Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 15:18, реферат

Краткое описание

Сан алуан жанама, сондай-ақ тура нысандар мен әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық үдерістерге ықпал жасау олардың қаржылық түрлерін кіріктіреді. Бұлайша ықпал етудің мақсаты - ұлттық шаруашылықтың эволюциясын қамтамасыз ету, бұл әлеуметтік-экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің белгілі бір уақыт кезеңдерінде әлеуметтік сфераны дәйекті бұлжытпай дамыту.

Вложенные файлы: 1 файл

Макроэкономикалық тепе.docx

— 69.28 Кб (Скачать файл)

Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы


Сан алуан жанама, сондай-ақ тура нысандар мен әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық үдерістерге  ықпал жасау олардың қаржылық түрлерін кіріктіреді. Бұлайша ықпал  етудің мақсаты - ұлттық шаруашылықтың  эволюциясын қамтамасыз ету, бұл  әлеуметтік-экономикалық жүйенің жұмыс  істеуінің белгілі бір уақыт  кезеңдерінде әлеуметтік сфераны дәйекті  бұлжытпай дамыту.

Экономиканы реттеу үдерістерінде  жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке жету тек теориялық сызбаларда мүмкін болатынын есте ұстаған жөн.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің  жай-күйі мынадай аса маңызды  экономикалық параметрлерді теңестіруді  ұйғарады:

  • сұраным мен ұсыным;
  • тауар және ақша массасы;
  • жинақақша мен инвестициялар;
  • инфляция және жұмыссыздық;
  • еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу;
  • қаржылық ресурстар және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері;
  • мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары;
  • бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері;
  • төлем балансының активі мен пассиві.

Аталған ара қатынастардың тіпті  біреуі бойынша ғана тепе-теңдікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларында үйлесімсіздікті  тудыратыны анық.

Бұдан басқа, макроэкономикалық деңгейге мүдделердің, қажеттіліктердің және олардың  артында тұрған ірі экономикалық объектілердің: секторлардың, ұлттық шаруашылық салаларының, өңірлердің, шаруашылық кешендердің  мүмкін болатын ресурстарының үйлесімсіздігі шығады. Егер бұған реттеудің жоғарыда аталған параметрлері мен объектілеріне  қосылатын қажеттіліктер мен  ресурстардың компоненттерін біріктіретін шаруашылық жүргізудің кейінгі (келесі) деңгейлерінде қажеттіліктер мен  ресурстарды теңестірудің қажеттігін қосса,онда толық макроэкономикалық  тепе-теңдікке жету елестетпелі міндет болып қалатынымен келісуге тура келеді. Нағыз экономикалық қызметке (кез келген экономикалық жүйеге сияқты) осы мезетте қоғамда іс-әрекет ететін қарама-қарсылық күштер мен үрдістердің, шаруашылықтық мінез-құлықтың топтауырындарын (стереотиптерін), әр түрлі бағыттағы мүдделерді бейнелеп көрсететін «тепе-теңсіздіктің қалыпты жай-күйі» тән қасиет. Мұндай жарым-жартылай жай-күйлердің көбінің жиынтығы барлық экономикалық параметрлердің белгілі бір теңгерімділігін қанағаттандырады. Сондықтан да экономикалық жүйенің жарым-жартылай тепе-теңдігінің бір жай-күйінен экономикалық параметрлердің көп санының теңгерімділігін жақсартуға жауап беретін және қоғамның ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін басқа тепе-теңдігіне эволюциясы кезінде ықпал етудің нысандары мен әдістерін дүркін-дүркін өзгертіп отыру ұйғарылады.

Батыстың қаржы теориясыңда  мемлекет қаржыларының ұлттық өнім мөлшерімен өлшенетін өндіріске әсерін түсіндіру  үшін «мультипликатор» ұғымы пайдаланылады.

Мультипликатордың тұжырымдамасы  жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымын екі әдіспен анықтаудан барып шығады:

  • 1) шығыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға қажетті экономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша;
  • 2) табыстар (немесе бөлу) бойынша, яғни субъектілердің өнім өндіруден алатын табыстары тұрғысынан.

