Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 12:45, реферат

Краткое описание

Транзит- жолаушыларды немесе жүктерді жөнелтілген жерден жеткізілетін жерге дейін аралық бекеттерде қайта отырғызбай және қайта тиемей тасымалдау.
Транзит операциялары- жүкті жөнелтушілердің жеткізушілермен жасасылған шарт бойынша шикізатты,материалдарды,отынды және басқа материялдық құндылықтарды жүк алушыға тікелей жөнелтуіне байланысты операциялар.
Транзиттік тауар айналымы- көтерме сауда айналымның бір түрі, мұнда көтерме сауда кәсіпорындары тауарларды өз қоймаларына әкелместен өндірістік кәсіпорындардан немесе жеткізушілерден тікелей сатып алушыларға жөнелте отырып, сатады.

Содержание

Кіріспе
1.Транзиттік экономика: мәні, негізгі мінездемелері және трансформациялық процестердегі мемлекеттің ролі.
2. ҚР-сы үшін транзиттік экономиканың маңызы.
3. ХХІ ғасырдың сауда жолдары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

транзитт3к экономика (2).docx

— 31.21 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

ПӘНІ: Экономиканы мемлекеттік реттеу

Тақырыбы: Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Омарова Камила Фказ-202

 

 

 

 

Ақтөбе 2014

Жоспары:  

Кіріспе  
1.Транзиттік экономика: мәні, негізгі мінездемелері және трансформациялық процестердегі мемлекеттің ролі. 
2. ҚР-сы үшін транзиттік экономиканың маңызы. 
3. ХХІ ғасырдың сауда жолдары. 
Қорытынды  
Қолданылған әдебиеттер 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 
     Транзит- жолаушыларды  немесе жүктерді жөнелтілген  жерден жеткізілетін жерге дейін  аралық бекеттерде қайта отырғызбай  және қайта тиемей тасымалдау. 
     Транзит операциялары- жүкті жөнелтушілердің жеткізушілермен жасасылған шарт бойынша шикізатты,материалдарды,отынды және басқа материялдық құндылықтарды жүк алушыға тікелей жөнелтуіне байланысты операциялар. 
    Транзиттік тауар айналымы- көтерме сауда айналымның бір түрі, мұнда көтерме сауда кәсіпорындары тауарларды өз қоймаларына әкелместен өндірістік кәсіпорындардан немесе жеткізушілерден тікелей сатып алушыларға жөнелте отырып, сатады.

     Мемлекеттік Реттеу  – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысу нысандарының бірі, мемлекеттің жалпы мемлекеттік ресурстарды бөлуге және үйлесімділікті қалыптастыруға тікелей немесе жанама түрде ықпал етуі. 
    1930 – 1970 жылдары кейнстік пос-тулаттарға негізделген жаңа мемлекеттік реттеу пайда болды. Мысалы, индикативтік және стратегия жоспарлау, жаңа қаржылық бюджеттік тетік қалыптастыру, экономиканы тұрақтандыру, жұмыспен қамту, кезеңдік ауытқуларды жұмсарту сияқты тәсілдер пайдаланылды. 
Қазіргі заманда ғылыми техника реттеу үдерісі жүріп жатыр. Ол мемлекеттік реттеудің “қатаң” амалдарынан “жеңілдеу” амалына немесе тікелей әсер ететін әдістерден жанама әсер ететін әдістерге көшу арқылы жүзеге асырылуда. Қазақстанда нарыққа өту барысында экономика тетіктерді қалыптастыру мемлекеттік реттеудің басты шарты болды.  Мұндай шараларға елде жүргізілген баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру, жекешелендіру, ақшаны және банктерді реформалау, валютаны реттеу және қатаң қаржы-несие саясатын жүргізу, жеке меншікті кеңінен енгізу, кәсіпорындарды сауықтыру, институционалдық өзгерістер жасау сияқты амалдарды жатқызуға болады.

 
 

 

 

 

 

 

 

 

          

 

 

 

 

 

           1.Транзиттік экономика: мәні, негізгі мінездемелері және трансформациялық            процестердегі мемлекеттің ролі. 
     

     Транзит (лат transitus – өту) жүктерді, жолаушыларды апаратын жеріне жол – жөнекей аралық бекеттерде түсіріп, қайта тиемей (түсіріп қайта отырғызбай) тасымалдау. Мұндай қатынастардың қай мемлекет үшін болса да маңыздылығы өте зор екені белгілі. Сондықтан экономика дамуының маңызды бөлігі ретінде транзиттік қатынастарды қарастыруға болады.

   Қазақстаннан  тысқары жерлерде де қазақстандық  экспортты алға жылжыту мақсатында көліктік-логистикалық кешендер жүйесі де қалыптастырылу үстінде. Мәселен, Орталық Еуропаға, Балтық және Қара теңіз аймақтарына, Парсы шығанағына шығу жобаларын қарастырған терминалдық инфрақұрылым Қытайдың батыс бөлігінде, Ляньюньган портында салынбақ. Қазір жалпы ұзындығы 2787 шақырымды құрайтын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының құрылысы салынуда, ол 2015 жылы аяқталмақ. Сөйтіп, 2020 жылға дейін логистикалық активтер мен көлік инфрақұрылымын дамытуға және жаңғыртуға 60 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция құйылмақ.

        Экономиканы реттеудің екі әдісі белгілі: біріншісі – нарықтық тетіктер -тауар-ақша қатынастары мен баға арқылы; екіншісі – әкімшілік-әміршілдік, директивалық әдіс. Бірінші әдіс бойынша өндірістің өсіп дамуы төлем қабілеті бар сұранысқа байланысты. Сонымен қатар нарықтық тетіктер экономиканың дамуын ғана сипаттап қоймайды, оның құлдырауын, дағдарысқа ұшырайтынын да көрсетеді. Дағдарысты болдырмау немесе жеңілдету мақсатында, мемлекет алдын ала ұлттық экономиканың даму бағдарламасын жасайды.

     Екінші әдіс бойынша кәсіпорын өндірістің тұрақты өсуі үшін өзіндік мақсат пен бағдар ұстайды. Бұған тек жоспар ғана емес, жеке мүдделерін көздейтін басшылар ойлары да ықпал етеді. Олар үшін өндіріс көлемінің өсуі – тұрақты жеке табыстың көзі. Мұндай әкімшілік реттеудің басты критерийі, әдетте, сандық өсім. Өндіріске қажетті қаражатты кәсіпорын мемлекеттен алады, сондықтан олардың тәртібінде шек болмайды. Мұндай жағдайда қосымша күрделі қаржыдан өздігінен бас тартатын кәсіпорын басшысын кездестіру қиын, өйткені ол кәсіпорын үшін ештеңеге де тұрмайтын еңбексіз табыс. Банкрот жағдайының өзінде де кәсіпорын қаржыдан бас тартпайды, кез келген зиянды шығындарды мемлекет өндірісті қамсыздандыру шаралары ретінде жауып отырады.

          Экономиканы реттеуде нарықтық  немесе орталықтандырылған әдістер  таза күйінде орын алмайды. Ең  бастысы, техника мен технологияны  жаңарту талаптары, шикізат пен  энергетикалық  ресурстардың тапшылығы, экологиялық мәселелердің барған  сайын шиеленісуі экономикада  мемлекеттің реттегіш рөлін едәуір  көтеріп отыр. Ендігі мәселе экономиканы  басқаруды орталықтандыру мен  кәсіпорындардың еркіндігін сақтаудың  оптималды арақатынасын табуда  болып отыр.  

     Өнеркәсібі дамыған барлық елдерде белгілі дәрежеде экономиканың мемлекеттік секторы бар. Абсолютті болмаса да, оның көлемі мемлекеттің экономикалық рөлінің  критерийі қызметін атқара алады. Мемлекеттің қолында әр түрлі формада капиталы болады, несиелер бере алады, үлестік қызметке қатысады, т.с.с. Мұның өзі мемлекет қоғамдық капиталдың бір бөлігіне иелік етеді деген сөз. Батыс елдерінің мемлекеттік секторында адамдардың үлкен тобы еңбек  етеді, олар барлық жалдамалы еңбек етушілердің Франция мен Италияда - 11%-ын, ФРГ, Белгия мен Голландияда - 8-9% - ын құрайды.

