Инфляциялык таргеттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру,инфляциялық таргеттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Содержание

І бөлім. Инфляциялық таргеттеу стратегиясының классификациясы
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері-----------------------------------------5
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары-------------------------------------------8
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары----------------------------------14
ІІ бөлім.
Қорытынды--------------------------------------------------------------------21
Қолданылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------23

Вложенные файлы: 1 файл

Инфляция КУРС.doc

— 185.00 Кб (Скачать файл)

Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жылжиды (AS2 - AS1), баға деңгейі өседі (Р1 –Р2) өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни  ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады. Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды. /2, 99б./   Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбеқақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.  

ХХ – ғасырдың  екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде – бір елінде  қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60 – шы жылдардың соңынан бастап экономиканың  құлдырау  жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады. /2, 105б./ 

Мемлекет сұранымды  шектеу  мақсатында  инфляцияға  қарсы  іс – шаралар  жүргізуі қажет.  Жаңа классикалық экономистердің айтуынша  өндірістің  өсуін ынталандыру  және жұмыссыздықты қысқарту  саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция  осы күнгі  нарықтық  экономиканың  табиғатына  сай келеді, инфляция жағдайларын  (бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүмкін емес. Осыған байланысты  инфляцияны толық жою мүмкін  еместігі өзінен - өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.

Батыс  елдерінде жинақталған  тәжірибе  көрсеткендей,  инфляцияға  қарсы  ұзақ  және қысқа  мерзімдік  іс – шаралар  саясатын қолдану  қажет. Мемлекеттің  ұзақ  мерзімдік  саясаты:

Біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген  үкімет инфляцияға  қарсы саясатты үздіксіз  де тұрақты  түрде  жүргізіп, тұрғындардың сенімін  орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің  белсенді іс  шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күресу, т.б.) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай  саясаты  тұтынушылардың сана – сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс – шаралары жүргізіледі. бюджет тапшылығын Орталық банк несиемен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

Үшіншіден, ақша  айналымын реттеу іс –шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық  ақша  көлемінің өсуіне  шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру  үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын  инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті  мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде  жеке зерттеп, қарастыру қажет болады. 

Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады. /16, 503б./

Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы мүмкін, бұл - импортталатын жөне экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пасивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналдандырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.

Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы-елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың нарықтардағы үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және коммерциялық және орталық банк-тер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.

Инфляцияныц көріну нысаны — ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтеріліуінде тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдалығының тиісінше төмендеуі.

Инфляцияның  табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде. Ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын оның бұл қасиеті оған өзінің арналымын — тауар, төлем айналымына қызмет көрсете отырып, тиімді орындауға, қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді. Бірақ ақшаның бұл қасиеті мемлекет белгілеген өлшемге сәйкес оның саны мен оған қарсы тұратын құнның натуралдық-заттай компоненттерінің сәйкестігі жағдайында көрінеді. Жалпы алғанда мұндай тәуелділік айырбас тендеуі арқылы көрінеді:

Р х Q = М х V,

мұндағы сол жақ бөлігі қоғамдық өнім құнын, ал оң жағы ақша айналысының жылдамдығын ескере отырып ақшаның санын (М — ақша массасы, V — айналыс жылдамдығы) білдіреді.

Ұлттық өндірістің артуы жағдайында ұдайы өндіріс процестерінде материалдық ағындарға қалыпты қызмет көрсету үшін ақшаның саны үйлесімді өсуі тиіс, өндіріс төмендеген кезде ақшаның артық санын айналыстан алу қажет. Алайда, практикада соңғы шарт бірқатар себептер бойынша ылғи орындала бермейді, бұл себептер тиісінше инфляцияның өмір сүруінің себептері де болып табылады. /15, 504б./

Қазіргі мемлекет қаржы-қаражатының, бірақ өзінің негізгі бөлігінде  тауар айналысымен байланысты емес едәуір көлемін керек ететін сан алуан функциялар орындайды. Бұл халықтың аз қамсыздандырылған топтарын әлеуметтік қолдау шығыстары, денсаулыққа, мәдени - ақпараттық мақсаттық, білімге, басқаруға, қорғанысқа, жүмсалатын шығыстар. Кінәратсыз экономика жағдайында мұндай шығыстардың көбеюі оның өздігінің дамуына жәрдемдесуі мүмкін, өйткені тауарлардың көбеюін және ұлттық өндірістің өсуін ынталандыра отырып, тиісті өнімге, қызметтер көрсетуге, тауарларға қосымша төлем қабілеті бар сұранымды туғызады.

