Предпринимательство

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 18:09, курсовая работа

Краткое описание

Қаржыландыру деп акшалай қаражаттардың қалыптасу үрдісін немесе кең мағынада – капиталдың барлық түрлерінің қалыптасу үрдісін айтады. «Қаржыландыру» түсінігі «инвестициялау» түсінігімен тығыз байланысты. Егерде қаржыландыру – бұл ақша қаражаттарының қалыптасуы болса, инвестициялау – бұл оларды пайдалану. Екі түсінік өзара байланысты, бірақ та бірінші екіншісін туындатады: қаржыландыру көздері болмай, қандай да бір инвестицияларды жоспарлауға болмайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы ресурстарының қалыптасуы әдетте оларды пайдалану жоспарын ескере отырып жүргізеді.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3

І.Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
1.1 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары және қалыптасу көздері.......................5
1.2 Қаржылық ресурстарды жоспарлау................................................................10
1.3 Кәсіпорын орын қаржысын басқару жүйесі.....................................................12
1.4 Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар.............................................................14
1.5 Кәсіпкерліктегі факторинг..................................................................................18

Қортынды...................................................................................................................22

Қолданылған әдебиет тізімі......................................................................................24

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая каз кәсіпкерлік .doc

— 170.50 Кб (Скачать файл)

Лизинг беруші мен лизинг алушының арақатыстары лизинг келісімшартымен анықталады. Ол уақыт мерзіміне байланыссыз жазбаша түрде жасалынады.

Лизинг келісімшарты келесідей маңызды мәліметтерді қамтуы керек:

1) лизинг заттың толық сипаттамасы;

2) берілетін меншік құқықтарының  көлемі;

3) лизинг затын беру тәртібі  мен орнынан атауы;

4) лизинг келісімшартының уақыт  мерзімін көрсету;

5) лизинг затының баластық есебінің  тәртібі;

6) лизинг затын ұстау және  жөндеу тәртібі;

7) кешенді лизинг келісімшарты  негізінде лизинг берушімен ұсынылған  қосымша қызметтер тізімі;

8) лизинг келісімшартының жалпы сомасын және лизинг берішінің сыйақы мөлшерін көрсету;

9) есеп айырысу тәртібі (төлемдер графигі);

10) лизинг келісімшартымен байланысты  тәуекелдерден лизинг затын сақтандыруға  лизинг берушінің немесе лизинг  алушының міндеттерін анықтау;

11) тараптардың міндеттері мен  жауапкершілігі.

Лизинг келісімшарттың маңызды шарты лизингтік төлемдер сомасы болып табылады, ол мыналардан тұрады:

- келсімшарт мерзімін қамтитын, кезендегі мүлік амортизациясы;

- несиелік ресурстарды қолдағаны үшін лизинг берушіге төленетің сома;

- лизинг берушіге комиссиялық сома;

- келісімшартпен қарастырылған лизинг берушінің қосымша қызметтері үшін ақысы;

- қосылған құн салығы;

- лизинг берушімен төленген, лизинг келісімшарты бойынша берілетін мүлік салығы;

- лизинг берушінің инвестициялық шығындар сомасы;

- лизинг келісімшартымен қарстырылған лизинг берушінің басқа да шығындары.

Лизингтін тартымдылығы  кәсіпорынның құрал-жабдық сатып алу үшін бір мезгілде өз қаржылық ресурстарын жұмсамайтындығында. Өйткені банктер өз қаражаттары есебінен сатып алады. Банктер ақырында құрал-жабдықтарды сатып алуға деген бастапқы шығындардан жоғары болатын жалға беру ақысы түрінде табыстар алады. Қаржылық лизинг (мерзімі 5-10 жыл) кәсіпорынды ұзақ мерзімді несиелеу нысаның сипаттайды. Сонымен қатар, қарапайым ссудаға қарағанда оның бірқатар артықшылықтары бар. Ол несиені ұсыну мен өтеудің шектеулі мерзімдерімен байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.5 Кәсіпкерліктегі факторинг

 

Факторинг деп кәсіпкердің дебиторлық қарызын өтеуді өз мойнына алатын (кәсіпкер тауарды алып, оның құнын төлей алмаған жағдайда) немесе кәсіпкерден төлем туралы қандай да бір серіктестікке деген талабын сатып аталатын өзара қатынастар жүйсін айтады.

Фактор-кәсіпорын рөлінде көбінесе банктер шығады.

Факторинг – бұл фактор компаниямен  клиент шоттарын сатып алу арқылы, клиенттің айналым капиталын несиеленумен үйлесін сауда-комиссиялық операцияларының бір түрі.

Факторинг - өзінің бухгалтерлік, ақпараттық, жарнамалық өткізу, көліктік, сақтандырушы, несиелік және  заңды қызмет әмбебап жүйе элементтерінің бірі.

Факторингтік операциялардың таралуы қазіргі таңда төлемнің қарапайым мерзімінің 1 айдан 3 айға дейін аралықты қамтитығымен байланысты. Егер, банк мұндай тқлемдер бойынша талаптары төленсе, онда сконото шарты қолданылады, қаражаттар айналымы көбееді.

Әр түрлі ерекшеліктері бар белгілердің негізінде жіктелетін, факторингтік операциялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады (4-кесте).

 

 


 

4-кесте. Факторингтік операциялардың  негізгі түрлері

 

Факторингтік оперциялар ішкі және халықаралық болуы мүмкін. Егерде жабдықтаушы – фирма және оның клиенті, яғни сатып алу бойынша талаптар, сонымен қатар факторингтік компания бір елдің аумағында орналасса, онда бұл – ішкі факторинг. Егерде фактоингтік келісімшарттың қатысушылары әртүрлі елдердің аумағында орналасса, онда бұл –  халықаралық факторинг.

Халықаралық факторингтік мәміледе тікелей және жанама факторингті бөліп көрсетеді. Тікелей факторингтің ерекшеліктері – жабдықтаушы-экспортшы алдында міндеттерді атқаратын бір фактордың болуы. Сонымен қатар факторингтік компанияның импортшыға жеткізілген тауардың төлемі туралы талап қою қабілеті бар. Тікелей факторинг келесідей болып бөлінеді:

- тікелей импортты факторинг;

- тікелей экспортты факторинг.

Тікелей импортты факторингта жеткізуші-кәсіпорын талап ету құқығын импортшы елдерде орналасқан фактор-компанияға береді. Факторингтің бұл түрі экспорт бір немесе екі елге жіберілген кезде қолданылады. Егерде экспортшы тауарды көп елдерге жіберсе, онда басқа елдердің факторингтік компанияларымен бірнеше тікелей келісімшарттар жасасқаннан гөрі, өз елінің факторингтік компаниясымен бір келісімшарт жасағаны ыңғайлы. Тікелей импортты факторинг талаптарды қайта ұсынуы үшін жедел қаржыландыруды талап етпейтің фирмалармен қолданылуы мүмкін.

Тікелей экспорттық факторингтің мәні жеткізуші  өзі орналасқан елдегі факторингтік компанияға талап ету құқығын берумен сипатталады.

Жанама факторингта жеткізуші-экспортшы елінде орналасқан факторингтік компания, жеткізуші-импортшы елінде орналасқан факторингтік компаниямен субфактоингтік келісімшарт жасайды. Соның нәтижесінде борышкер өзінің қызмет етіпотырған елдегі фактор-компанияға қарызсомасын төлейді, ал ол өз кезегінде жеткізуші елінде орналасқан фактоингтік компанияға төлейді. Бірақ субфакторинг келісімшарты бойынша мұндай борышты өтеуге факторинг келісімшартымен тыйым салынбаған жағдайда жасалынды.

Факторинг операциялары ашық және жасырын деп екіге бөледі. Ашық факторинг – егер де факторингтік компания сатып алу туралы талабын борышкерге ескерткен жағдайда туындайды. Жасырын факторингте клиент өзінің сатып алушыларын ескертпей, факторингтік компаниямен келісімшарт жасайды. Жіктелудің аталған белгісі негізгі болып табылады, өйткені факторингтік операцияды ұйымдастырукелісімшар түріне байланысты болады. Бұл жерде ұстанымдық алғандағы ерекшелік, ол сатып алушы кәсіпорын ақшаны ақырында кімнің шотын төлейтіндігінде. Ашық факторингте төлем тікелей факторингтік компаниямен жүргізіледі, ал жасырын фактринг кезінде жеткізуші кәсіпорындарымен жүргізіледі, өйткені сатып алушы факторингтік компанияныңқатысына туралы ескертілмеген.

Ашық факторингтің түрі ретінде жартылай ашық факторинг болады. Аталған жағдайда жеткізуші борышкергк факторингтік келісімшарт жасағаны туралыалдын ала ескерипей, бірақ оған шоттарды көрсеткен кезде, фактор-компаниямен жасаған келісімшартпен және төлем жіберілетің шот нөмірін көрсетуге міндетті.

Сонымен қатар, факторингтік келісім кері талап (регресс) құқығымен және кері талап құқықсыз болуы мүмкін. Регресс құқығының болуы сатып алушы өз міндеттемелерін орындаудан бас тартқан жағдайда, жеткізуші кәсіпорыннан төлегнген соманы кері  қайтаруға талап етуге мүмкіндік бар, яғни аталған жағдайда несиелік тәуекел жеткізуші-кәсіпорында болады. Егерде кері талап құқықсыз факторингтік келісім жасаған болса, бұл жағдайда факторингтік компанияға ақшалай талаптарды сатумен қатар несиелік тәуекел де береді.

Регресс құқығымен келісім жасау барысында жеткізуші-кәсіпорын факторингтік компанияға сатылған қарыз талаптары бойынша белгілі бір несиелік тәуекелде бола береді. Аталған жағдай әдетте, егер де жеткізуші  өзінде күдікті қарыз міндеттемелері болмайтындығында сенімді болған жағдайда немес олардың өздерінің сатып алушыға клиенттерінің несие қабілеттілігін мұқият тексеріп оң бағалаған жағдайда орын алады. Сондықтан да жеткізуші кәсіпорын несиелік тәйекелді сақтандыру қажеттілігі бойынша қызмет көрсету шығындарын төлеуді қажет деп есептемейді.

Факторингтік келісімдер алдын ала төлем түрінде немесе белгілі бір мерзімге талаптарды төлейу түрінде жеткізушіге нисие беру туралы келісімдер арқылы жасалуы да мүмкін. Алдын ала төлем туралы келісім жасаған жағдайда жеткізуші-кәсіпорындармен қайта табыстау бойынша талаптарының 80% аванс ретінде төленеді. Ал қалған бөлігі сатып алушыдан қаражат түскеннен кейін факторингтік компания арқылы төленеді. Белгілі бір мезгілге талаптарды төлеу барысында қайта талап етілген қарыз талаптарының сомасы нақты бір мерзімге немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін жеткізуші-кәсіпорынға аударылады.

Факторингтік қызмет көрсету туралы келісім жеткізуші кәсіпорын мен факторингтік компания арасында, әдетте бір жылдан төрт жылға дейін мерзімге жасалады  және оның мерзімі келесідей себептер бойынша тоқталуы мүмкін:

- тараптардың өзара келісімі;

- факторингтік компанияның қалауы;

- жеткізушінің қалауы;

- жабдықтаушының төлем қабілетсізділігі.

Алдынғы екі жағдайда жеткізуші қаражаттардың қандай да бір басқа көзін тауып, фактор-компанияның қайта табыстау талаптарын сатып алу керек. өз кезегінде, факторингтік компания сатып алушыларға, осы уақыттан бастап барлық төлемдер жеткізушілер пайдасы үшін жүргізілетінділігін хабарлайды.

Факторингтік келісімде тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері қарастырылуы керек: жеткізушілерге несиені ұсыну процедуралары, қарыз талаптарын қайта табыстау мен оларды инкассалау, өзара талаптарды жүзеге асыру тәртібі, несиелік тәуекелдерді  сақтандыруды жүзеге асыратын лимиттер сомасы және т.б.

Келісімшарттарда, сонымен қатар жеткізушіден алынған төлем көрсетуі керек. Халықаралық тәжірибеде факторинг тәжірибесінде факторингтік кәсіпорынның табыс алуының екі тәсілі қолданылады: дисконто түрінде және көрсетілген қызметтер үшін сыйақы түрінде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды

 

Қаржылық менеджментте басқару объектісі ақшалай түсімдер мен төлемдердің тұрақты ағымын сипаттайтын шаруашылық субъектінің ақшалай айналымы түріндегі қаржы ресурстары болып табылады. Ақша қорының жұмсалуының әрбір бағытына белгілі бір көздері сәйкес болуы керек: кәсіпорын капитал көздеріне өндірістік жұмсалатын инвестиция және активтер түріне енетің  меншікті капитал мен пассивтерді жатқызуға болады.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорында ақша айналымының бастапқы және шекті нүктесін анықтау мүмкін емес. Кәсіпорынның  ақша қаражатының көлемі уақыт аралығы бойынша өзгереді және өндірістікүрдістің сипатына, сату көлеміне, дебиторлық борышты өтеуге және т.б. байланысты. Шикізаттың қорлары қоймадағы дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістін қорлары дебиторлық борыш пен төленуге тиісті коммерциялық несие қорлардың қалыптасуына, дебиторлық және кредиторлық борышқа қатысты кәсіпорынның қаржы саясаты мен өндірістік үрдісіне өнім өткізуге байланысты.

Нарықтық экономика жағдайда кәсіпорының өндірістік-шаруашылық қызметті қарыздық қаражаттарды пайдаланбай жүргізу мүмкін емес, оған мыналар жатады: банк несиелері, коммерциялық несиелер, яғни басқа ұйымдардың қарыздық қаражаттары, кәсіпорын акциялары мен облигацияларын шығарудан және сатудан түскен қаражаттар қайтарымды негіздегі бюджеттік қаржы және т.б.

Қарыздық қаражаттарды тарту кәсіпорының айналым қаражаттарының айналымдылығын жеңілдетуге, жасалатын шаруашылық оперцияларының көлемін көбейтуге, аяқталмаған өндірістің көлемдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Бірақ, аталған қаржыландыру көзін пайдалану кәсіпорынға өзіне жүктелген қарыз міндеттемелерін орындауға байланысты белгілі бір мәселелердің туындауына әкеледі. Қарыз ресурстарын тартуменқамтамасыз етілгенқосымша табыс мөлшері несиені төлеу бойынша шығындарды жапқанша, кәсіпорынның   қаржылық жағдайы тұрақты болып қала береді, ал қарыз капиталын тарту тиімді болады.

Бұл көрсеткіштер теңестірілген жағдайда, қосымша табысты қамтамасыз ететің қаржы ресурстарынқалыптастырудың қарыз көздерін тарту мәселесі пайда болады. Несие бойынша қарыздың шығындары оны пайдаланудан түскен қосымша табыстардан артқан жағдайда, ұйымның қаржылық жағдайының нашарлануы әбден мүмкін.

Осылайша, қарыздық капитал негізінде қаржыландыру онша тиімді емес. өйткені несие берушілер ақша қаражаттарын қайтымдылық және төлем есебінде ұсынады, яғни өз ақшаларымен кәсіпорындардың меншікті капиталына қатыспайды, тек қарыз беруші ретінде шығады.

Қаржыландырудың әр түрлі әдістерін салыстыру кәсіпорынға қаржылық қамтамасыз етудің оңтайлы нұсқасын таңдауға, қызметті пайдаланудың ағымдағы және күрделі шығындарын жабуға мүмкіндік береді

Кәсіпорындар үшін қазіргі таңда лизингтік операциялар біршама қызығушылық тудырады.

Лизинг негізгі құралдары иемденуге жұмсалған шығындарды қаржыландырудың тиімді нысаны болып табылады. Лизингтік қызмет – бұл мүлікті алу мен оны лизингке беру бойынша инвестициялық қызмет. Лизинг – лизинг келісімшарттын жүзеге асыру үшін, оның ішінде лизингтік затты алу мақсатында экономикалық және құқықтық қатынастардың жиынтьығы.

Лизинг заты кез келген күнделікті тұтынылмайтын заттар болып табылады. Оның ішінде кәсіпорындар мен басқа да мүлік кешендері, үйлер, ғимараттар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары және кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын басқа да жылжымалы мүліктер бар. Жер учаскелері мен басқа да табиғи объектілер, сонымен қатар еркін айналым үшін қазвақстандық заңнамаларымен тыйым салынған немесе ерекше айналым тәртібі белгіленген мүлік лизинг заты бола алмайды.

Фактор-кәсіпорын рөлінде көбінесе банктер шығады.

Факторинг – бұл фактор компаниямен  клиент шоттарын сатып алу арқылы, клиенттің айналым капиталын несиеленумен үйлесін сауда-комиссиялық операцияларының бір түрі.

Факторинг - өзінің бухгалтерлік, ақпараттық, жарнамалық өткізу, көліктік, сақтандырушы, несиелік және  заңды қызмет әмбебап жүйе элементтерінің бірі.

Информация о работе Предпринимательство