Предпринимательство

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 18:09, курсовая работа

Краткое описание

Қаржыландыру деп акшалай қаражаттардың қалыптасу үрдісін немесе кең мағынада – капиталдың барлық түрлерінің қалыптасу үрдісін айтады. «Қаржыландыру» түсінігі «инвестициялау» түсінігімен тығыз байланысты. Егерде қаржыландыру – бұл ақша қаражаттарының қалыптасуы болса, инвестициялау – бұл оларды пайдалану. Екі түсінік өзара байланысты, бірақ та бірінші екіншісін туындатады: қаржыландыру көздері болмай, қандай да бір инвестицияларды жоспарлауға болмайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы ресурстарының қалыптасуы әдетте оларды пайдалану жоспарын ескере отырып жүргізеді.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3

І.Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
1.1 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары және қалыптасу көздері.......................5
1.2 Қаржылық ресурстарды жоспарлау................................................................10
1.3 Кәсіпорын орын қаржысын басқару жүйесі.....................................................12
1.4 Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар.............................................................14
1.5 Кәсіпкерліктегі факторинг..................................................................................18

Қортынды...................................................................................................................22

Қолданылған әдебиет тізімі......................................................................................24

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая каз кәсіпкерлік .doc

— 170.50 Кб (Скачать файл)

Қаржылық жоспарлаудың басты мақсаты кәсіпорындарының өзінің қарыздық және қор нарығының көздерінен тартылған ақшалай ағымдардың шамасын болжау негізінде қаржылық ресурстардың, капиталдың және резервтің мүмкін болатын көлемін анықтау болып табылады.

Аталған мақсат мыналарды қарастырады:

- ең алдымен кәсіпорын өз қаражаттары есебінен кәсіпорының өндірістік, ғылыми-техниклық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету;

- сату көлемінің мөлшерін көбейту және өндіріс пен айналым шығындарын төмендету есебінен пайданы арттыру;

- кәсіпорын балансының қаржылық тұрақтылығын, төлемқабілеттілігін және өтімділігін қамтамасыз ету, әсіресе ірі масштабты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде.

Қаржылық жоспар – бұл ағымдық және ұзақ мерзімді кезеңге ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуын сипаттайтың жоспардың қортынды құжаттары.  Бұл жоспар болашақ ақшалай ағымдардың сапалы болжамына қол жеткізу үшін қажет.

Қаржылық жоспар өнімді өндіру, материалдық ресурстарды сатып алу, маркетинг, инвестиция, ғылыми зерттеу жоспарларымен тығыз байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жоспардың міндетті:

- орта мерзімді қаржылық перспективаны болжау үшін.  Орта мерзімді қаржылық жоспарды әдетте, бір жылға жасайды және көрсеткіштер әр тоқсанға бөлу арқылы құрастырады;

- ағымдағы табыстар мен шығындарды анықтау үшін. Жедел қаржылық жоспарды жылдың тоқсанына жасап, оны айлық жоспарға бөледі, ал айлық жоспардың негізінде онкүндік, бескүндік жоспарлар жасалынады;

Жоспарлау қағидасы кәсіпорындардағы жоспарлау қызметінің сипаты мен мазмұнның анықтайды, олар:

1. жүйелік жоспарлау қағидасы;

2. жеке бөлімшелердің жоспарларын  қағадалау қағидасы;

3. қатысушылық қағидасы;

4. үздіксіздік қағидасы;

5. икемділік қағидасы;

6. нақтылық қағидасы.

Жалпы ережелерден шыға отырып, қаржылық жоспарлау қағидаларын келесідей түрлерге бөледі:

1. мерзімдердің қаржылық қатынастар  қағидасы;

2. төлемқабілеттілік қағидасы;

3. капитал салымдарының рентабельділік қағидасы;

4. тәуекелдердің теңестірілген  қағидасы;

5. нарық талаптарына икемделену қағидасы;

6. шекті рентабельділік қағидасы.

Жоспарлау үрдісі келесідей ерекшелектерімен сипатталады:

1. экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси  және экономикалық құбылыстардың кең көлемін қамтиды);

2. интенсивтілігімен (жетілген техниканы  қолдануды қарастырады);

3. тиімділігімен (қортындысында қаржылық  басқару жүйесі қойған мақсаттарға  қол жеткізуді білдіреді).

Қаржылық жоспарлауда келесідей тәсілдер қолданылады:

1. Автоматты (алдынғы жылдың берілгендері  келесі жылға ауыстырылады. Егер  де инфляция долған жағдайда, берілген көрсеткіштер инфляция  коэффициентіне көбейтеді). Бұл әдіс  ең қарапайым әдіс болып табылады  және уақыт тапшылығы болжам  жағдайда қолданылады;

2. Статистикалық (алдыңғы жылдардың  шығындары жинақталып, алдыңғы жылдардыңсанына  бөлінеді);

3. Нөлдік базалы (мұнда барлық позициялар қайта есептелуі тиіс. Бұл әдіс нақты қажеттіліктерді ескереді және оларды мүмкіндіктермен байланыстырады).

Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау, басқару функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметінің жалпыға бірдей, барлық жақтарын қамтитың түрі болуы керек. Егер де жоспарлы экономикада қаржыларды жоспарлауда бөлу үрдістеріне көп көңіл бөлінсе, нарықтық экономика айырбас аясына көп көңіл бөледі. Бұл жағдайда ол арқылы тауарларды сатку мен қызмет көрсету кезіндегі жұмсалған қажетті шығындар ескеріледі.

Сәйкесінше, нарықтық экономикада тауарларды сату мен қызмет көрсету барысында басымдылыққа ие және анықтаушы байланыс тәсілі болып табылады. Оның құрамына ақша, баға, кұн заңы, сұраныс пен ұсыныс заңдары кіреді. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өнім өндіру мен айырбас нәтижелерін анықтау әдісінде болжауға жоспарлау элементтерін пайдаланылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Кәсіпорын қаржысын басқару жүйесі

 

Қаржылық менеджмент ағымдық және стратегиялық   мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіпорынның шаруашылық қызметі үрдісінде пайда болатын ақшалай ағымдардың қозғалысын ұтымды басқару жүйесі болып табылады.

Басқарудың кез келген жүйесі сияқты, қаржылық менеджмент екі қосалқы жүйеден тұрады: басқарылатын (басқару объектісі) және басқарушы (басқару субъектісі) (2-кестеде берілген).

 

Басқару субъектісі (басқарушы жүйе)

Кәсіпорынның қаржылық қызметі

Қаржы менеджері



Қаржы

әдістері мен

құралдары

Басқару объектісі (басқарылатын жүйе)

Қаржы ресурстарының көздері

 

Қаржы ресурстары

 

Қаржы қатынастары





 

2-кесте.  Қаржы менеджементінің  жалпы сызбасы

 

Қаржылық менеджментте басқару объектісі ақшалай түсімдер мен төлемдердің тұрақты ағымын сипаттайтын шаруашылық субъектінің ақшалай айналымы түріндегі қаржы ресурстары болып табылады. Ақша қорының жұмсалуының әрбір бағытына белгілі бір көздері сәйкес болуы керек: кәсіпорын капитал көздеріне өндірістік жұмсалатын инвестиция және активтер түріне енетің  меншікті капитал мен пассивтерді жатқызуға болады.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорында ақша айналымының бастапқы және шекті нүктесін анықтау мүмкін емес. Кәсіпорынның  ақша қаражатының көлемі уақыт аралығы бойынша өзгереді және өндірістікүрдістің сипатына, сату көлеміне, дебиторлық борышты өтеуге және т.б. байланысты. Шикізаттың қорлары қоймадағы дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістін қорлары дебиторлық борыш пен төленуге тиісті коммерциялық несие қорлардың қалыптасуына, дебиторлық және кредиторлық борышқа қатысты кәсіпорынның қаржы саясаты мен өндірістік үрдісіне өнім өткізуге байланысты.

Ақша айналымын басқару үрдісі бір шама көлемде ақша қаражаттары қозғалысының ұзақ мерзімді уақытқа болжау мен оның кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға қажетті әсерінен тұрады. Ақша айналымын басқару – кәсіпорынның ақша айналымының барлық талаптары мен капиталдың айналымын, қаржы ресурстарының қозғалысын, кәсіпорынның экономикалық үрдісінде, басқа қатысушылармен қаржылық қатынастарын талдау негізінде, жақын мерзімге және болашаққа деген ақша қаражаттарының көлемі мен қарқындылығын дұрыс есептеу дегенді білдіреді.

Нарықтық экономика жағдайында қаржыларды басқару үрдісінде кез келген шаруашлық субъект қаржы нарығында әр түрлі рөл атқарады:  инвестор мен бағалы қағаздардың эмитенті, қарыз беруші мен несие алышу. Мұнда, пайда болған байланыстар алуан түрлі қаржылық құралдар көмегімен жүзеге асырылады,  олардың қатарына акциялар, облигациялар, фьючестер және т.б жатады.

Басқару объектісіне әсер ету көптеген әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

Экономиканы басқарудың негізгі тобын мемлекет тарапынан анықталған әдістер жүйесі құрайды. Бұл әдістер жалпы экономикалық сипатқа ие, оларға салық салу, несиелендіру,  амортизациялық аударымдар, кассалық және есеп айырысу операциялары, сақтандыру және т.б

Күрделі  жүйелер мен үрдістерді қазіргі заманға талдау мен синтездеу әдістері қаржылық және салықтық жоспарлау, коммерциялық ұйымының қызметін болжауға негізделген. Бұл әдістер нарықтық үрдістердің негізгі сипаттамалары мен тенденцияларын математикалық модельдер арқылы нақты сипаттауға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары отандық тәжиребеде қаржыларды басқарудың келесідей тәсілдері қолданылады: факторинг, франчайзинг, селенг және т.б. олардың негізінде туынды қаржы құралдары жатыр.

Қазіргі қаржы менеджментінің қызмет етуін электронды-есептеу машиналар жүйелері мен дербес компьютерді  және бағдарламалық  қамтамасыздандыру пакеттерін қолданусыз мүмкін емес.

Басқару субъектісі пайдалану мен тиімді пайдалану арқылы кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру мақсатында, қаржы менеджментінің тактикасы мен стратегиясын жасап шығаратын және жүзеге асыратын қаржы қызметі болып табылады.

Қаржы қызметінің нақты құрылымы көбінесе кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына,  оның көлеміне, қызмет түріне және компания басшылығымен қойылған міндеттерге байланысты болады.

Ірі кәсіпорындарда қаржыларды басқару үшін әдетте бухгалтерия мен қаржы бөлімінен тұратын қаржы дирекциясы түріндегі арнайы бөлім құрылады. Бұл бөлім қаржы бойынша вице-призидентке бағынышты болады. Қаржы дирекциясы мен оның бөлімшелері алдында тұрған міндеттер кәсіпорын қызметінің барлық аяларын қамтиды.

 

 

 

 

 

1.4 Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар

 

Кәсіпорындар үшін қазіргі таңда лизингтік операциялар біршама қызығушылық тудырады.

Лизинг негізгі құралдары иемденуге жұмсалған шығындарды қаржыландырудың тиімді нысаны болып табылады. Лизингтік қызмет – бұл мүлікті алу мен оны лизингке беру бойынша инвестициялық қызмет. Лизинг – лизинг келісімшарттын жүзеге асыру үшін, оның ішінде лизингтік затты алу мақсатында экономикалық және құқықтық қатынастардың жиынтьығы (3-кесте).

 

Лизинг – қаржы – коммерциялық операциялардың күрделі жүйесі. Оның объектілері машиналар мен құрал-жабдықтардың алуан түрлері, электронды-есептеуші техника, кемелер, самолеттар, энергетикалық құрал-жабдықтар, құрылыс техникасы және т.б. болып табылады.

Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы жаңа өнімділігі жоғары машиналарды құруға алып келеді. Олардың құның шағын және орта кәсіпорындардың сатып алуын қамтиды. Техниканың моральды тозу  қарқыны жеделдеген жағдайда, лизинг техниканы (жалға беру) дайындаушы үшін және тұтынушы (жалға алу) үшін инвестицияларды қаржыландырудың тиімді нысаны болып табылады.


 

 

 

 

 


 

 

3-кесте. Лизинг кәсіпорын өнімін  өткізу түрі ретінде

 

 

Лизинг заты кез келген күнделікті тұтынылмайтын заттар болып табылады. Оның ішінде кәсіпорындар мен басқа да мүлік кешендері, үйлер, ғимараттар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары және кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын басқа да жылжымалы мүліктер бар. Жер учаскелері мен басқа да табиғи объектілер, сонымен қатар еркін айналым үшін қазвақстандық заңнамаларымен тыйым салынған немесе ерекше айналым тәртібі белгіленген мүлік лизинг заты бола алмайды.

Лизинг субъектілері болып келесілер табылады:

- лизинг беруші – лизинг мәмілесін жүзеге асыру барысында тартылған немесе өз қаражаттары есебінен мүлкі иеленіп оны лизинг заты ретінде лизанг алушы белгілі бір ақы үшін, белгілі бір шарттар мен мерзімге уақытша пайдалануға беретін неменсе лизинг алушыға өту,өтпеу арқылы лизинг затына деген меншік құқығын беоетін заңды немесе жеке тұлға;

- лизинг алушы – лизинг келісімшартына сәйкес лизинг затын белгілі бір ақы үшін, белгілі бір мерзім аралығы мен белгілі бір шарттар бойынша уақытша пайдалануға және лизинг келісімшартына сәйкес пайдалану үшін қабылдауға міндетті болатын жеке және заңды тұлға;

- лизинг мүлкін сатушы (жабдықтаушы) – лизинг берушімен жасалған сату-сатып алу келісімшартына сәйкес, белгілі бір мерзімге лизинг заты болып табылатын, онымен өндірілетін мүлікті лизинг берушіге сататың жеке немесе заңды тұлға. Сатушы, сатып алу келісімшарттының шарттарына сәйкес, лизинг затын, лизинг алушыға немесе лизинг ұсынушыға беруге міндетті. Сатушы бір мезгілде  бір лизингтік құқықтық қарым-қатынас шегінде лизинг алушы ретінде шығуға мүмкін.

Лизинг субъектілерінің барлығы Қазақстан Республикасының резиденттері болуы немесе болмауы мүмкін.

Лизинг, кәсіпорынға  ақша айналымында ұзақ мерзімді негізінде басқа кәсіпорынның қаражаттарын пайдалануға мүмкіндік береді. Қаржыландырудың аталған нысаны үшінші тарап үшін мүлікке деген меншік құқығыниемденетін және оны белгілі бір мерзімге жалға беретін лизингтік компания арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорындарда техникалық қайта жарықтандыруда да лизингі ерекше рөл атқарады.

Өткізу мерзіміне байланысты келесідей лизинг түрлерін бөліп көрсетуге болады:

- ұзақ мерзімді лизинг – 3 жыл және одан астам мерзімде жүзеге асырылатын лизинг;

- орта мерзімді лизинг – 1,5 – 3 жыл аралығында жүзеге асырылатын лизинг;

- қысқа мерзімді лизинг – 1,5 жылдан аз уақыт аралығында жүзеге асырылатын лизинг.

Лизинг сатып алуды ұзақ мерзімді несиелеу нысаны ретінде қарастыруға болады. Лизингтік компания өз қаражаттары есебінен лизинг алушының тапсырысы бойынша негізгі  негізгі құралдардың құнын толығымен төлейтіндіктен, сатып алу затына деген меншік құқығы  соған өтеді.

Жалға алушы – кәсіпорын үшін, мәмілеге лизингтік компанияны тарту қажеттілігі негізінен, негізгі құралдарды иемдену үшін қаржы ресурстарының болмауымен және ұзақ мерзімді ссудаларды алу қиындығымен байланысты туындайды.  Лизинг негізгі құралдардың тиімді пайдалануды болдырмайды.өйткені лизинг затын іске қосудан түсетін табыс жалға алу ақысын қосқандығы барлық шығындарды өтеп. Пайда әкелуі керек.

Информация о работе Предпринимательство