Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 21:31, курсовая работа
Кез келген мемлекеттің экономикасының даму болашағы көп жағдайда әрекет етеуші экономикалық саясат пен салық заңдылығында мүмкін болатын қол жеткізілген салықтық түсімдер деңгейі мен салық жүктемесінің шекті деңгейі арқылы анықталады.
Дағдарыстық құбылыстардың алдын алу үшін әр елдің үкіметтері экономиканы реттеудің қабылданған теориялық концепциясына және экономикалық дамудың таңдалған моделіне сәйкес мемлекеттің экономикаға әсер ету жүйесінде барлық әдістерді пайдаланады. Фискалдық саясат қазіргі мемлекеттің аса қиын мәселелерінің бірі болып табылады, оны әзірлеу күрделі міндеттерді шешуді талап етеді. Мұның негізгі себептерінің бірі – ұлттық экономиканың бірегейленуі және инвестицияға деген бүкіл әлемдік бәсекелестік.
Кіріспе..........................................................................................................................3
І. Фискальдық саясат теориясы
1.1 Фискальдық саясаттың түсінігі және мәні..........................................................5
1.2 Фискальдық саясаттың механизмі.......................................................................6
ІІ. ҚР –ң фискальдық саясаты
2.1 ҚР –ң фискальдық саясатының жағдайы..........................................................10
2.2 ҚР –да фискальдық саясатты жетілдіру жолдары............................................21
Қорытынды..............................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................25
3) өндіріс ауқымын
арттыру жөніндегі ұйымдық-
4) өндірісті техникалық жағынан жетілдіру жөніндегі инновациялық бағдарламаларды енгізу.
ІІ. ҚР –ң фискальдық саясаты
2.1 ҚР –ң фискальдық саясатының жағдайы
2008-2010
жылдарға арналған Өскемен
2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органының орта мерзімді фискалдық саясаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 677 қаулысымен бекітілген Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу ережесіне, 2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары негізінде, мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларына, 2006 жылы экономика дамуының талдауына, 2007 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалауға сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауын ескере отырып, нық өсу экономикасын басқаруды, өндірістің шикізат емес секторын, инновацияларды, экономиканың диверсификациясын дамытуды, атаулы әлеуметтік қолдауды, рыногтық көзқарастарда әлеуметтік саланы дамытуды қамтамасыз ететін басымдылықтарынан шығады. Орта мерзімді фискалдық саясат қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымды бағыттарын жүзеге асырудың негізгі механизімдерін (тәсілдерін) – кірістер мен шығыстар саясатын, бюджеттік несиелендіруді, бюджетаралық қатынастарды қамтиды.
Орта мерзімді фискалдық саясаты келесі мақсаттарға жету үшін әзірленді:
алдағы үш жылдың кезеңге қолда бар ресурстардың көлемдерін анықтау;
қаланың жергілікті атқарушы органның фискалдық стратегиясын белгілеу, ағымдағы және болашақтағы мақсаттарға жету бойынша оның жоспарлары;
стратегиялық басымдылықтарды жүзеге асыруға шектеулі бюджеттік ресурстарды бөлу бойынша шешімді қабылдауға нақтылау;
бюджеттік процестегі тиімділік пен айқындылықты арттыру;
фискалдық тәртіпті арттыру мен бюджеттік процестегі сабақтастықты қамтамасыз ету.
Осы құжатта 2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органының фискалдық саясатының негізгі мақсаттары, міндеттері мен бағыттары анықталды.
Орта мерзім фискалдық саясаты қала бюджетін қалыптастырудың негізі және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде салықтық және бюджеттік саясатты жүзеге асыру кезінде үйлестіруші құжат болып табылады.
2008-2010 жылдарға
арналған әлеуметтік-
Соңғы жылдары облыс
орталығының экономикасы
Экономикадағы позитивті
қозғалыстар нәтижесінде
Орта мерзімді фискалдық саясатты жүзеге асыруда негізгі бағыттар мен міндеттерді анықтау кезінде 2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары негізге алынды (Қосымша Ә. Кесте 2).
Облыс тұрғындары, атап айтқанда өндірістік сектордың қызметкерлері модернизациясыз және технологиялық процестерді техникалық қайта жабдықтаусыз шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігіне жеткізуді қамтамасыз ету мүмкін еместігін, ол уақыт әмірі екенін сезінеді.
