Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 15:18, реферат

Краткое описание

Сан алуан жанама, сондай-ақ тура нысандар мен әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық үдерістерге ықпал жасау олардың қаржылық түрлерін кіріктіреді. Бұлайша ықпал етудің мақсаты - ұлттық шаруашылықтың эволюциясын қамтамасыз ету, бұл әлеуметтік-экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің белгілі бір уақыт кезеңдерінде әлеуметтік сфераны дәйекті бұлжытпай дамыту.

Вложенные файлы: 1 файл

Макроэкономикалық тепе.docx

— 69.28 Кб (Скачать файл)

Микро- және макродәрежеде позитивтік және нормативтік экономика талданады. Позитивтік бағытта экономикадағы ақиқат байланыстар зерттеледі; экономиканың әр түрлі аспектінің қызметіне және оның негізгі субъектілерінің әрекеттеріне баға беру нормативтік бағытта байқалады. Макродәрежеде көбінесе мемлекеттің экономикалық саясаты талданады.

Макроэкономикалық реттеу

Макроэкономикалық реттеу — экономиканы басқару тәсілі. Макроэкономикалық реттеу жалпы елдің экономикалық жүйесінің жұмыс істеуіне бағытталған. Макроэкономикалық реттеуде нарыққа қатысушылардың іс-қимыл ережелері белгіленіп, қажет болған жағдайда түзетулер енгізіліп отырады. Бұл мағынадағы нарықтық қатынаста макроэкономикалық реттеу мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзін-өзі реттеуі ұштастырылады. 
Макроэкономикалық реттеу экономикалық жүйені межеленген бағытта ұстауды көздейді және екі түрге бөлінеді: межелі бағыттан ауытқу бойынша реттеу және қайсыбір параметр жол беруге болмайтын мүшкіл деңгейге жеткенде реттеу. Бірінші жағдайда белгілі бір макроэкономикалық көрсеткіштердің белгілі бір кезеңге арналып межеленген бағдардан ауытқығаны байқалғанда мемлекет ахуалды түзету үшін шаралар қолданады. Мысалы, инвестицияның жетіспеуі себепті белгілі бір өндіріс тым қожырап, құлдыраған кезде жалпы өндірушілерге немесе тек инвестицияға ғана салынатын салықтың төмендетілуі, шетелден несие тартылуы, әлсіз кәсіпорындардың неғұрлым тиімді меншіктенушілерге жекешелендіріліп берілуі, өнімге сұранымның ынталандырылуы сияқты макроэкономикалық реттеу нұсқалары қолданылуы мүмкін. Екінші жағдайда келешекке арналған жоспарда әлеуметтік дүмпу қатерін төндіретін жұмыссыздықтың белгілі бір күйзелістік шектегі деңгейін белгілеуге және осы көрсеткішке жақындаған кезде жұмыспен қамтылуды арттыру мақсатында шұғыл шаралар (жаңа жұмыс орындарын ашқаны үшін кәсіпкерлерді көтермелеу, шағын бизнестің қалыптасуына көмектесу, т.б.) қолдануға болады. Реттеудің макроэкономикалық құралдарына салықтар, үлестемелер, фирмалардың рыноктағы әрекетін құқықтық реттеу, жалақы мен зейнетақы саласындағы шектеулер жатады. Ал нарықтық экономика жағдайындағы макроэкономикалық реттеудің негізгі құралдарына ақша саясаты құралдары (қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, орталық банктің несиелік эмиссиясы, коммерциялық банктерге қойылатын сақтық қор талаптары, бағалы қағаздар рыногіндегі алыс-берістер), қазыналық саясат (тікелей және жанама салық салу, бюджет тапшылығын басқару), ұлттық валютаның айырбас бағамы саясаты (айырбас бағамы жүйесі, валютаның айырбас бағамы) жатады.

Макроэкономикалық саясат

Макроэкономикалық саясат — экономиканы тиісті деңгейде ұстау, оның тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттің экономиканы реттеуге бағытталған іс-әрекеті.

Макроэкономикалық тәсіл

Макроэкономикалық тәсіл — экономикалық құбылыстарды зерделеу тәсілі. Мұнда объектінің ішкі байланыстары, ішкі құрылымдары ескерілмейді, тек экономикалық жүйенің тұрақты жұмыс істеуінің жалпылама, сыртқы көрсеткіштері ғана зерделенеді. Макроэкономикалық тәсіл экономиканы зерттеуге макроэкономикалық ғылым (жалпы экономиканың тұрақты жұмыс істеуін зерделейтін ғылым) тұрғысынан қарау дегенге саяды. Ол мемлекеттің жалпы елдің экономикасына ықпал ететін саясат ретіндегі макроэкономикалық саясаттың негізгі ұстанымын білдіреді.

Макроэкономикалық көзқарас

Макроэкономикалық көзқарас - экономикалық құбылыстарды зерделейді. Микроэкономикалық көзқарастан өзгеше түрде зерттеу объектісі. Мұнда экономикалық жүйе сырттай біртұтас жүйе ретінде қаралып, объектінің ішкі байланыстары, ішкі құрылымы толық ескерілмейді, тек экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің жалпылама көрсеткіштері ғана зерделенеді, онда да осы көрсеткіштер экономикалық жүйенің элементтерін құрайтын өзара әрекеттегі өнім екеніне қатыссыз тұрғыда зерделенеді. Микроэкономикалық көзқараста объект іштей қаралады, ішкі құрылым, оның элементтері арасындағы ішкі байланыстар зерделенеді.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет

  1. ↑ Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.
  2. ↑ Қазақ энциклопедиясы 9 том
  3. ↑ Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006.
  4. ↑ С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002.
  5. ↑ Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет

Информация о работе Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы