ҚР –ң фискальдық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 21:31, курсовая работа

Краткое описание

Кез келген мемлекеттің экономикасының даму болашағы көп жағдайда әрекет етеуші экономикалық саясат пен салық заңдылығында мүмкін болатын қол жеткізілген салықтық түсімдер деңгейі мен салық жүктемесінің шекті деңгейі арқылы анықталады.
Дағдарыстық құбылыстардың алдын алу үшін әр елдің үкіметтері экономиканы реттеудің қабылданған теориялық концепциясына және экономикалық дамудың таңдалған моделіне сәйкес мемлекеттің экономикаға әсер ету жүйесінде барлық әдістерді пайдаланады. Фискалдық саясат қазіргі мемлекеттің аса қиын мәселелерінің бірі болып табылады, оны әзірлеу күрделі міндеттерді шешуді талап етеді. Мұның негізгі себептерінің бірі – ұлттық экономиканың бірегейленуі және инвестицияға деген бүкіл әлемдік бәсекелестік.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

І. Фискальдық саясат теориясы
1.1 Фискальдық саясаттың түсінігі және мәні..........................................................5
1.2 Фискальдық саясаттың механизмі.......................................................................6

ІІ. ҚР –ң фискальдық саясаты
2.1 ҚР –ң фискальдық саясатының жағдайы..........................................................10
2.2 ҚР –да фискальдық саясатты жетілдіру жолдары............................................21

Қорытынды..............................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................25

Вложенные файлы: 1 файл

Фискалдык саясат (2).doc

— 234.00 Кб (Скачать файл)

Осы мақсаттарға жету үшін 2010 жылға дейін Білім берудің мемлекеттік бағдарламасы және 2005-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы әзірленді, шағын-орталықтардың жұмыстарын ұйымдастыру, бұрынғы балабақша-лардың бос тұрған ғимараттарында балалардың мектеп алды мекемелерін құру, білім берудің 12-жылдығына көшу бойынша жұмыстары, жоғары буын оқушыларын жеке сала бойынша оқыту қарастырылуда.

Крылов көшесі, 86а және Ғарышкер көшесі, 6/2 екі балабақшаны  жандандыру және Пролетар көшесі, 99/2 бойынша  балабақшаны қайта жаңарту есебінен 2008 жылы балалардың мектеп алды мекемелерінің санын 28 ден 31 бірлікке арттыру көзделуде. 2009-2010 жылдары балабақшалардың санын тағы 4 бірлікке арттыру жоспарлануда және  2010 жылға 35 бірлікті құрайды.

ЖМК ықшам ауданында  мемлекеттік тілде оқытатын орта мектептің салынуына байланысты 2009 жылы желіде 1 бірлікке арту пайда болады.

2007 жылмен салыстыру  бойынша 2010 жылға оқушылардың  саны 150 адамға қысқарады және 35,6 мың адамды құрайды. Демографиялық  жағдайдың тұрақтану есебнен  2007 жылмен салыстыру бойынша 2010 жылы 1-сыныпқа қабылданатындардың саны  480 адамға артады.

Ауылдық жерлерде білім  берудің талап етілетін жағдайын қамтамасыз ету үшін 2008 жылы Ново-Троицк ауылындағы мектепке 108 орынды қосымша  жайдың құрылыс аяқталады, оған 72,0 млн. теңге бөлу жоспарлануда. 

«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,07 % деңгейінде шамаланды.

2008-2010 жылдары әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы бюджеттік саясаттың негізгі мақсаттары кедейшілікті төмендету, әлеуметтік қамтамасыз етудің қаржылық тұрақты, әлеуметтік әділ жүйесін құру, әлеуметтік көмек алуды жетелдету болып табылады.

Атаулы әлеуметтік көмек  алушылардың орташа жылдық саны болжам бойынша 2008 жылы 6,1 % төмендейді. Күтілетін бюджет сомасының шығыны 8,0 млн. теңгені, орташа айлық төлеу сомасы 1445 теңгені құрайды. 2009 жылға шығын сомасы 7,9 млн. теңгеге дейін төмендейді.

2007 жылдан бастап тұрғын  үй көмегінің орташа айлық  мөлшері 100 теңге шеңберінде өседі. Осы көмек түрін төлеу үшін бюджет шығындары 2008 жылы 14,5 млн. теңгені, 2009 жылы – 14,3 млн. теңгені, 2010 жылы – 14,2 млн. теңгені құрайды.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,498 % деңгейінде шамаланды.

Қаражаттарды шығындаудың  негізгі бағыттары:

1) Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғын үй құрылысы;

2) сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту;

3) мемлекеттік тұрғын үй қорын ұйымдастыру;

4) қаланы көріктендіру және санитарлық ұстауды қамтамасыз ету.

Жаңа тұрғын аудандардағы инженерлік-коммуникациялардың құрылы-сына 2008 жылы 420,0 млн. теңге қарастырылды. мемлекеттік апаттық тұрғын үй қорынан  азаматтарды көшіру үшін 9 қабатты 143 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына 2009 жылы 530,8 млн. теңге жоспарланды.

Жоспарланған кезеңге  сумен қамтамасыз ету жүйесін  дамыту бойынша Меновной ауылдық  округінің, қаланың шалғай аудандарының (Аблакетка, Әуежай, Жыланды, Красин, Северный және Ескі Согра кентерінде,) сумен қамтамасыз ету және канализациялар желісін қайта жаңарту, КСС-17-ден Ертіс өзені арқылы өтетін дюкерлік өткелдің қысымдық канализациялық коллекторын қайта жаңарту енгізілді.

Өскемен қаласының аумағын  көріктендіру мен ұстау шығындары  көшелерді жарықтандыру, жолдарды орташа және шұңқырлы жөндеу, туысы жоқтардың жерлеу орындарын ұстау, қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және көгалдандыру бойынша жұмыстарды қарастырды.

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,074 % деңгейінде шамаланды.

«Мәдениет» функционалдық тобы бойынша шығындар саясатының негізгі мақсаттары:

- қала аумағында мәдениет  пен өнерді дамытудың бірыңғай  мемлекеттік саясатын жүзеге  асыру, адамгершілік және эстетикалық  тәрбие беруде мәдениет мекемелері  мен мәдени-бос уақыт ұйымдарының рөлін арттыруды қамтамасыз ету; театр, музыка, кітапхана, мұражай және өнердің басқа да түрлерін, халық шығармашылығын, өнер қызметін дамыту; ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету, мәдениет мекемелерінің желісін кеңейту;

- қаланың барлық санаттағы азаматтары үшін мәдениет қызметтерінің қазіргі заманғы сапасына тең мүмкіндігін қамтамасыз ету және мәдениет саласы мекемелерінің қызметін модернизациялау;

- мәдениет мекемелерінің  материалдық-техникалық базасын  нығайту;

- қазақстандық патриотизмді, халықтар достығын дамытатын, салауат-ты өмір салтын насихаттайтын мәдениет мекемелерінің мәдени-бос уақыт іс-шараларының мазмұнын тереңдету;

- мүмкіндігі шектеулі  тұлғалар үшін мәдениет мекемелерінде  демалыс-тың қажетті жағдайларын  құру;

- мәдениет мекемелерінің әр түрлі бағытындағы қызметінде мемлекеттік тілді дамыту мен қолдау көрсету.

Мәдениет мекемелерімен  және оның мамандарының рөлін қоғамда  гармониялы дамуын оңалту. 

Мәдениет саласы мекемелерінің  мүмкіндігін белсенді жүзеге асыру  үшін жағдайлар жасау, сапалы тұрмысты қалыптастыруда олардың қатысуы.

Мәдени-бос уақыт мекемелерінің  желісін кеңейту үшін республикалық  бюджет қаражаты есебінен 1000 орынды қазақ  музыкалық-драматургиялық театрын  салу жоспарлануда.

Спорт және туризм саласындағы  шығындар келесі мақсаттарға бағытталады:

- қалада дене шынықтыру  және спортты одан әрі дамыту;

- спорттың бұқаралық  және ұлттық түрлерін дамыту  үшін жағдайлар жасау;

- облыстық және республикалық  спорт жарыстарына облыстың құрама  команда мүшелерін дайындау және  қатыстыру;

- спорттың материалдық-техникалық  базасын дамыту.

Тұрғындарды спорт имараттарымен, сапалы инвентарь және жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі айтарлықтай  артты. 2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жасанды мұздан жабық  хоккей модулінің құрылысы, ал 2010 жылы ЖМК ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланды.

2009-2010 жылдарға жергілікті  бюджет қаражаты есебінен қала  мектептерінің жанынан хоккей  қораптарының құрылысы жоспарлануда.

«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,006 % деңгейінде шамаланды.

«Өндіріс, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционал-дық тобы бойынша шығындар аясында 2008-2010 жылдарға сәулет және қала құрылысы бөлімін және құрылыс бөлімін ұстауға ӨӨБ-ға 0,007 % деңгейінде қарастырылды.

«Көлік және байланыс»  функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,344 % деңгейінде шамаланды.

 

 

2.2 ҚР –да  фискальдық саясатты жетілдіру жолдары

Қазақстан Республикасы Президентінің экономиканы орнықты  дамытудың іргетасы ретінде экономиканы  одан әрі жаңғырту және әртараптандыру жөніндегі жолдауына сәйкес салық  жүйесінің ынталандырушы сипатын  күшейту бағытында өзгерістер енгізілді.

2007 жылдан бастап салықтық  жүктеме (жеке табыс және әлеуметтік  салықтар, ҚҚС, арнаулы салық режимдеріндегі  салықтар) деңгейін жалпы төмендетуге,  экономиканың жеке секторларының  әлеуетін іске асыруға да, сол  сияқты кейбір әкімшілік мәселелерді шешуге де бағытталған салықтық босаңсулар жиынтығы көзделген:

қосылған құн салығының  ставкасы азайтылды (2007 жылдан бастап 14 %, 2008 жылдан бастап 13 % және 2009 жылдан бастап 12 %);

барлық жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығының 10 процент  деңгейінде тіркелген ставкасы енгізілді;

2008 жылдан бастап әлеуметтік  салық мөлшері орта есеппен  
30 процентке азайтылды;

патент негізінде және жеңілдетілген декларация негізінде  шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы  салық режиміндегі салық ставкалары азайтылды;

ауыл шаруашылығы шикізатын  қайта өңдеуші кәсіпорындардың қосылған құн салығын төлеуінің ерекше тәртібі енгізілді (70 %-ке азаю);

дивидендтерге қосарланған  салық салу жойылды, бұны Дүниежүзілік Банк жоғары бағалады.

Мұның бәрі экономиканың шикізат емес секторын дамыту және оны әртараптандыру үшін шынайы ынталандыруға айналуға тиіс. Бұл ретте, бұл сценарий жеңілдіктер жойылмай және салық салынатын база кеңейтілмей, салықтық жүктемені азайту есебінен ғана іске асырылды.

Қазіргі уақытта дамыған  елдердің салық саясаты экономикаларды жаһандандыру және салықтық бәсекені күшейту жағдайларында капиталдан алынатын кіріске салық салуды төмендету үрдісімен және салық салу ауыртпалығын ұтқырлығы неғұрлым аз объектілерге: тұтыну мен материалдық меншікке ауыстырумен сипатталады.

Осыған байланысты салық  саясатын одан әрі дамыту оның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, оның жаһандық процестердің қыр көрсетулеріне тиімділігіне бағытталуға тиіс.

Алдағы кезеңде шаруашылық жүргізуші объектілердің іскерлік белсенділігінің өсуін ынталандыруға, экономикаға салықтық жүктемені оңтайландыруға, салықтық рәсімдерді оңайлатуға және арттыруға бағытталған салық саясатында жаңа, қазіргі заманғы ұстанымды бастау жоспарланып отыр.

Фискалдық саясатты жетілдірудің негізгі бағыттары мыналар:

салық салудың қолданыстағы жүйесін талдау және бағалау негізінде әлемдік тәжірибені ескере отырып, экономика секторларында қолданыстағы жеңілдіктер мен преференцияларды қайта қарау және тиімсіз жеңілдіктерді, өз мақсаттарына жеткен жеңілдіктерді, сондай-ақ салық жүйесінің бейтараптығын бұзатын жеңілдіктерді жою жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

кәсіпкерлік орта үшін маңыздылардың  бірі болатын корпорациялық табыс  салығын азайту;

халықтың әлеуметтік жіктеріне жүктеме деңгейін сақтауды ескере отырып, орта мерзімді кезеңде  салық ауыртпалығын заңды тұлғалардың кірісінен жеке тұлғалардың кірісіне кезең кезеңімен қайта бөлу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

инвестициялық преференцияларға қол жетімділікті оңайлату;

салықтық және кедендік рәсімдерді одан әрі оңайлату және олардың ашықтығын арттыру.

Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейдегі салықтық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, экономиканың шикізат емес секторы қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

Қорытынды

 

           Сонымен, қорыта келе, алдағы кезеңдерде мемлекеттің фискалдық саясат қызметтерін бір органға шоғырландыру қажет. Фискалдық саясат қызметтерін бір органға шоғырландыру мақсатында Кедендік бақылау агенттігін комитет ретінде қайта құрып, Қаржы министрлігінің құзырына беру керек. Ал, Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттіктің заңнамалық міндеттері Қаржы министрлігіне, бақылау қызметі жаңа құрылған Қаржы бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетіне өтеді. Осы тұрғыдан алғанда, Қаржы министрлігінің басты міндеті өз құзыретіне сәйкес, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің түсімдерін, әдістемелік басшылығын ұйымдастыру болады. Осыған байланысты министрліктің орталық аппаратын қысқартып, оған жалпы әдістемелік және талдамалық жұмыс жүктеген жөн болады.

Қаржыландыру саласындағы  реформалардың негізгі мақсаты  мемлекеттік қызметтер мен функциялардың сапалы орындалуын және тұрғындардың мұқтаж дәрежесінің максималдығын қамтамасыз ететін айқын, тиімді және қалыпты бюджетке жету болып табылады.

Қаланың экономикалық көрсеткіштері жоғары сапаға жеткендігі туралы айтады. Бюджеттік жүйені жетілдіру бойынша тұрақты жүргізілетін жұмыс – үлкен роль атқарды. Бюджет мақсатты құжат ретінде қаралатын болды, ол тек ағымдағы жылды ғана емес, орта мерзімді келешектерді, оның болашақ нәтижелері мен тиімділігін бағалау және болжаумен экономикалық-әлеуметтік міндеттерді орындауға бағытталады.

Орта мерзімді фискалдық саясат алдын ала қаржыландыруды қамтамасыз ету керек, ол алдын ала жоспарлауға; бюджеттік үрдістің айқындығы мен тиімділігін арттыруға, бюджеттік үрдістің сабақтастығын және фискалдық тәртіптің артуын қамтамасыз ету  мүмкіндігін туғызады.

Фискалдық саясаттың механизмі жалпы мемлекеттік ретінде қала үшін шынайы болып анықталады. Өткен қаржы жылындағы бюджеттің орындалуы мен экономикалық көрсеткіштеріне талдау және бағалау жүргізу негізінде жыл сайын фискалдық саясаттың негізгі бағыттары түзетіліп отырады.

Болашақта фискалдық саясаттың  рөлін осы құжатты әзірлеу кезінде қарастырылған мақсаттардың қаншалықты орындалғаны арқылы бағалауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиттер тізімі

 

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауы

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 677 қаулысымен бекітілген Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу ережесі

Информация о работе ҚР –ң фискальдық саясаты