Негізгі және айнымалы капитал. Инвестиция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2015 в 15:37, реферат

Краткое описание

Нарықтық қатынастарға көшкен кезде “капитал” сөзі жиі қолданады. Сонымен қатар капитал деп кез-келген ақшаны түсінеді. Рас, қандайда бір капитал болмасын, ол өзінің қозғалысын белгілі ақша соммасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақша өз бетінше капитал бола алмайды. Егерде ақшаны құнды көбейту құралы ретінде қолданса, яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін болса, онда ақша капитал бола алады. Ақшаның капиталға айналуының басты шарты- ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңа құнды жасауға қабілетті, одан да көп құнды жасайды. Сондай тауарға- жұмыс күші тауары жатады.

Вложенные файлы: 1 файл

1.docx

— 39.74 Кб (Скачать файл)

1. Негізгі және айнымалы  капитал.Инвестиция

Нарықтық қатынастарға көшкен кезде “капитал” сөзі жиі қолданады. Сонымен қатар капитал деп кез-келген ақшаны түсінеді. Рас, қандайда бір капитал болмасын, ол өзінің қозғалысын белгілі ақша соммасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақша өз бетінше капитал бола алмайды. Егерде ақшаны құнды көбейту құралы ретінде қолданса, яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін болса, онда ақша капитал бола алады. Ақшаның капиталға айналуының басты шарты- ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңа құнды жасауға қабілетті, одан да көп құнды жасайды. Сондай тауарға- жұмыс күші тауары жатады.

Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін салушылар А.Смит пен Д. Рикардо және қазіргі белгілі американ экономистері П. Самуэльсон, У. Нордхауздың ойынша, капитал- бұл өндіріс құрал- жабдығы. Француз экономисі Жан Батист Сэй және ағылшын экономисі Джон Робинсон т.б., капиталды-бұл ақша соммасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген. Капиталға бұдан басқада көзқарастар бар: капитал-бұл өндіріс саласында қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал – бұл уақыт. Уақыт фактор ретінде табысты жасаушы. Әртүрлі уақыт кезеңіндегі көптеген экономистердің көзқарасын жинақтап қарасақ, онда өндіріс құрал- жабдығы, адамдар және ақшалар да капитал бола алады.

Бірақ капиталдың мәнін толыққанды етіп К. Маркс ашқан. Маркс былай деп жазған: сырттай капитал әртүрлі нышандарда - өндіріс құрал- жабдығында (тұрақты капитал), адамдар (өзгермелі капитал), ақшалай (ақша капиталы) болып келеді. К. Маркс осыдан, капиталды – күрделі ұғым деп санаған. Барлық аталған материалдық игіліктер өз бетінше капитал бола алмайды, олар сонда ғана капиталға айнала алады, егер иегерлеріне оларды құнды еселеу үшін немесе қосымша құнды жасауға қолданса.

Өзінің басты еңбегі “Капиталда” К.Маркс капиталдың бірқатар анықтамасын берген: “Капиталдың” бірінші томында: капитал-бұл құн, бұл өзін-өзі өсіретін құн деп көрсетілген. “Капиталдың” екінші томында: “капитал- бұл қозғалыс” екенін дәлелдеген. Капиталдың толыққанды мәні: “Капиталдың” үшінші томында ашады. Ол капиталды заттар жиынтығы (өндіріс құрал-жабдығы) ретінде қарастыруды жоққа шығарып, капитал- бұл зат еместігін, ол адамдар арасындағы белгілі қоғамдық қатынамтар екендігін айтады.

Капитал үнемі қозғалыста болады. Ол көптеген түрде болады: материалдық, заттық және ақшалай. Тауарлар сатылады -ақша пайда болады, сол ақшаға тағы да тауарлар сатып алынады және тағы солай қайталана бермек. Демек, «капиталды қозғалыс ретінде түсіну керек», сонымен капитал өз қозғалысында үш түрге ие болады: ақшалай, өнімділік, тауар. Капиталдың қалыпты жағдайда бір функционалды түрден басқасына ауысады және оның бастапқы түріне оралуы капиталдың шеңбер айналымы дейміз.

Капитал өз қозғалысында өндіріс сатысына және екі айналыс сатысынан өтеді. Ол өз айналымын белгілі уақыт кезеңінде жасайды. Капитал шеңбер айналымының кезеңдік процеспен айналуын капитал айналымы дейміз. Барлық капиталдың осы мерзімінде өндіріс пен айналыс сатысын өткізген жиынтық уақыты-капиталдың айналым уақытын құрайды.

Өндіріске қатысатын әртүрлі құрал-жабдық пен айналымды біркелкі жасалмайды, сондықтан оларды негізгі және айналмалы деп бөлеміз. Негізгі капитал өнімді капиталдың бір бөлігі болып табылады. Негізгі капитал жабдықтар, машиналар, станок, үйлер мен құрылыстың құнына енеді. Оның ерекшелігі мынада, ол дайындалатын өнімге өзінің құнын бөлшектеп енгізіп отырады. Егер станок (машина, үйлер, құрылыстар) 10 жыл қызмет етсе, ал оның құны 100 мың долларға тең болса, онда ол 1 жылда өндірілген өнімге 0,1-ге өзінің құнын бөлшектеп енгізу процесін амортизация деп аталады. Негізгі капиталды түрлері бойынша (станок, жабдықтар, көлік құралдары, ірі үйлер және т.б.) типімен бөлшектей отыра шектеулі мөлшерімен жоюды мемлекет бекітеді. Негізгі капиталды жедел амортизациялық жоюдың мөлшерін өзгертуді барлық дамыған елдерде кеңінен

қолданылады және ол кәсіпорынның (фирма)өзін-өзі қаржыландыруының басты құралы болып табылады.

«Инвестиция» немістің «invesition» деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Батыс елдер экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін былай түсіндірген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты - табыс, пайда немесе пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ сертификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларына жұмсалған шығындар да жатады. Инвестицияны материалдық-заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық-заттық инвестиция — ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар жәнене т.б., сонымен қатар, ол — ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге бағытталған, ал инвестицияның ақшалай- нысаны болса, ол — ақшалай капиталдың материалдық-заттық инвеcтициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады. Өндірістегі жалпы инвестицияны өнім инвестиция деп атайды. Ол-негізгі капиталдың (негізгі қор) артуын қолдауға бағытталады. Жалпы инвестиция біріктірушінің екеуінен қосылады. Оның ішінде біреуі амортизация. Ол - негізгі өндіріс құралдарының ұдайы тозу және оның құнын өндірілетін өнімге көшіру процесі. Екінші біріктіруші таза инвестиция - бұл капиталдың қаржы жұмсау негізгі нормаларды арттыру, өнімін беру, ғимараттар салу, өндіру және қондыру, қосымша жабдықтар, қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске асырылады. Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициялармен қатар, олардың едәуір бөлігі әлеуметтік-мәдени салаларына, яғни ғылым, білім, денсаулық, спорт, қоршаған табиғи ортаны қорғау, осы салалардағы жаңадан салынатын объектілерге, олардағы қолданылып жүрген техника мен технологияларды одан әрі жетілдіруге жүмсалады.

Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің «Еңбекпен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» (1936) еңбегінде қарастырды, онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде анықтайды. Инвестицияның өсуы ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша жұм ыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды. Инвестицияның тиімділігінін анықтау үшін оларды қол жеткен нәтижелермен салыстыру керек. Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз- ең аз инвестиция мөлшерімен нәтижесі бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогрессивті өнімді шығару.

 

2. Қысқа және ұзақ мерзімді  өндіріс шығындары

3. Пайданың эк-лық табиғаты

4. Еңбекақы жүйесі

5. Негізгі макроэкономикалық  көрсеткіштер

мынау ғой

 

Гульназ Данешова

охо себе

18.10.14 

 

Bigul Toshai

9.Инфляция мәні, түрлері, ерекшеліктері, пайда болу себептері мен күресу шаралары.

