Кәсіпорынның күрделі қаржысын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 19:50, курсовая работа

Краткое описание

Менің «Инвестицияның экономиканы дамытудағы рөлі» атты курстық жұмысымның маңызды өзектері қатарына: Инвестицияның мәні, қызметі, түрлері, есептеу әдістері, инвестицияның қызметі мен операциялары, Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы, Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметтін қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолдары, Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері, Инвестицияны сатып алудағы бухгалтерлік есептің маңыздарын қарастырдым және тоқталып өттім.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................4
І. Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні
1.1 Инвестицияның мәні, қызметі, түрлері, есептеу әдістері........................... 7
1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары............................................... 11
1.3 Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы.....................................16

ІІ. Инвестицияның экономиканы дамытудағы рөлі
2.1 Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметтін қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолдары...............................20
2.2 Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері...............21
2.3 Инвестицияны сатып алудағы бухгалтерлік есептің маңызы......................24

Қорытынды...........................................................................................................26
Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................29

Вложенные файлы: 1 файл

кәсіпорынның күрделі қаржысын талдау.doc

— 193.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Каспий өңірінің қазіргі  замандағы колледжі

 

 

                                                                           Бөлімі: Экономикалық

                                                                           Мамандығы: 0516000 Қаржы

Тобы: 69.31

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Пәні: Кәсіпорын  қаржысы

 

Тақырыбы: Кәсіпорынның күрделі қаржысын талдау.

 

 

Орындаған:  ______________________                              /Смакова Айгүл/

 

 

Жетекші: _________________________                             /Блялова Б.Қ./

 

ПЦ комиссия

 

төрайымы: ________________________                            /Блялова Б.Қ./

 

 

Бөлім меңгерушісі: _________________                            /Орынбасарова А.Е./

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау-2012

«Қаржы 69.31» тобы

  Смақова Айгүл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................................4

І.  Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні

1.1  Инвестицияның мәні, қызметі, түрлері, есептеу әдістері........................... 7

1.2  Инвестицияның қызметі мен операциялары............................................... 11

1.3  Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы.....................................16

 

ІІ. Инвестицияның экономиканы дамытудағы рөлі

2.1  Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметтін қаржыландыру     барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолдары...............................20

2.2 Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері...............21

2.3 Инвестицияны сатып алудағы бухгалтерлік есептің маңызы......................24

 

Қорытынды...........................................................................................................26

Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Менің «Инвестицияның экономиканы дамытудағы рөлі» атты курстық жұмысымның маңызды өзектері қатарына: Инвестицияның мәні, қызметі, түрлері, есептеу әдістері, инвестицияның қызметі мен операциялары, Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы, Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметтін қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолдары, Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері, Инвестицияны сатып алудағы бухгалтерлік есептің маңыздарын қарастырдым және тоқталып өттім.

     Сонымен инвестиция күрделі қаржы салу деген мағыныны береді. Күрделі қаржы– негізгі капиталға (негізгі құрал-жабдыққа) жұмсалатын инвестиция, экономика салаларында негізгі қорларды жасауға, ұдайы қалпына келтіруге жұмсалатын материалдық, экономикалық және қаржы қорларының (құндық, ақшалай бағамен) жиынтығы. Күрделі жұмсалымның тиімділігі - күрделі жұмсалымнаң алынатын тиімділіктің (нәтиженің) осы жұмсалымның көлеміне қатынасы. Күрделі жұмсалымның нәтижесіне және бағыттылығына қарай экономикалық, әлеуметтік, экологиялық нәтижелілік түрлеріне бөлінеді. Сонымен күрделі салымдар төмедегі құрылымдармен сипатталады:                                                                                                                                 - жұмыс түрлері бойынша (техналогиялық)-құрылыс құрастыру (құрал - жабдықтарды сатып алу және т.б)

- ұдайы өндіріс түрлері  бойынша - техналогиялық қайта  жабдықтау және жаңа құрылыс.

      Күрделі салымдардың құрылымын жақсартуда әлде де негізгі қорларың құрылымының жетілірілуін толық анықамайтындығын атап кеткен дұыс,себебі соңғысы тек енгізілетін негізгі қорлардың құыымына ғана емес,оларң ісен шығу құрылымына да байланысты болады.Істен шығарылатын негізгі қорлардың құрамында оларың құнының оннан тоғыз бөлігі құрал-жабдыққакееді.Жалпы күрделі салымдардың көлеміндегі құрал-жабдықтың істен шығатын негізгі қорлардың  құрылымындағыдан төмен,ал кеңейтуге жіберілген күрдел салымдардағы олардың үлесі сала немесе кәсіпорынның әрекеттегі негізгі қорларының техналогиялық құрылымындағыдан төмен болмауға тиіс.Күрделі салымдарды жоспарлау да және негізгі қорларды қалыптастыруда бұл тұжырымның маңыздылығы үлкен.Қазіргі кезде өндірістің тиімділігін арттыру үшін негізгі қорлар құнының өсуі бойынша жоғарығ қарындылықтан гөрі оларды пайдалану тиімділігінің артуы қажет болады.Сонымен күрделі қаржы – негізгі капиталға (негізгі құрал-жабдыққа) жұмсалатын инвестиция, экономика салаларында негізгі қорларды жасауға, ұдайы қалпына келтіруге жұмсалатын материалдық, экономикалық және қаржы қорларының (құндық, ақшалай бағамен) жиынтығы. Егер күрделі қаржы негізгі қорларды қарапайым және ұдайы өндіруге бағытталған болса, онда инвестициялар құрылыс-монтаждау жұмыстарының, керекті қондырғылардың және басқа шығындардың құнын қамтиды.  
   Инвестициялардың күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық емес активтерді ұлғайту үшін де жұмсалынады. Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі көздерге амлотизациялық төлемдер, таза пайда, коммерциялық және басқа да банктердің ссудалары, қор нарығынан түсімдер және т. б. жатады.

   Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.

   «Инвестиция» деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:

   Сөйтіп, нені салуға болады? Ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.

      Осылайша инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні.

1.1  Инвестицияның  мәні, қызметі, түрлері, есептеу әдістері.

Күрделі Қаржы– негізгі  капиталға (негізгі құрал-жабдыққа) жұмсалатын инвестиция, экономика салаларында негізгі қорларды жасауға, ұдайы қалпына келтіруге жұмсалатын материалдық, экономикалық және қаржы қорларының (құндық, ақшалай бағамен) жиынтығы. Күрделі жұмсалымның тиімділігі - күрделі жұмсалымнаң алынатын тиімділіктің (нәтиженің) осы жұмсалымның көлеміне қатынасы. Күрделі жұмсалымның нәтижесіне және бағыттылығына қарай экономикалық тиімділік, әлеуметтік тиімділік, түрлеріне бөлінеді. Күрделі жұмсалымның экономикалық тиімділігі — өнім шығарылымы өсімінің, пайда өсімінің осы өсімге себепші болған күрделі жұмсалымға қатынасы.

 Әлеуметтік тиімділік—  алынатын әлеуметтік игіліктердің, көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің осы игіліктер мен қызметтерді қамтамасыз еткен күрделі жұмсалымға қатынасы.

Экологиялық тиімділік  — сыртқы орта күйінің жақсаруы көрсеткіштерінің осы жақсаруды  туғызған күрделі жұмсалымға қатынасы. Күрделі жұмсалымның тиімділігі ел, аймақ, сала бойынша, инвестициялық, экономикалық, әлеуметтік, экономикалық бағдарлама бойынша, кәсіпорындар тобы (қауымдастықтар, өнеркәсіптік топтар) бойынша, жекелеген кәсіпорындар, бағдарламалар бойынша айқындалады. Макродеңгейде болжалды (үміт етілген) және нақты (іс жүзіндегі) күрделі жұмсалымның тиімділігі, микродеңгейде жобалық және нақты күрделі жұмсалымның тиімділігі түрлеріне бөлінеді.Ел бойынша, аймақ бойынша мына көрсеткіштер есептеледі: Жалпы ішкі өнімнің, ұлттық табыстың, өндірістік аяға күрделі жұмсалымның теңгесіне шаққандағы пайданың өсімі, күрделі жұмсалымның өтелу мерзімі. Сала бойынша өнім шығарылымының, күрделі жұмсалымның теңгесіне шаққандағы пайданың өсімі, күрделі жұмсалымның өтелу мерзімі есептеледі. Кәсіпорындар бойынша нақты күрделі жұмсалымның тиімділігі күрделі жұмсалымның табыстылығымен, оның өтелу мерзімімен айқындалады. Мұнда күрделі жұмсалым туғызған өсім осы күрделі жұмсалымның өзімен салыстырылады.Қаржылық инвестицияларды иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік  иелену- иелену мерзімі бір жылға  дейін;

ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі  бір жылдан артық; 

       Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.Инвестор – инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, мемлекет.

      Инвестор ең алдымен үнемі табыс алуға, күрделі қаржысының қауіпсіз болуына және капитал құнының өсуіне мүдделі. Мемлекет, аймақтар, ұйымдар, кәсіпорындар, жеке адамдар, құнды қағаздар рыногіндегі ойыншылар инвестор бола алады.

      Ұлттық инвестор - Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.

      Шетелдік инвестор – шетелдік заңды тұлғалар, шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, шет мемлекеттер.

Инвестиция дегеніміз  – табыс табу және капиталды ұлғайту  мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып  табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс  істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа  немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді:

-   жеке инвесторлар (жеке адамдар).

- инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары).

Инвестициялық саясат дегеніміз  – халық шаруашылығының әр түрлі  салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

Инвестициялар нақты  инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді.

Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы.

Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен  айналым қорларына ұлғайтады.

Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу  арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

Капиталдың кейбір салымдары  шығысты құраушыларға әсер етеді. Мәселен, шығынды азайтуға апаратын шығыстарға, ал басқалары – табысқа да, шығысқа да. Табыс пен шығыс статьяларына инвестицияның әсерін болжау – салыстырмалы еңбекті қажет ететін тапсырма, олардың өсім немесе, керісінше төмендеу көлемін бағалау өте қиын. Жаңа өнім (тауар, қызмет көрсету) шығару үшін өндірістік қуаттарға инвестиция салу айналым капиталын ұлғайтуды қажет етуі мүмкін (шикізат көлемі, аяқталмаған өндіріс, қоймадағы дайын тауар). Өнімді несиеге сату кезінде дебиторлық қарыз көбейеді және тағы сол сияқты.

Инвестициялар бірнеше  түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады.

Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.

Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.

Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.

Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алуға болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі   немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.

Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.

Информация о работе Кәсіпорынның күрделі қаржысын талдау