Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 16:31, реферат
Осы рефераттың негізгі мақсаты – кеден ісінің, кеден заңнамаларының жеткен деңгейі және оның құрылымы мен мазмұны жайында, кеден ісін құқықтық реттеу сұрақтарымен қызығатын тұлғалардың барлығына түсінік беру.
Қойылған мақсатқа жету, келесі мәселелерді шешуді талап етеді:
- Кеден ісі жүйесінің қазіргі жағдайын көрсету;
- Кеден ісі жүйесінің мәнін, мазмұнын және принциптерін қарастыру;
- Кеден ісі жүйесінің құрылымы мен құрылысын талдау;
- Ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыстарын іске асыру;
Кіріспе
Кеден органдарының басқарылуы...............................................................5
Кеден органдарындағы басқарудың негіздері............................................6
Басқарудың технологиялық аспектілері.....................................................7
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді ұйымдастырудың негізгі принциптері.....................................8
ТМД-на және Кедендік одаққа қатысушы елдердің кедендік бақылауын ұйымдастыру ерекшеліктері......................................................................10
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Кеден одағы құрылғанға дейін үш елдегі кедендік баж деңгейінің 40 пайызы бірдей еді (бұл – 4500 код деген сөз). Қалған 60 пайызын біріздендіруде тараптар өзара түсіністікке келді. «Ресейдегі кедендік баж деңгейі неғұрлым жоғары болғандықтан, еліміз 400-ден астам тауарға өтпелі кезең алу келісіміне қол жеткізді. Мысалы дәрі-дәрмекте – 5 жыл, химиялық өндіріс шикізаты және полимерлерге– 4 жыл. Целлюлоза, теміржол вагондары, медициналық құрал-жабдықтар сияқты, өзімізде өндірілсе де экономикамыздың қажеттілігін өтей алмайтын, сол себепті өзге елдердің импортына тәуелді болып отырған тауарлар өндірісін осы кезеңде орнына тұрғызуымыз керек», – деді экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова.
Кедендік одақтың кедендік аумағында кедендік реттеудің бірыңғай құқықтық негіздерін құру мақсатында 2009 жылғы 27 қарашада одақтас мемлекеттердің Елбасыларының «Кедендік одақтың Кеден кодексі туралы» Шартқа қол қою жолымен Кедендік одақтың Кеден кодексі әзірленді. Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, Бүкіләлемдік кеден одағының Келісімдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге халықаралық шарттарына қайшы келмейді.
Төменде Кеден кодексіне енгізілген негізгі жаңалықтар және осы сәтте жиі қойылатын сұрақтардың жауаптары берілген.
Жаңа Кеден кодексі бойынша кеден ісі саласында қызметін жүзеге асырушы тұлғаларға және өзге тұлғаларға қатысты КОКК күшіне енгенге дейін құрылған кеден брокерлері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының және бажсыз сауда дүкендерінің иелері КОКК күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметтерін жүзеге асыратын болады.
Кедендік одақтың бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылау, тауарларды кедендік декларациялау және кедендік рәсімдерді (режимдерді) қолдану мәселесінде кедендік бақылаудың объектілері мен формаларын таңдауда тәуекелді басқару жүйесі пайдаланылады.
Кедендік одақтың Кеден кодексінде тауарды тасымалдаушы тұлғаға, яғни, тасымалдаушы – уақытша сақтау қоймасының иесі – декларантқа, байланысты туындайтын кедендік баждар мен салықтарды төлеу бойынша міндет нақты жазылған.
Бұдан басқа, кеден шекарасы арқылы тауарларды заңсыз тасымалдауда кедендік баждар мен салықтарды төлеу бойынша міндеттердің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі енгізілуі жаңалықтың бірі болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер: