Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 12:45, реферат

Краткое описание

Транзит- жолаушыларды немесе жүктерді жөнелтілген жерден жеткізілетін жерге дейін аралық бекеттерде қайта отырғызбай және қайта тиемей тасымалдау.
Транзит операциялары- жүкті жөнелтушілердің жеткізушілермен жасасылған шарт бойынша шикізатты,материалдарды,отынды және басқа материялдық құндылықтарды жүк алушыға тікелей жөнелтуіне байланысты операциялар.
Транзиттік тауар айналымы- көтерме сауда айналымның бір түрі, мұнда көтерме сауда кәсіпорындары тауарларды өз қоймаларына әкелместен өндірістік кәсіпорындардан немесе жеткізушілерден тікелей сатып алушыларға жөнелте отырып, сатады.

Содержание

Кіріспе
1.Транзиттік экономика: мәні, негізгі мінездемелері және трансформациялық процестердегі мемлекеттің ролі.
2. ҚР-сы үшін транзиттік экономиканың маңызы.
3. ХХІ ғасырдың сауда жолдары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

транзитт3к экономика (2).docx

— 31.21 Кб (Скачать файл)

 Қандай  жол болмасын, ол – өмір өзегі. Сыртқы әлеммен жол қатынасын қалыптастыра білген ел қашанда болмасын өзгелерден озық дамиды. Мәселен, қазіргі күні 10 млн. адамды құрайтын португалдардың тілінде үш құрлықтың – Еуразияның, Африканың, Оңтүстік Американың 200 миллионнан астам адамы сөйлейді. Бұл ненің әсері? Бұл Португалияның осыдан 5-6 ғасыр бұрын үлкен теңіз державасына айналып, саяхатшыларының жаңа теңіз жолдарын ашып, Америка мен Африкадағы көптеген елдерді отарлауының және сол елдерден алтын тасып, баюының әсері.

      Біздің қазақта «Біреудің бағы  – біреудің соры» деген мақал  бар. Осы мақалды көне Жібек  жолына да қатысты қолдануға  болар еді. Жаңа теңіз жолдарының  ашылуы оның бойындағы тіршіліктің  саябыр тартуына көп әсер етті. Әйтпесе, осыдан мың жылдай бұрын  біздің Қазақстан аумағында 200-ге  тарта сауда жолындағы қалалары  болғандығын, олардың басым көпшілігі  Жібек жолының бойында орналасқандығын  біз басқа елдерге әлі де  белгісіздеу болып келе жатқан  өзіміздің көне тарихымыз арқылы  жақсы білеміз. Тіпті, жоғарыдағы  фактінің қазақ-кеңес энциклопедиясында  тіркелгендігін айта кетсек артық  болмас.

      Кеңес өкіметі кезінде басқа  елдерге қарағанда Қазақстан  аумағында көне қазба ескерткіштерінің  молынан табылуы, қазір де осындай  үдерістің жалғаса түсуі соның  тағы бір айғағы. Енді, міне, сол  көне Жібек жолын қайта қалыптастыру  мәселесі қайта бастау алды. Тәуелсіз  Қазақстан оның үлкен іздеушісі  болып отыр.

      Иә, осыдан жиырма жылдан астам  уақыт бұрын Қазақстан өз тәуелсіздігін  алып, дербес мемлекет ретінде  жеке шаңырақ құрған кезден  бастап Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев  сол көне Жібек жолын жаңа  қырынан қайта тірілту мәселесін  алдына стратегиялық мақсаттардың  бірі ретінде қойған-ды. Өйткені, еліміз қазіргі адамзаттың үлкен  сұранысына ие болып отырған  неше түрлі шикізат көздеріне  өте бай. Оның үстіне біздің  алып даламыз қарқынды даму  жолына түскен Қытай елі мен  Еуропаның ортасында орналасқан.

     Сөйтіп, Қазақстан өз тәуелсіздігіне  ие болысымен, қос құрлықтың ортасындағы  алтын көпірге айналу мақсатында  автокөлік және теміржолдарын  салып, мұнай мен газ құбырларын  тарта бастады. Біздің болашағымыз  үшін өте зор маңызы бар  бұл істің туындау себебін  Елбасымыз өзінің «Қазақстан  экономикалық, әлеуметтік және саяси  жедел жаңару жолында» атты  халыққа Жолдауында былайша атап  көрсетті: «ХV ғасырдың соңына дейін  Орталық Азия әлемдік экономиканың  маңызды өңірі болып келді. Біздің өңіріміз Шығыс пен Батысты жалғап жатты. Халықтар аумақтар мен ұлттарға бөлінген жоқ. Жібек жолының саябыр тартуы Орталық Азияны мешеу шет аймаққа айналдырды. Тәуелсіздік алғанымыздан кейін соңғы 500 жылда алғаш рет біздің өңіріміз әлемдік экономика үшін қайтадан маңызға ие болды. Біз өзіміздің транзиттік мүмкіндіктерімізді нығайтып келеміз. Әлемдік нарыққа бағалы тауарлар – мұнай, газ, кен, ауыл шаруашылығы шикізатын шығаратын өңірге айнала бастадық. Қазірдің өзінде шамамен көне Жібек жолының бойымен өтетін ХХІ ғасырдың жаңа мұнай-газ құбырларының, авто және темір жолдарының сұлбалары айқындала бастады», деді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ө.Қ. Шеденов , Ү.С. Байжомартов, Б.А. Жүнісов, Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе.2004ж
  2. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи ., Экономика – М.: Дело, 1993.
  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы-Алматы: Білім, 1997. -176 бет
  4. Шеденов Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория. Оқулық.-Алматы-Ақтөбе,2002.

 


Информация о работе Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары