Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 07:39, курсовая работа
Негізгі құралдар аудитінің мақсаты - негізгі құралдың сақталу орындары бойынша ішкі және сырытқы қозғлыстрының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне негізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есепті мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудиттер алдына қойған мақсатына жету үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.
Кіріспе 4
1 Аудиттің сипаттамасы, мақсаты және қызметі 6
1.1 Аудиттің маңызы және мақсаты. Аудиттің дамуы 6
1.2 Аудиттің пәні, обьектілері және субьектілері, олар¬¬дың құқықтары, міндеттері және жауапкер¬шіліктері
11
1.3 Аудиттің функциясы және түрлері 13
2 Негізгі құралдардың аудиті 17
2.1 Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің мақсаты, міндеті және ақпарат көздері
17
2.2 Негізгі құралдармен болған операциялардың аудиті 20
3 Тәуелсіз аудиторлардың есебі 26
Қорытынды 37
Қолданылған әдебиеттер 39
Аудиторлық қызметті жүргізуге аудиторлық қызметті жүргізуге лицензиясы бар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқығы бар.
Аудитор – бұл Мамандық комиссиясы мен аттестацияланған және «аудитор» маманы атағы берілгені туралы куәлік алған жеке тұлға.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, қаржылық есеп берудің аудитінен басқа өз қызметі саласы бойынша мынадай қызметтер көрсете алады:
«Аудит дегеніміз қаржылық есеп берудің Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен бекітілген талаптарға сай, дұрыс және объективті түрде толтырылғандығы туралы тәуелсіз ой – пікірін білдіру мақсатындағы заңды тұлғалардың (аудит жүргізілетін субъект) қаржылық есеп беруін тексеру»7
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде, аудит көптен бері бар жерде, бұл термин әр түрлі түсіндіріледі. Мысалы, Англияда, аудит дегеніміз тәуелсіз тексеру және кәсіпорынның қаржылық есеп беруі туралы ой-пікірін білдіру. Сонымен қатар, аудит тексерудің барлық түрлерінде қолданылады.
Бухгалтерлік
есеп бойынша Американдық
Аудитор аудиторлық қызметті жеке кәсіпкер ретінде немесе аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқықты.
Аудиторлық ұйым-аудиторлық қызметті жүргізу үшін кез келген ұйымдастыру – құқықтық формада құрылған (Ашық акционерлік қоғамнан, өндірістік кооперативтен және мемлекеттік кәсіпорыннан) басқа коммерциялық ұйым.
Аудиторлар Палатасы - коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым.
Аудиторлар Палатасы - заңды тұлға және жалпы жиналыста оның мүшелерімен қабылданған жарғы (устав) арқылы әрекет етеді.
Аудиторлық қызметпен Мамандық комиссиясымен аттестациядан өткен, «аудитор» маманы атағы берілгені туралы куәлік алған және жеке мөрі бар тұлғалар айналыса алады.
Аудиторға кандидаттарды аттестациялау дегеніміз кандидаттардың кәсіби деңгейін Мамандық комиссиямен кәсіби талаптың негізінде емтихан жүргізу арқылы анықтау.
Кандидаттарды аттестациялау бойынша Мамандық комиссия, оның құрылтайшылары болып табылатын аудиторлар Палатасының Республикалық конференциясында құрылады.
Мамандық комиссияның құрамына әр аудиторлар палатасынан бір өкілден кіреді. Ол аудиторлар палатасы Республикалық конференциясында бекітілген нұсқау арқылы әрекет етеді.
Аттестацияға жоғары білімді және экономикалық, қаржылық, есептік – аналитикалық, бақылау-түгендеулік немесе құқықтық салада, соңғы жеті жылдың бес жыл бойы жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сонымен қатар бухгалтерлік есеп және аудит бойынша жоғарғы оқу орындарында ғылыми-ағарту қызметімен айналысатын және көрсетілген салаларда соңғы бес жылдың екі жылында практикалық жұмыс стажы бар тұлғалар жіберіледі.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға
лицензия Қазақстан Республикасы Үкіметімен
анықталатын сенімді
Аудиторлық ұйымдардың құрамында жұмыс істейтін аудиторлардан лицензия талап етілмейді.
Аттестациядан өтпей қалған тұлғалар, қайта аттестацияға жарты жылдан кейін жіберіледі.
Аудитордың мамандық куәлігі мынадай жағдайларда жойылады:
Мамандық куәлігі Мамандық комиссиясымен жойылады. Мамандық комиссиясының шешімі аудиторлық қызметпен айналысуға лицензия берген мемлекеттік органға хабарланады және баспада жарияланады.
Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты аудиторға қаржылық есеп берудің бекітілген талаптарға сай барлық маңызды аспектілер бойынша толтырылғандығы туралы ой - пікірін білдіруге мүмкіндік беру. Бұл негізгі мақсат аудит жүргізілетін ұйымдармен келісім-шарттарда дамытылуы мүмкін, себебі аудиторлық қызметтен басқа, аудиторлық ұйымның профилі бойынша қызметтің басқа да түрлері көрсетілуі мүмкін.
Аудиттің міндеті қаржылық есеп беру бойынша ой- пікірін білдіру болып табылады. Аудитор бұл міндетті орындау үшін жүргізілген процедуралардың нәтижесінде жиналған дәлелдерді бағалайды және шешім шығарады. Ол аудитте ақпараттың маңызды бұрмалаушылықтардан аман екендігіне сенімділіктің жоғары денгейіне жету керек.
1.2 Аудиттің пәні, обьектілері және cубьектілері, олардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері
Аудиттің пәні болып аудит жүргізілетін ұйымның қаржылық және басқа құжаттарын тексеру процесінің өзі табылады. Мұнда болған шаруашылық операциялар нақтылы түрде көрсетіледі. Жыл соңында қызметінің қаржылық нәтижесі анықталады.
Сонымен, аудиттің пәні болып ұйымның шаруашылық қызметін түрлері бойынша тексеру табылады.
Ұйым операциялық (кәдімгі), қаржылық және инвестициялық қызмет атқарады.
Операциялық (кәдімгі) – бұл ұйымның кіріс алу мақсатындағы тауарлы-материалдық босалқыларды сатып алу, өндіру және сату бойынша қызметі.
Қаржылық – ұйымның меншікті капиталының құрамы мен мөлшерін және заемды өзгертуге (меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп) бағытталған қызметі.
Инвестициялық қызмет – бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, несие беру және алу.
Ұйымның қаржылық есеп беруі бухгалтерлік баланста белгілі бір күнге активтер мен пассивтердің күй-жайын көрсетеді. Ал, кірістер мен шығындардың өзгерістерін қаржылық жыл бойында «Пайда мен зиян туралы есепте», қызметтің түрлері бойынша ақша қаражаттарының ағымы «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте» көрсетіледі. Сондықтан қаржылық есеп беру аудитінің обьектісі болып қаржылық есеп берудің барлық элементтері: активтер, меншікті капитал, кірістер мен шығындар, міндеттемелер табылады. Бір сөзбен айтқанда, аудиттің объектісі – ұйымдардың қаржылық есеп беруі, яғни іс жүзіндегі заңдылықтарға сәйкес құрылған ұйымдастыру - құқықтық формасы мен меншігінің түрлеріне қарамастан барлық ұйымдар.
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңына сәйкес жыл сайын міндетті аудиторлық тексеруге мынадай ұйымдардың қаржылық есеп беруі жатады:
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы заңдылық актілерімен қарастырылған жағдайларда аудитті жүргізу міндетті болып табылады.
Аудиторлық қызметті жүзеге асыруда аудитті жүргізу рұқсат етілмейді:
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар құқықты:
а) аудитті жүргізу әдістерін өзінше анықтауға;
ә) келісім – шартты орындау үшін қажетті бухгалтерлік және басқа қаржы–шаруашылық құжаттарды алуға және тексеруге;
б) келісім – шарт арқылы аудитті жүргізуде басқа, әртүрлі кәсіптегі мамандарды қатыстыруға;
в) аудит жүргізілетін субъектімен аудитті жүргізу келісім - шарты бұзылған жағдайда аудиторлық қорытынды беруден, ия болмаса, аудитті жүргізуден бас тартуға.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар міндетті:
а) жоғарыда айтылған баптар бойынша аудитті жүргізуге мүмкіндігі жоқтығын хабарлауға;
ә) аудит жүргізілетін субъектілерден алынған құжаттардың және аудит бойынша алынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
б) аудит жүргізілетін субьектіге қаржылық есеп берудің заңдылыққа сәйкес еместігі туралы хабарлауға;
в) аудиторлық нәтиженің құпиялылығын сақтауға.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес «Аудиторлық қызмет туралы» заңдылықты бұзғаны үшін, сонымен қатар, келісімнің шарттарын сақтамағаны үшін жауапқа тартылады.
Аудит жүргізілетін субъект құқықты:
а) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардан дұрыс ақпарат алуға;
ә) нормативтік актілермен танысуға;
б) қаржылық есеп берудің сәйкес еместігі туралы ақпаратты аудиторлардан немесе аудиторлық ұйымдардан алуға;
в) егер аудитор келісім - шарттың талаптарын бұзса, онда аудитор мен аудиторлық ұйымдардың қызметінен бас тартуға.
Аудит жүргізілетін субъект міндетті:
а) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға, аудитті уақтылы және сапалы жүргізу үшін, қажетті ақпаратты ұсынуға, ауызша және жазбаша түрде түсініктемелер беруге мүмкіндік туғызуға;
ә) аудитордың қызметіне кедергі жасамауға;
б) аудитордың талабы бойынша өз атынан үшінші тұлғаға қажетті ақпарат алу үшін жазбаша хат жібереді.
Аудит жүргізілетін субьект аудиторға (аудиторлық ұйымға) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап береді.
Заңды тұлғаның жетекшісі аудит жүргізуден ауытқығанда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
Балансының активінің орташа жылдық сомасы бір айлық есептік көрсеткіштің 40000 еселенген мөлшерінен артық шаруашылық субъектілерге міндетті аудит міндетті түрде.
Кез келген ұйымды міндетті аудиторлық тексерулер прокурордың, соттың, арбитраждық соттың тапсырмасы бойынша жүргізіледі.
Аудиттің субъектілері өздерінше кәсіпкерлік қызмет атқаратын аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар және аудиторлар Палатасы.
1.3.
Аудиттің функциясы және
Аудит кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде, практикалық қызметте қаржылық есеп беруді тексеруді жүргізуде мынадай функцияларды орындайды: