы  экономикадағы  нақты  өндіріс  көлемінің  ұлғаюы .

 

                            Құрылымдық  жұмыссыздық .                                                                      

  Уақытша жұмыссыздық  ақырындап  “Құрылымдық  жұмыссыздық ” деп  аталатын екінші санатқа  ауысады . Экономистер  “ құрылымдық ” терминін  құрамдық деген  мағанада қолданды. Уақыт өте келе технология   мен      

-сұраныс  құрылымында  өзгерістер  болды , олар  өзалдына  еңбек  күштеріне  жиынтық  сұраныс  құрылымын  өзгертеді . Осы  өзгерістердің  нәтижесінде  кейбір  мамандықтарға  деген  сұраныс  азаяды  немесе  мүлде  жойылады . Басқа  мамандықтарға , соның  ішінде   жаңаларына  сұраныс  көбейеді . Бұл  жағдайда  еңбек  күші  еңбек  орындарының  құрылымындағы  жаңа  жаңа  өзгерістерге  бірден  және  толық  жауап  бере  алмағандықтан  жұмыссыздық  пайда   болады . Кейбір  қызметкерлердің  өздерінің  мамандық   тәжірибелері  нарық  сұранысына  сәйкес  келмейтіндігіне  көздері  жетеді ; олардың  тәжірибесі  мен  іскерлігі  технология  мен  сұраныс   сипатында  болған  өзгерістерге  байланысты  ескіріп ,  керексіз  болып  қалады . сонымен  қатар  жұмысбастылықтың  географиялық  құрылымы    әрдайым  өзгеріп  отырады .  Бұдан  соңғы  10 жылда байқалған  жұмыс орындарының “қысқы  белдеуден ” -  “ жазғы   белдеуге ”  миграциясы  мысал  бола  алады .

                Уақытша  және  құрылымдық  жұмыссыздық  арасындағы  айырмашылық  анық  емес . Уақытша  жұмыссыздар  да  “ сатуға  болатын ” тәжірибе  бар , ал  құрылымдық  жұмыссыздар  жаңа  жұмыс  орнына  орналасуы  үшін  арнайы  оқу  курсын  өтуі  керек ,  ал  кейде  тұрғын  жерін  де  ауыстыруы   керек . Уақытша   жұмыссыздық  қысқа  мерзімді , ал  құрылымдық  жұмыссыздық  ұзақ  мерзімді ,  сондықтан  ол қауіпті  болып  снылады . Циклдік  жұмыссыздық .

          Циклдік  жұмыссыздық  құлдырау  кезеңінде ,  яғни  жалры  немесе  жиынтық  шығындардың   жетіспеушілігімен  сипатталатын  кезеңдепайда  болады .  Тауарлар  мен  қызметтерге  жиынтық  сұраныс  азайғанда , жұмысбастылық  төмендейді , жұмыссыздық  өседі . Сол  себепті  циклдік  жұмыссыздықты  кейде “ сұраныс  тапшылығына  байланысты  жұмыссыздық ” деп  атайды .                 

 

 

 

                                               

 

                                               Қортынды

 

        Жұмыссыздық – ең  өткір  мәселелердің  бірі  болып  табылады . Жұмыссыздықтың  халық  арасында  көп  таралуы  елдің  экономикасына  зор  нұқсан  келтіреді .  Қандай  да  мемлекет  болмасын  халқының  тұрмысының , әл – ауқатының  деңгейінің жоғары  болуы  сол  елдің  экономикасының  артып , барлық  жағынан   дер  қарқынмен  дамуын  қалайды .  Осыған  байланысты  қазіргі  таңда  нарықтық  экономика  мен   әлеуметтік  әділеттік  негізінде жоғары  өркенинтті  демократиялық  қоғам  құру  жолында  әртүрлі  оқиғаларды  басынан  кешіп  отырған  республикамыздың  бүгінгі  тіршілігінің  негізгі  мақсаты  мемлекеттегі  әрбір  азаматтың  бақытты  өмірін  және  мұң – мұқтажсыз  ауқатты  тұрмысын  тұрмысын  қамтамасыз  ету .

        Менің  ойымша  қалаларға  жаңа  технологиялар  алып  келіп ,  жұмыс  орындарын  алмайынша  аталмыш  шаруа  шешімін  табуы  екіталай деуге  негіз  бар .  Оның  үстіне  шикізаттың  барлығы  дерлік  шетелдіктер  қолында  болғандықтан, тауарлардың  өзіндік  құны  жоғары . Біз  қаншалықты еңбеккерлер  мен  зейнеткенлердің  жалақысын  артырып  отырғанымызбен ,  ол  бәрібір  инфляция  жетегінде  кетіп  жүр . Әсіресе ,  осыдан  жұмыссыз  отбаслар  қатты  зардап  шегеді .Сонықтан  орбір  отбасының  жағдайын  жақсарту  және  инфляция деңгейін  бәсеңдету  үшін  адамдарды  жұмыспен  қамту  шарт .

         Елдегі  жұмыспен  қамту  мәселесін  шешуде  кемшіліктер ,  кедергілер  аз  емес . Бұл  ауданның  әлеуметтік – экономикалық жағдайына  тіреліп  тұрған  жоқ .  Мәселен ,  Халықты  жұмыспен  қамту  туралы  заңға  бір  жылда  екі  рет  өзгеріс  енгізілсе ,  оның орындалу  механизмін   кешіктіру  жұмысты  жоспарлы түрде  жүргізуге  кері  әсерін  тигізеді . Яғни , бұрынғы  заңның  жетімсіздігін  өмір  көрсетті . Кейбір  мекеме ,  кәсіпорын басшыларының  заңды  құрметтеу  мәденйетінің  төмендігі  жұмыссыздарды  еңбекке   орналастырғанда  қиыншылықтар  туғызатыны  жасырын  емес . Осындай  сәйкессіздіктің  салдарынан  күнделікті  жұмыста  қолбайлаулар  да  кездесіп  жатады .      

 

 

                      Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. Я. Әубәкіров,  К. Нәрібаев,  М. Есқалиев, Е . Жатқанбаев, Е. Байжұмашев ,  

     ˝ Экономикалық  теория  негіздері  ˝  Алматы  ˝ Санат ˝  1998 ж .

2.  Шәденов . Ө. Қ,  Байжомартов. Ү.С,  Жүнісов. Б. А,  Комягин. Б. И.  ˝ Жаппы  экономикалық  теория ˝    Алматы – Ақтөбе    2002 ж

3. Әубәкіров .  ˝ Экономикалық  теория  негіздері ˝   Оқу  құралы .       Алматы  1999ж

4. Егемен  Қазақстан  ˝ Жұмыссызы жоқ аудан ˝ 28 сәуір 2001 ж  № 85   4 бет .

5.  Шымкент  келбеті  ˝Тіршілік  жанданса ,  жұмыссыздық  азаяды ˝ 6 ақпан

6. Шымкент  келбеті    ˝ Жұмыссыздық  жайы  әлі  де  жай  таппай  тұр ˝    20  желтоқсан    2002 ж

7.Егемен  Қазақстан  ˝ Жұмыссыздық  берті – ауыр  дерт ˝  24  сәуір  2004 ж 2 бет  № 105 – 106  ( 23742 ) 

8. Оңтүстік  Қазақстан   ˝ Жұмыссыздық жұлынын  үзуге  бола ма ? ˝ 26 маусым  2001 ж  № 47 ( 17234 )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жұмыс бастылық және жұмыссыздық себептері, түрлері