Франчайзинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 21:29, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.

Содержание

І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны………………………..6
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……6
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері…………………………………………10
1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері…………….…….1
ІІ–БӨЛІМ. Кәсіпкерлік қызметтегі франчайзинг жүйесін дамыту….14
2.1. Франчайзингтің мәні мен мазмұны ……………………...14
2.2. Франчайзингтік қатынастар жүйесі ……………………16
2.3.Қазақстанда франчайзингтің даму мүмкіншіліктері…………19
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………..3

Вложенные файлы: 1 файл

Newkursovaya.doc

— 311.00 Кб (Скачать файл)

- франчайзер  өз жұмысын білікті, нақты және  әділ түрде жүргізуі мүмкіншілігінің болуы;

- франчайзер  мемлекеттік органдар, тұтынушылармен  және франчайзимен операция жасаған  кезде моральдық этиканы сақтап, саналы түрде жүргізуі мүмкіншілігінің болуы;

- франчайзер  барлық іскерлік операциялар  кезінде өз жұмысын белгілі  бір заңдарға және тәртіптерге  сәйкес жасау мүмкіншілігінің  болуы;

- франчайзер  франчайзинг жүргізгенде ұлттық  ерекше-ліктерге қарамай, әйелдер  мен мүгедектерге – барлығына  тең жағдайлар ұсынуы мүмкіншілігінің болуы.

Франчайзингтің  халықаралық ассоциациясының этикалық кодексі алпыс бес мемлекет территориясында  міндетті болып саналады және моральдық  нормаларды қатал орындауды талап  етеді. Сонымен қатар франчайзинг  принциптері негізінде әрекет ететін фирмалардың ерекше бір жарғысы болады. Республика ішінде франчайзингілік операциялар мына тұлғалардың арасында жүзеге асырылады:

- көтерме сауда  кәсіпорындары мен индустриялық  кәсіп-орындар арасында;

- бөлшек сауда  кәсіпорындар мен өндірушілер арасында;

- көтерме және  бөлшек саудагерлер арасында;

- бөлшек сауда  кәсіпорындары арасында.

Осылай республикада әр түрлі меншіктегі фирмалардың  арасында франчайзингті кең дамыту негізі пайда болады.

Сонымен Қазақстан  Республикасында франчайзерлер  өз атымен, бөгде маркалы тауарды және қызметті пайдалана отырып дами алады. Франчайзингілік бизнесте үлкен және шағын бизнестің артықшылықтарының қосылуы орын алады. Бұл елдегі кәсіпкерліктің дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз.

Франчайзинг бизнесмен  үшін кең мүмкіншіліктер береді. Ешқандайда тәжірибені иемденбей, кішігірім алғашқы капиталды игере отырып, ол бастау алған жерден тез арада қарқынды өріс алады.

Бірақта бизнесті жүргізудің кез келген түрі сияқты, франчайзингте өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері орын алған. Франчайзингтің тез дамуы мен кең таралу мүмкіншілігі келесілерде анықталады:

1. Франчайзер үшін, сонымен қатар франчайзи үшін де өзара табысты болып саналады.

2. Салық салыну  базасының қысқаруы.  

А. Франчайзер үшін мүмкін кездесетін артықшылықтар:

- өткізу нарығының  жылдам кеңеюі, сату көлемінің  ұлғаюы мен бизнестің территориалдық  түрде таралуы;

  • шұғыл басқару қажеттілігінен босатылуы;
  • меншіктік капитал салымдарының төмен деңгейі;

 – лицензияны сатудан табыс;

 – франчайзи  төлемінің есебіне қосымша табыстар иемдену;

- меншіктік сауда желісі арқылы өткізу бойынша шығын-дардың қысқаруы;

  • жалданбалы жұмысшыларға қарағанда тәуелсіз бизнес-мендер сәттілікке күштірек ынталандырылған.

 Б. Франчайзер үшін мүмкін кездесетін кемшіліктер:

  • өзінің кәсіпорнына қарағанда франчайзидан алатын пайда деңгейінің төмен болуы;
  • франчайзидің біреулерінің лайықты дәрежеге беделінің сай келмеуі, сапаны лайықты бақылаудың болмау есебінен франчайзердің өзінің беделіне кесірін тигізуі мүмкін;
  • франчайзидің қаржылық есеп беруінің шынайлығын бақылау қиыншылығы;
  • франчайзи бизнесі негізіндегі жеткілікті таңдау қиыншылығы;

- франчайзиді  оқыта, үйрете отырып, франчайзер  өзіне болашақ мүмкін бәсекелесті  даярлау мүмкіншілігі;

- жүйе ережесіне  бағынбайтын франчайзимен қарым-қатынасты  доғару мүмкіншілігінің болмауы;

- коммерциялық  құпияның сақталыну қиыншылықтары.

В. Франчайзи үшін мүмкін кездесетін артықшылықтар:

  • шағын бастапқы капиталмен меншіктік істі бастау мүмкіншілігі;
  • дайын «қуыс», франчайзи фраичайзермен жан-жақты сыналған, дайын бизнесті сатып алады;
  • материалдар, шикізаттар, құрал-жабдықтар, жабдықтау-шылар, өткізу жүйесі, жалпы жұмыс жүргізу әдістері мен тәсілдері турасында мазмұнды ақпаратты иемденетін нақты нұсқаулардың толық жинағын меңгеру;
  • бизнес және менеджментті жүргізу технологиясындағы франчайзер көмегі.

Г. Франчайзи үшін келесі кемшіліктерді қарастыруға болады:

  • қызмет ету бостандығының шектелінуі;
  • сервистік төлем;
  • кызмет етуде икемділіктің жетіспеушілігі;

- франчайзер компанияға қатысты жағымсыз сипаттама-лардың франчайзи-кәсіпорын үшінде тән болуы;

  • франшизаны иемденгендегі құрылған жоспарлар ойдағы-дай іс жүзіне аса бермейді.

Жоғарыда аталған  себептерге байланысты қорытынды жасайтын болсақ, елімізде франчайзингтің дамып, кең етек алуы келесі жетістіктерге  жетелейді:

- инвестицияның сыртқы және ішкі ағымын күшейтеді;

- жаңа технологиялардың, құралдардың, бағалы ноу-хау-лардың  пайда болуына септік етеді;

  • бар өндірістерді дамытып және жаңа өндірістерді қалыптастыру, сәйкесінше жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсер етеді;
  • шағын және орта кәсіпкерлік аясының кеңеюі мен бекітілуіне тұғыр болады;
  • жұмыс күшінің біліктілігін жетілдіреді; елімізді сапалы тауарлар мен қызметтерге қанықтыруды жылдамдатады;
  • қазақстандық өнімді жаңа нарықтарға өткізуге мүмкіндік тудырады.

Қорыта келгенде, франчайзинг механизмі дамуының негізгі бағыттары франчайзерге неғұрлым төмен шығындармен аз уақыт аралығында жылдам мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік  субъектілерінің басым бөлігі сауда  саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұнның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны. Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.

Кәсіпкерлік – ел экономикасының жандануы мен одан әрі қарай дамып, тұрақты өсуінің қамтамасыз етілуін жүзеге асырушы тұтқасы ретінде бизнестің әр алуан түрлері мен ұйымдық формаларынан тұратын нарықтық шаруашылықты қалыптастыру мен оның жұмыс істеуінде үлкен маңызға ие. Ол шешім қабылдау және іс-қимыл қолдану жылдамдылығына, икемділігіне және өзгермелі нарықтық жағдайларға тез бейімделуіне байланысты теңдессіз артықшылықтарының мүмкіншілікке, нарықтық экономиканың бейімді және нәтижелі бөлігіне, оның құрылымдық және бәсекелестік нарықтық тетігінің маңызды интеграциялық элементіне жатады. Нарыққа бейімделген құрылымсыз кәсіпкерліктің нәтижелі жұмыс істеуге мүмкіншілігі азаяды. Кәсіпорындардың жұмысшыла-рының санының тұрақсыз динамикасы және өндірісіндегі үлесінің төмендігі, инновациялық іс-әрекеттерінің аздығы кәсіпкерліктің дамуына теріс ықпал етеді. Сондықтан салықтық жеңілдіктер, лизинг, франчайзинг және т.б. құқықтық-нормативтік құжаттарда кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру үшін қарастырылуы қажет. Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлікті үлкен бизнеспен кооперация негізінде үйлестіру орталығы арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Сондықтан дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде кәсіпкерліктің, әсіресе, шағын, орта және ірі бизнес сияқты түрлеріне деген қызығушылық азаюдың орнына арта түсуде. Мұны бизнестегі жеке сектордың кеңеюі де растайды, бұл сол елдерде сол экономиканың анағұрлым үлкен секторын алып жатыр және оның үлесіне жалпы ішкі өнім мен экономикалық белсенді тұрғындардың айтарлықтай бөлігі жатады.

 Франчайзинг жүйесі кәсіпкерліктің  дамуына оң ықпал етеді. Ол  бизнесті тұрақты дамыта отырып, қосымша мүмкін-шіліктерге қол  жеткізеді. Франчайзинг негізінде  әр түрлі операцияларды жүзеге асыра отырып, шаруашылық субъек-тілерге экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жеке дара фирмалар ғана франчайзингті қолданады. Олар өз тәжірибесін басқа фирмалармен бөліспейді. Ұсынылған жұмыста франчайзингтердің өз франчайзалығына ұсынылатын жеңілдіктерін қарастырады. Сонымен қатар франчайзингтің мүмкіншіліктерін қолдана отырып, бизнесті дамыту тәсілдері көрсетілген. Құқықтық, экономикалық, мәдени-этикалық негіздерді қалыптастыру арқылы Қазақстанда франчайзингті қолдану және дамыту мүмкіншілігі пайда болады. Сонымен қатар салықтық заңдарда өзгерістер енгізілуі арқылы франчайзингтің оң көзқарас қалыптастырып, дамуына ықпал жасайды. Франчайзингті келісімшарт негізінде де дамытуға болады. Бірақ сәйкес заңдардың болуы бұл бизнесті барынша аяқталған түріне айналдыратыны айқын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.
  2. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.
  3. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.
  4. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.
  5. Д.Қ. Қабдиев, «Экономикалық саясат» Лекциялар, Алматы 2002ж.  «Экономика».
  6. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2002ж.

7.  М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері»

8.  А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2003ж.

9. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2002.

10. В. М. Власова, «Основы предпринимательской деятельности», Москва 1996ж.

11.  Р.Елемесов, Е. Жатқанбаев, «Государство и рынок», Алматы, «Қаржы-қаражат», 1997ж.

12. Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. «Іскер адамның орысша қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы «Инкар», «Тұлға», 1993ж.

13. К.Ж. Оразалин, М.М. Жантасов, «Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы, 2001ж.

14. Б.Сабырбаев «Экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі», Алматы «Қазақстан» 1993ж.

15. Н. К. Мамыров, «Менеджмент и рынок: Казахстанская модель», Алматы 1998ж.

16. В.С.Автономов, Э.Голдстин «Экономика для школьников» Москва, 1995.

17. Л.Ш. Лысенкер, Э.М. Лысенкер, «Основы рыночной экономики» Алматы, «Рауан» 1997ж.

 


Информация о работе Франчайзинг