Инфляциялык таргеттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру,инфляциялық таргеттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Содержание

І бөлім. Инфляциялық таргеттеу стратегиясының классификациясы
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері-----------------------------------------5
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары-------------------------------------------8
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары----------------------------------14
ІІ бөлім.
Қорытынды--------------------------------------------------------------------21
Қолданылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------23

Вложенные файлы: 1 файл

Инфляция КУРС.doc

— 185.00 Кб (Скачать файл)

Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратады:

бағалар өсуінің қарқыны  бойынша:

баяу — баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;

өршімелі — баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның затталынуы өседі;

гиперинфляция — баға жүздеген пайызға ескенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;

бағалар өсуінің теңгерімділік  дәрежесі бойынша:

теңдестірілген және теңдестірілмеген инфляция; теңдестірілген инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз қалады, теңдестірілмеген инфляция кезінде - олардың бір-біріне ара қатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне әртүрлі үйлесімде;

болжаулық ( болжап айтушылық ) дәрежесіне қарай:

- күтілген, болжалды және күтілмеген;

- шығу немесе пайда болу орнына қарай:

- импортталынған жене экспортталынған;

- сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі тұқыртылған инфляцияны ажыратады.

Қаржы мен инфляцияның  өзара байланысын инфляцияның екі типі бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).

Бірінші жағдайда ол заңды және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады.

Екінші жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшермелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.т.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады. Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толық-тырады, бұл инфляциялык шиыршық деп аталынатын факторды тудырады, бұл кезде өндірістің тұтылынатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырды, мұндай өнімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді.

Инфляция өндірістік сфераға, халықтың көптеген жігінің материалдық жағдайына, инвистициялық қызметке қауіпті әсер етеді.

Инфляцияның классикалық көзі — мемлекеттік бюджет тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж. бюджеттің бөлігінде 20,4%, 1992-8,6%, 1993-11,9%, 1994-10,2%, 1995-17,4%, 1996-15,4%, 1997-17,7%, 1998-18%, 1999-14,3%, 2000-9,8%,20016,4% құрайды. 2002 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 4,7 миллиард теңгені (ЖІӨ-ге 0,12%) құраса , 2003 жылы ол 53,4 миллиард теңгені немесе ЖІӨ-ге 1,2% құрады.

Инфляцияның дамуына инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды — алғашқы мөлшерлемесі 28% қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді, экспорттық және импорттық кеден баждарын енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар аударымдарын экономиканы жаңғырту қорына (бұрын — инвистициялық қор), халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірден көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік шараларды асығыс жүргізу мүмкіндігін туғызды.

Инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдаланылатын кредиттер бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі болып табылады; кредит үшін төлемақының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала бағаның да өсуіне соқтырады.

Айтылған факторлар  өндіріс шығындарын — өндірушілер  инфляциясын арандатушы факторларға  жатады.

Бағалардың артуы жағдайында халықтың, әсіресе жеке кәсіптік және әлеуметтік топтардың әлеуметтік дөмегөйліктерінің өсуін инфляцияның даму факторы деп есептеуге болады. /16, 506б./

Сонымен түйіндей келе, кенеттен болған инфляция алдын ала тағайындалған  еңбек ақы алатындардың, кредиторлардың және жинақ иелерінің табысына зиян келтіреді. Алдын ала болжамды инфляцияда адамдар ақшалары құнсызданудан сақтау үшін әртүрлі шаралар қоладанады. Олар: болашақты ойластырып шара қолдану, бағаның өсуін ескеріп номиналды индексация жасау.

Егер баға жайлап өсе  бастаса, ол жағдайда тұрғындар, кәсіпорындар оған дайындалады. Ақша жоғалмау үшін тұрғындар тұтыну тауарларын сатып алады, ал кәсіпорындар инвестициялық тауарларды алады. «Инфляциялық психоз» бағаға қысым жасайды, сонымен инфляция өрши бастайды. Кәсіпорындар шикізат және даяр өнім алуға тырысады, ювилирлік тауарларды, алтынды алуға талпынады. Төтенше жағдайларда: бағаның шексіз өсуі жағдайында экономикалық қарым-қатынастар күйрейді. Ақша өзінің функциясын орындай алмайды. Сондықтан заттай айырбас орын алады. Өндіріс пен айырбас тоқтауға бағытталады. Қорытындысында экономикалық, әлеуметтік, саяси бейбастақсыздық болуы мүмкін.     

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Зерттеу жұмысының І  – бөлімінде мынадай мәселелер қарастырылды:

         

- Инфляция түсінігі, пайда болу себептері;

 -Инфляциялық таргеттеу;

- Инфляция түрлері мен факторлары;

- Инфляция әлеуметтік - экономикалық салдарлары.

 Инфляция қоғамда  ақшаның құнсыздануы, бұл процесс  қарқынды да ұлғаймалы түрде  жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі  жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі  бұзылады, тауарды тауарға тікелей  айырбастау (бартер) кеңейеді.

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат – ақша»  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте  жоғары деңгейде ұстап  отырды. Осылай  жүргізілген  монетарлық  (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс  пен нарық  екі – үш есе қысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат өндіру  салалары жұмысын  тоқтатқан жоқ,  керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрыннан  қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына арта түсті.

Қазақстан Республикасындағы  инфляцияның дамуы – мемлекеттік  бюджет тапшылығына байланысты. Бюджет тапшылығы   инфляцияның   қайталама  факторы  болып табылады, өйткені ол  шығындардың  инфляциясынан  жәнге  осығарн  байланысты  мемелкет  кірічстерінің  құнсыздануынан туады.

Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан  кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.

Курстық жұмыстың ІІ – бөлімі «Қазақстан республикасындағы инфляция және   оны реттеу» деп аталады, ол келесі бөлімшелерден тұрады:

- Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және ерекшеліктері;

- ҚР инфляцияның қазіргі кездегі даму қарқынын талдау;

- Инфляция салдарынан туындайтын проблемалар

2004 жылдан бастап  Ұлттық  банктің  негізгі  мақсаты  ретінде  бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз ету  ақша – кредит  саясатындағы мүлдем жаңа айқындама  болып табылады.

Негізгі  мақсатты  орындау үшін Ұлттық банкке  мынадай  міндеттер жүктелген:

  • мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің  жұмыс істеуін  қамтамасыз  ету;
  • валюталық реттеуді және  валюталық  бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету

 

Ұлттық  банктің  негізгі  мақсаты мен  міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін  Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандартына  және  инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір   нақты көрсетеді.

Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде келесідей мәселелер келтірілді:

-ҚР-да инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары;

- Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары;

- Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;

Президентіміз Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев 2006 жылғы жолдауында айтқандай: «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлкет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарда баса көңіл бөлу керек. Оның бірі  - ақша-кредит саясаты Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардығ қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар. Ақша-кредит саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын». /18, 4б./

Қазақстан экономикасында сақталып отырған жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғни инфляциялық таргеттеуге көшуге бағыт алды.

Еліміздегі макроэкономикалық  тұрақтылыққа қол жеткізу, қаржы  секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік ортаға, коммерциялық емес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді.

Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ақша агрегаттары мен  теңге бағамына ғана байланысты емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық емес факторларға: ауыл шаруашылық өнімдері, жанармай және тұрғындық-коммуналдық  шаруашылық қызметтерінің бағасына да байланысты инфляцияны минимизацияға бағытталған.

Сонымен тоқсан сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, инфляция төңірегінде қозғалып жатқан мәселелерді  жай сөз ретінде қалдырмай онымен күресу шараларын жетілдіріп, тиімді жолдарын іздестіру керек. 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Бухгалтерия-Жұмабек Жанділдин «Қазақстан экономикасының «қызуы» қандай?». // Айқын апта №71 (523) 20.04.2008, бейсенбі.
  2. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің   нәтижесі ретінде» // Хабаршы журналы № 6, 2009 ж.
  3. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», 

     Алматы – 2001.

  1. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү.  «Нарықтық экономика  негіздері»   Алматы «Экономика»-2010ж
  2. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»

     Алматы «Экономика»-2009ж

  1. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2008 ж.
  2. Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», Москва 1999 г
  3. Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004.
  4. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2000 ж.
  5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының   ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы. Алматы - 2005

 


Информация о работе Инфляциялык таргеттеу