Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2015 в 15:37, реферат
Нарықтық қатынастарға көшкен кезде “капитал” сөзі жиі қолданады. Сонымен қатар капитал деп кез-келген ақшаны түсінеді. Рас, қандайда бір капитал болмасын, ол өзінің қозғалысын белгілі ақша соммасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақша өз бетінше капитал бола алмайды. Егерде ақшаны құнды көбейту құралы ретінде қолданса, яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін болса, онда ақша капитал бола алады. Ақшаның капиталға айналуының басты шарты- ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңа құнды жасауға қабілетті, одан да көп құнды жасайды. Сондай тауарға- жұмыс күші тауары жатады.
Қор жинау немесе жинақ құралы- ақшалар бұл қызметті белгілі бір себептермен айналыстан шығып жинақталған кезде атқарады
Қор жинауға мысалы, банкқа салынатын дипозиттер мен салымдар жатады. Металл ақшалар- монеталар. Монетаның отаны Лидия мемлекеті болып есептелінеді. Онда монета ең алғашқы рет шамамен б.д.д. 7- ші ғасырда ойып-өрнектелген түрінде шықты. Ал «монета» термині Юнон-Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы болған. Монета дегеніміз- заңмен бекітілген пішіні, түрі, салмағы, сынабы және ремедиумы бар металдан жасалған ақша белгісі. Ремедиум дегеніміз- заңмен рұқсат етілген нақты массаның шынайы массадан ауытқуы. Монетаның бет жағы – аверс, сырты- реверс, кесіндісі- гурт деп аталады.
Қағаз ақшалар. Ең алғашқы рет қағаз ақшалар XII- ші ғасырда Қытайда пайда болған, ал XIII- ші ғасырда Шыңғысхан үкіметі қағаз ақша белгілерін алтынға еркін айырбастаған. Ресейде қағаз ақшалар 1769 жылы енгізілді.
Несиелік ақшалар. Несиелік ақшалардың пайда болуы қолма- қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың, өзара есептесу мүмкіндігін қарастырады. Оларға: вексельдер, чек, төлем тапсырысы, «электрондық ақшалар» жатады.
Ақша айналысы дегеніміз- ақша қаражаттарының белгілі бір мезгілде қозғалысқа түсуі.
9Нарықтық тепе-теңдік икемділік түсінігі. Н-тепе-теңдігі- сұраным бен ұсыныстың теңдігі. Сұраныс дегеніміз - бұл ақшалай қамтамасыз етілген, нарықтағы тұтыныстың түрі немесе төлем қабілеті бар тұтыныс. Сұраныс бағаға кері қатынынаста болады: баға төмендегенде сұраныс өседі, ал баға көтерілгенде сұраныс кемиді. Баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері тәуелділік сұраныс заңы деп аталады. Сатылған игіліктер санының баға деңгейіне тәуелділігін сызба түрінде беруге болады. Сұраныс қисығы - сатып алушылардың дәл осы уақытта түрлі бағамен экономикалық игіліктің қанша санын сатып алғысы келетінін көрсететін қисық. Бағаның әсер етуі арқылы сұраныстың сандық өзгеру қасиеті оның икемділігі деп аталады. Сұраныс икемділігі бағаның әсерінен өнімге деген жиынтық сұраныстың сандық өзгеру дәрежесімен анықталады.Оның үш баламалы варианттары бар.
Біріншісі - бағаның кез-келген өнімге белгілі пайызының төмендеуі ол өнімге сұраныстың ұлғаюын тұғызады және жалпы ақшалай түсімді өсіреді. Бұл икемді сұраныс.
Екіншісі - бағаның пайыздық мөлшерінің төмендеуі сұраныстың сондай боп ұлғаюына әкеледі, бірақ жалпы ақшалай түсім өзгеріссіз қалады. Бұл - біркелкі икемді сұраныс.
Үшіншісі - бағаның пайыздық төмендеуінен сұраныстың пайыздық ұлғаюы кем болса - бұл икемсіз сұраныс. Ұсыныс - тауар өндірушілердің нарыққа сатуға ұйғарған, бағасы белгіленген тауар жиынтығы.
Ұсыныс бағаға тура қатынаста болады: баға жоғары болса, онда сатушылар тарапынан тауарды ұсыну көбірек болады. Баға мен ұсыныстың осындай қатыста болуы ұсыныс заңы деп аталады.
10Бәсеке түрлері
және қыметтері. (латын сөзі конкурро-
Адам Смит бәсекенің теориясының негізін қалаған. Бәсекені қолдану тәсіліне қарай: бағалық және бағалық емес немесе өнімнің сапалық (тұтыну
құны) негізіндегі бәсеке. Біртекті өнімдер түрінің әр түрлі бағаларды көрсетуі бағалық бәсеке деп аталады. бағалық емес бәсеке ең алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді. Бағалық емес бәсекенің басты тәсілі –жарнама, яғни маркетинг факторларын тиімді қолдану болып табылады.
Бағасына әсер етуіне қарай; жетілген және жетілмеген болып бөлінеді. Жетілген бәсеке нарығының субъектілеріне кәсіпкерлер, өндірушілер, фермерлер, бизнесмендер жатады.
Жетілмеген бәсекелі рыноктың үлгісі қоғамның барлық ресурстарын барынша ұтымды пайдалануды, өнім өндіруге жұмсалған қоғамдық шығындарды мейлінше азайтуды көздейді.
Таза бәсекелік нарық екі күрделі мәселені шешеді: а) фирмалар тұтынушыға қажетті, пайдалы өнімдер шығарады, б) тауарларды минималды шығын жұмсап өндіреді.
Бәсеке келесідей қызмет атқарады: реттеу- бәсекеге қарсы тұру үшін кәсіпкердің өндірген өнімі сапалы және тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыратындай болу қажет. Бұл қызмет арқылы бәсеке нарыққа қажетті және пайдалы өнімдердің шығарылуын реттейді. Ынталандыру- бәсеке жағдайында кәсіпкерлер тәуекелге бару арқылы пайдасын молайтып ұтады немесе шығынға ұшырау арқылы ұтылып өзінің қызметін тоқтатады. Бақылау қызметінде бәсеке арқылы кез келген кәсіпорынның экономикалық күші шектеледі және бақылауға алынады, яғни тұтынушыларға тауардың сапасы мен бағасына қарай сатушыларды таңдау еркіндігін береді. Сауықтыру қызметінде нарық қоғамға пайдасыз, тиімсіз шаруашылықтан тазартылып отырады.
Информация о работе Негізгі және айнымалы капитал. Инвестиция