Тұралаушы экономикада  мұндай шараларды қаржыландыру үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың қарыздар алу жолымен жұмылдырылуы мүмкін бос ақшалары сияқты салықтық түсімдердің жетіспеушілігі сезіліп тұрады. Мұндай жағдайда бұл шығыстарды жабудың бірден-бір көзі қосымша ақша шығару (эмиссия) болып табылады.

Өндірістік емес сфераны  қаржыландыру міндетіліктермен қатар  мемлекет дағдарыс жағдайында көпшілік қолды тауарларға салыстармалы төмен бағаларды қолдау қажеттігінен залалды болып табылатын өндірістік сфераның қызметін қамтамасыз ететін салаларды қолдап отырады. Бұл қолдау не шаруашылық субъекгілерге турақаржылар бөлуде, не зияндарды өтеуге берілетін жәрдемқаржыларда, не мұндай субъектілерді жеңілдікпен несиелендіруде банктердің төмен пайыздық мөлшерлемелерін өтеуде көрінеді; сондай-ақ бұл шаруашылық жүргізуші субъекгілерге берілетін кредиттерге кепілдік берілуі мүмкін. Барлық жағдайда, әдеттігідей, баламалы қаржы ресурстарының алынған көлемі түрінде экономикаға қажетті қайтарым әкелмейтін қосымша ақшалай қуат беру болады./15, 216б./

Сонымен қорытатын болсақ, экономистер инфляцияны екі типке  бөледі: сұраныс инфляциясы және шығынның өсуімен байланысты болатын ұсыныс инфляциясы деп. Ұсыныс инфляциясынан туындайтын екі түрлі инфляция бар: 1) еңбек ақының өсуімен байланысты болатын; 2) ұсыныс экономикасы механизмінің бұзылуынан болатын. 

 

 

 

1.3 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары

 

Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай — монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары — бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік - саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы ү бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай - ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.

Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.

Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретінде инфляция - бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі.

Инфляцияның іс - әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:

- белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану; инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;

- мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері; мемлекеттік берешектің көлемі.

Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді ( инфляциялық тенденцияларды күшейте түседі).

Бірінші фактор — мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлей алушылық сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.

Екінші фактор — табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.

Үшінші фактор — бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғүрлым өсуімен байланысты).

Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады.

Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін  жандандырады.

Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.

Үшіншіден, инфляциялық  процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын  шиеленістіреді. /15, 219б./

Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады. /16, 504б./

Қаржы қатынастары мен  инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б.

Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың түрлі деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді үқсас жағдайда қаржы қатынастарының оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді.

Инфляцияны бағалау  және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші — 16 пайдаланылады . Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің ("нарық себеті") белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасы арасындағы арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былайша анықталады. Ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп, өткен жылдың баға-лары индексіне бөлінеді, сонан соң жүзге көбейтіледі.

Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырды (есе):

1990 - 1; 1992- 2,5; 1993- 30,6; 1994- 22,7; 1995-1,60; 1996-1,39; 1997-1,17; 1998- 1,07; 1999- 1,18; 2000- 1,13. /16, 500б./

Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінде және одан басқа жағдайда көбірек айына 50 пайыз немесе аптасына 11,5 пайыз құрса, онда мұндай деңгей гиперинфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда бұл деңгей 1992 -1995 жж. ішінде айтарлықтай асып түсті.

Информация о работе Инфляциялык таргеттеу