Инфляция термині латын тілінен аударғанда қампиған деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген. Инфляция өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс. Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Баға өсуі қарқыны көзқарасы тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады: а) баяу; ә) қарқынды; б) ұшқыр. Баяу инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10%-дан аздау) өседі. Инфляция 2-3% болған жағдайда, нарық үшін орынды құбылыс болып табылады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200%-ға дейін) өседі. Мұндай инфляцияға жол бермеу керек, себебі ол өте ауыр әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеледі (тұрғындардың өмір деңгейі төмендейді, кәсіпорын күйзеліске ұшырайды және т.б.) Ұшқыр инфляция кезінде айналымдағы ақшаның санымен баға астрономиялық жылдамдылықпен (50-1000%) өседі. Инфляцияның қазіргі кездерде өзіне тән біршама ерекшеліктері бар: егер, инфляция қарқыны бұрын бір жердің аумағынан шықпаса, қазір бүкіл ел аумағын қамтиды;егер, инфляция бұрын бір мезгілде ғана жүрсе, қазір инфляция көп уақытқа созылатын кұбылыс;егер, инфляция бұрын тек ақшаның әсерінен туындаса, қазір көптеген ақшасыз және баска да экономикалық емес факторларға байланысты. Инфляцияның пайда болу себептері: Ақшаның саяси жағдайдағы өз бағамын төмендетуін саяси атмосфераның қалыптасқан валюта рыногында да анықталады. Инфляцияға әсер ететін екі фактор бар: бірінші ақшалай факторлар-халық шаруашылығындағы несие ақшалардың көптігі; ақшаға сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесінде ақша айналысы заңының талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылыгын жою мақсатында шамадан тыс ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюі; Екінші фактор – тауарлар шаруашылық мсханизмінің шығындылығы; салық саясаты; баға саясаты; мемлексттің экономикалық саясаты; сыртқы экономикалық іс-шаралары және сол сияқты факторла жатады. Екі топтағы фактор бір-бірімен тыығз байланысты. тауар мен көрсетілген қызметің бағасын өсіріп, инфляцияға соқтырады. Мемлекет инфляциямен күресу үшін инфляцияға қарсы саясат жүргізеді Оған мыналар жатады: экономикалық баға мен жалақыны реттеу әдістері; қаржыны сауықтыру; халық шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру; несиенің қозғалысын баяулату; ақша эмиссиясын бақылау; асқынған жағдайда ақша реформасын жүргізу.

18.10.14 

и сосын осы

каз тағы жіберем

файлдың өзін қалай қояды?

АҚША-таурлар мен қызметтер ушін төлем ретінде алынатындардың барлығы, кейбір металл түрін алатын жалпыға ортақ балама. 2)Ақша- д-з кез келген затқа айырбасталатын жалпылама эквивалент.

АНАЛИЗ- құрамдас бөліктер мен жақтардың әр қайсысын нақтылап, тутас құбылыстың қажетті бір болігі ретінде қарастыруы.

АРЕНДА-келісім шарт негізінде ,аренда берүші аренда алушыға белгілі мүлік берілгендіктен пайда болатын, шаруашылықтың формасы.

БАНК-ақша ресурстарын тартумен және оларды орналастырумен айналысатын э-лық институт.

БӘСЕКЕ-іс әрекеттін қандай болмасын саласында унамды нәтіжелерге жетү үшін жүретін экономикалық сайыс, тауар өндірүшілердің ұтымды шаруашылық жүргізудін шарттары үшін, нарықтың және пайданың үлесі үшін,нақты тапсырма алу үшін сайыс.

ВАЛЮТА-1) елдің ақша бірлігі- оның ақша жүйесінің элементтерінің біреуі: 2) шетел мемлекеттерінің ақша белгісі және олардың несіелік пен төлемдік құралдары: 3) халықаралық төлем-есеп айырысу айналысындағы ұлттық ақшаларды пайдаланудың ерекше әдісі.

ДЕДУКЦИЯ-жалпы ережелер негізінде жеке қубылыстармен, процестерді дәлелдеуге мүмкіндік беретін ғылыми зерттеу әдісі.

ЕҢБЕК-1табиғат заттары мен күштерінің түрін өзгертуге бағытталған адамның мақсатты қызметтері, оларды өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бейімдеу.2адамның күш жігерінің жумсауы.

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ-мемлекеттік органдардың , меншікке эк-лық құқығымен қызметтердің және тауарлардың, өндіріс процесін, тікелей соған қатысушыларға немесе мемлекеттік емес сектордың басқа эк-лық агенттеріне беруі.

ИГІЛІК-адамның кез-келген нәрсеге көңіл аударуы, заттардың белгілі қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігін көрсетеді.

