Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 06:30, контрольная работа
1. Ауыз қуысы, cavitas oris, 2 бөлімге бөлінеді: ауыз алды және нағыз ауыз қуысы. Ауыз алды деп сыртынан еріндер мен жақтар арасындағы, іш жағынан тістер мен қызыл иектер арасындағы кеңістікті айтады. Ауыз тесігі, rima oris, арқылы ауыз алды сыртқа ашылады.
Сыртқы дәнекер тінді, адвентициалді қабықтан tunica adventitia тұрады.
Еркек несеп шығаратын өзек: uretra masculine – түтік пішінді тақ мүше, ұз.16-22см. Орналасуы:қуықасты безінен, несеп-жыныс көкетінен ж\е еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесінен өтеді.Қызметі: несепті шығарады, шәуетті лақтыру қызметін атқарады. Ол несепқуық қабырғасында несеп шығаратын өзектің ішкі тесігінен ostium uretrae internum басталып, жыныс мушесінің басында орналасқан несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігімен ostium uretrae externum аяқталады. Топографиясына байланысты 3 бөлікке: қуықасты, жарғақты, кеуекті болып бөлінеді. Қуықасты бөлігі: ұз.3см,вертикалді бағытта қуықасты безден өтеді. Бұл бөлікте өзек қуысы кеңейеді. Жарғақты б.:қуықасты без ұшынан жыныс мүшесінің буылтығына дейінгі аралықта орналасады. Бұл бөлік қысқа 1,5см ж\е өте тар. Несеп шығаратын өзектің қысқыш бұлшықетін құрайтын көлденең жолақты бұлшықет талшықтарымен қоршалған. Кеуекті б.:несеп шығаратын өзектің ең ұзын бөлігі, буылтық аймағында кішкене кеңейеді. Еркек несеп шығаратын өзегі жыныс мүшесінің басында өзінің сыртқы тесігімен аяқталады. Ол аз созылады, себебі өзек қабырғасында фиброзды-эластикалық сақина бар. Еркек несеп шығаратын өзек өз жолында S тәрізді иіліп,3 тарылулар кездеседі.1)несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағында. 2)несеп жыныс көкетінен өткен жерінде. 3) Еркек несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі аймағында. Кеңею жерлері:1)қуықасты без бөлігінде 2)жыныс мүшесінің буылтығында 3)соңғы бөлім, қайықтәрізді шұңқырда. Қабырға құрылысы:ішкі шырышты қабығында өзек қуысына ашылатын көптеген мөлшерде бездер орналасқан. Шырышасты негізі мен бұлшықеттік қабығы, бойлық және дөңгелек қабатты бірыңғай салалы бұлшықетті жасушадан құралған.