Тепе-теңді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімдердің осы өзгерісін  тудырған бастапқы өзгерістен ауытқудың  ара қатынасын шығыстардың мультипликаторы, ал салықтық төлемдердегі өзгерістің тепе-теңді ішкі ұлттық өнімнің одан туындайтын өзгерісіне қатынасын салықтардың мультипликаторы деп атайды. Бірінші критерий бойынша ЖҰӨ-нің құны мына формула бойынша қалыптасады:

ЖІӨ = Ц + Ыг + Г + Хн

Бүдан ары, жалпы ұлттық өнімнен  ЖҰӨ мен капиталды тұтынуға аударылатын  аударымдар, яғни амортизациялық аударымдар арасындағы айырма ретіндегі таза ұлттық өнім (ТҰӨ) бөліп шығарылады.

Инфляцияны немесе дефляцияны (бағалардың төмендеуі) ескере отырып түзетілген ЖҰӨ көрсеткіші нақты ЖҰӨ болып саналады.

Кейнстік моделдерде шығыстардағы өзгерістер тудырған өндіріс көлемінің, табыстың және жұмыстылықтың арасындағы тепе-теңдік түсіндіріледі. «Өндірістің тепе-теңдік деңгейі - өнімнің осы көлемін сатып алу үшін жеткілікті жалпы шығыстарды қамтамасыз ететін өндіріс көлемі немесе ТҰӨ-нің тепе-теңдік деңгейінде сатылған тауарлардың (ТҰӨ-нің) жалпы саны сатып алынған тауарлардың (Ц + Ыг + Г + Хн) жалпы санына дәле-дәл тең»".

Тиісінше, өндірістің жалпы көлемінен  жалпы шығыстардың кез келген асып кетуі тепе-теңдіктің бұзылуы  болып табылады, мұның өзі соңғының өсуіне апарады; жалпы шығыстардың  кез келген жетіспеушілігі ТҰӨ-нің  төмендеуін тудырады.

График түрінде (20.1 сызба) бұл жай-күй  координаттардың жүйесінде бейнеленеді, ОА биссектрисасы табыстар мен тұтынудың  немесе нақты ТҰӨ мен шығыстардың  теңдігін білдіреді, яғни бұл сызықтың кез келген нү ктесінде деңгейлес білікке (ТҰӨ) бөліп шығарылған шамалар сатылас білікке (жиынтық шығыстар) бөліп шығарылған шамаларға тең болады.

 

 

Жиынтық шығыстардың басым бөлігі С элементі болып саналады, ал деңгейлес  білікке оның ылди бұрышы тұтыну деңгейін айқындайды: бұрыш 45°-қа жақынырақ болса, үй шаруашылықтарының тұтыну деңгейі  көбірек болады. Биссектриса мен тұтыну сызығы арасындағы сатылас бойынша айырым жинақақшалардың (олардан инвестициялар үшін қаражаттар қалыптасады) шамасын көрсетеді.

Биссектрисаның С, Ыг, Хн шығыстарының сызықтарымен қиылысуы «ТҰӨ шығыстары» жүйесінің" тепе-теңдік жай-күйін сипаттайды. Оның үстіне, шығыстардың әрбір элементінің дәйекті қосылымы тепе-теңдік нүктесін оңға жылжытады, мұның өзі ТҰӨ-мен өлшенетін ұлттық өндірістің үстелуіне сәйкес келеді.

