Табиғи ресурстардв тиімді пайдаланудағы ынтымақтасытық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 15:19, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі : Тәуелсіз Қазақстан табиғи ресурстарға бай мемлекет болып табылады.Табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады және олардың Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызы зор. Табиғи ресурстарды басқару Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың жалпы тетігінің ажырамас бөлігі және маңызды құрауышы болып табылады. Жалпы мемлекеттік басқару реформасы шеңберінде табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім:
I.Табиғи реурстарды тиімді пайдалану бағыттары
II.Табиғи ресурстарды тиімдң пайдалаудағы халықаралық ынтымақтастық
III.Шетелдердегі ресурстарды пайдалану бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ.
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 155.00 Кб (Скачать файл)

      Екі жақты  және көп жақты келісімдер  мен халықаралық конвенциялар  әртүрлі елдердің табиғат қорғау  күштерін қадағалайды. Бұндай келісім – шарттардағы серіктес болып көбінесе көрші елдер мен мемлдекеттер аймағтағы табиғи ортаны сақтаудың жалпы мүдделері және кейбір ресурстарды бірігіп пайдалану жөнінде болып тұрады. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерімен оңтүстіктегі сырдария өзеніне жазғы күндері су жіберу мәселелері жөнінде келісім – шартқа отырған.

      Халықаралық  табиғат қорғау ынтымақтастығының  тарихы әлемдегі жануарлар әлемін  сақтау және пайдалануды реттеу  жөніндегі келісімді жасаудан  басталған. 1875 жылы Австро – Венгрия және Италия құстарды қорғау декларациясына қол   қойған. 1882 жылы бірнеше Европа мемлекеттері Париж қаласында ауыл шаруашылығына пайдалы құстарды қорғау жөніндегі бірінші конвенцияға қол қойды. Халықаралық келісім көбінесе балық, кит және теңіз жануарларын қорғау үшін жасалады. Солтүстік мұхиттағы балық аулауды реттеу жөніндегі тәртібі 1882 жылы жасалып, қазіргі таңда осы сала бойынша 70- тен астам   келісімдер бар. 1954 жылы теңіз суларының ластануы проблемасы жөнінде Лондонда 20 ел қойған конвенция, теңізді мұнай өнімдерімен ластауды болдырмауға қол қойды. Келісім бойынша мұнай және мұнай қоспаларын қол қойған елдердің жағалауларына 80-250 километр қашықтық аралығында тастауға рұқсат етілмейді. Кейіннен осы сферада жаңадан конвенцияларға (1972, 1973 ж.ж.) қол қойды, онда қатаң шаралар қарастырылған суларға шайынды және радиоактивті қолдықтарды тастауға. Қазақстан әлемнің дамыған елдерімен ғарышты бірігіп пайдалану жөніндегі келісім – шартқа отырған. Каспий теңізіндегі экологиялық тепе – теңдікті және ондағы табиғи ресурстарды қорғау жөнінде Иран, Ресей, Өзбекстан, Түркменстан елдерімен ынтымақтастық шарттарға қол қойған.

Халықаралық экологиялық ынтымақтастық қызметінің негізгі принциптері.  Айнала ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың ең алғашқы қадамдары бұдан 32 жыл бұрын басталған болатын. 1970 жылдардың басында, қоғам мен табиғат арасында жеткілікті экология – экономикалық проблемалар адамзатқа әлемдік қауіп туғызатын, оның салдарынан планета биосферасына үлкен өзгерістер болатындығы белгілі болды.

Қоршаған орта проблемасы, оның қазіргі кең таралуы  Стокгольм конференциясынан (1972 ж.) бастау алады. БҰҰ шешіміне сәйкес жеке ұйым құрылған болатын, оған табиғат қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты әлемдік масштабта ұйымдастыру міндеті жүктелген еді. Бұл оған қоршаған ортаны қорғау саласындағы БҰҰ бағдарламасында ЮНЕП деп аталады. Осы орган тұрақты негізде жұмыс жасап жатыр, оның штаб пәтері Найроби (Кения) орналасқан. Айнала қоршаған ортаны қорғау көп қырлы, кешенді проблема екені белгілі, бұған байланысты ЮНЕП қызметіне қосымша оның кейбір жеке аспектлерімен келесі мамандырылған ұйымдар, БҰҰ басшылығымен жұмыс істейді:

ЮНЕСКО –ғылым, білім, мәдениет саласындағы БҰҰ мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен бітімгершілік келісім – шарттарын жүргізуге ықпал жасайтын арнайы мамандырылған мекеме. Оның негізі 1946 жылы құрылған. Штаб – пәтері Францияның астанасы Париж қаласында орналасқан. Ол экология саласында “Адам және биосфера” және “Адам және оны қоршаған орта”  бағдарламалары бойынша жұмысты орындайды, адам мен айнала орта байланысы және оның әлеуметтік – экономикалық факторларының дамуында зерттеулержүргізеді;

ФАО – ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және өндіруді жақсарту міндетін атқарады, агросфераға инвестиция тартуға, топырақ құнарлығын арттыру мен жер ресурстарын ұтымды пайдалану,қорғау; жаңа және өзгеше энергия көздерін өндіруді, игеруді ықпалын тигізуге көмектеседі. ФАО негізі 1945 жылы құрылған. Бұл мекеменің штаб – пәтері италияның астанасы Рим қаласында орналасқан.

ВОЗ (Әлемдік деңсаулық сақтау ұйымы) - әлем халықтарының деңсаулығын қадағалайды, экологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсаты жүктелген, оған тұщы сумен қамтамасыз жасау, тамақ және қалдықтарды жою міндеттері қамтылған. ВОЗ мекемесі 1946 жылы құрылды.Әртүрлі қауіпті ауру түрлеріне қарсы емдеу шараларын іздестіреді, халықаралық деңгейдегі санитарлық ережелерді жасайды, сондай – ақ емдеу дәрілердің сапалық жағын тексереді. Дамушы елдердегі халықтардың деңсаулығын жақсартуға көмектеседі. Штаб – пәтері Женева қаласында орналасқан.

ЮНИДО – халықаралық жаңа экономикалық тәртіпті бекіту және өнеркәсіптің дамуына оң ықпал жасау мен қолдау жүктелген;

МАГАТЭ – радиациядан қорғану, қауіпсіздік шараларын жасау міндеті бекітілген, бұған радиоактивтік материалдарды айнала ортаға экологиялық зиянын тигізбей тасымалдау мен қалдықтарды жою міндеті тапсырылған. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану ісінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында пайда болған агенттік. Қазіргі кезде бұл агенттік барлық елдердегі атом электр станцияларының қауіпсіздігін қадағалайды. Бұл агенттік 1957 жылы БҰҰ шешімімен құрылған, штаб – пәтері Вена қаласында орналасқан.

ВМО (Әлемдік метеорологиялық мекеме) – бұл мекеме негізі 1873 жылы құрылған, бірақ 1947 жылдан бастап БҰҰ құрамына енді. ВМО басшылығымен әлемдік ауа райын бақылау қызметі жұмыс істейді, оның негізгі міндеті планетадағы табиғат күштері мен құбылыстары жайлы жалпы мәліметтер мен бақылау жасау. Бұл ұйым  метеорологиялық бақылау мен зерттеу бағытында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай – ақ ұлттық метерологиялық қызметтің жұмысын үйлестіру. Штаб – пәтері Женева қаласында орналасқан.

МСОП (Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудағы халықаралық одақ) – бұл одақ ЮНЕСКО және ФАО жанындағы халықаралық кеңес пен ұсыныс беруші мекемк. МСОП әлемдік табиғат қорғау стратегиясын жасады және барлық елдерге оны орындау жөнінде ұсыныс береді. МСОП 1948 жылы құрылған. Ұйымның орналасқан қаласы Глан (Швецария).

МЮО-Халықаралық құқық ұйымы 1968 ж құрылған, қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық сұрақтарын дайындауға ықпал етеді.

МЭС-Халықаралық экологиялық сот.  1994 ж қарашада Мехико конференциясында заңгерлердің ұсыныс бойынша құрылған ұйым. Әлемдік экологиялық іс-әрекеттерді әділ шешуді қажет ететін  мәселелерді шешумен айналысады.  Бұл ұйымда әлемнің 24 елінен 29 судья жұмыс істейді.

WWF-жабайы табиғатты қорғау фонды (ағыл. WWF — World Wide Fund for Nature) — 1961 ж құрылған. 27 ұлттық бөлімшелері бар.

МОТ –Халықаралық еңбек ұйымы. 1919 ж еңбек қауіпсіздігінің шарттарын қамтамасыз ету  және биосфераның ластануын азайту мақсатында құрылған ұйым.

ГРИНПИС (Greenpeace — «Жасыл әлем») — қоршаған ортаның деградациясының алдын алуды мақсат етіп қойған тәуелсіз халықаралық қоғамдық ұйым. 1971 ж Канаданың Ванкувер қаласында құрылған 1,5 млн мүшесі бар, 1/3— американдықтар. Әлемнің 32 елінде бөлімдері бар.

Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың халықаралық ынтымақтастығы қызметі халықаралық экологиялық құқығымен реттеледі. Оның негізінде барлық елдер келісіп, қабылдаған принциптер мен нормалар жатыр. Осы принциптердің қалыпасуына маңызды үлес қосқан БҰҰ қоршаған ортаны қорғау проблемасы жөніндегі Стокгольм конференциясы (1972 ж.), Әлемдік табиғат хартиясы мақұлдаған (1982 ж.) және Халықаралық БҰҰ конференциясы айнала қоршаған орта және дамыту Рио – де – Жанейро (1992 ж.). Халықаралық ынтымақтастықтың негізгі экологиялық принциптерінің даму тарихын үш кезеңге бөліп көрсетуге болады: 1.Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ Стокгольм конференциясы  (1972 ж.) мемлекеттер және халықаралық қоғамдастықтың экологиялық саясатындағы маңызды кезеңі басталуын белгілеп берді. Конференцияның қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, бұнда әлемдік қауымдастықтың айнала қоршаған ортаны қорғаудың страсегиялық міндеті, жұмыс жасау бағыты анықталды. Стокгольм конференциясы 5 маусымды Халықаралық қоршаған орта  қорғау күні деп белгіленді. Конференцияда БҰҰ қоршаған орта жөніндегі тұрақты жұмыс органы құрылды, оның штаб – пәтері Найроби қаласы (Кения) таңдап алынды. Қабылданған бағдарламада негізінен үш бағыт, табиғатты қорғау жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлауда:

- айнала ортаны бағалау - әлемдік бақылау жүйесі;

- айнала ортаны басқару;

- көмекші шаралар, қоршаған орта сферасында білім беру және мамандар даярлау;  Аталған ұйым басқа халықаралық ұйымдардың  қоршаған орта компоненттері – жер, су, атмосфера, өсімдік және жануарлар әлемін қорғау, сақтау, қалпына келтіру жөніндегі  жұмыстарды ұйымдастырып үйлестіреді.

      2. Әлемдік табиғат хартиясы БҰҰ Бас Ассамблеясы 28 қазан 1982 жылы қабылдаған. Стокгольм конференциясы сияқты, Әлемдік табиғат хартиясы Халықаралық қауымдастықтың экологиялық қызметінің басты бағыттарын анықтады, бұл мемлекеттердің экологиялық саясаттарын әрі қарай қалыптасуына өзіндік үлесін қосты. Хартияда келесі негізгі принциптер жарияланады:

  • адам баласы, табиғаттың құрамдас бөлігі екенін саналы түрде ұғынады. Сондықтан, табиғатқа құрметпен қарап, оның негізгі принциптерін бұзбауға тиіс;
  • жер бетіндегі өмір тіршілігінің генетикалық негізі қауіке тірелмеу керек. Әрбір түрдің көбейіп таралуына жабайы немесе үй жануары болсын,оған жағдай туғызылуы, яғни қажетті тіршілік ортасы сақталсын;
  • жер бетіндегі барлық региондар, құрлық, теңіз болсын қорғау заңдылықтарына бағынышты болғаны жөн, бөлек қорғалумен қамтамасыз етілуі қажет, ерекше аймақтар – барлық экожүйе түрлері және сирек, жойылып бара жатқан флора, фауна тіршілік ортасы;
  • табиғи ресурстарды қолдауда ысырап етушілікке жол бермеу, олар пайдаланылуы тиіс орынды, табиғат хартиясы принципі талап етуі бойынша; биологиялық ресурстар өздерінің қалпына келу мүмкіндігі мөлшерінде ғана пайдаланылғаны жөн, бірнеше рет қайталанып қолданылатын ресурстар суды қосқанда айналымға жіберген дұрыс.

  Хартия мәлімдегендей, табиғи ресурстарды аяусыз және ұтымсыз пайдалану нәтижесі , сондай – ақ  мемлекеттер мен халықтар арасында тұрақты экология – экономикалық тәртіпті орнату қабілетінің жоқтығы цивилизация негізін жояды.Сондай-ақ, Еуропа Кеңесі шеңберінде түрлі конференциялар ұйымдастырылды. Арнайы орган - Қоршаған орта, аймақтық жоспарлау жҽне жергілікті билік органдары жөніндегі комитет бекіткен құқықтық актілердің ішінде 1979 ж. Еуропадағы табиғи орталар және жабайы табиғатпен, флора мен фаунаны қорғау жөніндегі Берн конвенциясы, 1993ж. қоршаған ортаға апат келтіретін қызметпен байланысты залалы үшін азаматтық жауапкершілік жөніндегі Лугано Конвенциясы, 1997ж. биоэтика саласындағы әлемдік тәжірибедегі алғашқы келісім-шарт Биоэтика және адам құқықтары бойынша Конвенциясын атауға болады. Соңгы құжатқа сҽйкес адамның клонын жасауға тыйым салу жөніндегі Қосымша хаттама бекітілді. Басқа континенттердегі қызметті бағаласақ, келесі мысал ретінде Африка аймағын алайық. Аймақтық интеграциялық бірлестік - Оңтүстік Африка даму бірлестігі (1992ж. құрылған)- Лаос, Ангола, Ботсвана, Лесопо, Малави, Маврикий, Мозамбик, Номибия, Танзания, Замбия, Зимбабве, Конго Демократиялық Республикасын, Сейшел республикасын біріктіреді. Бұл аймақтың ерекшелігі: су ресурстары аз және трансшекаралық су бассейндер санының кҿп болуы (Ніл, Заир, Замбези, Лимпопо). Африканың бұл бҿлігінде үнемі су ресурстары жеткіліксіз. Бұны бір жағынан жиі болып отыратын құрғақшылықпен түсіндірсе, екінші жағынан су тасқыны, судың ластануы, халықтың тез қарқынмен өсуі, сумен қамтамасыз етуде қиындыққа әкеліп отыр және судың сапасы төменгі дәрежеде болуы судың көп мөлшері жер өңдеуге пайдаланумен түсіндіріледі. 1995 жылы аймақта «су ресурстарын бірлесіп пайдалану» хаттамасы қабылданды. Бірлестіктің мүше-мемлекеттері келесі институционалдық ұйымдарды - әрбір су бассейніне арналған комиссиялар, теңіз мҽселелерін басқару мекемелері сияқты институттарды құрып басты міндеттер ретінде су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуін белгіледі.

Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау мәселесімен айналасатын үкіметтік емес ұйымдар да көп. Олардың ішінде ең ірі жҽне анағұрлым танымалысы Гринпис ұйымы 1971 ж. 15 қыркүйекте Ванкуверде (Канада) құрылған. 1971 жылы экологтардың қарсылық көрсетуі АҚШ үкіметін Амчитка аумағындағы ядролық сынақтарын тоқтатуға мәжбүрледі. Амчитка аралы құстар қорығына айналды. Келесі қарсылық көрсету акциясы 1975ж. Тынық мұхитының оңтүстік бҿлігінде Франция атмосфералық ядролық сынақтар өткізіп жатқан жерде болды. Гринпистың ҽрекеттері арқасында Франция да өз сынақтарын тоқтатты. 1990 жылдары Гринпис қоғамдық назарды ауаның ластануы мен озон қабатының бұзыла бастауына қарай аударды. Бүгінгі күні бұл ұйым басқа да экологиялық мҽселелерге назар аударады.

  Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және трансшекаралық су объектілерін басқаруды жетілдіру.   Трансшекаралық өзен бассейндерінде бірлесіп су пайдалану проблемаларын шешу бүкіл трансшекаралық бассейндер шегінде су ресурстарын бірігіп басқаруға үйлесімді көшу мақсатында Қазақстанның шектес елдермен ынтымақтастығын кеңейтуді талап етеді. Қазақстан қол қойған халықаралық шарттарға сәйкес барлық трансшекаралық өзен бассейндерінде суды пайдалану және су ресурстарын қорғау мәселелерін бірлесіп шешу үшін екіжақты комиссиялар мен жұмыс топтары құрылған. Сонымен қатар, Қазақстанның халықаралық шарттар бойынша міндеттемелерін орындау тетіктерін жақсартқан жөн болар еді.  
      Халықаралық ынтымақтастықты нығайту және трансшекаралық суларды басқаруды жетілдіру мынадай іс-шараларды көздейді:  
      1) бірінші кезеңде (2009 - 2011 жылдар):  
      сулар сапасының бірлескен мониторингі жөніндегі ережелерді қамти отырып, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;  
      Қазақстан Республикасының көпжақты халықаралық шарттарының өңірлік шарттық-құқықтық базасын кеңейту;  
      Трансшекаралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенция (1992 жыл) шеңберінде Су және санитария мәселелері жөніндегі хаттамаға қол қою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;  
      Қазақстанның Халықаралық су ағындарын пайдаланудың кеме жүзбейтін түрлерінің құқығы туралы конвенцияға (1997 жыл) қосылуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;  
      Қазақстан мен шектес мемлекеттердің су заңнамасына салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу және трансшекаралық өзендерді басқару саласын жетілдіру үшін ұсынымдар дайындау;  
      трансшекаралық өзендер бассейндерінде су ресурстарын кешенді игеру мен ұтымды пайдаланудың жалпы принциптерін шектес мемлекеттермен бірігіп айқындау;  
      тараптардың конвенциялар мен келісімдер бойынша міндеттемелерін ескеретін, өзен бассейндерін басқарудың бірыңғай халықаралық жоспарларын дайындаудың ресімдері мен әдістемесін әзірлеу;  
      мемлекетаралық бассейндік су шаруашылығы ұйымдарының әлеуетін арттыру;  
      2) екінші және келесі кезеңдерде (2012 - 2025 жылдар):  
      еліміздің нормативтік құжаттары мен заңнамалық актілерін халықаралық су құқығы нормаларымен сәйкес келтіру;  
      су ресурстарының сапасын сақтау үшін қажетті, келісілген ұлттық және халықаралық құқықтық құжаттарды әзірлеу;  
      трансшекаралық өзен бассейндерінде экожүйелік қызметтер үшін ақы төлеу жүйесін енгізу;  
      тараптардың міндеттемелерді орындауын және сақтауын қамтамасыз ететін тетіктерді енгізу;  
      су ресурстары жөніндегі ұлттық дерекқормен алмасу және су тасқындары мен экожүйелердің ластануының салдарларын бәсеңдету бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі өңірлік ақпараттық желі құру.  
      СРББ негізінде трансшекаралық сипаттағы экологиялық су проблемаларын шешу Қазақстанның халықаралық шарттар, оның ішінде Трансшекаралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенция (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз), Биологиялық әралуандылық туралы конвенция (Рио-де-Жанейро, 1992 жылғы 5 маусым), Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенция (Орхус, 1998 жылғы 25 маусым), Эспода (Финляндия) 1991 жылғы 25 ақпанда жасалған Аралық шекара контексіндегі қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау туралы конвенция бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындауына жәрдемдесетін болады.

Информация о работе Табиғи ресурстардв тиімді пайдаланудағы ынтымақтасытық