ИНДУКЦИЯ-жалпы ережелер мен принциптерді айқындауға мүмкіндік беретін, жекеленген бөлек факторлардың негізізінде жүргізілетін , ғилыми-зерттеу әдісі

КӘСІПКЕРЛІК-пайда алумен жеке табыс табуға бағытталған, азаматтардың белсенді, шығармашылық дербес іс-әрекеттері .

К-ОРЫН-бір прфильді,бірғана өнім шығыпатын өндіріс.

ҚАЖЕТТІЛІК- адамның бір нәрсеге муқтаж болуы.

НАРЫҚ–белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық субьектілерін байланыстырушы ұйым”.

Нарық–тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы.

Н-ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ- сұраным бен ұсыныстың теңдігі.

ӨНДІРІС – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс - тауарлар өндіру және қызметтер көрсету мекемесі болып табылады.

ПАЙДАЛЫҚ- адамдардың қандайда болмасын тұтынысын қанағаттандыру қабілеттілігі.

РЕНТА- жерді жалға беру арқылы түсетін пайда.

СЕРІКТЕСТІК--(щаруашылық) комерциялық уйым, заңды тулға жарғылық қоры салымшыларының үлесіне бөлінген және басты мақматтары пайда алу болып табылатын кәсіп орындар.

СИНТЕЗ- ол зерттелетін құбылыстардың бөліктерін жуптастыру және оларды тутас қубылыс ретінде танып білу

СУРАНУ ЗАҢЫ- Баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері тәуелділік сұраныс заңы деп аталады.

ТАУАР-дегеніміз заттандырылған қоғамдық еңбек немесе сонғы өнім жиынтығы,өндірумен қызмет көрсету мекемесі.

УСЫНУ ЗАҢЫ- Баға мен ұсынылған өнім саны арасындағы тікелей байланыс ұсыныс заңы деп аталады

ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ- материалдық (жер мен капитал) және адами (еңбек және кәсіпкерлік) ресурстарды өткізе отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады.

ЭК-А-оқыту пәні.

Э-КАТЕГОРИЯ дегеніміз – экономикалық құбылыстардың (мысалы, тауар, баға, кіріс және т.б.) маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар.

Э-КА-э-лық қатынастардың қызметтік немесе салалық астарын қарастыру

ЭКОНОМИКА- игіліктермен қызметтер көрсететін өндірістік және өндірістік емес салалар жиынтығы

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ- 1)адамдардың өмірлік қызметінің күнделікті іскерлігін және өздеріне өмір сүру мүмкіндігін таба отырып осы жолды қолдану туралы ғылым.2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ – бұл қызмет түрлері туралы ғылым, айырбас және адамдар арасындағы ақшалай іс - әрекетке байланысты.

Э-ЛЫҚ ЖҮЙЕ- бұл экономикалық

процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады.

 

 

 

 

 

1Экономика ғылымының әдістемесі, даму кезең/і ж/е қызмет/і. Экономика  туралы ғылым табиғат пен қоғам  туралы адам білімнің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды. Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос – үй шаруашылығы; номос – заң) деген ұғымды білдіреді.

Экономикалық теорияның даму кезеңдері

Меркантилизм (итальян сөзі «мерканте»- саудагер, көпес деген ұғымды білдіреді) бірінші экономикалық ілім болып табылады. Осы ілімінің негізгі мазмұны мынада: меркантилистер байлықтың қайнар көзі тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеген. өкілдері- Вильям Стаффорд (1554-1612 жж.) және Томас Мен (1571-1641жж.).

физиократтар Қоғам байлығы саудада емес, ол өндірісте пайда болатындығы туралы идеяны алғашқы рет («физиократ» гректің «физис»- табиғат, «кратос»- өкімет деген екі сөзінен шыққан) –

Классикалык -Франсуа Кенэ (1694-1774жж.). Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі- ауыл шаруашылығын дағы еңбек деп есептеді. Кейінірек осы сұрақтар Уильям Петти (1623-1687 жж.), Адам Cмит (1723-1790жж.) және Давид Рикардо (1772-1823жж.) еңбектерінде де қарастырылды. Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі - тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы емес, барлық өндіріс саласындағы еңбектерде (өнеркәсіп, құрылыс өндірісі) деп айтқан.

Информация о работе Негізгі және айнымалы капитал. Инвестиция