Шығыстарда бір шамаға, мысалы, аб-ға өсу ұлттық өнімнің үлкен  шамаға - ҚҚ1-ға өсуін тудыратын жағдай моделдің келтірілген сызбасындағы есте кқаларлық болып табылады. Бұл әсерді өндіріс көлеміне жұмсалатын қарастырылған шығыстардың мультипликаторлық (көбейтушілік) әрекеті, ал құбылыстың өзін мультифликатор тудырады. Құбылыстың мәні мынада: экономика үшін кірістер мен шығыстардың қайталанып отыратын, үздіксіз ағыны, ондағы бір экономикалық агенттің шығындаған ақшалай қаражаттарын басқасы табыс түрінде алатын және әрбір келесі циклда өшшеде, бірақ ТҰӨ-нің көп дүркіндік өзгеріміне жеткізетін тізбекті реакция туады. Табыстың бір бөлігін экономикалық агент тұтынбауы, керісінше жинақтауы үдерістің басылуын тудырады. Табыстағы түсім ақшалардың үлесі аз болса, әрбір циклдегі кезекті жұмсалым көп болады және тиісінше мультифликатор жоғары болады. Мультифликатордың сандық мәні шығыстардағы өзгерім өсімі ТҰӨ-ні қанша рет өсіретінін және керісінше - шығыстардың қысқаруы мультифликаторға ұлттық өнімнің дүркіндік азаюын тудыратынын білдіреді.

Мультипликатор іс-әрекетінің негіздемесі  «үнемдеуге шекті бейімділік» МПС  және «тұтынуға шекті бейімділік» - МРС ұғымдарымен анықталады. Бірінші  жағдайда бұл үнемдеулердегі өзгерістің табыстағы өзгерісіне қатынасы, екіншісінде - тұтынуға өзгерістің табыстағы өзгерісіне қатынасы. Осыны негіздей отырып, мультипликатордың  сандық мәнін мына ара қатынаспен білдіруге болады:

Мультипликатордың құбылысы ұлттық өндірістің нақтылы көлемі мен жұмыстылықты өзгерту, инфляцияның үстінен бақылау және экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің шығыстарымен және салықтармен саналы айла-шарғы жасау болып табылатын дискредициялық фискалдық саясатты жүргізген кезде пайдаланылады.

Салықтар тұтыну мен үнемдеудің көлемін төмендетуге және тепе-теңді  ТҰӨ- нің мөлшерін азайтуға жеткізетін табыстардың қысқаруын тудырады. Өнімнің көлеміне (салықпен бірге) үнемдеу  мен импорт осыған ұқсас әрекет етеді. Бұлардың барлығы табыстар-шығыстар жүйесінен кему болып табылады, яғни ішкі тұтынысты шалмайды. Инвестициялармен, экспортпен және мемлекеттік сатып алумен толтырылуы мүмкін шығыстардағы үзілімді жасай отырып, тұтыныс азаяды.

Салықтардың төмендеуі жиынтық  шығыстар графигінің ауысуын және ТҰӨ- нің еселенген артуын тудырады. Шығыстар мультипликаторының іс-әрекетіне қарама-қарсы  салық мулътипликаторының іс-әрекеті  осылайша көрінеді.

Салық мультипликаторының маңызды  сипаттамасы оның табыстардың тұтыну компонентіне тәуелділігі болып  табылады, яғни ол мынаған тең:

  • м1 = ТхМПЦ

мұндағы: Т - салықтық төлемдердің  мөлшері.

Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы  мемлекет шығыстарының мультипликаторынан аз болады (МРС пен МПС-тің осы  мөлшерлері кезінде). Демек, мемлекет шығыстарындағы өзгерістер осындай мөлшердегі салықтардың  өзгерістеріне қарағанда жиынтық  шығыстарға күштірек ықпал жасайды. Табыстар мен шығыстар мультипликаторларының  бұл қасиеттері мемлекеттің шығыстары  мен салық салудың тең артуы  сол мөлшерге тепе-теңді ТҰӨ-нің  өсуіне жеткізетін баланстандырылған  бюджет мультипликаторының феноменін  тудырады. Мысалы, егер Т мен Г  әр қайсысы 10 миллиард теңгеге көбейтетін болса, онда ТҰӨ-нің 10 миллиард теңгеге  көбейетінін күтуге болады. Сонымен, баланстандырылған бюджеттің мультипликаторы  мынадай өлшемге тең болады:

  • мб = ме + мт = 1

мұндағы:

  • мб - баланстандырылған бюджеттің мультипликаторы;
  • ме - шығыстардың мультипликаторы;
  • мт — салықтардың мультипликаторы.[1]

 

 

 

 

 

 

 

Макроэкономика

 