   Өнеркәсібі  дамыған елдердің барлығында  дерлік мемлекеттік сектордың  қалыптасуы мен дамуы салалардың  бәрінде бірдей орын алды. (көмір  өнеркәсібі, электроэнергетика, теңіз, теміржол және әуе транспорты, авиация мен космонавтика атом  энергетикасы т.б.) Әңгіме, өндіріс үшін маңызды, құны жоғары жабдықтар мен машиналар жиынтығы, яғни негізгі  капитал  топталған салалар жөнінде  болып отыр. Алайда негізгі капиталдың осындай маңыздылығы саланың бәсеке мен дағдарысқа өте сезімталдығын да байқатады.

 

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           2. ҚР-сы үшін транзиттік экономиканың маңызы.

     Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің транзиттік әлеуетін дамытуға, кең ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, өңірдің автомобиль және темір жолдарын халықаралық көлік дәліздері жүйесіне интеграциялауға айырықшы назар аударады. Форумды ашып, сөз сөйлеген Серік Ахметов осыны атап өте келе, «Қазақстан халықаралық көлік дәліздері торабындағы өзінің геосаяси орналасуына байланысты  және барынша жақсы дамыған транспорттық-коммуникациялық жүйесінің арқасында Еуропа мен Азияны байланыстыра алатын логистикалық буын бола алады. Еуропа мен Азия елдерінің Қазақстан аумағында тұрақты бағыттар ашуға қызығушылығы елдегі транспорттық-логистикалық саланы кешенді түрде дамытуды талап етеді», – деді.

   Президент бастамасымен «Қазақстан – Жаңа Жібек жолы» атты ірі жоба іске қосылуда. Осы жоба Қазақстанның Еуропа мен Азияның ортасындағы транзиттік көпірге айналуына негіз бере алады. Қазірде құрылысы аяқталған темір жол жобаларының қатарында 300 шақырымдық Жетіген-Қорғас бар. Ал биыл ұзындығы 1000 шақырымды құрайтын «Жезқазған-Бейнеу» жаңа темір жол желісін салу бойынша ауқымды жоба қолға алынады. Сондай-ақ, 215 шақырымдық Арқалық-Шұбаркөл темір жол желісінің де маңызы зор. С. Ахметов атап өткендей, осы жобалардың барлығы жүк тасымалы көлемінің артуына ықпал етеді. Былтыр еліміздің теміржолдары арқылы тасымалданған жүктің салмағы 16,5 млн. тоннаға жеткен. Сарапшылардың зерттеуінше 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін тауардың жалпы көлемі 35 млн. тоннаға жетеді. Одан әрі бұл көрсеткішті 50 млн. тоннаға дейін өсіру көзделіп отыр.

     Біз Біртұтас экономикалық кеңістіктегі көлік байланыстарын нығайтуға айрықша маңыз береміз. Ресей, Белоруссия және Қазақстан бірлескен көлік-логистикалық компанияларын құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Бұл идеяны жүзеге асыру Азия – Еуропа бағытындағы транзиттік әлеуетті және көлік қызметі рыногындағы темір жол тасымалдарының бәсекеге қабілеттілігін арттырады, – деді С.Ахметов.

     Қазақстанның, Ресейдің және «1520 кеңістігінің» өзге де елдерінің ұлттық темір жол компанияларының, мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының басшылары қатысқан іскерлік шарада орталықазиялық көлік дәліздерін дамыту, трансеуразиялық көлік логистикасы мен транзиті тұрғысындағы артықшылықтары мен болашағы туралы мәселелер қарастырылып, талқыланды. Ықпалдасу мақсатындағы мұндай басқосу интеграциялық үдерістердің тереңдеуін және Еуропа мен Азияның әріптестік қатынасының кеңеюін қамтамасыз етері сөзсіз.

    Асқар  Мамин Жаңа Жібек жолының негізгі  бағыттарын жүзеге асыру үшін  Әзербайжан, Грузия, Түркия, Иран және  Балқан түбегі елдеріндегі теңіз  және теміржол әкімшіліктерінің  ынтымақтастыққа келуі негізінде  қол жеткізуге болатындығын айтып  өтті.

   Бұл  бағыттардың әлеуеті Қазақстандағы  Жезқазған – Бейнеу жол құрылысы  салынып бітіп, Ақтау теңіз порты  кеңейтілген кезде және Карс  – Ахалкалаки құрылысы аяқталып, Босфор бұғазы арқылы өтуді қамтамасыз ететін туннель пайдалануға берілген кезде барынша арта түсетін болады. Осының негізінде, 2023 жылға таман Қазақстанның Қытай және Түркиямен арасындағы жүк айналымының өсімі 2012 жылғы көрсеткіштен 4 есе ұлғаюға тиіс.   Сөйтіп, қалай алып қарағанда да, Қазақстан тарабы көтеріп отырған Ұлы Жібек жолын жаңғырту идеясы әлемнің көптеген елдеріндегі білікті менеджерлер мен мамандардың ойынан шығып, көкіректерін қыздырды. Идеяның тартымдылығы осыдан-ақ анық байқалды.

                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     

 

 

 

 

                                           3. ХХІ ғасырдың сауда жолдары.

        Орталық Азия халықтарының сан  ғасыр бұрынғы жағдайына үлкен  ықпал етіп келген көне Жібек  жолынан, оның тарихынан бастаған  болатынбыз. Осыдан бес-алты ғасыр  уақыт бұрын жаңа теңіз жолдарының  ашылуы негізінде және Орталық  Азияда орын алған бірқатар  саяси әлеуметтік себептерге  байланысты халықтарға ғасырлар  бойы қызмет етіп келген осы  көне жолдың тіні үзіліп кеткен  еді. Қазақстанның тәуелсіздік алуы  және әлемдік деңгейдегі үлкен  саяси әлеуметтік себептерге  байланысты бұл жолды қайта  жаңғырту ісі енді міне, сенімді  түрде қолға алынып отыр.

    «Қазақстан  темір жолы» ҰК» АҚ-тың мәліметтері  бойынша 2013 жылдың бірінші жарты  жылдығында Қытайдан Қазақстан  арқылы Еуропаға жеткізілетін  контейнерлік тұрақты жүк айналымының  көлемі өткен жылдың осы мерзімімен  салыстырғанда 85 пайызға арта түскен. Себебі, контейнерлік пойыздар арқылы  жүк жөнелту жылдам жүзеге  асады. Осы үшін ҚТЖ ұйымдары  өзінің халықаралық клиенттеріне  Қытай мен Еуропа арасындағы  жүк жөнелтудің мерзімін 3 есе  қысқарта түсетін қатаң кестені ұсынып отыр. Міне, осындай жұмыстардың нәтижесінде ҚТЖ вице-президенті Қанат Алпысбаевтың айтуынша, Қытайдың бірқатар жүк жөнелтушілері өздерінің теңіз жолдары арқылы жүк жөнелтіп келген бұрынғы бағыттарын өзгертіп, енді Қазақстанды басып өтетін теміржол көлігіне қарай ауыспақ. Осы жағдайдың өзі Астананың Тәуелсіздік сарайында «Қазақстан – Жаңа Жібек жолы» ІІ халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумы көтерген басты тақырыптардың өте өзектілігін және мұнда бастамасы қаланып отырған келісімшарттардың болашағы зор екендігін көрсетсе керек.

       «Жаңа Жібек жолы – ғаламдық  транзит драйвері» атты І сессиясында сөз алған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин форум қонақтарын осы компания атынан «Қазақстан – Жібек жолы» жобасы Еуразия құрлығына жүк ағынын тартуға негізделген халықаралық деңгейдегі көліктік-логистикалық жүйені құруды мақсат ететіндігін, осы мақсатқа қол жеткізу үшін қазіргі күні Қазақстанда жолдарды жаңғырту ісі кең көлемде және қарқынды түрде жүріп жатқандығын айтып өтті. Асқар Маминнің атап көрсеткеніндей, 2014 жылы салынып, пайдаланылуға берілетін жаңа теміржол желілерінің жалпы ұзындығы 2,5 мың шақырымды құрамақ.

        Бұл бағыттағы маңызды қадам  ретінде ҚТЖ негізінде Қазақстан  – Жаңа Жібек жолы бағдарламасының  базалық операторы – халықаралық  деңгейдегі ұлттық көліктік-логистикалық  компанияның құрылуын атар едік. Қарқынды жаһандану жағдайында  көлік саласы біздің еліміз  үшін және жалпы Еуразия аймағы  үшін экономикалық өсімнің маңызды алғышарттарының біріне айналуда. Сондықтан, форум шеңберінде талқыға салынатын идеялар мен жобалар халықаралық көліктік-логистикалық жүйені жетілдіруге жаңа серпін беретініне сенімдімін. Жемісті жұмыс тілеймін!» делінген екен Елбасы хатында.

 

 

 

 
       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       

                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          Қорытынды

Информация о работе Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары