Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 15:19, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі : Тәуелсіз Қазақстан табиғи ресурстарға бай мемлекет болып табылады.Табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады және олардың Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызы зор. Табиғи ресурстарды басқару Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың жалпы тетігінің ажырамас бөлігі және маңызды құрауышы болып табылады. Жалпы мемлекеттік басқару реформасы шеңберінде табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет.
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
I.Табиғи реурстарды тиімді пайдалану бағыттары
II.Табиғи ресурстарды тиімдң пайдалаудағы халықаралық ынтымақтастық
III.Шетелдердегі ресурстарды пайдалану бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ.
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар:
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
I.Табиғи реурстарды тиімді пайдалану бағыттары
II.Табиғи ресурстарды тиімдң пайдалаудағы халықаралық ынтымақтастық
III.Шетелдердегі ресурстарды пайдалану бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Курстық жұмыстың
өзектілігі : Тәуелсіз Қазақстан табиғи
ресурстарға бай мемлекет болып табылады.Табиғи
ресурстар мемлекет меншігіне жатады
және олардың Қазақстан Республикасының
экономикасы үшін маңызы зор. Табиғи ресурстарды
басқару Қазақстан Республикасында мемлекеттік
басқарудың жалпы тетігінің ажырамас
бөлігі және маңызды құрауышы болып табылады.
Жалпы мемлекеттік басқару реформасы
шеңберінде табиғи ресурстарды басқарудың
түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет.
Табиғи ресурстар экономиканың өсуін,
ауқымды сыртқы экономикалық және сыртқы
саяси уағдаластықтарды қамтамасыз ету
үшін Қазақстан Республикасының маңызды
стратегиялық басымдығы болып табылады.
Олар қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігіне
пайдаланылуы тиіс екендігін түсіндіру.
Табиғи ресурстарды басқару, оларды есепке
алу, қорғау, жалпы мүдделерде пайдалану
мемлекеттік басқаруды дамытудың жалпы
бағыттарына сәйкес, сол сияқты озық халықаралық
практикаларды, әлемдік және өңірлік талаптарды
ескере отырып, тиімді жүзеге асырылуы
тиіс.
Минералдық ресурстар, өз кезегінде, аса
маңызды табиғи ресурстар түрі, әлемдік
өнеркәсіп өндірісінің, ғаламдық тіршілікті
қамтамасыз ету жүйелерінің жасампаз
негізі болып табылады. Кез келген мемлекеттің,
әсіресе Қазақстанның тұрақты дамуының
шарттары бірнеше макроэкономикалық міндеттерді
алға тартады, олардың арасында бірінші
кезектегісі ұлттық резервтің негізі,
ұлттық экономиканың барлық салаларының
жеделдете дамуы үшін маңызды база - минералдық
шикізат кешенінің жоғары әлеуетін қолдау
және дамыту болып табылады.
Курстық жұмыс құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бағыттары.
Табиғи ресурстар – табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын – табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары – басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану.
Осыған байланысты табиғи ресурстарды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы – заңды мәселе. Табиғи ресурстарды зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.
Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен бірге климаттық және минералдық, отын-энергетикалық, т.б. ресурстар жөнінен көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи ресурстарды мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Отын-энергетикалық ресурстар. Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары – Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы – Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақстанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады.
2. Минералдық ресуртар. Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік шоғырланған. Мұнда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда , Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.
Қазақстан полиметалл кендеріне де бай. Оның негізгі қорлары Кенді Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сирек және бағалы металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан. Кен емес қазбалардан фосфориттер мен тұздардың, құрылыс материалдарының кен орындары негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау өңірінде) кездеседі. Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі болып отыр.
3. Климаттық ресурстар. Қазақстанның географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты климаттық қорлары мол. Өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы, күн сәулесінің мол түсуі Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстігінде көптеген жылу сүйгіш өсімдіктерді (жүгері, күріш, мақта және т.б.) өсіруге мүмкіндік береді. Қазақстанда күн қуаты тұрғын үйлерді, жылыжайларды жылытуға жұмсалады. Республика жел қуатына бай.
Желді аудандарда (Шар, Жалғызтөбе, Жетіс қақпасы, Іле аңғары және т.б.) жел қуатын механикалық және электр қуатына айналдыруға болады.
4. Су ресуртары. Қазақстанның су қорларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздықтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған. Жалпы Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су қорларының маңызы арта түседі. Себебі қуаң климат жағдайында ауыл шаруашылығын, әсіресе суармалы егістерді өркендету үшін су қорлары басты орын алады. Бұған қоса қалалар мен өнеркәсіп орындарының өсуі, республикадағы су қорларының жетіспеушілік жағдайына әкеп соғады. Еліміздің трансшекаралық өзендері Ертіс пен Ілені ұтымды пайдаланумен бірге экологиясының қауіпті жағын да ескерген жөн. Олардың бастауы біздің мемлекеттік шекарадан тыс жатқандықтан трансшекаралық өзендердің проблемасы сан қырлы. Олардың шаруашылық және экологиялық сипатымен қатар саяси, тарихи, экономикалық және табиғатын қорғау мәселелері тұр. Көршілес, туыстас мемлекеттермен ортақ өзендердің (Сырдария, Талас, Шу) тағдырына қатысты да дәл осындай проблемалар туындайды. Трансшекаралық өзендер мен көлдерді (Каспий және Арал) қорғау мен тиімді пайдалану ережелері 1992 жылы БҰҰ Хельсинки конференциясында бекітілген. Су қорларын пайдаланудың жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану, ластанудан қорғаудың маңызы зор. Өзендерге гидротехникалық қондырғылар салу кезінде де жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру қажет.
5. Топырақ-өсімдік қорлары. Республикадағы топырақ, өсімдік қорлары
аумағының ауқымды болуына байланысты
әркелкі таралған. Бұл қор түрлерінің
ерекшелігі – олардың өнеркәсіп, ауыл
шаруашылығы үшін шикізат көзінің қызметін
атқаруы, осыған байланысты адамның шаруашылық
әрекетінің әсеріне көп ұшыраған. Қазақстан
құнарлы топырақ түрлеріне онша бай емес.
Бірқатар аймақтарда топырақтың, ылғалдың,
қоректік элементтердің жетіспеуінен
немесе сортаңдану әсерінен ауыл шаруашылығында
пайдаланылмайды. Сондықтан жарамсыз
жерлерді өңдеуден өткізу немесе мелиорациялау
арқылы шаруашылыққа пайдалану – алдағы
міндет. Өсімдік қорларын бірнеше топтарға
бөлуге болады: орман қорлары, дәрілік
өсімдіктер, мал азықтық өсімдіктер. Ормандар
негізінен таулы аймақтарда шоғырланған.
Қазақстандағы орманды алқап 11 млн га-ды
немесе 4%-ды құрайды. Дәрілік өсімдіктердің
республикада 250 түрі бар. Олар фармацевтік
өндірісі үшін қымбат шикізат болып есептеледі.
Республиканың оңтүстік аймақтарында
дүние жүзінде теңдесі жоқ аса құнды дермене өседі. Адамдардың денсаулығына зиян
әкелетін, аллергия тудыратын химиялық
жасанды дәрі-дәрмектердің орнына табиғи
өсімдіктерден жасалатын дәрілерді пайдаланудың
мүмкіндігі зор. 1997-2001 жылдарға ұсынылған
мемлекеттік бағдарлама бойынша Қазақстан
ғалымдары 20-дан астам фитопрепараттар
мен әр түрлі фармакологиялық дәрілер
шығармақ. Табиғи емдік қасиеттері мол
өсімдіктерден біздің елімізде жасалатын
дәрі-дәрмектер экологиялық жағынан таза,
ал экономикалық тұрғыдан арзан. Соның
қатарында қарағандылық ғалымдар жасаған
қатерлі ісікке қарсы «арглобин» дәрісін
атауға болады. Қазір бұл дәрі емханаларда
кеңінен пайдаланылуда. Қалақай мен сораң
майларынан жасалған қабынуға қарсы «аллапинин»
препаратының, сол сияқты шырғанақ жемісінен алынған майдың емдік қасиеті
өте жоғары. Жалбыз, жолжелкен, түйетікен,
сарғалдақ, қымыздық, жабайы сарымсақ сияқты өсімдіктердің түрлі
емдік қасиеттері бар. Тобылғы мен аршаның кәсіп
Шабындықтар мен жайылымдарда өсетін шөптесін өсімдіктер мал азығы ретінде пайдаланылады. Өсімдік қорлары халық шаруашылығының түрлі салалары үшін шикізат базасы болғандықтан табиғи өсімдік жамылғысын қорғаудың, әсіресе құрып бара жатқан өсімдік түрлерін сақтаудың маңызы зор.
II. Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудағы халық аралық ынтымастық.
Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады. Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырайды. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді.
Табиғатты пайдалану мен қоршаған
табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару
қоғамдық әлеуметтік басқарудың бір саласы
болып табылады. Басқарудың мақсаты - экологиялық
бағдарламалардың, жоспарлардың және
шаралардың орындалуын қамтамасыз ету,
қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи
қорларды тиімді пайдалануды және салалардағы
заң ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз
ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи
ортаның қолайлы болуына жағдай жасау.
Табиғи ресурстарды пайдалану
және қоршаған табиғи ортаны басқаратын
органдардың қатарына Қазақстан Республикасы
Министірлер Кабинеті, Ораталық атқарушы
органдар және жергілікті өкілді органдар
жатады.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы
атқаратын қызметіне жататындар:
• мемлекеттік саясаттың негізгі
бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі
стратегиялық және тактикалық шараларды
әзірлейді;
• табиғат пайдаланудың әр түрлі
бағыттары бойынша ұлттық (мемлекеттік)
экологиялық бағдарламалар әзірлейді,
оларды Қазақстан Республикасы Президентінің
бекітуіне ұсынады;
• қоршаған ортаның сапасының
нормативтері мен шаруашылық және өзге
де қызметтерге қойылатын экологиялық
талаптарды әзірлеу мен бекіту тәртібін
белгілейді;
• міндетті экологиялық сақтандыруды
жүргізу тәртібі мен ережесін белгілейді;
• табиғат пайдаланушыларға
рұқсат алу қажет болатын табиғат пайдалану
түрлерінің тізбесін және осы рұқсатты
беру тәртібін белгілейді;
• қоршаған орта мен табиғи
ресурстардың мемлекеттік мотарингінің
құрылымын, мазмұнын және оны жүргізу
тәртібін белгілейді;
• қоршаған ортаны қорғау, табиғат
пайдалануды басқару және бұл салада мемлекеттік
бақылау жасау міндеттерін жүзеге асыратын
арнаулы уәкілетті органдардың тізбесін
айқындайды;
• халықаралық ынтымақтастықты
жүзеге асырады т.б.
Қазақстан Республикасы экология
және табиғи ресурстарды министірлігінің,
сондай-ақ оны жергілікті органдардың
(облыстық, қалалық және аудандар) атқаратын
қызметтеріне мына төмендегілер жатады:
• қоршаған табиғи ортаны қорғау
мен табиғитты пайдалануды басқарудың
экономикалық тетігін іске асыру;
• қоршаған табиғи ортаны қорғау
саласында біртұтас мемлекеттік ғылыми-техникалық
саясат жүргізу;
• мемлекеттік экономикалық
сараптаманы ұйымдастыру және жүргізілді. Әлемдік экологиялық
проблемалардың негізі – процестер мен
құбылыстардың халықаралық деңгейге шығуында
жатыр, бұнда адамзат цивилизациясының
тіршілігінің негізгі әрететін қозғап
өтіп, өзінің шешімін шешуге бүкіләлемдік
қауымдастық қатысуын қажет етеді. Осы
жерде атап көрсету қажет, кейбір табиғи
ресурстардың халықаралық ерекше статуста
екенін әлемдік мұхит ресурстары, ауа
атмосферасы, антарктида, ғарыш. Бұл жерде
барлық күшті біріктіре отырып, оларды,
ұтымды, тиімді, жоспарлы, табиғаттың тепе
– теңдігіне экологиялық зиян әкелмейтіндей
, қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге
асыру жолдары мен әдістерін шешуге жұмылдыру
керегіне баса көңіл аударуға проблемасы
қойылып отыр.
Адамзат баласының экологиялық проблемаларды
шешуге күш салу қажеттілігін ХХ ғасыр
басында В.Н. Вернадский айтқан болатын.
Әлемдік даму моделінің нәтижесі
дәлелдегендей, мемлекеттер, ұлттар экологиялық
проблемаларды шешуге міндетті түрде
өте жауапкершілікпен келукеректігі,
яғни халықаралық қарым – қатынастың
бірнеше негізгі бағыттарын бөліп
көрсетуге болады:
Аталған
бағыттарды іс жүзінде асыру,
біршама шамаларды қарастырады,
олардың ішінде атап көрсетсек,
экономикасы дамыған елдердің
артта қалған мемлекеттерге
Айнала табиғи ортаны қорғау обьектілерінің халықаралық классификациясы
Халықаралық ынтымақтастықтың келесі формаларын бөліп көрсетуге болады:
Жоғарыдағы
келтірілген негізгі
Информация о работе Табиғи ресурстардв тиімді пайдаланудағы ынтымақтасытық