Осыған байланысты, қаланың көптеген кәсіпорындары техника мен технологияны жетілдіруге, халықаралық сапа стандарттарын енгізуге кірісті.
Азық-түлік және өңдеу өнеркәсібінде, металлургияда, машина жасауда және көлікте локальдық аймақтық кластерлерді ұйымдастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
2007 жылдың басынан Бизнесті дамыту зонасын құру жүргізілуде, оған жалпы көлемі 313 га төрт жер телімі анықталды: Тас карьер ауданы (143 га), Самар шоссесі ауданы (35 га), «ҮМЗ» АҚ (шығыс алаңшасы) ауданы (38 га), Овечий ключ кенті (97 га). Бүгінгі күні ауылшаруашылық өнімдерінің рыногын және сүт өндірісінің кластерін құру, құрылыс материалдарын шығару бойынша 7,7 млрд. теңге сомасына 15 инвестициялық жобаларды орналастыру басталды.
Мемлекеттің басымды міндеттерінің бірі кедейшіліктің деңгейін төмендету болып табылады, Кедейшілікті төмендету бойынша өңірлік бағдарлама жүзеге асырылатын болады.
Келер жылдардағы болжамға сай экономиканың өсу беталысы сақталады.
Келер үш жылдық кезеңде фискалдық саясаттың негізгі мақсаттары: жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформаларды қаржылық қамтамасыз ету, білім беруді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, инженерлік-коммуни-кациялық желілерді, сумен қамтамасыз ету және суөткізгіш жүйесін, өнеркәсіпті, ауылшаруашылығын және қоғамдық инфрақұрылымды дамыту; бюджеттік жоспарлаудың перспективалық рөлін арттыру; көлеңкелі экономика үлесін төмендету; келер үш жылдық кезеңге қолда бар ресурстардың көлемін анықтау, бюджетаралық қатынастардың айқындылығымен тұрақтылығын қамтамасыз ету, фискалдық тәртіпті арттыру мен бюджеттік процестегі сабақтастықты қамтамасыз ету болып табылады (Қосымша Б. Кесте 3).
2008-2010 жылдарға арналған
Өскемен қаласының бюджетінің
кірістер саясатының жобасы
Нақты салық салу негізінде және салық салуда жүргізіліп жатқан өзгерістерді ескеріп 2008-2010 жылдарға арналған қала бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыру жүргізілді.
2008 жылдан әлеуметтік салық 30 % кемиді, ол жұмыс берушілерді қызметкерлердің еңбеақысын арттыруға ынталандыру қажет, азаматтардың демалысына сауықтыру бойынша бір еңбекақы мөлшерінде жәрдемақы төлеу қарастырылды. 2009 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлеріне еңбекақы төлеу 25,0 %, ал 2010 жылдан тағы 25,0 % ұлғайтылады, 2009 жылы әлеуметтік есептеулердің ставкасы 4,0 % дейін, ал 2010 жылы – 5,0 % дейін (2007 жылы ставка 3,0 % деңгейінде қабылданды) өседі.
2007 жылдың 1 қаңтарынан шағын бизнес
субъектілері үшін салық
Президент Жолдауы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасына сай мемлекеттік бюджетке ақпараттық технологияларды кең тарапта пайдалану және салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі үшін электрондық бақылау, «электрондық үкімет» нормалары мен әдістерін ендіру арқылы салық ставкаларын арттырусыз түсімдерді барынша мол арттыратын болады.
2008-2010 жылдарға арналған
2008 жылы контингентте
салықтық түсімдердің көлемі бы
Салықтық түсімдердің
Өскемен қаласында Тұрғын үй құрылысын
дамытудың мемлекеттік
мемлекеттік басқару және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақыны 2009 жылы 25 %, 2010 жылы тағы 25 % көбейтуге байланысты әлеуметтік салық және төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша қосымша түсімдер.
2009 жылы 4 % дейін, 2010 жылы 5 % дейін әлеуметтік есептеулерді ескеріп, анықталған әлеуметтік салық ставкасының өзгеруіне салықтық түсімдер түзетілді.
Салықтық түсімдер құрамындағы аса көп көлемдер әлеуметтік салық және төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығының еншісіне келеді, салық салудың базасы еңбекақы төлеу қоры болып табылады.
2008-2010 жылдарға арналған Өскемен
қаласының әлеуметтік-
Өнеркәсіп өнімдері 2008 жылы 17,9 %, 2009 жылы – 23,9 %, 2010 жылы – 24,4 % көлемдерінің болжамдық өсуі есептеулерде ескерілді.
Жеке меншікке салықтар 2007 жылдың бағасына 2008 жылы өсумен 13,1 %, 2009 жылы – 15,1 %, 2010 жылы – 16,7 % болжануда. Жыл сайын мүлік салығы бойынша тіркелген көлік қаражаттарының саны ең аз есептік көрсеткіштердің өсуі – 6,0 %, 2008 жылы аумағы 132,2 мың ш. метр, 2009 жылы 135,0 мың ш. метр және 2010 жылы 138,8 мың ш. метр жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға ендіру есептеулерде ескерілді.
Алкогольді өнімдер бойынша акциздер түсімі «Әділ» АҚ мен «Тамила плюс» ЖШС қолданыстағы ставкалардың есебімен ұсынылған есептердің негізінде жоспарланды.
ӨӨБ салықтық емес түсімдердің үлесі 2007-2009 жылдары бір деңгейде – 0,01 % болжануда. Коммуналдық меншікті жалға беруден түсетін түсімдер, әкімшілік айыппұлдар мен өсімдер, басқа да салықтық түсімдер шығындарда қарастырылды.
Капиталмен операциялардан кірістер ӨӨБ-ға 2008 жылы 0,4 %-дан ӨӨБ-ға 2009 жылы 0,08 % төмендеуі 2007-2008 жылдары негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету үшін атап айтқанда 2007 жылы 1706,9 млн. теңге, 2008 жылы – 834,0 млн. теңге бұрын республикалық бюджеттен қайтару негізінде бөлінген қаражаттарды құрайды.
2008-2010 жылдары бюджеттік саясатты
жедел әлеуметтік-экономикалық
Орта мерзімді кезеңдегі бюджеттік саясаттың жалпы бағдары сақталады және келесі басымды бюджеттік шығындары анықталды: білім беруді дамыту; әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету; көлік желісі мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту; Меновной ауылдық округін дамыту; тұрғындарды сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету; жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыру; ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.
Орта мерзімді кезеңде бюджет шығындары ӨӨБ-ға 2,0 % деңгейінде болжануда (Қосымша Д. Кесте 5).
Келер орта мерзімді кезеңде шығындар саясаты даму бағдарламасы аясында мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалануды арттыруға, бюджет заңнамасының ережесін қатаң сақтауға, әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы және жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттарды тиімді қолдануға негізделді.
2008-2010 жылдарға арналған
қалалық бюджеттің шығындары
салааралық ерекшеліктерімен
2008-2010 жылдары «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,071 % деңгейінде шама-ланды.
Келер болашақтың аса өзекті мәселесі мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру сұрағын шешу болып табылады – ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын халықаралық стандарттарға көшіру, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік басқарудың тұтас аппаратын қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін айтарлықтай арттыру және оларды дайындау мен қайта даярлаудың тиімді жүйесін құру.
«Электрондық әкімдікті» құру бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде тұрғындарға электрондық қызметтердің дамуын қамтамасыз ету үшін базалық ақпараттық құрылымды құру жүргізілуде, қаланың жергілікті атқарушы органдарында бірыңғай құжатайналым жүйесі ендірілуде, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің уақыты қысқаруда. Жергілікті органдармен ұсынылатын алғашқы кезектегі базалық электрондық қызметтер жүзеге асырылатын болады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2008 жылы 8,4 млн. теңге бағытталады.
«Қорғаныс» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,006 % деңгейінде шамаланды.
Шығындар жалпы әскери міндеттерді орындау аясында іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталады.
«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық атқару қызметі» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,008 % деңгейінде шамаланды. Шығындар қалада жол қозғалысын реттеу бойынша құралдарды ұстау мен пайдалануға қарастырылды.
Құқық бұзудың алдын
алуға және тәртіпті күшейтуге, нашақорлық
пен алкоголизмді қысқартуға, жол
қозғалысы линиясындағы құқық бұзудың
алдын алуға бағытталған іс-
«Білім беру» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,894 % деңгейінде шамаланды.
Білім беру саласындағы бюджеттік саясат білімге негізделген қоғам мен тұлғаның сұранымдарын қанағаттандыру және әлемдік білім кеңістігінде шоғырландыру үшін Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың Стратегиялық жоспарының негізгі басымдылығы көпсалалы үздіксіз білім беру үлгісін модернизациялауға бағытталатын болады.