Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 21:29, реферат
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.
І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны………………………..6
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……6
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері…………………………………………10
1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері…………….…….1
ІІ–БӨЛІМ. Кәсіпкерлік қызметтегі франчайзинг жүйесін дамыту….14
2.1. Франчайзингтің мәні мен мазмұны ……………………...14
2.2. Франчайзингтік қатынастар жүйесі ……………………16
2.3.Қазақстанда франчайзингтің даму мүмкіншіліктері…………19
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………..3
Франчайзинг идеясы
бүкіл әлемдегі талапты, іскерлі, болашаққа
сенімділікпен қараушы
Жұмыссыздық ұлттық деңгейдегі ауыртпашылық болып саналатын Ұлыбританияда франчайзинг тек өткен ғасырдың 70-ші жылдарында тәжірибелене бастады. Әлемнің барлық елдерін-де 30000 франчайзиді иемденуші 600 франчайзер компания 26000-нан астам жұмыс орнын құрды. Ағылшын франчайзиінің жылдық айналымы 6,5-ден 7 млрд фунт стерлингті құрайды.
Франчайзингілік заңдылықтың үлгісі ретінде Жапонияның, АҚШ-ның заңдарын алуға болады.
Үлкен фирмалар
(франчайзерлердің) технологияның, «ноу-хау»-дың
иелерінің өзінің әріптестеріне
көмек (франчайзи) көрсетуді ұйымдастыруда
қолданылған іс-қимыл
Кәсіпкерлік бизнесте
франчайзингілік іс-әрекеттер
Франчайзингтің мынадай түрлері болады:
1. Франчайзерлердің дистрибьюторы ретінде франчайзердің тауарлық маркасын қолдана отырып тауарды сатуын тауарлық франчайзинг деп атайды.
2. Франчайзердің
өндіретін өнімге қолданатын
технология-ны пайдаланып, тауардың
маркалық аталуын пайдалану
Франчайзингтің көптеген түрлері болады және оның ішінде ең көп тарағандары:
а) аймақтық франчайзинг;
б) дамушы франчайзинг.
Жоғарыда көрсетілген франчайзингтің басқа франчайзинг түрлерінен айырмашылығы франчайзинг келісімшарттың ұзақ-тығымен, қарым-қатынастардың деңгейімен және жарналардың төлем деңгейімен анықталады. Қажетті мөлшерде қаржының жеткілікті болмауынан және белгілі деңгейде жұмыс күштерінің жеткіліксіздігінен франчайзер өзінің іс-қимылын ұйымдастыру үшін, тиімді аймақтық франчайзингті таңдап, франчайзерден көмек сұрайды.
Негізгі франчайзи аймақтық дилерлік жұмысты ұйымдас-тыру барысында франчайзерлерден болашақ табыстан роялти негізінде өз үлесін келісімшартта көрсетіп алуы қажет. Субфранчайзинг кезінде франчайзи франчайзерлермен шектел-ген қарым-қатынаста болады. Мысалы: «Дока-пицца» (Ресей) фирмасының жаңа қондырғысы мен технологиясын немесе ТV сервистік қызмет көрсету аймақтық франчайзинг пен субфранчайзинг арқылы іске асырылып отырады.
Авторлық құқы бар тұлға қолданудан пайда болған табыстан емес франчайзингтің түсімінен өзіне тиесілі бөлігін алады. Сонымен қатар франчайзингтен табылған табыстар келі-сімдегі өлшемдерге сәйкес франчайзингке қатысатын субъекті-лерге бөлініп беріледі. Франчайзингтің негізгі ерекшелігі сапалы тауар немесе қызметі ғана емес, франчайзингке қатысу-шылардың кәсіпкерлік деңгейі нақтылығымен анықталады және олардың қарым-қатынастары келісімшарт негізінде құрылуы қажет.
Бизнесті ұйымдастыру кезінде жарнама өте үлкен рөл атқарады. Жарнаманың шығыны өте көп болады. Сондықтан франчайзерге келісімшарт кезінде кететін шығынның көп бөлігін франчайзи жарнама жұмысы атқарады. Сонымен қатар франчайзер үшін маркетингтік зерттеулер жүргізіп, маркетинг-тік ақпараттарды жинайды. Франчайзи франчайзерден басқаруға қажетті кеңесті алып нарықты зерттеуді, бизнесті басқарудың басқа да аспектілерін және ақшалай көмек алуға мүмкіндігі болады.
Франчайзингілік
бнзнестің негізгі
В.Довгань «Бизнес жолын кеңейтуші – франчайзинг» деп аталатын өз шығармасында: фирмалардың жартысы франчай-зингілік жұмыстарын 2-3 жылдан кейін тоқтатуға мәжбүр бола-ды, ал 5 жылдан соң банкроттар саны 70-ке жетіп, бұл франчайзингілік іскерлік қызметте өте нашар көрсеткіш болып саналады. АҚШ-та статистика бұған қарама-қарсы, франчайзинг жүйесінде жұмыс істейтін тек 4 фирмалар ғана жыл сайын жабылады. Бұл фирмалар, негізінен, өз себептерімен жабыл-ғандар. Мысалы, қайта құру, басқа бизнеске көшу, жұмысын тоқтату, т.б. болып табылады.
Халықаралық франчайзингілік ассоциация өз мүшелері арасында банкроттарды өте аз мөлшерде тіркейді, франчайзинг экономикалық мазмұнына сәйкес корпорациялық және ассоциациялық мазмұнды қажет етеді.
Жапониядағы франчайзингтің қалыптасу және даму үрдісі өте баяу қарқынмен жүргізілуде.
2-кесте – Соғыстан кейінгі жылдар
Жылдар |
1994 |
1995 |
1996 |
1997 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
Өткізу көлемі (%) |
32 |
32 |
32 |
32 |
33 |
33 |
33 |
32 |
33 |
34 |
34 |
Жапонияда франчайзингтің
тез дамуы халықаралық
Сонымен қатар франчайзингілік бизнес басқа аймақтардан қосымша адамдарды фирмаға жалдау мүмкіншілігімен анықталмайды. Бұл өзіндік ерекшелігі бар бизнес. Көп қаражат қажет етпейтін және авторлар франчайзердің көмегін керек ететін белгілі талаптардың негізінде тәртіпті жүзеге асатын үрдіс. Бұл талаптар франчайзингілік басты компанияның франчизаны сатқанда басқару (жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау) мәселелерінде, кадрларды оқытуда, жарнама шығындарын азайтуда және көптеген жеңілдіктерді беру кезінде жүзеге асырылады. Сондықтан франчайзингілік бизнестің оң ерекшеліктерімен қолдана отырып, коммерциялық табысқа жету үшін мүмкіндіктер іздеу керек.
2.2. Франчайзингтік қатынастар жүйесі
Республикамыз үшін шағын бизнестің негізін қалау формаларының ішінде, жаңа бизнес құрудан басқа франчайзинг пен жанұялық бизнес формалары ең өзекті деуге болады. Алғашқы франчайзинг келісім XIX ғасырда тігін машинасын өндіретін компания мен оның диллері арасында жасалды. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін франчайзинг принциптері фармацевтикалық бизнес, бөлшек сауда және қонақ үй кешені саласында кең қолданыла бастады.
Франчайзинг компаниясы өзінің франчайзи – мүшелеріне фирма атын, сауда маркасын, өнімін, технологиясын және т.с.с. пайдалану құқығын береді. Франчайзинг жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін жаңа бизнеске, бүгінгі күндегі кәсіпорын мен оның жұмысшылары жинақталған үлкен тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан шетелдегі әрбір 12-ші кәсіпорынның франчайзингтік болуы кездейсоқтық емес. Франчайзингтік қатынастар жүйесі – тек қана бізде емес, сондай-ақ шет елде де айтарлықтай жаңа құбылыс, сондықтан бұл түсініктің терминологиясына толығырақ тоқталу қажет.
Франчайзингтік қатынастың 3 типі бар:
Маркетингтік көмектің мәні – бұл франчайзи тарапынан франчайзердің жақсы танылған және айтарлықтай кең ауқымды тұтынушылары бар сауда маркасы мен атын пайдаланылуы болып табылады. Франчайзидің жарнамаға және тауардың алға жылжуына қосымша шығын жұмсауының керегі жоқ, себебі онымен франчайзер фирмасы айналысуда. Франчайзер оқытып, әзірлеу процесінде бизнесті басқарудың негізгі әдістерін де жиі үйретеді. Франчайзер фирмасының мұндай арсеналын иеленген Франчайзи бұрыннан бері жинақтаған тәжірибесін пайдалана отырып, тек бизнесті тез бастауға ғана емес, сондай-ақ бизнестің ең басынан табысты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.
Франчайзингтік қарым – қатынастардың жүйесі
Франчайзингтік
қатынастардың негізгі
Фирма қызметінің аумақтық өрісін кеңейтуі көбіне оның негізгі өсу жолы болып табылады. Дегенмен дәл осы фактор франчайзингтік шартта шектеуші факторға айналады. Франчайзи тек шартта көрсетілген аумақта ғана әрекет ете алады.
Көрсетілген кемшіліктерге қарамастан франчайзингтік нысан бүкіл әлемде бизнесті ұйымдастырудың толық құқықты түрі болып есептеледі. Оның үстіне соңғы жылдары оның одан әрі қарай таралу тенденциясы байқалуда. 1970 жылдан 1990 жылға дейін франчайзингтік фирмалар арқылы жүзеге асырылған сатылым көлемі 10-нан 15%-ға дейін өсті. Шағын бизнесті ұйымдастырудың бір нысаны ретінде франчайзингтің кең ауқымдық сипатқа ие болғандығы жайлы келесі сандардан көруге болады. АҚШ-та франчайзингтік жүйе арқылы жүзеге асырылған сату мен қызмет көрсету көлемі 758 млрд долларды құрады, франчайзерлердің саны 2177, ал франчайзи 542000 бірлікке тең. АҚШ-та 374 франчайзердің шет елде 35000 франчайзилері бар, олардың 75% - Канадада, Жапонияда, Шығыс Еуропада және Австралияда. Франчайзингтік қатынастардың интернационализациясы туралы айтқан кезде, ең алдымен оның салған капиталы жоғары дәрежеде пайда әкелетін, бөлшек және сервистік желісі дамыған елдерге ұмтылатындығын атап кету қажет. Сонымен қатар әлеуеті жоғары нарықтарды жаулап алып, ол жерде өз әсерін орнатуға деген ұмтылыс франчайзер үшін басты дәлелдеуші факторға айналады. Халықаралық франчайзинг ұстанатын факторларға шетелге шығумен байланысты шығындар жатады. Бұл жерде франчайзер әрине нарықтық стрстегиясын өзгертуді қажет етпейтін және табыс табу деңгейі бұрынғыдай болатын елдерді табуға ұмтылады. Интернационалдық франчайзингтің дамуын тоқтататын факторларға, шығындардан басқа көбінесе халықаралық менеджменттегі тәжірибенің жеткілікіздігі және басқа мемлекеттер тарапынан белгіленген заңды тосқауылдар жатады.
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін халықаралық франчайзинг ең алдымен біріккен кәсіпорын, лицензия сатып алу, тікелей инвестиция және мемлекеттік деңгейдігі келісім түрінде болуы мүмкін. Көп нәрсе осы бағтта іске асырылуда, бірақ өкінішке орай батыс бизнесмендерінің қолдарындағы Қазақстан нарығы оның әлеуеті мен дамуы туралы алған мәліметтері аз. Шетелдік франчайзерлер үшін арзан жұмысшы күші мен жоғары білікті мамандардың болуы, қолда бар ресурстар, оңтайландырылған инфрақұрылым, саяси тұрақтылық және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат ұтымды факторлар бола алар еді.
Шағын бизнестің негізін қалаудың төртінші жолы – бір отбасы мүшелерінің күшімен негізі қаланып, жұмыс істеп жатқан отбасылық бизнес. Отбасылық бизнестің көбісі – шабын, бірақ отбасылық бизнестің ірі кәсіпорынға айналып, отбасылық болып қала беретін мысалдары да іс жүзінде аз кездеспейді.