Негізгі құралдар аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 07:39, курсовая работа

Краткое описание

Негізгі құралдар аудитінің мақсаты - негізгі құралдың сақталу орындары бойынша ішкі және сырытқы қозғлыстрының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне негізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есепті мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудиттер алдына қойған мақсатына жету үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.

Содержание

Кіріспе 4
1 Аудиттің сипаттамасы, мақсаты және қызметі 6
1.1 Аудиттің маңызы және мақсаты. Аудиттің дамуы 6
1.2 Аудиттің пәні, обьектілері және субьектілері, олар¬¬дың құқықтары, міндеттері және жауапкер¬шіліктері
11
1.3 Аудиттің функциясы және түрлері 13
2 Негізгі құралдардың аудиті 17
2.1 Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің мақсаты, міндеті және ақпарат көздері
17
2.2 Негізгі құралдармен болған операциялардың аудиті 20
3 Тәуелсіз аудиторлардың есебі 26
Қорытынды 37
Қолданылған әдебиеттер 39

Вложенные файлы: 1 файл

аудитор.docx

— 86.79 Кб (Скачать файл)

Эксперттік қызмет қаржылық есеп беру элементтерін, кәсіпорында бухгалтерлік есептің және ішкі бақылау жағдайын кешендік тексеруді болжайды.

Аналитикалық  қызмет қаржылық есеп беруді сараптау сияқты мақсатта жүзеге асырылады. Ұйымның қаржы жағдайына қаржылық есеп беруде көрсетілген оқиғаларды талдаусыз және болашаққа болжаусыз толық, обьективтік баға беру мүмкін емес. Аудит жүргізілетін ұйымның болашағын болжамдау – осы күнгі аудиттің ажыратылмайтын бөлімі, оның нәтижесіне аудиторлық есептің (қорытындының) атауы мен мазмұнына байланысты. Сондықтан аудиторлық есептің толықтығы мен дұрыстығы кешендік кезеңдік шаруашылық қызметті талдаумен расталынады.

Сонымен қатар, аудитор ұйымның  қаржы жағдайын талдау арқылы бағалай  отырып, оны жақсарту жөнінде кепілдемелер береді.

Консалтингтік қызмет – бұл бухгалтерлік есеп, салық салу, банктік іс, құқық, мүлікті бағалау және т.б.сұрақтары  бойынша семинарлар, сабақтар, курстар  жүргізу. Сонымен бірге, аудит жұргізілетін ұйымға ақыл – кеңес беру аудиттің барысында немесе кейбір келісім - шарт бойынша аудит процедураларына  байланысты емес жүргізіледі.

Аудиттің өндірістік функциясы (қызметі) жұмыстардың мынадай түрлерін қамтиды:

а) ұйымның бухгалтерлік есебін қайта  қалпына келтіру және жүргізу;

ә) есепті жөнге салу, алдыңғы қатарлы  формалар мен әдістерді енгізу;

б) қаржылық есеп беруді толтыру;

в) корпоративтік және жеке табыс  салықтары бойынша Декларациялар толтыру;

г) ұйымның есептік саясатын құрастыру;

д) меншікті өнімдерін баспаға жарыққа  шығару қызметі (ақыл - кеңестік проспектілер, кітапшалар, көп тиражбен шығарылатын  буклеттер және т. б.);

е) комиссияда және соттарда ұйымның  мүддесін ұсыну;

ж) адвокаттық қызметтен басқа заң  қызметтері.

Қызметтің алдыңғы үш түрі кәсіпорында  кейінгі екі жылға аудитті  жүргізуді болдырмайды, себебі аудитор  заңға сәйкес өзімен бухгалтер ретінде  жүргізілген жұмысқа қорытынды (есеп) бере алмайды.

Сонымен, аудит эксперттік (сараптық), аналитикалық, ақыл – кеңес беру, өндірістік функцияларын атқарады.

Нарықтық экономикасы дамыған  елдерде ақыл – кеңес беру функциясының ролі өте зор. Өйткені, бұл елдерде  аудиторлық қызметте ақыл – кеңес  беру функциясы басым.

Аудит (кіммен жүргізілетін субьектілеріне байланысты) екі түрде жүзеге асырылады: ішкі және сыртқы.

Ішкі аудит – ұйымның штаттағы аудиторларымен немесе тікелей жетекшілікке бағынатын арнайы бөлімдерімен жүргізіледі. Ішкі аудит – бұл негізінен шаруашылық бақылау, бірақ мазмұны мен жүргізу әдістері бойынша көбінесе сыртқы аудитпен ұқсас.

Ішкі аудитті қолайлы ұйымдастыру  кәсіпорынның құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері мен ұйымның материалды жауапты тұлғаларының өз міндеттерін орындау үшін жауапкершілігін арттыруға, мүлік пен міндеттемелердің қозғалысымен байланысты шаруашы-лық операцияларды жүзеге асыруда негативтік құбылыстарды болдырмауға мүмкіндік туғызады.

Ішкі аудит сыртқы аудиттің ақпараттық базасы.

Ішкі аудит үздіксіз жүргізіледі.

Сонымен бірге ішкі мен сыртқы аудиттің арасында тәуелсіздік денгейінде, мақсатында және тексеруді жүргізу бойынша маңызды айырмашылықтар бар. Ішкі аудиттің қажеттілігі субьектінің басқару әдістері мен оның серіктерімен (партнерларымен), мемлекет пен кәсіпкерлік экономикалық қатынастарын реттейтін заңдылықтардың күрделіленуімен байланысты. Сонымен қатар, ішкі аудит тиімсіз шығынды, материалдық және ақшалай ресурстардың қымқырулары мен жоғалтуларын болдырмау, дер кезінде ескертіп және қаржы қиыншылықтарынан шығу бойынша уақтылы кепілдемелер құрастыру үшін қажетті. Яғни, ішкі аудит -бұл ұйымның және оның құрылымдық бөлімдерінің қызметін тиімді басқаруын үздіксіз бақылау (бағалау).

Сыртқы аудит сыртқы, тәуелсіз аудиторлармен  және аудиторлық ұйымдармен кәсіпорындардың  тапсырмасы (келісім – шарт) арқылы жүзеге асырылады. Сыртқы аудиттің ерекшелігі тексеруді жүргізуші аудиторлардың  аудит жүргізілетін субьектілерде құрылтайшылар, меншік иелері, акционерлер, жетекшілер және басқа да лауазымды тұлғалар емес, сонымен қатар ұйымның жетекшілігімен туысқандығы және олармен қызметтік қатынаста байланысы жоқ.

Сыртқы аудиторлық тексеру аудит  жүргізілетін субьектілерде, олардың құрылтайшылары, еншілес, тәуелді ұйымдары, өкілеттері болып табылатын, оларға бухгалтерлік есепті қайта қалпына келтіру, жүргізу және қаржылық есеп беруді толтыру бойынша қызмет көрсеткен аудиторлық ұйымдармен жүргізілмейді.

Мұндай маңызды жағдайлар аудиторлық қызметті жүргізу лицензиясын жоюдың негізі болуы мүмкін.

Сыртқы аудит аудит жүргізілетін субьектінің қаржылық есеп беруінің дұрыстығын бағалау және әкімшілікке  консалтингтік (ақыл – кеңес беру) қызмет көрсету мақсатында жүргізіледі.

Қазіргі уақытта аудиттің халықаралық  практикасында аудиттің мынадай түрлері қолданылады: қаржылық есеп беру аудиті (немесе қаржы аудиті); операциялық аудит; сәйкестік аудит.

Қаржылық есеп беру аудиті – қаржылық ақпараттың дұрыстығын бағалау, есеп пен есеп беруде тіркелінген ақпараттың бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған принциптер мен ережелерге сәйкес келетіндігін анықтау үшін жүргізіледі.

Операциялық (басқару) аудит – бұл  кәсіпорынның жұмыс істеуін, оның өнімділігі мен тиімділігін бағалау мақсатында тексеру.

Сәйкестік (салық) аудит – бұл  ұйымда нақты ережелердің, нормативтік  актілердің, заңдардың, инструкциялардың, келісім – шарттардың баптарының сақталуын тексеру. Сонымен қатар, сәйкестік аудит ұйымның жеке меншік иелері мен акционерлерінің тапсырмасы бойынша белгіленген басқару процедураларының жетекшілікпен сақталуын тексеру мақсатында жүргізілуі мүмкін. Сәйкестікке тексеру барысында кәсіпорынның қызметінің, оның жарғысына және т.б. сәйкестігі бекітіледі.

Сәйкестікке тексеру қаржылық есеп беруді бағалау үшін тиісті белгілерді бекітуді талап етеді.

Жүргізу мезгіліне қарай аудиторлық тексеру бастапқы және келісілген (оқтын  – оқтын ) аудит болып бөлінеді.

Бастапқы аудит аудитормен немесе аудиторлық ұйыммен бұл ұйымда тексеруді алғашқы рет жүргізуді білдіреді.

Келісілген  аудит бұл ұйымда бір аудиторлық ұйыммен (аудитормен) аудит қайта  немесе жүйелі түрде жүргізіледі, яғни келісім – шартты қайта жасағанда  орындалады.

Даму тұрғысынан аудит үш түрге  бөлінеді:

  1. Дәлелдейтін аудит бухгалтерлік құжаттар мен есеп берудің дұрыстығын тексеру және дәлелдеу;
  2. Жүйелі – бағытталған аудит ішкі бақылау жүйесін талдау арқылы аудиторлық сараптау;
  3. Тәуекелге негізделген аудит аудиторлық тексерудің өте жоғары мүмкін тәуекелде аудиторлық жұмысты шоғырландыру.

Аудит обьектілеріне  байланысты жалпы аудит (кәсіпорындар мен олардың бірлестіктерінің аудиті):

  • банктік аудит;
  • сақтандыру аудиті;
  • биржалар, бюджеттен тыс қорлар аудиті және инвестициялық институттардың аудиті болып бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.    Негізгі құралдардың аудиті

2.1 Негізгі құралдарды аудиторлық  тексерудің мақсаты, міндеті және ақпарат көздері

 

Тексерудің мақсаты ұйымда негізгі  құралдардың жіктелуін, дұрыс топтастырылғанын, бағаланғанын және есептен шығару мен  тозуын есептеу тәртібінің сақталғанын, негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындардың негізделгенін анықтау  және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруде негізгі құралдардың нақты қолда бары, олардың қозғалысы туралы мәліметтердің ақиқаттығын тексеру.

Негізгі құралдар аудитінің негізгі міндеттері:

  • негізгі құралдардың нақтылығы мен сақталуы бақылаумен қамтамасыз етілгенін;
  • негізгі құралдардың дұрыс топтастырылғанын;
  • келіп түскен және есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша операциялардың құжаттарының дұрыс рәсімделуінің және есепте көрсетілуінің дұрыстығын;
  • қолданылатын амортизация есептеу әдістерінің
  • негізгі құралдардың тиімді және дұрыс пайдаланғанын;
  • негізгі құралдардың жал есебінің дұрыстығын;
  • негізгі құралдардың қозғалысының және оларды есептен шығарудың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуінің дұрыстығын;
  • негізгі құралдардың келіп түсуі, қозғалысы және шығуы бойынша салықтардың есептелуінің дұрыстығын;
  • бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің нақты қолда бары және қозғалысы туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

Аудиторлық тексерудің обьектілері  болып мыналар табылады:

  • негізгі құралдардың келіп түсуі, қозғалысы және шығуы бойынша бастапқы құжаттар (шот-фактуралар, негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актісі – ү. № НҚ – 1; негізгі құралдарды есептен шығару актісі – ү. № НҚ – 3; өңделген, қайта құрылған және жаңаланған обьектілерді қаб0ылдау-тапсыру актілері – ү. № НҚ – 2; негізгі құралдардың барлық түрлеріне арналған түгендеу (инвентарлық) карточкасы – ү. № НҚ – 6; негізгі құралдардың инвентарлық тізімі –              ү. № НҚ – 13; негізгі құралдарды есепке алу карточкалары – ү. № НҚ –12; негізгі құралдар-жабдықтарды мүліктік түгендеу тізімі – ү. № Түген. – 1; негізгі – құрал-жабдықтарды мүліктік түгендеу нәтижелерінің салыстыру ведомостері ү. № Түген. – 18 және т.б) ;
  • негізгі құралдардың келіп түсуі, қозғалысы және шығуы бойынша шаруашылық операциялар (2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттары бойынша есептік регистрлер, ведомость-машинограммалар, Бас кітап );
  • негізгі құралдарды өткізудің және басқа да шығуының қаржылық нәтижесі;
  • бухгалтерлік есепке алынған негізгі құралдардың сақталуы;
  • ұйымның есептік саясаты.

Аудитор кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесімен  жалпы танысудың нәтижесі бойынша  негізгі құралдардың аудитінің  бағдарламасын жасайды (1-кесте).

 

1-кесте

Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің бағдарламасы

 

Процедуралар

 

 

Ақпарат көздері

Орындау

мерзімі

1

2

3

4

11.

Негізгі құралдардың баланста көрсетілуінің  дұрыстығын тексеру

Баланс, Бас кітап

0,5

22.

Негізгі құралдардың нақты барын  және сақталуын тексеру

Негізгі құралдардың есебін түгендеу карточкасы, негізгі құралдар қозғалысы  есебінің карточкасы

0,5

33.

Негізгі құралдардың дұрыс топтастырыл-ғанын  тексеру

Негізгі құралдардың есебін түгендеу карточкасы, негізгі құралдар қозғалысы  есебінің карточкасы

1 күн

34.

Негізгі құралдардың баға-лануының және қайта бағалануының дұрыстығын тексеру

Баланс, Бас кітап, негізгі құралдардың  есебін түгендеу карточкасы, негізгі  құралдардың есебін түгендеу карточкасының  тізімі

1 күн

55.

Негізгі құралдардың түсімінің есебінің көрсетілуінің және дайындалуының  дұрыстығын тексеру

Бас кітап, негізгі құралдар-дың есебін түгендеу карточ-касы, негізгі құралдар қозға-лысы есебінің карточкасы, негізгі  құралдарды қабыл-дау-тапсыру актісі, есептен шығару актісі, аванстық есептер, накладнойлар, шот факту-ралар,  шарттар.

0,5

66.

Негізгі құралдардың тозуының есептелінуінің және есепте көрсеті-луінің дұрыстығын тексеру

Есептік саясат, Баланс, Бас кітап 2410, 2420 шоттары бойынша журнал-ордердің және ведомость машинограм-маның мәліметтері, негізгі құралдардың тозу сомасы есебінің өңдеу кестесі, негізгі құралдардың есебін түгендеу карточкасы.

0,5

77.

Негізгі құралдарды жөндеу операциялары-ның есепте көрсетілуінің дұрыстығын тексеру

Жөнделген негізгі құралдар-ды қабылдау-өткізу актісі, негізгі құралдар қозғалысы есебінің карточкасы

0,5

88.

Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есепте көрсетілуінің  дұрыстығын тексеру

Бас кітап, Банк көшірмесі, негізгі құралдардың  түгендеу тізімі, жалдағы негізгі  құрал-дардың есеп карточкасы, негізгі  құралдарды қабыл-дау-тапсыру актісі, негізгі құралдарды жалдау шарты  және т.б.

0,5

99.

Негізгі құралдардың шығуының есепте көрсетілуінің және толтырылуының дұрыс-тығын тексеру

Баланс, Бас кітап, шарт, негізгі құралдарды жою актісі, негізгі құралдарды есептен шығару актісі

0,5

110.

Негізгі құралдардың есебі бойынша Салық Кодексінің сақталуын тексеру

Баланс, Бас кітап, салықтар бойынша  декларациялар, Жылдық статистикалық  есептің 11 формасы

0,5

111.

Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуын тексеру және техникалық жағдайын талдау

Баланс, Бас кітап, 12 журнал-ордер, негізгі құралдардың тозу сомасы есебінің өңдеу кестесі, бастапқы құжаттар

1 күн

Информация о работе Негізгі құралдар аудиті