Дж. Кейнс

Макроэкономика (грекше μακρός — ұзын, үлкен, οἶκος — үй және Нόμος — заң) —

  1. экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін — жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1-жартысында басталды және ол америкалық экономист Дж.М. Кейнстің (1883 — 1946) есімімен, оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген кітабымен байланысты болды[1]. Нарықтық экономикаға көзқарастың жаңа жүйесі баяндалған бұл еңбек 20 ғасырдағы экономика ғылымының бетбұрысты кезеңімен тұспа-тұс келді және макроталдаудың дамуына қуатты серпін берді. Макроэкономика одан әрі Кейнстік идеяларды тереңдету бағытында да, оларды нарықтық экономика туралы классикалық түсініктер негізінде қайта қарау жолымен де өрбіді. Макроэкономиканың дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдар: ағылшын экономистері Р.Харрод (1900 — 1978), Дж.Хикс (1904 — 1989), америкалық экономистер В.Леонтьев (1906 — 1999), М.Фридмен (1912 ж.т.), Р.Лукас (1937 ж.т.), т.б. Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі — [макроэкономикалық үлгілер]. Үлгілерді жасау кезінде жалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т.б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады. Макроэкономика шеңберінде зерттелетін мәселелерге теориялық талдау жасалып қана қоймай, сонымен бірге, экономикалық саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау, құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру — қазіргі заманғы макроэкономиканың аса маңызды құрамдас бөлігі;
  2. жан-жақты көрсеткіштерді бағалауға негізделген экономикалық талдау әдісі. Макроэкономикалық талдау нышандары саяси экономияның классикалық мектебінің өкілдерінде ғана кездесетін. Француз экономисі Ф.Кенэнің (1694 — 1774) экономикалық кестесі алғашқы макроэкономикалық үлгілердің бірі болып табылады.[2]

Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы жоне өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады.[3]


Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін  негізгі мәселелер:

  • ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
  • ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау;
  • инфляцияның табиғатын талдау;
  • экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;

• экономикадағы циклдық  ауытқулар мен конъюнктуралық өзгерістердің  себептерін зерттеу; • ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу; • мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдеу.

Экономикалық процестер  мен құбылыстарды зерттеудің макроэкономикалық  бағыттарының ерекшеліктері болады.

  • Біріншіден, ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын агрегаттық көрсеткіштердің қалыптасуының принциптерін, яғни ұлттық табыстың, жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы көлемін, бағалардың жалпы дәрежесін, экономикалық өсудің қарқынын, т.б зерттеуді кездейді. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері (өндірушілер мен тұтынушылар) агрегатталған жиымтықтар деп қаралады.

Осының нәтижесінде экономикалық агенттердің іс-әрекеттерінің мотивтері  былай тұжырымдалады: барлық бір-бірімен  байланысты ұлттық өнім шығаратын өндірушілер  біріктіріліп бір тұлға — жиынтық  өндірушілер деп қаралады; ал өндіріс  факторларын сатып, түскен табысқа  нарықта осы ұлттық өнімге сұраныс  жасайтын барлық тұтынушылар, біртұтас жиынтық тұтынушы деп қаралады.

  • Екіншіден, макроэкономикалық талдауда, жеке нарықтардағы өндірушілер мен тұтынушылардың шешімдері және іс-әрекеттері бір-бірінен тәуелсіз деп қаралса, экономиканы тұтас зерттеу, экономикалық субъектілердің өзара әсер етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы қаралуын талап етеді.
  • Үшіншіден, макроэкономикалық талдауда, экономиканың болмысы мен дамуын белгілейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Осы субъектілердің құрамына өндірушілер мен тұтынушылардан басқа, экономикаға әсер етуі зерттеудің объектісіне айналып отырған мемлекет кіреді. Бұдан басқа, ұлттық экономиканың ашық үлгілерінде макроэкономикалық талдаудың субъектерінің құрамына жиынтық өндірушілер мен тұтынушылар және басқа елдердің үкіметтері енеді. Микроталдауда, әдетте, фирманың, немесе, салалық нарықтың қызмет етуіне сыртқы экономикалық факторлардың әсері қаралмайды.[4]

Информация о работе Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы